Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Табыстар мен шегерімдерді түзету. Түзету – белгіленген жағдайларда есепті салық кезеңіндегі табыстың немесе шегерімнің мөлшерін бұрын





Түзету – белгіленген жағдайларда есепті салық кезеңіндегі табыстың немесе шегерімнің мөлшерін бұрын танылған табыстың немесе шегерімнің сомасы шегінде ұлғайту немесе азайту.

Табыстар немесе шегерімдер мынадай жағдайларда:
1) тауарларды толық немесе ішінара қайтарғанда;
2) мәміленің шарттарын өзгерткенде;
3) сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін бағаны, өтемақыны өзгерткенде;
4) бағадан жеңілдіктер, сатудан жеңілдіктер жасалғанда;
5) шарттың талаптарын негізге ала отырып, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төленуге тиіс сома өзгергенде;
6) ол бойынша табысты түзету жүргізілетін талапты есептен шығарғанда;
7) келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде салық салу мақсаттарында ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша табыс халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде айқындалған, осындай келісімшарт бойынша табыстардан асып түскен жағдайда түзетуге жатады. Бұл ретте түзету табысты осындай асып түсу мөлшерінде азайту арқылы жүргізіледі.
2. Табысты түзетуді салық төлеуші-кредитор:
- заңды тұлғадан:
- дара кәсіпкерден;
- Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша талапты есептен шығарған кезде жүргізеді.
Түзету бір мезгілде мынадай талаптарды сақтаған кезде:
1) талаптардың туындауын растайтын бастапқы құжаттар болғанда;
2) талап бухгалтерлік есепте табысты түзету күніне көрсетілгенде не алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылғанда (есептен шығарылғанда) жүргізіледі. Табысты түзету есептен шығарылған талаптың және осындай талап бойынша бұрын танылған табыстың сомасы шегінде жүргізіледі.

 

1. Қаржылық жоспарлаудың тәсілдері мен кезеңдері.

2. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау.

3. Ивестициялық салық преференциялары.

1. Қаржыны жоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, олардың катарына жататын ең маңыздылары мыналар:

Есеп-қисаптық-талдамалыц эдіс. Оның мағынасы каржылық көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады. Есеп-кисаптар есепті кезеңнің жетістіктері жэне оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұракты каркынына түзету негізінде жүргізіледі.

1. Сараптық бағалаулар әдісі жоспарлау объектінің жай- күйінің параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың - сарапшылардың тәжірибесін пайдалануды қажет етеді.

2. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есептеп шығарылады.

3. Баланстық әдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлык бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік жэне қаржылық көрсеткіштердің өзара үйлесуін қарастырады. Қаржы балансының талаптарын сақтау кэсіпорынның, саланың, бюджеттердің, бүкіл үлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; үлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындарымен үйлесімдерін анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан-жақты негіздеуге мүмкіндік береді.


4. Багдарламалық-мақсатты әдіс әр түрлі деңгейлерде - жалпыұлттық, салалық, бастапқы деңгейлерде жүзеге асырылатын ғылыми-техникалық бағдарламалар негізіндегі қаржылық болжау әдістерінің бірі ретінде рынок жағдайларында дамып отыр. Қар- жылық багдарламалау - бағдарламалық-мақсатты әдісті пайдаланатын қаржылық жоспарлау әдісі, оның негізіне айқын тұжырымдалған мақсаттар мен оған жету қүралдары қойылған: басымдықтарды белгілеу, қаражаттарды жүмсаудың тиімділігін арттыру, баламалы нұсканы таңдауға сәйкес қаржыландыруды тоқтату.

6. Экономикалық-математикалық әдістер ЭВМ-ді пайдалана отырып, есеп-қисаптардын көп нұскалылығы жағдайларында ен жақсы шешімдерді таңдау үшін қолданылады.

Қаржы жоспарларын жасау негізінен үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде есеп беріліп отырған мезгілдің қаржылық көрсеткіштерінің орындалуына экономикалық талдау жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді талдау өндірістік мәліметтермен өзара байланыста жүргізіледі.

Екінші кезеңде әлеуметтік жэне экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістер мен шыгыстардың нақтылы түрлерінің есеп-қисаптары жасалады.

Үшінші кезеңде қаржыландырудың дара жоспарындагы тапсырмалардың және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы тапсырмалар ақшалай ресурстармен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жекелеген түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.

 

2. Қарыз алушының несиелік тәуекелін бағалауда да сапалық және сандық талдаулар қолданылады. Сапалық талдаудың мақсаты тәуекелдің пайда болуы ықтималдығын бағалау. Сандық бағалаудың мақсаты қарыз алушының міндеттемесін орындамау барысында банктің шығын шегу ауқымын анықтау. Сапалық және сандық талдаудың нәтижелері бойынша несиелік тәуекелді бағалауға мүмкіндік туындайды.

Банк клиентінің несиелік қабілетін бағалау критерийлері несиелік қабілетті бағалау тәсілдерінің мазмұнын аныктайды. Ондай тәсілдер катарына жататындар:

1. іскерлік тәуекелді бағалау;

2. менеджментті бағалау;

3. қарыз алушыныц қаржылық тұрақтылығын бағалау;

4. қаржылық коэффициенттерді бағалау;

5. ақша тасқынын талдау;

6. қарыз алушы туралы ақпарат жинақтау;

7. орналасқан жеріне бару арқылы қарыз алушының жұмысын қадагалап отыру.

Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудағы басты факторға оның қаржылық жағдайы жатады. Ол қарыз алушының кызметін көрсететін көрсеткіш ретінде қызмет ете отырып, меншікті және заемдық қаражаттарды орналастыру жэне пайдалану кұрылымдарымен, сондай-ақ пайданы алу, бөлу жэне тиімді пайдаланумен сипатталады.







Date: 2015-08-24; view: 637; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию