Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ТСР/ІР хаттамалар стегі. Әр деңгейінің атқаратын қызметін атап көрсетіңіз
Transmission Control Protocol/ Internet Protocol (TCP/IP) – гетерогенді (әртүрлі) ортада байланысты қамтамасыз ететін өреркәсіптік хаттамалар тобы, яғни әртүрлі типті компьютерлер арасындағы үйлесімділікті орнатады. Үйлесімділік – TCP/IP хаттамалар стегінің ең маңызды артықшылықтарының бірі, сондықтан да ЖЕЖ-нің көпшілігі оны қолдайды. Сонымен қатар TCP/IP Интернет ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді және өнеркәсіп аумағындағы желі үшін бағыттауыш хаттама болып табылады. TCP/IP бағыттауды қолдайтындықтан, көбінесе желіаралық хаттама ретінде пайдаланылады. Өзінің кең тарауының арқасында, TCP/IP желілік әрекеттесудің сөзсіз стандартына айналды. TCP/IP ашық жүйеге негізделген және OSI үлгісінің жүйелік архитектурасына сәйкес келеді. Microsoft фирмасының орындауындағы TCP/IP төрт деңгейлі үлгіге жатады.
OSI үлгісі мен төртдеңгейлі TCP/IP үлгісінің сәйкестігі Microsoft фирмасының орындауындағы TCP/IP
Көрсету деңгейі (Presentation layer -желілік компьютерлер арасында деректер алмасуға қолданылатын форматтарды анықтайды. Бұл деңгейді аудармашы десек те болады. Жіберуші компьютердегі қолданбалы деңгейден түскен деректер бұл қадамда жалпыға бірдей аралық формат түрінжде көшеді. Транспорттық деңгей (Transport layer) - жіберушіден қабылдаушыға барар жолда пакеттер өзгеріске ұшырауы типті жоғалып кетуі мүмкін. Транспорттық деңгей пакеттердің өз адресатына тізбектей, жоғалмай, қайталанбай, қатесіз жетуін қамтамасыз етеді. Бұл деңгейде ұзын хабарламалар бірнеше пакеттерге бөлінеді де, қысқалары бір пакетке біріктіріледі. Бұл пакеттердің желі бойынша тиімді жіберілуіне жол ашады. Желілік деңгей (Network layer) - хабарламаларды адрестеуге және логикалық адрестер мен атауларды физикалық адрестерге алмастырумен айналысады. Нақты желілік шарттарға, қызметтер үстемділігіне және басқа факторларға байланысты жіберуші мен қабылдаушы компьютерлер арасындағы бағыт анықталады. Пакеттерді коммутациялау, бағыттау және шектеу сияқты желілік трафикке байланысты туатын проблемалар да осы деңгейде шешіледі. Арналық деңгей (Data Link layer) Физикалық деңгейде тек биттер тасымалданады. Байланыс арналары бірнеше өзара әрекеттесетін компьютерлермен бөлініп пайдаланылатын кейбір желілерде физикалық беріліс ортасы бос болмауы мүмкін екендігі есепке алынбай қалады. Сондықтан да арналық деңгейдің мақсаттарының бірі ортаның бостығын анықтау болып табылады. Физикалық деңгей (Physical layer) - OSІ үлгісінің ең төменгі деңгейі. Бұл деңгей құрылымдық емес деректерді, биттердің ағындарын физикалық орта арқылы (мысалы, желілік кабель) жібереді. Мұнда интерфейспен кабель арқылы электрлік, оптикалық, механикалық және функционалдық байланыс орнатылады.
Date: 2015-09-02; view: 1742; Нарушение авторских прав |