Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі





4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) ТЕБ-ке:
осы стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 6 сағаттан аспайды;
қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;
қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;
2) орталыққа жүгінген кезде:
осы стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 2 сағаттан аспайды;
электрондық кезек талонын алған сәттен бастап құжаттарды тапсырғанға дейін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;
орталық қызметкерінің бір өтінімді ресімдеуіне рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 20 минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – көлік құралын тіркеу туралы куәлік және нөмірлік тіркеу белгілері.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға немесе сенімхат негізінде әрекет ететін оның өкіліне жеке басты куәландыратын құжатты көрсеткен кезде:
1) ТЕБ-те: көлік құралын тіркеу туралы куәлікті беру тізіліміне қол қойғызып;
2) орталықта: қолхаттың негізінде орталық қызметкері күн сайын береді.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін мемлекеттік баж алынады, ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 540-бабына сәйкес:
1) көлік құралын тіркеу туралы куәлікті (бұдан әрі – КҚТК) беру үшін – мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) 125 пайызын;
2) автомобильге мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгісін (бұдан әрі – МНТБ) беру үшін – АЕК-тің 280 пайызын;
3) мотокөлікке, автомобиль тіркемесіне МНТБ беру үшін – АЕК-тің 140 пайызын;
4) «Транзит» МНТБ беру үшін АЕК-тің 35 пайызын құрайды.
Бұдан басқа, Салық кодексінің 456-бабында көлік құралдарын тіркеу үшін тіркелетін (қайта тіркелетін) әрбір көлік құралы үшін, сондай-ақ КҚТК телнұсқасын алған кезде айлық есептік көрсеткіштің төрттен бір бөлігін құрайтын мемлекеттік алым көзделген.
Мемлекеттік баж және мемлекеттік алым банк мекемелері арқылы төленеді, олар төлемнің көлемі мен төленген күнін растайтын төлем құжатын береді. Орталықта картридер көмегімен (оларда интернет банкинг болған жағдайда) төлем карталары арқылы «электрондық үкімет» порталының төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮПШ) арқылы төлем жүргізуге болады.
Салық кодексінің 546-бабына сәйкес автомобильге, автомобиль тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгісін беру кезінде Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған адамдар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-анасының бірі, Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) ТЕБ – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа сейсенбіден бастап сенбіге дейін (сейсенбі – жұма сағат 09.00-ден бастап сағат 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін, құжаттарды қабылдау сағат 17-00-ге дейін, сенбі сағат 08-00-ден бастап сағат 16-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12-00-ден бастап сағат 13-00-ге дейін, құжаттарды қабылдау сағат 15-00-ге дейін);
2) орталықтар – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда сағат 09-00-ден бастап сағат 20-00-ге дейін үзіліссіз.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
ТЕБ-ке жүгінген кезде:
1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған көлік құралын тіркеу актісі;
2) жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, кәмелетке толмағандар үшін туу туралы куәлік) және өкілеттіктерді басқа сенім білдірген адамға берген кезде жеке тұлғадан нотариатта расталған сенімхат;
3) мекенжай анықтамасы;
4) осы стандарттың 7-тармағында көрсетілген баж бен алымдарды төлеу туралы тиісті құжат (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда);
5) мыналарды:
салық төлеушілер үшін – Салық кодексінде белгіленген тәртіппен көлік құралдарына салық төленгендігін;
Салық кодексіне сәйкес салық төлеуші болып табылмайтын адамдар үшін – салық төлеуден босату құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
6) заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткенін растайтын тіркеу органы беретін анықтама, жарғы (салыстырып тексеру үшін) және олардың көшірмелері;
7) техникалық құжат – көлік құралының оның техникалық параметрлеріне сәйкестігін анықтауға мүмкіндік беретін ақпаратты қамтитын құжат (МНТБ, басқа мемлекетте берілген МНТБ, көлік құралының паспорты, өндіруші зауыттың қабылдау-тапсыру актісі) (бұдан әрі – техникалық құжат);
8) өндіруші зауыттың немесе Қазақстан Республикасының шегінде көлік құралына арнайы (немесе мамандандырылған) жабдық орнатқан кәсіпорынның сертификаты немесе әкелінген жабдыққа арналған тиісті кедендік құжаттар, сәйкестік сертификаты;
9) КҚТК, МНТБ және/немесе кері әкету міндеттемесімен Қазақстан Республикасына әкелінген көлік құралдарының тіркеу құжаттары;
10) СІМ дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы (жол жүрісінің шетелдік қатысушысы үшін);
11) мөрмен бекітілген, заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе басқа заңды тұлғаға, не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы бұйрығы (өкімі);
12) көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын құжаттар, оған мыналар жатады:
Кеден одағына кірмейтін елдерден әкелінген көлік құралдары үшін кедендік ресімдеуден өткендігін растайтын құжаттар (кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелінген жағдайда кері әкету туралы міндеттемесі);
сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының көшірмесі, орындауға жататын, мемлекеттік органның іс-әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасы қоса берілген атқару парағы;
азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар.
Құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:
құжаттарды қабылдау нөмірі мен күні;
сұрау салынатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
қоса берілетін құжаттардың саны мен атауы;
құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
құжаттарды қабылдаған көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Орталыққа жүгінген кезде:
1) жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, кәмелетке толмағандар үшін туу туралы куәлік) және басқа сенімді адамға өкілеттіктерін берген кезде жеке тұлғадан нотариалдық расталған сенімхат;
2) заңды тұлғаның өкіліне сенімхат;
3) Салық кодексінде белгіленген баж бен алымдарды төлеу туралы құжаттың көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда);
4) Салық кодексіне сәйкес салық төлеуші болып табылмайтын адамдар үшін - салық төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар;
5) өндіруші зауыттардың немесе Қазақстан Республикасының шегінде көлік құралына арнайы (немесе мамандандырылған) жабдық орнатқан кәсіпорындардың сертификаты немесе әкелінген жабдыққа арналған тиісті кедендік құжаттар, сәйкестік сертификаты;
6) техникалық құжат;
7) МНТБ, КҚТК және/немесе кері әкету туралы міндеттемесімен Қазақстан Республикасына әкелінген көлік құралдарының тіркеу құжаттары;
8) мөрмен бекітілген, заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе басқа заңды тұлғаға, не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы бұйрығы (өкімі);
9) СІМ дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы (жол жүрісінің шетелдік қатысушысы үшін);
10) көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын құжаттар, оған мыналар жатады:
Кеден одағына кірмейтін елдерден әкелінген көлік құралдары үшін кедендік ресімдеуден өткендігін растайтын құжаттар (кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелінген жағдайда кері әкету туралы міндеттемесі);
сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының көшірмесі, орындауға жататын, мемлекеттік органның іс-әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасы қоса берілген атқару парағы;
азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар.
Орталықта құжаттардың мәліметтері: жеке басын куәландыратын, тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы, заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтама немесе куәлік, баждар мен алымдарды төлеу туралы анықтама (ЭҮПШ арқылы төлеген жағдайда), мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көлік құралына салық төлеуді орталық қызметкері мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, электрондық құжат нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті орталық арқылы алған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Халыққа қызмет көрсету орталығы ұсынған нысан бойынша, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Құжаттарды орталық арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:
осы стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды қабылдау нөмірі мен күні;
сұрау салынатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
қоса берілетін құжаттардың саны және атауы;
құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
құжаттарды ресімдеуге құжатты қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, олардың байланыс телефондары, электрондық кезек талонының нөмірі көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда, орталық қызметкері құжатты қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
МНТБ тіркеу, қайта тіркеу және беру кезінде көрсетілетін қызметті алушылар көзбен шолып байқауға дайындалған, таза нөмірлі агрегаттармен, оларды тіркеу және/немесе құқығын растайтын құжаттарға сәйкестігін салыстырып тексеру мақсатында көлік құралдарын ТЕБ-ке немесе орталыққа ұсынады.
Жеке жеңіл көлік құралдарын, мотоциклдер мен мотороллерлерді қоспағанда, ІІО жүзеге асыратын, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және есептен шығару қалалардың (аудандардың) қорғаныс істері жөніндегі тиісті басқармаларын (бөлімдерін) жазбаша хабардар еткеннен кейін ғана жүргізіледі.
Әскери бөлімдерден іске асырылған көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу осы көлік құралдарын іске асыру жөніндегі уәкілетті орган берген құжаттардың негізінде жүргізіледі.
Ұсынылған құжаттарда, МНТБ-да қолдан жасау белгілері, зауыттық таңбалаудың өзгергені, агрегат нөмірлерінің ұсынылған құжаттарға немесе тіркеу деректеріне сәйкес емес, сондай-ақ көлік құралының (нөмірлік агрегаттардың), иесінің немесе ұсынылған құжаттардың іздестіруде екені туралы мәліметтер анықталған жағдайда, ІІО қызметкері ақпаратты дереу ІІО кезекші бөліміне береді, көлік құралдары ұсталады, ал құжаттар тиісті аумақтық ІІО-ға беріледі.
Қолдан соғылған, кесілген нөмірлік агрегаттар, іздестірілуіне байланысты есептен шығарылмаған көлік құралдары тіркеуге жатпайды.
Жол жүрісінің шетелдік қатысушыларының көлік құралдарын тіркеуді, қайта тіркеуді ТЕБ/орталық Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымдары арқылы жүргізеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетілген талон шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша орталықтың басшысына жіберіледі.
Қолма-қол, сол сияқты почта арқылы келіп түскен шағымды орталықтың кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін орталықтың басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе орталықтың атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

12. Денсаулық жағдайына байланысты орталыққа жеке өзінің келуіне мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды орталықтың қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
көрсетілетін қызметті беруші – 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 1, интернет-ресурс: www.mvd.kz;
орталық – 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43 үй, интернет-ресурс: www.con.gov.kz.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71 58 68 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

 

5.Автокөлік мекемелері технологиялық үрдістері.

Қорғалжын ауданы – Ақмола облысындағы әкімшілік бөлік. 1928 жылы құрылған. Солтүстігінде Егіндікөл, Астраханаудандарымен, оңтүстігінде Қарағанды облысының Нұра ауданымен шектеседі. Аудан аумағындағы 26 елді мекен 8 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген. Жерінің аумағы 9,3 мың км². Тұрғыны 13,0 мың адам (2003). Аудан негізіненТеңіз – Қорғалжын ойысында орналасқан. Жер бедері сәл белесті жазық. Климаты континенттік. Қысы ұзақ (қар 180 күндей жатады, қалыңдығы 20 сантиметрдей), боранды (20 күндей), суық. Қаңтар айының орташа температурасы –17 – 18 градус. Жазы қоңыржай ыстық, қуаң (50 күндей). Шілде айының орташа температурасы 20 – 21 градус. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 – 300 миллиметр. Аудан жері арқылы Нұра, Құлан-өтпес өзендері ағып өтеді. Көлдер өте көп. Негізгілері: Қорғалжын, Теңіз, Қоқай, Асаубалық, Сұлтанкелді, Есей, Шолақшалқар, Жәнібекшалқар, Шишалқор, Қарасор, Құмкөл, Алакөл, т.б. Топырағы қоңыр, күңгірт қоңыр, Нұраның аңғары қара топырақты. Аудан жерінде жабайы шошқа, қоңыр түлкі, қарсақ, борсық, қоян, күзен, ақ тышқан, қосаяқ, су тышқаны, ондатра; құстардан:қоқиқаз, қаз, үйрек, аққу, аққұтан, қызғыш, т.б. көптеген су құстары мекендейді. Көлдерінде мөңке, алабұға, оңғақ, лақа, торта, шортан, аққайран кездеседі. Аудан аумағында мемлекеттік Қорғалжын қорығы орналасқан. Қорғалжын ауданында облыс халқының 1,7%-ы тұрады. Негізгі халқы қазақтар (87,1%, 2003). Одан басқа орыс (6,8%), украин(2,3%), неміс (1,8%), беларусь (1,5%), өзбек (0,04%), т.б. ұлт өкілдері (1,8%) тұрады. Халқының орташа тығыздығы 1 км²-ге 1,4 адамнан келеді. Халқы 1,0 мың адамнан асатын ірі елді мекендері: Қорғалжын (5,0 мың адам), Арықты (1,3), Кеңбидайық (1,1), Жантеке (1,4), Сабынды (1,8) аудандары. Ауданда май зауыты, сүт цехы, диірмен, наубайхана, тұрмыстық комбинат, құрылыс, автокөлік мекемелері, типография, астық пункті, т.б. бар. Аудандағы 17 ЖШС, 184 шаруа қожалығы, 3 тағам өңдейтін кәсіпорын, 88 сауда орындары халыққа түрлі салада қызмет көрсетеді. Ауыл шаруашылық жері 656,5 мың гектар, оның 46,1 мың гектары егіндік, 28,2 мың гектары шабындық, 382,8 мың гектары жайылым, 199,5 мың гектары тыңайған жер. 2001 жылы 8,5 мың сиыр, 4,2 мың қой мен ешкі, 3,6 мың жылқы, 0,6 мың шошқа, 12,6 мың құс болды. Оқу, білім беру және мәдениет салаларында мектепке дейінгі 8 балалар мекемесі, 5 бастауыш, 8 орталау, 11 орта мектеп, 33 кітапхана, халық театры, мұражай, 22 клуб, 3 мәдениет үйі бар. Денсаулық сақтау және емдеу мекемелерінен аудан аурухана, 5 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 13 фельдшер-акушерлік пункт болды. Аудан “Шамшырақ нұры” (1934 жылдан), “Свет маяка” (1957 жылдан) газеттері шығарылады

6.Көліктің логистикалық макрожүйесі.

 

 

Date: 2015-09-02; view: 1080; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию