Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Терапевтическая стоматология_каз





 

$$$001

Бұрғылап өңдегеннен кейін дентин бетінде пайда болатын қабаттың аталуы:

A) Жағылған («майланған») қабат

B) Гибридті қабат

C) Жарқыраған қабат

D) Сәулеленген қабат

E) Оттегімен ингибирленген қабат

{Дұрыс жауабы}= A

{Күрделігі}= 1

{Оқулық}= (Базикян Э.А., Терапиялық стоматология пропедевтикасы учебник/под ред. Э.А. Базикян-М. ГЭОТАР-Медиа, 2009-176 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$002

Кариесстатикалық қасиеті бар цементтер:

A) Цинк-фосфатты

B) Мырыш-тотықты-эвгенольды

C) Поликарбоксилатты

D) Шыныиономерлі

E) Силикатты

{Дұрыс жауабы}= D

{Күрделігі}= 1

{Оқулық}= (Базикян Э.А., Терапиялық стоматология пропедевтикасы учебник/под ред. Э.А. Базикян-М. ГЭОТАР-Медиа, 2009-176 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$003

35 жастағы науқас стоматологиялық клиникаға жалпы жайсыздыққа, дене температурасының көтерілуіне, мойын мен бетте қызыл дақтардың пайда болуына шағымданып келді. Объективті: ауыз қуысында жайылған эритема мен кілегей қабаттың ісінуі, түрлі пішінді көпіршіктер пайда болған, олар тез жарылып фиброзды қақпен жабылған ауыратын эрозиялар түзеді. Сіздің болжам диагнозыңыз?

A) Жүйелі қызыл жиегі

B) Көп түрлі жалқықты эритема

C) Созылмалы қайталамалы афтозды стоматит

D) Қайталамалы терең тыртықты афталар

E) Бехчет синдромы

{Дұрыс жауабы}= B

{Күрделігі}= 2

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Терапиялық стоматология, Мед. информ. агентство, 2007-675 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$004

Жайсыздыққа, әлсіздікке, дене температурасының жоғарылауына, қызыл иекте күрт ауырсынулардың болуына, олардың қанағыштығына, ауыз қуысының жағымсыз иісіне шағымданады. Объективті: қызарған, ісінген қызыл иек көрінісінде кір-сұр түсті қақ түрінде қызыл иек жиектерінің өліеттенген аймағы анықталады. Тістерде көп мөлшерлі жұмсақ қақ, тіс тастары бар. Сілекей қою, тұтқыр. Қан анамнезінде-лейкоцитоз, ЭТЖ жеделдеуі. R- граммада сүйек тінінің өзгерістері жоқ. Осы клиникалық көрініс қандай диагнозға сәйкес келеді.

A) Жедел катаральды гингивит

B) Созылмалы катаральды гингивит

C) Созылмалы катаральды гингивиттің өршуі

D) Ойық жаралы гингивит

E) Созылмалы жайылмалы пародонтиттің өршуі, жеңіл дәрежелі

{Дұрыс жауабы}= D

{Күрделігі}= 2

{Оқулық}= (Терапевтическая стоматология: Учебник. В 3-х ч./Под ред. Г.М. Барера.- М. ГЭОТАР-Медиа. Ч.2: Болезни пародонта-2008.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$005

Шағымы жоқ. Объективті: тіл жұмсақ, аздап ұлғайған, терең қатпарлар-сайлар тілдің бүйір бетінде және арқасында орналасқан. Қатпарлардың түбі және бүйір беттері жіп тәрізді бүртіктермен жабылған. Келтірілген клиникалық белгілері қай ауруға тән деп ойлайсыз:

A) Қатпарлы тіл

B) Түленген глоссит

C) Ромб тәрізді глоссит

D) Глоссодиния

E) Қара түкті тіл

{Дұрыс жауабы}= A

{Күрделігі}= 2

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Терапиялық стоматология, Мед. информ. агентство, 2007-733 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$006

Науқас 4.6 тісте кариозды қуыстың болуына шағымданады. Қарағанда 4.6 тіс дистальді шайнау бетінде терең кариозды қуыс бар, тіс қуысымен жалғасқан. Зондпен терең шұқып тексергенде ауырмайды. Перкуссия ауырмайды, түбір ұшы бойы аймағының кілегей қабаты түсі өзгермеген, пальпациялағанда ауырмайды. Температуралық тітіркендіргіштерге реакция теріс. Рентгенограммада дистальді түбір ұшы аймағында периодонтальды саңылау біркелкі кеңейген. Осы клиникалық көрініс қандай диагнозға сәйкес келеді.

A) Созылмалы гранулденген периодонтит

B) Созылмалы гранулематозды периодонтит

C) Созылмалы фиброзды периодонтит

D) Созылмалы гангренозды пульпит

E) Созылмалы фиброзды пульпит

{Дұрыс жауабы}= C

{Күрделігі}= 2

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Терапиялық стоматология, Мед. информ. агентство, 2007-389 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$007

46 жастағы науқас стоматологиялық бөлімге ауыз қуысын сауықтыру және протездеуге дайындалу мақсатында келді. Объективті тексергенде қатты таңдай кілегей қабатының мөлдір емес көрінісінде оның артқы 1/3 бөлігінде майда қызыл түйіншіктер көрінеді. Олардың ортасында кеңейген шығу өзектері нүкте тәрізді орналасқан.

Келтірілген клиникалық белгілері қай ауруға тән деп ойлайсыз:

A) Қызыл жалпақ теміреткі, қарапайым түрі

B) Қызыл жегі, қарапайым түрі

C) Лейкоплакия, жалпақ түрі

D) Созылмалы гиперпластикалық кандидоз

E) Таппейнер лейкоплакиясы

{Дұрыс жауабы}= E

{Күрделігі}= 2

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Терапиялық стоматология, Мед. информ. агентство, 2007-628 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$008

Науқас 49 жастағы әйел адам, ауыз құрғақтығына, жиырыңқы сезімнің болуына шағымданады. Тістердің қабысу сызығы, өтпелі қатпар бойында өзгермеген кілегей қабатта полигональды пішінді папулалар орналасқан, олар ақ сұр түсті бірігіп өрнек тәрізді сурет түзеді. Вуд сәулесінде бөртпелер ақ-сары түсте жарықтанады. Осы клиникалық көрініс қандай диагнозға сәйкес келеді.

A) Созылмалы гиперпластикалық кандидоз

B) Қызыл жегі

C) Қызыл жалпақ теміреткі

D) Лейкоплакия

E) Шектелген рак алды гиперкератозы

{Дұрыс жауабы}= C

{Күрделігі}= 2

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Терапиялық стоматология, Мед. информ. агентство, 2007-693 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$009

56 жастағы науқас тістер арасындағы саңылаудың болуына, кейде қызыл иектің қанағыштығына, тістердің қозғалғыштығына, ыңғайсыздық сезімге шағымданады. Объективті: көп көлемді тіс шөгінділері анықталады, зондтағанда қызыл иек оңай қанайды, қызыл иек жиектері және бүртіктерінің тегіс емес атрофиясы, тіс түбірі ұзындығының 1/3 бөлігіне дейін жалаңаштануы, 3.1, 1.6 тістердің 1-2 дәрежелі қозғалғыштығы анықталады. Пародонтальды қалталардың тереңдігі 5 мм-ге дейін.Келтірілген клиникалық белгілері қай ауруға тән деп ойлайсыз:

A) Созылмалы жайылмалы пародонтит, ауыр дәрежесі

B) Жеңіл дәрежелі созылмалы жайылмалы пародонтиттің өршуі

C) Созылмалы жайылмалы пародонтиттің жеңіл дәрежесі

D) Гипертрофиялық гингивит, ісінген түрі

E) Орташа дәрежелі созылмалы жайылмалы пародонтит

{Дұрыс жауабы}= E

{Күрделігі}= 2

{Оқулық}= (Терапевтическая стоматология: Учебник. В 3-х ч./Под ред. Г.М. Барера - М. ГЭОТАР-Медиа. Ч.2: Болезни пародонта-2008.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$010

27 жастағы науқас ауыз бұрышындағы ұзақ уақыт бойы жазылмайтын тілікке шағымданады. Көп темекі шегеді. Тексергенде: ауыздың сол жақ бұрышындағы тілік пальпациялағанда ауырмайды, негізінде тығыз шеміршек тәрізді инфильтрат бар. Ұрт кілегейінде-беті ақ тырналған, диаметрі 1,0 см-ге дейін ірі папулалар. Осы клиникалық көрініс қандай диагнозға сәйкес келеді.

A) Стрептококты ұшық

B) Екіншілік мерез

C) Қызыл жалпақ теміреткі

D) Кандидозды ұшық

E) Таппейнер лейкоплакиясы

{Дұрыс жауабы}= B

{Күрделігі}= 2

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Терапиялық стоматология, Мед. информ. агентство, 2007-658 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$011

55 жастағы науқас төменгі жақ тістер сауыттарының ақауына шағымданады. Объективті: 3.6, 3.5, 3.4, 4.4, 4.5, 4.6 тістер вестибулярлы бетінің мойын аймағында дентин деңгейінде қабырғалары бұрыш түзетін ақаулар бар. Ақау беттері тегіс, жалтырланған. Зондтпен шұқығанда ауырмайды. Келтірілген клиникалық белгілері қай ауруға тән деп ойлайсыз:

A) Сына тәрізді ақау

B) Тіс қатты тіндерінің эрозиясы

C) Беткейлік кариес

D) Орташа кариес

E) Тіс қатты тіндерінің өліеттенуі

{Дұрыс жауабы}= A

{Күрделігі}= 2

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Терапиялық стоматология, Мед. информ. агентство, 2007-180 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$012

Тіс дәрігері түбір өзегін эндодонтиялық өңдеу үшін түбір өзегінің қабырғасына декальцинация әсері бар ерітіндіні қолданды. Дәрігер қандай препаратты таңдап алды?

A) 0,6% хлоргексидин ерітіндісі

B) 10% кальций глюконат

C) 3% сутегінің асқын тотығы

D) 37% ортофосфор қышқылы ерітіндісі

E) 10% ЭДТА ерітіндісі

{Дұрыс жауабы}= E

{Күрделігі}= 3

{Оқулық}= (Базикян Э.А., Терапиялық стоматология пропедевтикасы учебник/под ред. Э.А. Базикян-М. ГЭОТАР-Медиа, 2009-176 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$013

Науқастың орта тісжегіні емдеуде тісжегі қуысы егеп тазаланды, медикаментозды өңделді, аралық төсем қойылды, адгезия жүйесі жағылды, жарықпен кептірілді, қуыс тұрақты пломбалық материалмен жабылды. Пломбылық материалдың әр бір қабаты галогенді сәулемен кептірілді, тегістелді, өңделді. Емдеу барысында қай кезең орындалмады?

A) емдік төсемнің қойылуы

B) кондиционерлеу

C) праймер жағуы

D) адгезив жағуы

E) фторлак жағуы

{Дұрыс жауабы}= B

{Күрделігі}= 3

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Терапиялық стоматология, Мед. информ. агентство, 2007-230 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$014

36 тістің шайнау бетінде үлкен көлемді, терең тіс жегі қуысы бар, тереңдігі 4-5мм. Тіс дәрігер тіс жегі қуысты егеп тазалады, медикаментозды өңделді, табанына емдік төсем, сосын аралық төсем қойылды, эмаль және дентин кондиционерленді, адгезия жүйесі жағылды, сәулемен кептірілді, тұрақты пломбылық материалды бір порциямен апарып қуысты жапты, тегістеді, өңделді. Дәрігер емдеу барысында қай кезеңді дұрыс орындамады?

A) аралық төсем тіс жегі қуысының қабырғасына қойылмады

B) емдік төсемді қоюдың қажеті жоқ

C) праймер жағылмады, кептірілмеді

D) адгезия жүйесі жағылмады, кептірілмеді

E) пломбылық материал бірнеше порциямен апарылмады

{Дұрыс жауабы}= E

{Күрделігі}= 3

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Терапиялық стоматология, Мед. информ. агентство, 2007-230 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$015

Науқастың жасы 37. Төменгі жақ тістің сыздап ауратынына шағымданады. Ауру сезімі тістегенде күшейе түседі. Бір апта бұрын тісте мышьяк қойыртпағы қалдырылған, екі күннен кейін қабылдауға келмеді. Қарап тексергенде 4.6 тісте уақытша пломба сақталған, қағып тексергенде ауру сезімі бар, тіс аймағындағы шырышты қабат аздап ісінген, қызарған. Тісті емдеу барысында түбір өзектерін медикаментозды өндеу үшін және мақта білігін өзек ішіне қалдыру үшін қандай препараттарды қолдану қажет?

A) сутегінің асқын тотығының 3% ер-сі

B) 1% трипсин ер-сі

C) 1% иодинол ер-сі

D) 10% ЭДТА ер-сі

E) 5% гипохлорид ер-сі

{Дұрыс жауабы}= C

{Күрделігі}= 3

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Терапиялық стоматология, Мед. информ. агентство, 2007-385 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$016

Науқастың жасы 32, дәрігерге 3.6 тісінің температуралық тітіркендіргіштердің әсерінен ауыратынына шағымданады. Клиникалық тексерулерден кейін науқасқа 3.6 тісінің терең тіс жегіcі диагнозы қойылды. Тіс дәрігер терең тіс жегіні емдеу барысында аралық төсем ретінде құрамында фтор ионы бар материалды қолдануды дұрыс көрді.

Дәрігер қандай материалды таңдап алуы тиіс?

A) Кавитан

B) Силицин

C) Фосфат-цемент

D) Дайкал

E) Белацин

{Дұрыс жауабы}= A

{Күрделігі}= 3

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Терапиялық стоматология, Мед. информ. агентство, 2007-180 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$017

Тіс дәрігер тіс түбір өзегін пломбылау кезінде пломбалық материалды түбір ұшы тесігінен шығарып жіберді. Бұл асқынуға не себеп болды?

A) өзек қабырғасы перфорациясы

B) өзекте құралдың сынып қалуы

C) тіс қуысы табанының перфорациясы

D) тіс қуысының толық ашылмауы

E) анатомиялық тесіктің шамадан тыс кеңейту

{Дұрыс жауабы}= E

{Күрделігі}= 3

{Оқулық}= (Николаев А.И., Цепов Л.М., Практическая терапевтическая стоматология-М.: МЕД пресс-информ., 2010)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$018

Тұрақты пломбаның ұзақ мерзімді сақталуына үлкен ықпалын тигізетін

тіс жегісін емдеудің ең маңызды кезеңі:

A) Тіс жегі қуысын пішіндеу

B) Тіс жегі қуысын ашу

C) Тіс жегі қуысын кеңейту

D) Аралық төсем қою

E) Тіс жегі қуысын жуу

{Дұрыс жауабы}= A

{Күрделігі}= 3

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Терапиялық стоматология, Мед. информ. агентство, 2007-289 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$019

Тіс дәрігер 3.6 тісті ұлпа қабыну диагнозымен емдеу үшін жансыздандырылу жасалды, егеп тазалады, тіс қуысын ашты, сауыт ұлпасын алды, медикаментозды өңдеу жасалды. Сосын емдік пен аралық төсем, тұрақты пломбасы қойылды. Ұлпа қабынуын қай әдіспен емделді:

A) девитальды экстирпация

B) витальды ампутация

C) консервативті

D) аралас

E) витальды экстирпация

{Дұрыс жауабы}= B

{Күрделігі}= 3

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Терапиялық стоматология, Мед. информ. агентство, 2007-371 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$020

Науқастың 3.5 тісте гранулематозды периодонтит, тістің түбір ұшында сүйек деструкциясы байқалады (гранулема). Түбір өзегін пломбылау үшін қандай пломбылық материалды таңдайсыз:

A) Биокалекс

B) фосфат цемент

C) цинк эвгенол пастасы

D) резорцин формалин пастасы

E) антибиотик негізінде

{Дұрыс жауабы}= A

{Күрделігі}= 3

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Терапиялық стоматология, Мед. информ. агентство, 2007-385 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

 

Date: 2015-09-20; view: 450; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию