Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жаттығу. Кесте режімінде жұмыс





1. Кесте режимінде деректерді енгізу мен редакторлеу жүреді. Жобаланған кестеңіздің Кесте ( Таблица) режиміне өтіңіз. Ол үшін:

§ Саймандар панеліндегі батырманы шертіңіз;

§ немесе Вид – Режим таблицы комндаларын орындаңыз.Кестені сақтауға байланысты шыққан сұраққа <Да> деген батырманы шертіңіз.

2. Кестені толтыру. Кестеңізді төмендегі 2-ші кесте сияқты етіп толтырыңыз. «Қызметі» өрісіне дұрыс емес деректер енгізілген жағдайда (мысалы Лаборант сөзін) не болатынын байқаңыз. Экранда «Ондай қызмет жоқ, деректерді дұрыс енгізіңіз» деген хабарлама шығады. Дұрыс сөзді енгізіңіз.

2- кесте

Код Фамилия Аты Әкесінің аты Туған жылы Қызметі Пән коды Пән Жала-қы
  Жарасов Саят Байболович 23.10.1954 Профессор   Статистика  
  Айтов Орал Айтович 25.07.1940 Доцент   Экономика  
  Омаров Назар Маратович 05.12.1967 Доцент   Математика  
  Сергеева Ольга Ивановна 12.02.1972 Ассистент   Математика  
  Емец Павел Петрович 16.02.1951 Доцент   Экономика  
  Салимова Раушан Ахановна 30.05.1966 Доцент   Информатика  
  Омаров Оспан Маратович 30.07.1948 Доцент   Физика  

 

3. Кестедегі әр өрістің енін деректердің ұзындығына сәйкес өзгерту.

4. Ол үшін:

§ «Код» өрісіндегі кез келген жолды шертіңіз;

§ Формат– Ширина столбца командасын орындаңыз;

§ Пайда болған терезеде <По ширине данных> батырмасын шертіңіз, сонда өріс ені өзгереді.

§ Осы әрекеттерді қалған өрістерге де орындап, ендерін өзгертіңіз.

5. Кестеде іздеу жасау.

Мысалы, Оқытушы Омаровқа іздеужасау үшін:

§ «Фамилия» өрісінің бірінші жолына курсорды орналастырыңыз;

§ Правка –Найти командасын орындаңыз;

§ Пайда болған терезенің Образец параметрінің жолында Омаров деп теріңіз;

§ <Найти> батырмасын шертіңіз. Омаров сөзі белгіленіп, курсор сол сөз орналасқан 3- жолға ауысады;

§ <Найти далее> батырмасын шертіңіз. Курсор соңғы жазбаға, 7-жолға ауысып, келесі Омаровты айрықшалайды;

§ <3акрыть> батырмасын шертіп, іздеу режимінен шығыңыз.

6. Деректерді алмастыру. Ассистент Сергееваның жалақысын 18900 -дан 20000-ға алмастыру керек. Ол үшін:

§ «Жалақысы» өрісінің бірінші жолына курсорды қойыңыз;

§ Правка– Заменить командасын орындаңыз;

§ Пайда болған терезенің Образец жолында18900 санын теріңіз;

§ Заменить на жолына20000 санын теріңіз. Басқа опцияларға көңіл аударыңыз—сізге осы өрістің барлық жазбалары бойынша іздеу жасауға тура келеді.

§ <3аменить все> батырмасын шертіңіз. Нәтижесінде деректер алмастырылады;

7. Деректерді сұрыптау. «Жалақы» өрісінің деректерінің өсу реті бойынша кесте деректерін сұрыптау (сорттау) керек. Ол үшін:

§ «Жалақы» өрісінің кез келген жазбасын (жолын) шертіңіз;

§ Басқару панеліндегі батырмасын шертіп немесе Записи –
Сортировка– Сортировка по возрастанию
командаларын орындаңыз.

8. Фильтр қолдану.

а) «Қызметі» және «Пән» өрістері бойынша деректерді іріктеу (фильтрация) қажет. Ол үшін:

§ «Қызметі» өрісіндегі Доцент жазбасын шертіңіз;

§ Саймандар панеліндегі батырмасын немесе Записи– Фильтр– Фильтр по выделенному командаларын орындаңыз. Нәтижесінде кестеде тек доценттер туралы жазбалар көрсетіледі.

§ щелкните по записи Информатика поля «Пән» өрісінде Информатика жазбасын белгілеңіз;

§ Саймандар панеліндегі батырмасын немесе Записи– Фильтр– Фильтр по выделенному командаларын орындаңыз. Нәтижесінде кестеде тек информатика пәнін оқытатын доценттер туралы жазбалар көрсетіледі.


§ Фильтрацияны алып тастау үшін батырмасын немесе Записи– Удалить фильтр командаларын орындаңыз. Кестедегі деректер қайтадан бастапқы толық қалпына келеді.

б) «О» әрпіненаттары басталатын оқытушылар туралы жазбаларды алу керек. Ол үшін:

§ Аты өрісінің бірінші жазбасына курсорды қойыңыз.

§ Записи– Фильтр– Изменить фильтр командаларын орындаңыз.

§ Аты өрісінің бірінші жазбасына курсорды қойып, Like «О*» сұратуын жазып, Записи– Применить фильтр командаларын орындаңыз.

§ Егер сұратуды Not «О*» деп жазсаңыз, онда «О» әрпінен басталмайтын барлық жазбаларды теріп береді.

8. Кестені сақтаңыз.







Date: 2015-09-17; view: 458; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию