Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жер туралы ой





Нұрлан машинаны бұрып әкеп, боразданың жиегіне фарын сөндірмей қойды да, бригадир екеуі жарық ізімен жерді аралады.

Нұрлан еңкейіп бір уыс топырақ алып, құрт құсатып сығымдап, мұрнына апарып қайта-қайта иіскелейді. Дымқыл да тұщы иісі мұрнына келеді. Көз қиығын бригадирге тастап, шымшылап, сыр тарта сөйледі.

- Қайыр, аға-ау, жер – ана, - деп тегін айтпаған ғой ертеде. Адамды асырайтында, өсіретінде жер. Жер де ана сияқты, күтпесе, қадірлемесе иілмейді...

...Адам күнделікті күніне мәз болып өмір сүрсе, хайуанның азақ алдында дер едік, бірақ адам баласының бақыттылығы сонда – бала-шаға, ұрпағы үшін өмір сүріп, соған еңбек ететіні анық.

Ал, егер жерді бүлдіріп, былапыт, салақ, ұқыпсыз пайдаланса, ұрпақ күнін немен көреді? Халық мәдениетінің сәні де, байлығы да жерге байланысты. Жері аз, жері кедей елдің – халқы да кедей... Атам заманнан бергі соғыс та, қантөгіс те жер үшін болып келгенін Қайырбек аға біле ме екен? Білсе, қазақ даласын бос жатқан, қаңбақ қана ойран салған құладүз, жапан, - деп қисық ұқпасын. Бұл жердің қойнында ғасырдан-ғасырға жетерлік байлық, дәулет жатыр. Жерімізді қадірлей білейік! Ойланатын кез туды, ағайын: әр гектар жер – халық мәдениетінің, жігер-күшінің, талабының айнасы. Соны ұғатын уақыт жеткен жоқ па?.. (З. Шашкин, 170 сөз).

1.Мәтінге басты тірек сөздерді табыңыз

А) талабының айнасы,атам заманнан бергі соғыс,боразданың жиегі

В) бір уыс топырақ,ұрпақ үшін өмір,ғасырға жетерлік байлық

С) ойран салған құладүз,тұщы иісі,ұғатын уақыт

Д)қазақ даласы,көз қиығы,баласының бақыттылығы

Е)ойланатын кез,күнделікті күні,мәдениетінің сәні,

 

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз.

Ғасырдан –ғасырға жететін байлық... қойнында жатыр.

А)күштің

В) уақыттың

С) талабының

Д) жердің

Е) хайуанның

 

3.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

А)Нұрланның мұрнына ненің иісі келді?

В) Адамдар ұрпағы үшін неге өмір сүрмейді?

С)Соғыста жерді кімге берді?

Д) Күнделікті күніне адамдар не үшін қайғырады?

Е)Жерді бүлдіріп,ұқыпсыз пайдаланса, кім мақтайды?

 

4.Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтаңыз.

А)Нұрлан машинаны ауылдың жиегіне тоқтатты.

В)Бригадирмен ол еш нәрсе туралы сөйлеспеді.

С)Жері аз халық кедей болмайды.

Д)Қайырбекке қазақ даласын бос жатқан құладүз деп түсіндірді.

Е)Халық мәдениетінің айнасы жер екенін түсінетін уақыт жетті.

 

5.Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз.

А)Жерді өңдеу

В)Бригадирмен әңгіме

С)Жер- халық игілігі

Д) Уақытты бағалау

Е)Адамның күнделікті өмірі

26.Құсмұрын

Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың кіндік қаны тамған Құсмұрын бекінісінің ескі жұрты – қазіргі Қостанай облысы, Семиозер ауданы, Шөптікөл совхозының Киров бөлімшесінен үш-төрт шақырым жерде.

Шоқан туған жылы Аманқарағай дуанының осында ауысуына орай, жаңа дуан да Құсмұрын аталып кеткен. Шоқанның әкесі, майор дәрежесіндегі Шыңғыс Уәлиханов, сол кездері Құсмұрын дуанының аға сұлтаны болған.

Мұхамедханафия яки Шоқан (анасының еркелетіп қойған есімі) Құсмұрын бекінісінің аға сұлтаны үшін арнайы салынған ағаш үйде өмірге келген.

Шоқанның туған жері неліктен Құсмұрын деп аталатындығын жазушы Сәбит Мұқанов «Аққан жұлдыз» романының бірінші кітабында: «Бекіністің сырт желкесіндегі қырқаның тұмсығы сағымды күндері алыстан қараған адамға... конғалы келе жатқан алып құстың тұмсығына ұқсауына қарай» - деп түсіндіреді.

Шоқан Омбы кадет корпусында оқып жүрген кездері практикалық жұмысы ретінде көптеген карта, схемамен қатар, түрлі түсті бояумен пейзаж жасаған. Сол еңбектердің бірнешеуінде Құсмұрын маңы бейнеленген. 1852 жылы жазғы демалысқа келгенде акварельмен салған «Құсмұрын бекінісінің» жобасында сол төңіректегі назарға ілігерлік көріністің бәрі дерлік шартты түрде тартымды таңбаланған.

Қасиетті орынды көрмекке Құсмұрынға ат басын арнайы тіреген кісі бір кездері сырты қарағаймен шегенделіп, іші топырақпен шептелген бекініс дуалының бедерін ғана байқай алады. (С. Мұқтарұлы, 176 сөз).

 

1.Мәтінге басты тірек сөздерді табыңыз

А) қазақ халқының ұлы ғалымы,Құсмұрын бекінісі,қасиетті орын

В) бекініс дуалы,кадет корпусы,туған жері

С) практикалық жұмысы,сағымды күндері,назарға ілінерлік көрініс

Д)аға сұлтаны,ескі жұрты,бір кездері

Е)қырқаның тұмсығы,туған жері,майор дәрежесі

 

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз.

Практикалық жұмыстарынының бірнешеуінде... маңы бейнеленген.

А)Қостанайдың

В) Құсмұрынның

С) Омбының

Д) «Аққан жұлдыздың»

Е) Аманқарағайдың

 

3.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

А)Ш.Уәлиханов Шығыс Қазақстанның қай жерінде дүниеге келді?

В) Шоқанның әкесі кадет корпусында қашан оқыды?

С)Анасы еркелетіп кімнің атын қойды?

Д) Құсмұрын бекінісі туралы С.Мұқанов неге түсіндірмеді?

Е)Құсмұрын неге қасиетті орын емес?

 

4.Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтаңыз.

А)Шоқан Қазақстандағы кадет корпусында оқыды.

В)Шоқанның әкесі қарапайым шаруа болды.

С)Қазақ халқының ұлы әншісі қай жерде дүниеге келді.

Д)Құсмұрын бекінісі туралы романның бірінші кітабында жазылды.

Е)Құсмұрынға арнайы ешкім ат басын тіремейді.

 

5.Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз.

А)Ұлы жазушы романы

В)Практикалық жұмыстарды орындау

С)Туған жерді аңсау

Д) Дуанның аға сұлтандары

Е)Кіндік қан тамған қасиетті жер

 

27.Қолғанат

Түстен кейін Ерланның атасы ауырып қалды. Ауа райы кілт өзгерді. Күн суыта бастады. Ерланның әкесі мен мамасы жұмыста. Үй іші суи бастаған соң, пешке жағатын отын жару керек болды.

Ерлан қойма ішінен балта тауып алды. Қысқа қырқылған ағаштың біреуін алып, балтаны сілтеп қалды. Ағаш екіге бөлінді. Екіге бөлінген ағашты тағы да майдалады. Ол бірте-бірте отын жаруға әбден машықтанып алды.

Оң аяғы қақсап ауырған атасы жаюлы төсекке жата салған еді. Көзі ілініп кетіпті. Бір уақытта көзін ашса, күн кешкіріп қалған екен. Үйде Ерлан жоқ.

- Ойнап жүр-ау, - деп ойлады атасы орнынан белін ұстай тұрып. Бір кезде сырттан тарс-тұрс еткен дыбысты құлағы шалды.

Атасы аяғын жай басып терезеден сыртқа көз тастады. «Жаным-ау, мынау, Ерланның өзі ғой. Азаматым менің?».

- Ата, - деді бір кезде Ерлан терезеден қарап тұрған атасын байқап, -отын дайын.

Сөйтті де жарылған ағаштың біразын құшағына толтырып үйге кіргізді.

Атасы пешке от жақты. Әп-сәтте үй іші жылына бастады. Пеш үстіне қойылған сүт те пісті.

- Ата, сүт ішемін, - деді Ерлан. Бұл жолы ол сүтке нан турап, тәбеттене ішті. Қас қарая әкесі мен мамасы үйге келді. Жылы үй олардың көңілдерін көтерді.

- Отынды Ерлан жарды. Қолғанат болды деген осы, - деп атасы Ерланның арқасынан қақты. Әкесі мен мамасы қуаныштарын жасыра алмай, күлімдеп тұр еді.

(Н. Қадырбаев, 200 сөз).

1.Мәтінге басты тірек сөздерді табыңыз

А) отын жару керек болды, машықтанып алды, от жақты, қолғанат болды

В) күлімдеп тұр,үйге кіргізді,көзі ілініп кетіпті,екіге бөлінді

С) сүт те пісті,ауырып қалды,сыртқа көз тастады,арқасынан қақты

Д) кілт өзгерді,көңілдерін көтерді, тәбеттене ішті,жылына бастады

Е) мамасы үйге келді,құлағы шалды,жата салған еді, тағы да майдалады

 

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз.

Жарған ағаштарын... толтырып үйге кіргізді.

А)құшағына

В) беліне

С) үстіне

Д) арқасына

Е) ішіне

 

3.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

А)Ерланның апасы неге ауырып қалды?

В)Үйге от жағу үшін не қажет болды?

С)Пеш үстіндегі ет қалай пісті?

Д) Әкесі мен мамасы үйде не істеді?

Е)Атасы Ерланға не үшін ұрысты?

4.Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтаңыз.

А)Ерланның атасы далада серуендеді.

В)Қолғанат болған Ерланды атасы мақтады.

С)Отын жару Ерланның қолынан келмеді.

Д)Үйдің іші ұзақ уақыт жылынбады.

Е)Ерланның ата-анасы жұмыстан ерте келді.

 

5.Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз.

А)Отын жару өнері

В) Атасының реніші

С) Алғысқа бөленген Ерлан

Д) Суық кернеген үй

Е)Қуаныштарын жасырған ата-ана

 

28.Қарлығаштың ұясы

Ботагөз бен Қарагөз апалы-сіңлілі. Үй іші Шымкентке көшпекші еді. Тек оқу жылының аяқталуын күтіп жүрген.

Міне, көптен күткен күн де келді. Көкесі бірнеше жігітті ертіп келіп, дәу көк қасқа машинаға үй жиһаздарын тией бастады. Ботагөз бен Қарагөз де жүктерді тасуға көмектесті. Көңілдері көп нәрсені қимайды.

Олар жолға шықты. Бірер сағатта машина бейтаныс әсем үйдің ауласына келіп тоқтады.

- Міне, біздің үйіміз осы, - деді аналары. Ботагөз бен Қарагөз жаңа үйді тамашалап, аралауға кірісті. Бір кезде Қарагөз терезе жақтауындағы қарлығаштың ұясын көріп:

- Алақай! – деп қуана айқайлап жіберді. Аң-таң болған Ботагөз жүгіріп сіңлісінің қасына келді. Екеуі қарлығаш ұясын ұзақ тамашалады. Жып-жинақы. Тостаған секілді. Қандай шебер жасалған! Ішінде қарлығаш балапан басып отыр. Жәудіреп екі қызға кезек қарап қояды.

Әкесі:

- Қарлығаш – адамға ең жақын жүретін құс. Ұясына тиіспеңдер, қайта ертең балапандары шықса, жем-су құйып, қамқорлықтарыңа алыңдар,- деді.Осыдан кейін екеуі күн сайын ұя алдына жем -су қоятын болды. Мұны қарлығаш түсінді. Қыздарға бауыр басып кетті. Көп ұзамай балапандар да пайда болды. Шиқ-шиқ етіп тамақ сұрайды. Ана қарлығаштың жұмысы тіпті көбейді. Күні бойы құрт-құмырсқа, шегіртке тасумен әуре.

Бір күні аулада ойнап жүрген қос қыз дәл жандарынан зу-зу етіп өте шыққан қарлығаштарды байқады. Қараса, аспанда төрт қарлығаш түгелімен ұшып жүр. Екеуі қол шапалақтап мәз болды. Қарлығаштар да оларды айнала ұшады. Қуанғаны болар. (А. Түркістанов, 200 сөз).

 

1.Мәтінге басты тірек сөздерді табыңыз

А)шегіртке, балапан,оқу жылы,апалы-сіңлілі

В) тамақ, құс,терезе,тостаған

С) құрт-құмырысқа,ұя,қарлығаштың жұмысы,екеуі

Д) жем-су,қос қыз, дәу көк машина,үйдің ауласы

Е) күткен күн, жаңа үй, ұя, аспандағы қарлығаштар

 

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз.

Құстың балапандары шықса, қамқорлықтарыңа....

А) беріңдер

В) ұшыңдар

С) көшіңдер

Д) алыңдар

Е) тиіспеңдер

 

3.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

А)Жігіттер үй жиһаздарын неге тиемеді?

В)Қыздардың анасы машинаны қайдан әкелді?

С)Олар қайда көшті?

Д) Қарлығаштар аспанда неге ұшпады?

Е)Қыздар есіктің алдына не қойды?

 

4.Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтаңыз.

А) Олар Астанаға көшпекші еді.

В) Қарлығаш ұясын терезе жақтауына салыпты.

С) Қарлығаштың ұясына қыздар қуанбады.

Д) Қарлығаш балапандарына тәтті нандар тасумен болды.

Е) Олар тамашалаған ұя қазан секілді.

 

5.Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз.

А)Адамға жақын құс

В)Сапарға шығу

С) Табиғатты тамашалау

Д) Қамқорсыз қалған балапандар

Е)Қимас көңіл

 

 

29.Адамның өз еңбегі – балдай тәтті

Бұл жақта жаз ыстық болады. Қар суымен дымқылданып жататын жер алғашқы ыстықта қызып, шөп қауырт өседі. Бекеннің бақшасы да солай болды. Бір күні қауын, қияр еккен жеріне келсе, құлаш жайып өскен өсімдіктердің құлағы салпиып, әрі боп-бос болып қалыпты. Солғалы тұр екен деп қорыққан ол күдігін атасына айтты.

- Шөлдегендікі ғой, суару керек, - деді үлкен кісі.

Күрек алып, сонау көмейге барды. Арыққа су салып, жол бойы былтырдан қалған ескі шөптерін тазалай келді. Бақшаға жіберілген мол су әр түпке шымырлап сіңісімен-ақ, қияр, қауындар құлағын қалқайтып қайта көтеріліп жатыр. Судан кейін өсімдік біткен бір күнде қаулап шыға келді. Әсіресе бүкіл бақшаға арам шөп лап қойды. Бекен екі күн бойы бақшасын тазартты. Атасы «маусым» деп атайтын бұл айдың ыстығы осал емес көрінеді.

Арада бір-екі жұма өткен соң, анада еккен бір түйір дән құлаш-құлаш желі тартып, әуелі сары құлақ гүл ашты да, артынша түйін тастаған-ды. Міне, енді қара көк жапырақтың астынан сопиып-сопиып қияр пайда болды.

Алғашқы қиярды үзіп алғанда, алып-ұшып атасына жетті. Атасы ораулы бәкісін ашып: - «Бекенім өсірген алғашқы көк қой». – десіп, әжесі екеуі жеді. Өзі де күртілдетті.

- Тәп-тәтті, - деді сонан соң.

- Иә, адамның өз еңбегі сіңген қара да балдай тәтті болады, балам, - деді үлкендер. (Қ. Жәркенов, 200 сөз).

1.Мәтінге басты тірек сөздерді табыңыз

А)сары құлақ гүл ашты,осал емес көрінді,ыстық болады,бақшасын тазартты

В) шөп қауырт өседі,өзі де күртілдетті,түйін тастаған-ды,лап қойды

С) атасына жетті,бәкісін ашып,шөптерін тазалай келді,көмейге барды

Д) солғалы тұр, қайта көтеріліп жатыр,қияр пайда болды, балдай тәтті болады

Е) қаулап шыға келді,ыстықта қызып,былтырдан қалған,атасына айтты

 

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз.

Жапырақтың астынан... пайда болды.

А) арық

В) күрек

С) бәкі

Д) қияр

Е) бақша

 

3.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

А)Бұл жақта қыс қандай болады?

В)Бекен арықты қайдан іздеді?

С)Атасы бақшаны қалай тазартты?

Д) Алғашқы қиярды кім жеді?

Е)Қияр неге ащы болды?

 

4.Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтаңыз.

А)Жаңбыр суымен дымқылданған жерге шөп қауырт шығады.

В)Маусымның ыстығы осал емес көрінеді.

С)Апасы ораулы бәкісін ашты.

Д)Бақшаға жіберілген су сіңбеді.

Е) Солғалы тұр екен деп ол қуанышын атасына айтты.

 

5.Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңы з.

А)Іздеген табады, сұраған алады.

В)Еңбегіне қарай өнбегі.

С) Көп еңбегі көңілді.

Д) Мал баққанға бітеді.

Е) Су патшасы - мұрап, түн патшасы- шырақ.

 

30. Сынған аквариум

Сыныпта тірі хайуанаттар мүйісі бар болатын. бірде үзіліс кезінде Күлзағира терезе алдында тұрған аквариумды қағып кетіп, жерге түсірді. Әйнек сауыттың быт-шыты шықты. Су еденге жайылды. Кішкентай балықтар жан-жаққа шашырады.

Күлзағираның есі шығып кетті.

Екі ортада қоңырау соғылды. Қатты қорыққан Күлзағира сыныптан безе жөнелді.

Ол ештеңе болмағандай, залдағы балаларға араласып кетті.

Аквариумды қаладан Шоқай әкеліп, сыныпқа сыйлаған еді. Оның сынғанын көргенде, Зерде Алматайқызы қатты ашу шақырды. Көңіліне күдік алған балаларға қанша қадалғанымен олардың ешқайсысы мойындамады.

Сонда Шоқай:

- Менде тағы бір аквариум бар, соны әкелейін, - деді.

- Сөйтіп, жазғы күндей күркіреп, нажағайы шатырлап келген дауыл Күлзағираға тимей өткен еді.

Бірақ сол күні сабақтан қайтқанда, оны Шоқай қуып жетті де қатарласа жүрді.

- Сен қоркақ екенсің ғой, - деді жайбарақат қана. – Ал мен сенімен дос болуды ойлап ем.

Мына сөзге Күлзағира қармаққа ілінген балықтай шоршып түсті.

- Мен бе, қорқақ?

- Қорқақ болмасаң, аквариумды сындырғаныңды мойындар едің.

- Оны мен сындырмасам...

- Е-е, сен тағы өтірікші екенсің ғой, - деді де, Шоқай қолын бір сілтеп жүре берді.

Күлзағира нарттай қызарып, басын төмен салған бойы қала берді. Енді оның бар қаупі – Шоқай осыны елге жайып мақтанар.

Күндер өтіп жатты. Сынған аквариум, ұмыт болған секілді. Шоқайдың аузынан сөз шыққан жоқ. (С. Сарғасқаев, 186 сөз).

1.Мәтінге басты тірек сөздерді табыңыз

А)сынған аквариум,қоңырау,өтірікші

В)дос, қорқақ,үзіліс

С)дауыл,сөз,су

Д) ашу,балық,нажағай

Е) хайуанаттар мүйісі,күдік, оның қаупі

 

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз.

Сабақтан қайтқанда Шоқай онымен....

А) жан- жаққа шашырады

В) шоршып түсті

С) мойындамады

Д) әңгімелесті

Е) өтіп жатты

 

3.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

А) Балықтар неге суға жүзіп кетті?

В)Зерде Алматайқызы не үшін қатты қуанды?

С)Қаладан аквариумды әкелген кім?

Д) Күлзағира өз қылығын қалай мойындады?

Е)Сынған аквариум неге балалардың есінде ұзақ сақталды?

 

4.Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтаңыз.

А)Оқушылар аквариумдағы балықтарды қоректендірді.

В)Сабақтан кейін Шоқай оның қорқақтығын айтты.

С)Аквариумды ата-аналар сыйлаған еді.

Д)Үзілісте балалардың бәрі сыныпта отырды.

Е)Шоқай Күлзағирамен дос болғысы келмеді.

 

5.Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз.

А)Қолыңмен істегеніңді мойныңмен көтер.

В)Ашулыдан алты табан қашық тұр.

С)Адам болам десең,арыңды ақшаға сатпа.

Д) Қоян көлеңкесінен қорқады.

Е) Су жүрек бұрын өледі.

 

Мәтін жауаптары

Мәтіндер реті Тапсырмалар жауаптары
         
  В Д В С В
  Д С Е С А
  Д В С А Е
  В С А Е В
  А В С В В
  В С А Е Д
  А В С Д Е
  Е Д С В А
  А В Д С Е
  В В А А С
  Д А В С Е
  Е Д В А С
  С В С А Д
  А В С Д Е
  Е Д А В С
  Е Д А В С
  А В С Д Е
  В А С Е Д
  Е Д С В А
  А Е В Д С
  Е Д С В А
  В С Д А Е
  А В С Д Е
  Е Д С В А
  В Д А Е С
  А В С Д Е
  А А В В С
  Е Д С В А
  Д Д Д В В
  Е Д С В А

 

 

Date: 2015-09-18; view: 13504; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию