Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ылмыстық істі козғаудан бас тарту ісін жүргізу тәртібі
Қылмыстық істі қозғаудан бас тартудың мәні — анықтау не тергеу органы не тергеушінің қылмыстық ізге түсуді жоққа шығаратын мән-жайларды тауып, өндірістегі сотқа дейінгі кез келген сатысында қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы немесе қылмыстық істі тоқтату жөнінде қаулы шығаруы болып табылады (ҚІЖК 187-бап). Сол тәрізді прокурордың басты сот тергеуі кезінде іс қаралмай тұрып, істі соттан қайтарып алуға және Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабында көзделген негіздер бойынша оны тоқтатуға құқығы бар. Сонымен қатар мемлекеттік айыптаушы сот тергеуіндегі қылмыстық ізге түсуді жоққа шығаратын мән-жайда талқылау барысында Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы негізінде айыптаудан бас тарту жөнінде хабарлауға міндетті. Алайда, егер айыптаушы сот талқылауын одан әрі жалғастыруды талап етіп, өз айыптауын қолдап, оны жалғастыратын болса, мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тартуы істің соттағы талқылауын тоқтатуға негіз бола алмайды (ҚР КІЖК 393-бап). Сот, сот талқылауы үстінде қылмыстық ізге түсуді жоққа шығаратын мән-жайларды анықтаса онда қылмыстық істі тоқтатуы жөнінде қаулы шығаруы қажет. Қылмыстық істі козғау сатысындағы заңдылықтың сақталуын прокурордың қадағалауы. Қылмыстық істі қозғау сатысында қылмыстық істі қозғауға өкілетті органдар мен адамдардың заңды дәл орындаудағы қызметіне қадағалауды прокурор жүзеге асырады. Атап айтқанда, прокурор бұл адамдар мен органдары қылмыстық іс жүргізу кодексінің 190-бабының талаптарын қатаң сақталуын қадағалауға міндетті. Ол қандай да болмасын желеумен арызды қабылдамау, өз уақытында тіркеуге алмау, сондай-ақ қылмыстық істі негізсіз қозғау немесе қысқартып тастау, негізсіз алдын ала тексеру жүргізу немесе іс барысында заңға қайшы келетін тәсілдерді қолдану, өткізу фактілерін ашып отыруға міндетті. Прокурор адын ала тергеу органдарындағы жасалған, жасалып жатқан немесе әзірлену үстіндегі қылмыстар туралы арыздар мен хабарлардың қабылдануын тіркелуін және шешімінің табылуын ең болмағанда айына бір рет тексеріп отыруға міндетті (ҚР ҚІЖК 197-бап).
Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды алдын ала тексеру: әдістері мен шегі. 2. Қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қараудың мерзімдері. 3. Қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қарау кезінде шығарылатын шешімдер. 4. Қылмыстық істі қозғау тәртібі. 5. Қылмыстық істі қозғау туралы қаулы: нысаны мен мазмұны. 6. Жеке айыптау және жеке жариялы айыптау істері бойынша қылмыстық істі қозғау ерекшеліктері. 7. Қылмыстық істі қозғаудан бас тартудың негіздері. 8. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді болдырғызбайтын мән жайлар. 9. Қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулы: нысаны мен мазмұны. Date: 2015-09-19; view: 1621; Нарушение авторских прав |