Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жасушалардың қосылу әдісінің мүмкіндіктері





1. Жекеленген пішін түрлерін филогенитикалық шағылыстыру мүмкіндігі.

2. Бір ата-анадан толық гендер жиынын, ал екінші ата-анадан дербес жиынды тасушы ассиметриялық гибридтерді алу. Мұндай гендер организмдер жасушалары қосылған кезде жиі кездеседі.Ассиметриялық гибридтер гендерді толық тасушы симметриялық гибридтерге қарағанда орнықтырақ, жемістірек және өмірсүргіш келеді.

3. Үш немесе одан да көп ата-аналық жасушаларды қосу арқылы гибридтерді алу. Осындай гибридті жасушалардан регенерантты өсімдіктерді (саңырауқұлақтар) өсіру мүмкіндігі бар.

4. Әртүрлі даму программасын тасушы жасушаларды гиридизациялау. Яғни - әртүрлі ұлпалар немесе органдар жасушаларының қосылуы, қалыпты жасушалардың жасушалармен қосылуы - яғни қатерлі өзгеру нәтижесінде даму программасы өзгергентүрлер.Осыдан гибридомды жасушалар немесе гибридомалар пайда болады,олар қалыпты ата-ана жасушасынан әртүрлі пайдалы қосылысты синтезге кабілетін алады, ал қатерліден - тез әрі тоқтамсыз өсуді алады.

Гибридомді технология. Қазіргі уақытта клеткалы инженерияның негізгі бағыты - гибридомды алу болып табылады. Негізгі мақсат - қатерлі ісік жасушасы мен алынған гибридомды жасушы сызығының қосылып бағалы заттар шығаратын жасушаның тіршілігін мәңгілік ету. Гибридомді технология көп жағдайда жануар жасушасына қолданыдады, оның көмегімен гормондар және қанның ақуызды факторларының шектеусіз көбеетін продуценттерін алуды жоспарлайды. Иммундық жүйенің қатерлі ісік клеткалары (миолема) мен сол жүйенің қаліпті жасушалары - лимфоциттер қосылуынан пайда болған өнім - өте үлкен практикалық мағынасы бар гибридомалар болып табылады.

Адам немесе жануар организміне бөгде зат - бактерия, вирус, «бөгде» жасуша немесе күрделі органикалық қосылыс түскенде - лимфоциттер түскен бөгде затты залалсыздандыру үшін күш жұмылдырады. Атқаратын қызметтеріне қарай лимфоциттердің бірнеше популяциясын ажыратады.

Т-лимфоциттер, олардың ішінде ағзаға енген бөгде затқа шабуылдап белсенділігін төмендететін Т-киллерлер ерекшеленді, және В-лимфоциттер, басты мақсаты иммунды ақуыз (иммуноглобулин) өндіру, олар бөгде затты беткі қабатымен байланыстыру арқылы залалсыздандырады, басқаша айтқанда В-лимфоциттер бөгде затқа антидене болып табылатын иммундық ақуыз бөліп шығарады.

Т-лимфоцит-киллер мен ісік жасушасы қосылып тоқтамсыз көбейетін жасушалар клонын береді. Осындай Т-киллер гибридом клондарын науқас оганизміндегі қатерлі ісік жасушаларымен күресу үшін қолдану жоспарланып отыр.

В-лимфоцит пен миолем жасушасы қосылуының нәтижесінде В-гибридомді клондар пайда болады. Олар антидене продуценті ретінде кең қолданыс тапқан, антидене сияқты антигенге көзделген, В-лимфоциттен пайда болған клондармен синтезделетін - яғни моноклинальді антидене.

Моноклинальді антиденелер қасиеттері бойынша біртекті,олар біркелкі уәкілге бірдей туысқандыққа ие болады және жалғыз-ақ қарсы гендік детерминанттармен жалғастырылады.

Адамның иммундық жасушалары негізінде буданды алудың технологиясын игеру түбегейлі қиындықтармен байланысты:адамның гибридомалары баяу өседі, салыстырмалы түрде тұрақсыз. Кемшіліктері:олар кептірілген күйде тұрақсыз және кәдімгі антиденелердің қоспасында сақтаудың таңдамалы шарттарында орнықты келетін антиденелер кездеседі.

Миелом жасушалары мен иммундық лимфоциттер неізінде будандарды алудың жалпы үлгісі келесі кезеңдерден тұрады.


1. Гибридомды жасушалардың келесі селекциясы барысында тіршілігін жоятын мутантты ісік жасушаларын алу.

2. Лимфоциттерді алу - берілген антигенге антидене продуцентін алу. Жануарды (тышқан, сирек егеуқұйрықты, қоян) құрсақ қуысына, көктамырішілік немесе тері астына енгізумен иммунитеттейді. Адамның гиридомаларын алу күрделі және көп сатылы күрделі процедура табылтын ұлпа культурасында адамның лимфоциттерін иммунитеттейді.

3. Лимфоциттердің ісік жасушаларымен қосылуы:қосушы агент болып полиэтиленгликоль, сирек түрде лизолецитин немесе Сендай вирусы, және де қуаттылығы жоғары электр өрісі қолданылады.

4. Гибридомды жасушалар скринингі. Нуклеотидтер синтезінің маңызды жолдарын жауып тастайтын аминоптериннен тұратын селекциялық орта НАТ қолданылады, және биосинтездің қосымша жолдарының алғызаттары болып табылатын гипоксантин мен тимидин де қолданылады. Бұл ортада ата-аналық миелом жасушалары биосинтездің қосыша жолдар ферменттері бойымен генетикалық ақаулы сияқты тіршілігін жояды. Миелом жасушаларымен қосылмаған ата-аналық лимфоциттер де тіршілігін жояды, себебі олар организм сыртында өмір сүре алмайды. Гибридомды жасушалар шексіз өсуге және қосымша жолдар бойынша нуклеотидтер синтезіне бейім, сондықтан олар культурада жинақталады.

5. Гибридомды жасушалардың берілген антигенге моноклональді антидене шығару қабілетін тексеру. Ол үшін иммуносорбенттер әдісі қолданылады. Гибридомды жасушалары бар сұйықтық үлгісін сақтаушыда нық бекітілген антигені бар реакцияға енгізеді. Антиген - антидене кешенін айырып тану үшін - пайдаланылатын антиденеге жануардың осы иммуноглобулиндерін иммундау арқылы екінші антиднелерді алады (мысалы, тышқаның иммуноглобулиндерін ешкінің организміне енгізеді). Бұл екінші антиденелер ковалентті түрде қандай да бір ферментпен байланысады (мысалы, сілтілік фосфатазмен немесе пероксидазамен). Егер гибридомадан өндірілген антидене шынында берілген антигенді байланыстырса, онда оған екінші ферментпен қосылған антеденені қоссақ ол мынандай кешен пайда болуына жағдай жасайды - антиген-моноклональді антидене - антидене моноклональді антиденеге - фермент.

6. Моноклональді антидене өндіруіне байланысты тексеруден өткен және иммундық жүйесінің тұрақтылығына байланысты күнделікті бақылаудын өткен гибридомды жасушаларды клондау.

7. Гибридомаларды жаппай өсіру,шығару және шығарылатын антиденеледі қойылту және тазарту.







Date: 2015-09-25; view: 1413; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию