Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Атты бидайдың биологиялық ерекшеліктері





Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қатты бидайдың маңызы айтарлықтай. Оның астығынан жоғары сапалы мәнней жармасын, құнды макарон, кондитер өнімдерін өндіреді. Сыртқы саудада оның астығы жұсақ бидайдан жоғары бағаланады, бәсекеге қабілеттілігі дау тудырмайды. Өсіру технологиясын дұрыс қолданғанда жаздық қатты бидай астығының өнімі жұмсақ бидайдан қалыспайды. Ақмола облысы жағдайында орта есеппен 5 жылда (1998-2002 ж.ж.) конкурстық сортсынауда қатты бидай өнімі 28,4 ц/га көрсетті. Қазақстанда оның егістік аумағының өсуі байқалады: 2008 жылы қатты бидай 253,6 мың га жерде өсірілсе 2009 жылы - 284,6 мың гектарға жетті. Дүние жүзіндегі егістік аумағы жыл сайын 20-22 млн га алқапты қамтиды, немесе жалпы бидай егістігінің 10%-на таяу.

Биологиялық ерекшеліктері. Қатты бидай бірқатар биологиялық ерекшеліктерімен сипатталады. Тарихи тұрғыдан алып қарағанда ол климаты жұмсақ Жерорта теңізі елдерінен (Греция, Италия), ал жұмсақ бидай –қатаң климатты Иран, Аравиядан тараған. Бұл қатты бидайдың өсіп-жетілу сипатына айтарлықтай дақ қалдырған. Солтүстік Қазақстан климаты қатты бидай табиғатына сай келмейді. Осында, көп ғасырлы табиғи және қолдан сұрыптау ерекшеліктеріне қарамай, қазіргі қатты бидай сорттары осы түрге тән бірқатар биологиялық қасиеттерін сақтап қалды. Тиісінше қатты бидайдың өсіру жағдайларына (ылғалға, топыраққа, агротехника дәрежесіне т.б.) өзіндік қажетсінуі қалыптасады.

Қатты бидай шынылы (жылтыр) әрі құрамында белок мөлшері көп болғандықтан өсіп-жетілуінің алғашқы кезеңінің өзінде-ақ ылғалға айтарлықтай жоғары талап қояды. Егер жұмсақ бидай тұқымының өнуіне құрғақ массасының 50-60 % мөлшерінде ылғал қажет болса, бұл көрсеткіш қатты бидайда - 55-67%. Қатты бидайдың сабақ жапырақтары ірі, түп тамырлары сылбыр өседі және түйін (екінші) тамырлары кеш қалыптасады да қатты бидай ылғал жетімсіздігінен көбірек жапа шегеді.

Ылғал жеткілікті жағдайда бір өлшем зат қалыптастыруға суды жұмсақ бидайға қарағанда аз шығындайды, ал қуаңшылықта керісінше, жұмсақ бидай оны тиімдірек пайдаланады.

Ғылыми деректерге қарағанда, қатты бидай топырақ қуаңшылығын нашар көтереді, бірақ ауа қуаңшылығын жұмсақ бидайдан жеңіл көтереді.Қатты бидайдың өсіп-жетілуіндегі «қиын-қыстау» кезеңі жұмсақ бидайға қарағанда ұзағырақ, бұл да оның қуаңшылыққа төзімділігін азайтады. Қатты бидайдың тамыр жүйесі әлсіздеу дамыған, өнімді түптенуі айтарлықтай төмен, мұның өзі көп жағдайда астық өнімін азайтады.

Қатты бидай өсіп-дамуының алғашқы кезеңдерінде жоғары ылғалдылықты және орташа жылылықты, ал соңынан - жоғары температура мен орташа ылғал қорын қалайды. Масақтану-пісіп жетілу кезеңіндегі жоғары температура мен ауа қуаңшылығы масақтың дәнсіздігі мен бос масақшалыққа әкеліп ұрындырады. Қатты бидайдың гүлденуі мен тозаңдануына қолайлы жағдайлар түнгі 10-12ºС және күндізгі максимум 25-31ºС болғанда қалыптасады.

Солтүстік Қазақстан аймағында қатты бидайға әлсіз байланған құмдақ, ауыр сортаңдау топырақтар жарамсыз деп есептеледі. Егін көгінің әлсіздігінен қатты бидай жұмсақ бидаймен салыстырғанда арамшөптерден көбірек зиян шегеді, сондықтан ол арамшөп өсімдіктерінен таза танаптарға орналастырады.

Жаппай тот ауруы байқалған жылдары қатты бидай өнімі жұмсақ бидайға қарағанда біршама жоғары болады, өйткені ол жергілікті танаптарда ол ауруға төзімдірек.

Солтүстік облыстарда қатты бидай егістігіне тамыр шірігі үлкен зиянын тигізеді: егін көгі селдірейді, өсімдіктер әлсіреп, өнімі төмендейді. Сонымен қатар алғы дақыл дұрыс таңдап алынбағанда қатты бидай гүл кенесінен де залал шегуі мүмкін. Аталған ерекшеліктерді қатты бидайдың оңтайлы өсіру технологиясын жасағанда өте мұқият ескеру қажет.

 

 

Date: 2015-09-05; view: 2059; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию