Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Фтизиатрия (ЖДТ) каз
БЦЖ вакцинасының екпелік дозасы: +А) 0,05 мг В) 0,1 мг С) 0,5 мг D) 0,05 г Е) 0,5 г
Науқас 39 жаста. Жұмысқа тұру үшін профилактикалық тексеру кезінде өкпесінде өзгерістер анықталды. Жасөспірім кезінде туберкулезге қарсы препараттардың толық емдеу курсын алған. Кеуде клеткасының жалпы шолу рентгенографиясында оң жақ өкпенің бұғана асты аймағында сыртқы шеттері айқын емес, пішіні дұрыс емес, гомогенді емес қараю анықталды. Микроскопиялық қақырықта ТМБ табылған жоқ. Клиникалық жіктелу бойынша диагноз қойыңыз: А) Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі, рецидив, 2 категория, IБ диспансерлік бақылау тобы В) Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі, жаңа жағдай, 1 категория, IА диспансерлік бақылау тобы +С) Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі, басқа жағдай, 2 категория, IБ диспансерлік бақылау тобы D) Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің кавернозды туберкулезі, рецидив, 1 категория, IБ диспансерлік бақылау тобы Е) Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің кавернозды туберкулезі, басқа жағдайлар, 2 категория, IА диспансерлік бақылау тобы
Науқас, 42 жаста. Бала кезінде туберкулезбен ауырған. Рентгенограммада: сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде қатты фиброзды өзгерістер фонында ыдыраған әр түрлі көлемдегі қуыстар мен маңайында әр түрлі интенсивті ошақтар анықталады. Өкпе суреті күшейген, сол жақ өкпе түбірі тартылған Микроскопияда: қақырықта МБТ ++. Диагноз қойыңыз: А) Инфильтративті туберкулез. Рецидив В) Инфильтративті туберкулез. Үзілістен кейінгі ем С) Туберкулема. Жаңа жағдай +D) Фиброзды-кавернозды туберкулез. Рецидив Е) Кавернозды туберкулезі. Үзілістен кейінгі ем
Бала, 4 жаста. Жөтелге, тәбетінің төмендеуіне, дене температурасының 37,20С көтерілуіне шағымданады. Рентгенологиялық: оң жақ өкпенің жоғары бөлімінде өкпенің түбіріне «жолы» бар, қарайған, шеттері анық емес, көлемі 2,5см фокус анықталды. Оң жақты бронхопульмональды лимфа түйіндері ұлғайған. Оң жақ түбірі инфильтрленген. Синустары бос. Диагноз қойыңыз: А) Инфильтративті туберкулез ыдырау фазасында, басқалар, I категория, IА диспасерлік бақылау тобы В) Инфильтративті туберкулез себілу фазасында, басқалар, I категория, IБ диспасерлік бақылау тобы С) Диссиминирленген туберкулез ыдырау фазасында, жаңа жағдай, I категория, IА диспасерлік бақылау тобы D) Біріншілік туберкулездік қосынды, тығыздалу фазасында, жаңа жағдай, III категория, IБ диспасерлік бақылау тобы +Е) Біріншілік туберкулездік қосынды, инфильтрация фазасында, жаңа жағдай, I категория, IА диспасерлік бақылау тобы
Науқас 23 жаста. 5 жасында туберкулезге қарсы химиотерапияның толық курсын алған. Рентгенде: барлық өкпе алаңында өлшемі 1-2 мм, аз интенсивті, мономорфты көлеңке анықталды. Қақырықта микроскопиялық зерттегенде МБТ анықталған жоқ. Демеуші фаза емін тағайындаңыз А) 4HR В) 5HR С) 4HE D) 4HRE +Е) 5HRE
Бала 12 жаста. Бұрын туберкулезбен ауырмаған. Науқас анасымен қатынаста болған. Шағымдары: жөтел, тәбеті төмендеген. 2 ТБ Манту сынамасы –16 мм. Перифериялық лимфа түйіндері пальпацияланады, ұсақ, тығыз эластикалы, ауырсынбайды. Кеуде клеткасының тура және бүйір проекциясында: тілшелік сегментте орташа интенсивті, контуры айқын емес, өлшемі 2х3 см, кең «жол» өкпе түбіріне қарай бағытталған қараю анықталады. Сол жақ өкпе түбірі кеңейген, құрылымсыз, контуры айқын емес. ЖҚА: лейкоциттер 12х109/л, эозинофилдер 4%, ТЯ 65%, моноциттер 6% лимфоциттер 25%, ЭТЖ 18 мм/сағ. Диагноз қойыңыз: А) Сол жақ өкпенің біріншілік туберкулездік қосындысы тығыздалу фазасы, басқа жағдай, ІІІ категория, ІБ диспансерлік бақылау тобы +В) Сол жақ өкпенің біріншілік туберкулездік қосындысы инфильтрация фазасы, жаңа жағдай, І категория, ІА диспансерлік бақылау тобы С) Сол жақ өкпенің ошақты туберкулезі инфильтрация фазасы, жаңа жағдай, І категория, ІБ диспансерлік бақылау тобы D) Сол жақ өкпенің инфильтративті туберкулезі себілу фазасы, басқа жағдай, І ктегория, І А диспансерлік бақылау тобы Е) Сол жақ өкпенің инфильтративті туберкулезі ыдырау фазасы, жаңа жағдай, ІІ категория, ІБ диспансерлік бақылау тобы
Науқас әйел, 42 жаста. Бала кезінде туберкулезбен ауырған. Қақырықты жөтелге, жүдеу, тершеңдік, температурасының 37,20С-ге көтерілуіне шағымданады. Рентгенологиялық: оң жақ өкпенің жоғары бөлігінде гомогенді емес, ағару бөліктері бар, фокусты қараю анықталады. Өкпе түбірі ұлғаймаған. Диагноз қойыңыз: А) Ошақты туберкулез. Жаңа жағдай В) Кавернозды туберкулез. Басқалар +С) Инфильтративті туберкулез. Рецидив. D) Диссиминирленген туберкулез. Жаңа жағдай Е) Туберкулема. Рецидив
Науқас 36 жаста, 2 ай бойы әлсізідік, шырышты қақырықпен жөтел, қалтырау. Балалық шағында кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі бойынша химиотерапия алған. Рентгенде: өкпенің жоғарғы бөлігінде аз және орташа қарқынды, өлшемі 1 см, көптеген көлеңкелер, сол жақ ұшында қабырғасы жұқа қуыс анықталды. Қақырық микроскопиясында МБТ анықталды. Қарқынды фаза емін тағайындаңыз А) 2HRZS В) 2HRZS 3S С) 2HRZE +D) 3HRZS 2S Е) 3HRZE
Науқас, 37 жаста. Кеш түскен кезде пайда болатын ауырсыну сезіміне шағымданады. Өкпенің жиынтық зерттеуі барысында өкпенің жоғары бөлігінде диаметрі 5-10 мм болатын шеттері айқын емес, симметриялы орналасқан көптеген көлеңкелер анықталды. Манту реакциясы 2 ТБ- 12мм. Қақырықта ТБ анықталмайды. Диагноз қойыңыз. А) Инфильтративті туберкулез +В) Диссиминирленген туберкулез С) Кавернозды туберкулез D) Ошақты туберкулез Е) Фиброзды-кавернозды туберкулез
Науқас 33 жаста. Екі ай көлемінде пайда болған әлсіздікке, қақырығы аз жөтелге, жүдеуге шағымданады. Астеникалық тип, тері жабындылары бозғылт, кеуде қуысының екі бөлігі де тыныс алу актінінен қалып отыр, жауырынаралық аймақта бірен-саран ылғалды сырылдар естіледі. Рентгенологиялық: күшейген өкпе суреті фонында өкпенің жоғарғы бөлігінде әртүрлі көлемдегі және тығыздықтағы, кейбір жерлерде бірігетін ошақтар анықталды. ЖҚА-да: лейкоцит- 12,6х109\л, СОЭ-29мм\сағ. Диагноз қойыңыз. А) Фиброзды-кавернозды туберкулез В) Инфильтративті туберкулез С) Цирротикалық туберкулез +D) Диссеминирленген туберкулез Е) Кавернозды туберкулез
Науқас 33 жаста. Жанұялық аурухаға кеуде клеткасының ауырсынуына, құрғақ жөтелге, дене қызуының 37,50С жоғарылауына байланысты келді. Бұрын туберкулезбен ауырмаған. Рентгенологиялық зерттеуде оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде гомогенді емес қараю, төменгі бөліктерінде интенсивтілігі жоғары ошақ анықталды. Диагноз қойыңыз: А) Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі ыдырау фазасы, жаңа жағдай, І категория, І А диспансерлік бақылау тобы В) Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі тығыздалу фазасы, басқа жағдайлар, І категория, І Б диспансерлік бақылау тобы С) Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі ыдырау фазасы, жаңа жағдай, І категория, І А диспансерлік бақылау тобы +D) Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі себілу фазасы, жаңа жағдай, І категория, І А диспансерлік бақылау тобы Е) Оң жақ өкпенің туберкулемасы ыдарау фазасы, рецидив, ІІ категория, І А диспансерлік бақылау тобы
Науқас 37 жаста. Қақырықты жөтелге, ауыр жұмыс істегенде тез шаршағыштыққа, кешкі тершендікке шағымданады. 1 жыл бұрын туберкулез анықталған, емнің интенсивті фазасын қабылдап, кейін жұмыспен басқа қалаға кеткен. Бойы 173. Дене салмағы 53. Т 38,90С. Өкпенің жоғарғы бөліктерінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, тынысы бронхиальды, жөтелгеннен кейін ылғалды сырылдар естіледі. Рентгенологиялық: өкпенің жоғарғы бөлігінде домалақтанған қуыстар, төменгі бөліктерінде – әр түрлі ошақтар, қабырғааралықтары қысқарған, диафрагма куполы көтеріңкі екендігі байқалады. Қақырықта микроскопиялық ТМБ-сы табылған. Диагноз қойыңыз: А) Фиброзды-кавернозды өкпе туберкулезі инфильтрация фазасы, рецидив, 2 категория, 1Б диспансерлік бақылау тобы В) Созылмалы диссеминирленген өкпе туберкулезі ыдырау фазасы, рецидив, 4 категория, 1В диспансерлік бақылау тобы С) Кавернозды өкпе туберкулезі инфильтрация фазасы, үзілістен кейін ем, 2 категория, 1В диспансерлік бақылау тобы +D) Фиброзды-кавернозды өкпе туберкулезі себілу сатысында, үзілістен кейін ем, 2 категория, 1Б диспансерлік бақылау тобы Е) Созылмалы диссеминирленген өкпе туберкулезі инфильтрация сатысында, үзілістен кейін ем, 4 категория, 1Б диспансерлік бақылау тобы
Date: 2015-08-24; view: 661; Нарушение авторских прав |