Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Каминский бойынша психодиагностикалық үрдістің схемасы





1.Мәселені анықтау.

2.Талдау жасалынатын берілулерді жинау.

3.Эксперименталды зерттеу, бақылау, әңгімелесу, тест.

4.Диагностикалық тұжырым жасау.

5.Қорытынды шығару.

6.Кеңес беру.

3. Психологиялық диагностиканың сандық әдістері 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап оған арқау болған В. Вундтың әлемдегі ең алғашқы экспериментальды психологиялық лабораторияны ашуы.

Психологиялық процестерге, адамның қасиеті және көңіл – күйіне байланысты психологиялық диагностикадағы жаңа әдістердің шыға бастау кезеңі 19 ғасырдың аяғы – 20 ғасырдың басына жатады.

Одан кейінгі уақыттарда сандық психологиялық диагностикадағы психологиялық құбылыстар үшін арнайы тәсілдер шыға бастады, мысалы, факторлық анализ. Ол алғаш пихологиялық диагностикадағы жеке пішін және интеллектуалдық даму деңгейі үшін қолданылады.

Бірінші арнайы психометриялық орынды Англияда ағылшын психологы Гальтон ашты. Ол 1884 жылы антропометриялық лабораторияның негізін салды, ондағы мақсат адамның қабілеттері туралы статистикалық мәлімет алу. Бұл лабораторияға келушілер өздерінің қабілеттерін өлшеуге мүмкіндік ала алды және бұл психометрикалық эксперименттен шамамен 10000 адам өтті.

Гальтон психологияда статистиканы қолданудың негізін салды. Атап айтқанда, Гальтон 1877 жылы психологияда корреляция әдісін қолдануды ұсынды.Ол өзімен бірлестікте жұмыс істеуге ғалым – математиктерді шақыра бастады. Мысалы: Пирсон, Фишер және т.б. Фишер дисперсионный анализді ойлап тапты, ал ағылшын ғалымы Спирмен факторлық анализді шығарды.

4. Әлеуметтік өлшем әдісі (Социометрический метод) – америкалық психолог және социолог Дж. Морено шағын топтағы адамдардың қарым – қатнастарын зерттеу үшін енгізген зерттеу әдісі. Басты мақсаты – топ ішіндегі адамдардың тілегі мен мүддесін анықтау. Топтағы адамдар бір жағдаятта болып (демалыста, жұмыста, спорттық шараларда және т.б.), қасындағы адамдардың біреуін өлшем (сұрақтарға) бойынша таңдап алуы керек. Адамдардың қарым – қатынастарының үйлесімді болуы, бір – бірін ұнатуы немесе ұнатпауы олардың сезімдік – эмоциялық күйлеріне байланысты. Мыс., топтағы адамдарға әр түрлі сұрақтар қойылып (“Сіз кіммен жұмыс істегіңіз келеді?” және т.б.), жауаптарын социограммаға түсіреді де, көрсеткіштерін қортынды жасайды. Кімнің көрсеткіштері жоғары болса, сол топ лидері болып табылады. Социограммалық зерттеу әдісін 5 – 6 айда қайталап отыруы керек.

Билет

1. Амал, Тәсіл (Способ) – бір істі атқарудың тиімді жолын іздестірудегі адамның іс-әрекеті. Амал, тәсілдің көп болуы мүмкін. Бірақ адам істейтін істі аз күш – жігер жұмсап, оңай, тиімді меңгерудің жолын іздестіреді. Оны-ең тиімді амал, тәсіл деп атайды. Амал, тәсіл тәжірибемен тығыз байланысты. Істі игерудің ең тиімді жолын меңгерген адамды әдіскер (іскер) адам дейді.

2. Психологиялық қорытынды келесі талаптарға сай болу керек:

1. Психологиялық қорытынды сұраныстың мақсатына және сұраныс жасаушының мұндай мәліметті қабылдауға даярлық деңгейіне сәйкес болу керек.

2. Қорытындының мазмұны диагностиканың мақсатынан шығу керек.

3. Қорытындының мазмұнында алынған берілулерге негізделген нұсқаулар болуы қажет.

4. Қорытындыда психодиагностикалық үрдістің сипаттамасы, яғни қолданылған зерттеу әдістер, алынған берілулер, олардың талдану.


Қорытындыда зерттеуді жүргізу барысындағы мүмкін болатын өзгермелі жағдайларды көрету керек.

3.Ауытқыған мінез-құлық (Девиантное поведение) – балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға апарып соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы;оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту – тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай – ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы. Ауытқымалы мінез – құлық – мінездің қылт етпе, құбылмалы,айнымалы түрі. Адамның психикалық ерекшеліктерімен, әсерді қабылдауының өзіндік сипатымен байланысты болады. Ауытқымалы мінез – құлық физиологиялық және паталогиялық түрлерге ажыратылады. Физиологиялық негіздегі ауытқымалы күйдің (ашу, ыза, үрей) психикаға әсері күшті болғанымен,адамды оның салдары үшін жауапкерліктен босатпайды. Яғни мұндай сезімдік ахуал жағдайында жасалған қылмысы үшін кінәлылық жоққа шығарылмайды, тек ол белгілі бір реттерде жеңілдетілуі мүмкін. Паталогиалық негіздегі ауытқымалы мінез – құлық адамды бір сәтке сана – сезімнен айырып, мақсатсыз немесе қауіпті іс - әрекеттер (шабуыл) жасауға итермелейді. Егер қылмысты әрекетті патологиялық ауытқымалы мінез – құлыққа ұшыраған адам жасаса (солай екені анықталған жағдайда), ондай адам “есі кіресілі - шығасылы” деп танылады.

4. Фехнер заңы (закон Фехнера)- физикалық стимулдың қарқындылығы геометриялық прогрессияда артса, психологиялық түйсік арифметикалық прогрессияда күшейеді. Бұл заңды ХIХ ғ. Неміс психологы Г.Т.Фехнер (1801-1887)ашты және неміс физиологы Э. Вебердің (1795-1878) еңбектеріне негізделді.

Билет

1. Псхипатия (грек.psyche-жан, pathos- зардап шегу, ауыру)- мінез-құлық патологиясы; мұндайда субъектіде оның әлеуметтік ортаға бейімделуіне кедергі келтіретін қасиеттерінің іс жүзінде қайтымсыз айқындығы байқалады.

2. Теплов қабілеттердің адамның жеке психологиялық ерекшелігі ретінде, үш негізгі белгілерін көрсетеді:

1.Олар бір адамды екінші бір адамнан ажыратады.

2.Қандай да бір іс - әрекетінің нәтижелі орындарына әсер етеді.

3.Қабілет білімге, іскерлікке, дағдыға байланысты емес, бірақ қабылдаудағы жылылық пен жеңілдікті түсіндіре алады.

 







Date: 2015-08-07; view: 889; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию