Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары





СӨЖ тақырыптарының аталуы Сағат саны
  Қылмыстық жазаны атқару барысындағы мемлекеттік саясат  
  Қымыстық атқару құқығы ұғымы, оның міндеттері ғылыми және жүйелері  
  Қылмыстық атқару құқығының қағидалары  
  Жазаны өтеуші адамдардың құқықтық жағдайлары ұғымы  
  Сотталғандардың жеке басы қауіпсіздігі мен ар-ождан бос тандығын қамтамасыз ету  
  Сотталғандардың қылмыстық, материалдық және тәртіптік жауапкершілігі.  
  Жазаны атқарушы мекемелермен органдар, олардың қызметін бақылау  
  Жазаны атқарушы органдармен мекемелердің мемлекеттік басқа да органдармен өзара байланыстары.  
  Жазаны атқарушы органдармен мекемелер қызметін құқықтары міндеттері және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.  
  Айыппұл түріндегі жазаны атқару  
  Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын атқару.  
  Бас бос тандығын шектеу түріндегі жазаны атқару  
  Қамауға алу түріндегі жазаны атқару  
  Барлығы  

 

8.1 Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың жоспары (СӨЖ)

Тақырыбы Әдебиет тер Ұсыныстар Бақылау түрі Өткізу мерзімі
  Қылмыстық жазаны атқару барысындағы мемлекеттік саясат 1,2,3,4,5, 6,7,8,9,10 ҚР-ның қылмыстық атқару құқығының ұғымы ашу. ҚР қылмыстық атқару құқығының міндеттері мен жүйесі, ҚР қылмыстық жазаны атқарудың орнын анықтау. Конспект 1 апта
  Қымыстық атқару құқығы ұғымы, оның міндеттері ғылыми және жүйелері 1,2,3,4,5, 6,7,8,9,10 ҚР қылмыстық жазаны атқарудың орның анықтау. Қылмыстың атқару құқығы саясатының мазмұнын анықтауға келгенде, оны осы құқық шеңберінде қарастыруға жататын мәселелермен байланыстыра анықтау. Жазба жұмысы 2 апта
  Қылмыстық атқару құқығының қағидалары 1,2,3,4,5, 6,7,8,9, ҚР қылмыстық атқару құқықығының қағидалары, заңдары, нормалары ҚР қылмыстық атқару құқығының қатынастарын анықтау. Ауызша жауап 3 апта
  Жазаны өтеуші адамдардың құқықтық жағдайлары ұғымы 1,2,3,4,5, 6,7,8,9, Жазаны өтеуші адамдардың құқықтық жағдайлары ұғымы ашу. Реферат 4 апта
  Сотталғандардың жеке басы қауіпсіздігі мен ар-ождан бос тандығын қамтамасыз ету 1,2,3,4,5, 6,7,8,9, Сотталғандардың ар-ожданын бостандығын қамтамасыз ету ерекшеліктері ХХ-ғасырдағы әлемдік қоғамдастықтық дамуындағы елеулі прогрес – адамның ар-ожданының бостандығының құндылығын түсіну болып табылады. Адамның құқықтық мәртебенің негізінде оның азаматтық конституциялық құқықтарымен бостандықтары және міндеттері жатады. Жазбаша жұмыс 5 апта
  Сотталғандардың қылмыстық, материалдық және тәртіптік жауапкершілігі. 1,2,3,4,5, 6,7,8,9, Сотталғандардың қылмыстық және материалдық жауапкершілігі Сотталғандардың тәртіптік жауапкершілігі Қылмыстық құқықтық қатынастың субъектілері қылмыстық жазаны орындау барысында белгілі бір құқықтарды иеленеді немесе белгілі бір міндеттерді атқарады Жазбаша жұмыс 6 апта
  Жазаны атқарушы мекемелермен органдар, олардың қызметін бақылау 1,2,3,4,5, 6,7,8,9, Айып төлеу және мүлікті тәркілеу түріндегі жазаның сот орындаушылары немесе мүліктің орналасқан жеріндегі, сондай-ақ сотталған адамның тұрғылықты жерімен негізгі жұмыс орны бойынша сот орындаушысы атқарады Салыстырмалы талдау 7 апта
  Жазаны атқарушы органдармен мекемелердің мемлекеттік басқа да органдармен өзара байланыстары. 1,2,3,4,5, 6,7,8,9, Қазақстан Республикасы аймағындағы әрбір түзеу мекемесінің жеке мазмұны ерекшелігі бар. Сотталған адамдар өздері тек тес қыл мыс жасаған тұлғасы қоғамға деген көзқарасы ұқсас адамдармен бірге жаза өтеуі тиіс. Бұлай топтастыру сотталғандарды түзеу мәселесін дұрыс ұйымдастыру үшін белгіленген. Түзеу мекемелерінін ішінде ерлер колониясы мен әйелдер колониясы бөлек болады. Конспект 8 апта
  Жазаны атқарушы органдармен мекемелер қызметін құқықтары міндеттері және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 1,2,3,4,5, 6,7,8,9, Қылмыстық жазаны атқарушы органдардың негізгі міндеттері сотталған адамдарды түзеу, жазаны атқарумен өтеудің тәртібі мен жағдайларын дұрыс ұйымдастыру болғандықтан, олар қылмыс тылық пен күрес жүргізумен айналысатын мемлекеттің басқа да органдарымен байланыста жұмыс істейді. Қылмыстылықпен күресуді қызметінің негізгі түрі ретінде танитын ішкі істер, тергеу, прокротура, сот органдарымен қылмыстық атқару мекемелерінің қызметі тығыз байланысты. Реферат 9 апта
  Айыппұл түріндегі жазаны атқару 1,2,3,4,5, 6,7,8,9, Айыппұл ҚР қылмыстық заңында көрсетілген реттерде және жаза тағацындау кезінде қолданып жүрген айлық есеп көрсеткіштің белгілі бір мөлшерінде, не сотталушы адамның жалақысының немесе белгілі бір кезден басқа да табыстар (негізнде) көлемінде тағайындалатын ақша өндіру болып табылады Конспект 10 апта
  Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын атқару. 1,2,3,4,5, 6,7,8,9, Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы сотталған адамдарға негізгі жаза ретінде тағайындалады. Бұл жаза сотталушының негізгі тұрақты жері бойынша, жергілікті атқару органдармен белгіленген жұмыс объектілерінде негізгі жұмысынан немесе оқуынан бос уақыттарда қылмыстық- атқару инспекциясының бақылауымен атқарылады. Ауызша жауап 11 апта
  Бас бос тандығын шектеу түріндегі жазаны атқару 1,2,3,4,5, 6,7,8,9, Бас бостандығынан шектеу жазасы сотталған адамды қоғамнан алыстамай, арнаулы мекемелерде ұстау арқылы 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге тағайындалады. Бас бостандығынан шектеу қылмыстық жазалардың ішіндегі негізгі жазалардың бірі болып табылады. Салыстырмалы талдау 12 апта
  Қамауға алу түріндегі жазаны атқару 1,2,3,4,5, 6,7,8,9, Қамау – бір айдан алты айға дейін, жазаның бүкіл мерзімінде сотталғанды қоғамдық қатаң оқшулау түрінде атқарды. Қамау жазасы 16-жасқа толмағандарға, жүкті әйелдерге және 8-жасқа толмағандарға балалары бар әйелдрге қолдынылмайды. Әскери қызметшілер қамау жазасын гаувахталарда өтейді. Сотталған адамдар жазаны сотталған жеріндегі қамау үйлерінде өтейді. Реферат 13 апта
           

8. Оқу сабақтарын өткізу нысаны

1. Қылмыстық жазаны атқару барысындағы мемлекеттік саясат. «Бірін бірі оқыту». Бұл әдіс жаңа ақпараттар тобымен танысу барысында қолданылады және студенттерге оқыту процесіне өз үлесін қосуға әрі өз білімін курстастарына түсіндіруге мүмкіндік береді. Бұл әдісті қолдану сабақ барысында меңгеруге тиісті ұғымдар мен фактілерді толық қамтуға мүмкіндік бере отырып, студенттердің сабаққа қызығушылығын арттырады.

2. Қымыстық атқару құқығы ұғымы, оның міндеттері ғылыми және жүйелері. «Рольдік ойын немесе имитация» Рольдік ойын: Қатысушылар тақырыпқа байланысты басқа адамдар қалай ойлайды, сезеді, әрекет етеді сол сияқты іс қимыл жасай отырып, нақты проблеманы не оқиғаны бейнелейді. Мысалы, Қымыстық атқару құқығы ұғымы, оның міндеттері ғылыми және жүйелері мәнің пайда болуын түсіндіріп береді.Бұл әдіс негізінен салалық заң ғылымдарында және тарихи құқықтық ғылымдарды оқытуда қолданылады.

3. Қылмыстық атқару құқығының қағидалары. «Миға шабуыл» бұл көпшілікке танымал және кеңінен қолданылатын интерактивті әдіс. Бұл әдіс қатысушылардың ойлау қабілетін және шығарашылығын пайдалана отырып нақты мәселенің шешімін табуға көмектеседі. Тақырыпқа қатысты қылмыстық атқару құқығының қағидаларының негізгі себептерін олардың қылмысты ашу үшін маңызын көрсетуі тиіс.

4. Жазаны өтеуші адамдардың құқықтық жағдайлары ұғымы. Пікір сайыс. Бұл әдіс арқылы қылмыскердің тұлғасын,мінез-құлқын анықтауға сипаттама беру тиіс.Қазіргі таңдағы жазаны өтеуші адамдардың құқықтық жағдайлары қандай деген сұрақтарды шешу.

5. Сотталғандардың жеке басы қауіпсіздігі мен ар-ождан бос тандығын қамтамасыз ету. «Рольдік ойын немесе имитация» Рольдік ойын: Қатысушылар тақырыпқа байланысты басқа адамдар қалай ойлайды, сезеді, әрекет етеді сол сияқты іс қимыл жасай отырып, нақты проблеманы не оқиғаны бейнелейді. Мысалы, сотталғандардың жеке басы қауіпсіздігі мен ар-ождан бостандығын қамтамасыз алатын орны мен маңыздылығын түсіндіріп береді. Имитация: Қатысушылар сотталғандардың жеке басы қауіпсіздігі проблемаға қатысты өз пікірлерін білдіре отырып, қылмыстылықтың алдын алуын бейнелейді. Бұл екі бағыттың ерекшелігі болуына қарамастан, олар ортақ мақсатты көздейді, ойлау қабілетін дамыту, өзіндік пікірді қалыптастыру және оны негіздей білу, проблеманы шешудің баламалы мүмкіндіктерін таба білу және өзгелерге түсінушілікпен қарау.

6. Сотталғандардың қылмыстық, материалдық және тәртіптік жауапкершілігі. «Бірін бірі оқыту». Бұл әдіс жаңа ақпараттар тобымен танысу барысында қолданылады және студенттерге оқыту процесіне өз үлесін қосуға әрі өз білімін курстастарына түсіндіруге мүмкіндік береді. Бұл әдісті қолдану сабақ барысында меңгеруге тиісті ұғымдар мен фактілерді толық қамтуға мүмкіндік бере отырып, студенттердің сабаққа қызығушылығын артырады.

7. Жазаны атқарушы мекемелермен органдар, олардың қызметін бақылау. «Бағытты таңдаңыз» Бұл әдіс тақырып бойынша өз пікірін білдіруге мүміндік береді. Мұнда қатысушылар екі қарама қарсы бағытқа жіктеле отырып, өз көзқарасын дәлелдеп беруі қажет. Мысалы, алсақ, жазаны атқарушы мекемелермен органдар, олардың қызметін бақылау прокурорлардың рөлі қандайдеген сұраққа қатысушылар өз пікірін білдіруі қажет. Егер қатысушылар неғұрлым сенімді пікірді естісе және сол пікірмен келісетін болса сабақ барысында өз көзқарасын өзгертуге мүмкіндігі болады. Яғни мұның мақсаты қатысушыларға өз қателігін ұғынуға және дұрыс пікірге келуге мүмкіндік беру.

8. Жазаны атқарушы органдармен мекемелердің мемлекеттік басқа да органдармен өзара байланыстары. Пікір сайыс. Бұл әдіс арқылы жазаны атқарушы органдармен мекемелердің мемлекеттік басқа да органдармен өзара байланыстарын бере отырып, мемлекеттік басқа да органдармен өзара байланыстары қандай деген сұраққа өз пікірін білдіруі тиіс.

 

9. Жазаны атқарушы органдармен мекемелер қызметін құқықтары міндеттері және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. «Ашық сұрақтар» – бұл «ия» немесе «жоқ» деп біржақты жауап беруге мүмкіндік болмайтын сұрақтар. Бұл әдіс атқарылған жұмыстың қорытындысын шығарудың тиімді тәсілі болып табылады. Оқытушы қатысушыларға қисынды ізбе ізділікпен сұрақтар қоя бастайды және олардың жауаптарын тыңдайды. Мысалы: біз не істедік, не болмады, не болды, қандай қиындық туды, не себептен, сіздер не түсіндіңіздер деген сияқты сұрақтарды қоюы мүмкін. Қатысушылардың барлығының жауаптары тыңдалады, бірақ талқыланбайды, сынға алынбайды. Сұрақтар түсінікті, жеңіл, қисынды әрі ашық болуы тиіс. Қатысушылар бір бірінің пікірін құрметтеуі тиіс, жарыссөзге жол берілмейді. Қатысушылар сабақтың соңында тақырып бойынша ашық сұрақтарға жауап бере отырып жазаны атқарушы органдармен мекемелер қызметін құқықтары міндеттері және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету сипаттамасын анықтап алатындай болуы тиіс.

 

 

10. Айыппұл түріндегі жазаны атқару. «Миға шабуыл» Бұл көпшілікке танымал және кеңінен қолданылатын интерактивті әдіс. Бұл әдіс қатысушылардың ойлау қабілетін және шығармашылығын пайдалана отырып нақты мәселенің шешімін табуға көмектеседі. Тақырыпқа қатысты қатысушылар айыппұл түріндегі жазаны сипаттамасын атай отырып, олардың маңызын ашып көрсетуі тиіс.

11. Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын атқару. «Ашық сұрақтар» – бұл «ия» немесе «жоқ» деп біржақты жауап беруге мүмкіндік болмайтын сұрақтар. Бұл әдіс атқарылған жұмыстың қорытындысын шығарудың тиімді тәсілі болып табылады. Оқытушы қатысушыларға қисынды ізбе ізділікпен сұрақтар қоя бастайды және олардың жауаптарын тыңдайды. Мысалы: біз не істедік, не болмады, не болды, қандай қиындық туды, не себептен, сіздер не түсіндіңіздер деген сияқты сұрақтарды қоюы мүмкін. Қатысушылардың барлығының жауаптары тыңдалады, бірақ талқыланбайды, сынға алынбайды. Сұрақтар түсінікті, жеңіл, қисынды әрі ашық болуы тиіс. Қатысушылар бір бірінің пікірін құрметтеуі тиіс, жарыссөзге жол берілмейді. Қатысушылар сабақтың соңында тақырып бойынша ашық сұрақтарға жауап бере қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын атқаруға сипаттама беруі тиіс.

 

12. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны атқару. «Рольдік ойын немесе имитация» Рольдік ойын: Қатысушылар тақырыпқа байланысты басқа адамдар қалай ойлайды, сезеді, әрекет етеді сол сияқты іс қимыл жасай отырып, нақты проблеманы не оқиғаны бейнелейді. Мысалы, Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны алдын алу жолдарын түсіндіріп береді.

13. Қамауға алу түріндегі жазаны атқару. «Бірін бірі оқыту». Бұл әдіс жаңа ақпараттар тобымен танысу барысында қолданылады және студенттерге оқыту процесіне өз үлесін қосуға әрі өз білімін курстастарына түсіндіруге мүмкіндік береді. Бұл әдісті қолдану сабақ барысында меңгеруге тиісті ұғымдар мен фактілерді толық қамтуға мүмкіндік бере отырып, студенттердің сабаққа қызығушылығын артырады.

9. Оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау нысаны[а) жетістіктерді бастапқы бақылау, б) аралық бақылау, в) соңғы бақылау,яғни нақты пән бойынша оқушылардың оқу жетістіктеріне баға].

10. Білімді бағалау. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білімді өлшеу негізінде жүзеге асырылады. Оқушылардың білімін өлшеу пәннің оқу бағдарламасына сәйкес болуы керек. Оқушылардың білімін өлшеуіштер түрлі түрлерде жасалады: бақылау сұрақтары, билеттер, тесттер (ашық, жабық, аралас, сәйкесінше, эссе және басқалары) лабораториялық, есепті-кестелік, курстық және т.б. жұмыстар тапсырмалары.

Оқушылардың білімін өлшеу құралдары ретінде баға шкаласы шығып отыр. Баға шкаласы баллды-рейтингтік әріптік жүйеге негізделген.

Оқушылардың білімдері, қабілеттері және өкілеттіліктері бақылаудың барлық түрлері бойынша туры пропорционалды қатыстығы бар баллды-рейтингтік әріптік жүйенің бағаларымен анықталады.

«Өте жақсы» бағасы (А, и А-). Бұл баға оқушы бағдарламалық жадығатты толық меңгергенін көрсетсе және қателер жібермесе, уақтылы орынды бақылау мен лабораториялық жұмыстарды дұрыс орындап, олар бойынша есепті өткізсе, дұрыс ойласа, уақтылы қатесіз коллоквиумдарды және үй тапсырмасын орындаса, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысса, өзі қосымша ғылыми әдебиетті қолданса, бағдарламалық жадығатты өзінше жүйелендіре білген жағдайда қойылады.

«Жақсы» бағасы (В+, В и В-). Бұл баға оқушы бағдарламалық жадығатты 75%-дан төмен емес меңгерсе және жауап беруде ауыр қателер жібермесе, уақтылы орынды бақылау мен лабораториялық жұмыстарды дұрыс орындаса және оларды қағидалық ескертулерсіз өткізсе, уақтылы қағидалық қатесіз коллоквиумдарды және үй тапсырмасын орындап өткізсе, оқытушының нұсқауымен қосымша ғылыми әдебиетті қолданса, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысса, қағидалық емес қателерді жіберсе немесе студенттің өзімен кейін жөнделген қағидалық қателер жіберсе, бағдарламалық жадығатты оқытушының көмегімен жүйелендіре білген жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлық» бағасы (С+, С., С-, D+, и D). Бұл баға оқушы бағдарламалық жадығатты 50%-дан төмен емес меңгерсе, бақылау мен лабораториялық жұмыстарды орындау барысында оқытушының көмегіне жүгінсе, коллоквиумдарды өткізу барысында қағидалық емес қателер жіберсе, ғылыми жұмыста бәсеңдесе,қытушы көсеткен әдебиетпен шектелсе, бағдарламалық жадығатты жүйелендіруде қиналғанда қойылады.

«Қанағаттанғысыз» бағасы (F). Бұл баға егер студент бағдарламамен қарастырылған негізгі жадығатты білуде жекелеген білімсіздікті танытса, пәннің бағдарламасының жартысынан көбісін меңгермесе, жауаптарында қағидалық қателер жіберсе, бастапқы, аралық, соңғы бақылау нысандарымен қарастырылған жеке тапсырмаларды орындамаса, бағдарламамен қарастырылған барлық негізгі әдебиетті зерделенбеген жағдайда қойылады.

Пәннің оқу бағдарламасын оқушымен меңгеру деңгейінің соңғы бағасы бастапқы және соңғы бақылау бағаларын ескере отырып кумулятивті әдіспен анықталады.

Соңғы баға оқушы өту рейтингісінен де, соңғы бақылауданда жақсы бағаларға ие болса ғана есептеліп шығарылады.

Өту рейтингісін есептеу барысында міндетті түрде бастапқы, шектік бақылау, есептік-кестелік, курстық жұмыстардың (жобалардың)бағалары ескеріледі.

Бастапқы жетістіктерді бағалары бастапқы және аралық бақылау бағаларынан құрастырылады. Аралық бақылау оқу пәнінің ірі тарауларын (модульдерін) зерделгеннен кейін өткізіледі.

Жетістіктердің бастапқы бақылауы бастапқы бағалардан тұрады: семинарлық және тәжірибелік сабақтарда алынған бағалар, орындалған лабораториялық жұмыстар, үй тапсырмалары, өзіндік жұмыстары тапсырмаларынан алынған бағалар.

Соңғы баға Сбаға пән бойынша келесі формула бойынша анықталады (1):

Р1 + Р2

Сбаға = ---------------------- × 0,6 + Э × 0,4, (1)

Бұл жерде:

Р1 – 1 рейтинг бағаның пайыздық мазмұны;

Р2 - 2 рейтинг бағаның пайыздық мазмұны;

Е – емтихандық бағаның пайыздық мазмұны.

Төртбаллды жүйе бойынша сандық баламаға сәйкес оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі

 

Әріптік жүйе бойынша баға Баллдың сандық баламасы %-дық мазмұн Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F   0-49 Қанағаттанғысыз

11. Әдебиет тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Сапарғалиев Г. “Қазақстанның мемлекеті мен құқығының негіздері”

Алматы Атамұра 1996 ж.

2. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық Жалпы, Ерекше бөлімі Алматы 1998ж

3. Борчашвили Коментарии к Уголовному кодексу Республики

Казахсан. Карағанда 1999ж

4. Борчашвили “Уголовная права Республикии Казахстан” Дәнекер

Рахметова Алматы 1999ж.

5. Сапарғалиев Ғ.С. “Мемлекет және құқық теориясы” Алматы Жеті жарғы

Ибраева А.С. 1997 ж.

6. Шмарова И.В. “Уголовно-испольнителное права”. Изд. Бек 1996 г.

7. Картасмкин В.А. “Право человека в междунородном и внутренном

государственном праве”. М. 1995 г.

8. Лакеев А.А. “Виды уголовной санкции по законодательству

зарубежных стран” их применении

9. Әпенов С.М. “Қылмыстық атқару құқығы” (заң академиясы) Алматы

2001 ж.

10. Влосов С. “Проблемы и основные пути реформирования уголовно

исполнительной системы в РК Востник Министерства

юстиции 1996 г. № 2

Қосымша әдебиеттер:

1. Багалева О.Г. Сизянкин В.М. «Правовое регулирование труда лиц,

отбывших условное наказание без лишения свободы и меры

административно-медицинского характера (уч. Пособие М. МВД СССТ 1979г.)

2. Багданов В.Я. «Деятельность инспекции исправительных работ по трудоустройству и перевоспитанию осужденных» М. 1988г.

3. Потемкина А.Г.Условия отбытия исправительных работ без лишения

свободы. М. 1978г.

4. Журавлев М.П., Никулин С.Л., Романов А.К. «Наказание, не связанные с

мерами исправительно- трудового воздействия на осужденных,

и их исполнение».М. ВШМ 1986г.

5. Жунусов Б.Ш. «Проблемы уголовной политики» Диссертация

доктора юридических наук. Алматы 1999г.

6. Чукмаитов Д,С. «Применение уголовного наказания в целях

предупреждения рецидивных преступлений» Алматы, Баспа 1997г.

7. Стручков и Михлин А, Шмаров И. «Необходимая реформа

исправительно-трудового заколнодательства»М. 1988г. (журнал

Социальная законность №7 стр. 50)

8. Исполнение аудиовизуальных средств. Схемы, таблицы, плакаты

 

Нормативтік әдебиеттер:

1. Қазакстан Республикасынын Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл

2. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы

3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi N 167 Кодексi

4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 206 Кодексi

5. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) 27 желтоқсан 1994 жылы қабылданған.

6. Қазақстан Республикасы қылмыстық атқару кодексі Алматы Жеті жарғы

1997 ж

 

Date: 2015-09-05; view: 749; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию