Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Басқару






Үшінші тарауда лизингтік қатынастарды басқаруды реттеу жолдарын дамыту, лизингтік келісімдердегі тәуелділіктерді ескере отырып қатынастарды басқару мәселелері мен Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдірудің нақты жолдары көрсетілген.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, экономикалық қатынастардың дамуының қазіргі кезеңінде лизингтік қатынастарды белсенді түрде пайдалану қажеттіліктерін айтып қана қоймай, сонымен бірге, осы қатынастарды білікті түрде басқаруға да өте көп көңіл бөлу қажет. Соған байланысты еліміздегі лизингтік қатынастарды басқарудың бірнеше деңгейін қалыптастырудың қажеттілігі бар. Оны келесі 2-сурет түрінде көрсетейін:

 

Әр түрлі халықаралық ұйымдар үкіметтік емес ұйымдардың, университеттердің, халықаралық агенттіктердің және жергілікті басқару органдарының көмегімен арнайы Жобалар жасау арқылы елдегі лизингтік қатынастардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасай отырып, лизингтік қатынастарды мега деңгейде басқаруда маңызды рөл атқарады. ҚР- да халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігінің қаржылық қолдауымен 2003 жылы лизингтті дамыту бойынша жоба өз қызметін бастады. Бұл жобаның негізгі мақсаты лизингтік қатынастарды реттейтін заңдылықтарды жетілдіру үшін мемлекеттік басқару органдарына және Парламентке ұсынастар беру, қаржылық және кәсіпкерлік орталарда лизинг туралы танымдалық танымдылықты жоғарылату және лизингтік сектордың ресурстық базасын кеңейту бойынша көмектер жасау болып табылады. Қазіргі кезде осы жобаның бірінші және екінші кезеңдері толық іске асырылған. Ал үшінші кезеңін іске асыру үшін Халықаралық қаржылық корпорацияның инвестициялық департаментімен бірлесе отырып, Орталық Азияда лизингті қаржыландыру Қорын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Лизингтік қатынастарды мега деңгейде басқаруды дамыту үшін шетелдік инвесторлар тартуға көбірек көңіл бөліну қажет.

Лизингтік қатынастарды басқарудың нарық талаптарына сәйкес келетін тиімді технологиясын жасау үшін ең алдымен мемлекет макродеңгейлік қатынастарды реттеуші ретінде неғұрлым маңызды роль атқарады. Еліміздегі лизингтік қызметтер нарығының қалыптасқаннан бергі уақыт аралығында лизингтік қатынастарды ұйымдастыратын және реттейтін бірнеше нормативті актілердің бекітілгені белгілі. Солардың негізінде лизингтік қызметтер нарығын ұйымдастыру қағидаларын анықтайтын база құрылған. Бірақ лизингтік қатынастарды дамыту бойынша елімізде қабылданған заңнамалық актілердің қабылдау уақыттарына жасалатын талдаулар, көптеген жағдайларда нарықтың мемлекеттен реттеуші шараларды талап еткендігін көруге болады. Яғни, бүгінгі күні мемелекет лизингтік қатынастарға заңнамалық базаның көмегімен жергілікті деңгейлерде реттеулер жүргізіліп отырған жоқ. Сондықтан да, біздің қазіргі таңда ҚР-ғы лизингтік қатынастарды мемлекеттік деңгейде басқарудың кейбір тетіктерін сапалық жағынан келесідей бағыттар бойынша қажет екендігін ұсынамыз:

1. Лизингтік қатынастарды әр түрлі келісім шарттық қатынастардың элементтерінен тұратын инвестициялау тетігі ретінде оның әлеуметтік-психологиялық аспектілерін түсіндіруге мүмкіндіктер беретін қосымша заңнамалық нормативтік базаны қалыптастыру қажет. Ол үшін лизингтік қатынастарға байланысты қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан заңнамалық құжаттарды түсіндіретін «төменгі» деңгейдегі, яғни әдістемелік нұсқаулар жасап оларды қолданысқа енгізу керек.

2. ҚР-да лизингтік қатынастарды құру қағидаларын толық қалыптастыруға жауап беретін құқықтық реттеу тетіктерін жасау және оларды нақты қолданысқа енгізу керек. Бұл жерде ең алдымен, «қаржылық лизинг» түсінігінен белгілі бір ерекшеліктері бар «оперативті лизинг» деп аталатын жаңа тетікті қолдануға өту үшін қажетті құқықтық базаны қалыптастыру керектігі айта кеткен жөн. Себебі, шетелдік тәжірибе көрсетіп оырғандай кейбір объектілерді әсіресе, құрылысты жүргізуге қажетті құрылғыларды оперативті лизинг негізінде пайдалану қаржылық лизинг қарағанда неғұрлым тиімді болып келеді.Сондықтан да қазіргі кезде лизингтік қатынастарды оперативті лизинг арқылы дамытуға көп көңіл бөліну керек.Осы мақсат үшін оперативті лизинг тетіктерін пайдалану қағидалары мен тәртіптерін түсіндіретін және реттейтін заңнамалық актілер қабылдау қажет.

3. Соңғы кездері еліміздегі лизингтік нарықтағы өзекті мәселелердің бірі бұрын пайдаланылуда болған мүліктерді лизингке беру тәжірибесін дамыту болып отыр.Жалпы бұл норма «қаржылық лизинг туралы» ҚР-ның Заңында қарастырылғанына қарамастан,қазіргі кезде бұл нарық жұмыс істемей отыр.Содықтан да,бүгінгі күні мемлекет тарапынан осы сектордың жұмысын ынталандыру және белсендіру үшін қосымша жеңілдік шарттар құру қажет.Себебі,елімізде қайталама лизингтік нарықтың дамуы,менің ойымша өтімділігі неғұрлым жоғары лизинг объектілерінің көптеген түрлерінің пайда болуына әсерін тигізді.

4. Лизингке беруші субъектілердің қызметтеріне бақылау жасауды күшейту мақсатында,олардың қызметтерін лицензиялау тәртібін қолдану қажет.Ол үшін «Қаржылық лизинг туралы» ҚР-ның Заңының 10-бабына өзгертулер енгізу қажет.Бұл лизингтік қызметтер нарығын нақты жұмыс істемейтін лизингтік компаниялардан «тазартуға»мүмкіндіктер береді.Сонымен,менің ойымша мемлекет тарапынан лизингті қатынастарды басқару жүйесін реттейтін заңнамалық негіздерге осындай тұзетулер мен толықтаулар енгізуеліміздегі лизингтік қызметтер нарығының дамуына қолайлы әсер етеді. Лизингке беруші субъектілердің қызметтерінің ерекше қарастыра отырып, олардың ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісі жүйесінде экономиканың нақты және қызмет көрсетуші секторларының құрылымынан тұрақты аралық звено болып табылатынын атап өткен жөн. Елдегі лизингтік қызметтер нарығы экономиканың қаржылық нақты секторларының белгілі бір элементтерінен қалыптасатыны белгілі.

3-суреттен көріп отырғанымыздай, лизингке беруші тұлғалар өз қызметтеріне әсер ететін барлық субъектілердің қызметтеріндегі ерекшеліктерді толық ескере отырып, өз бизнестерін құру қажет. Менің ойымша, лизингке берушілер тұрғысынан лизингтік қатынастарды тиімді етіп басқаруды қамтамасыз ету үшін келесідей тетіктерді жетілдіруге көңіл бөлу керек:

  • Лизинг объектілерін таңдау лизингтік қатынастарды іске асыру кезіндегі болашақтағы қаржылық ағымдарды қалыптастыруды және лизингке алушылардың мүдделерін ескеру негізінде іске асырылуы қажет. Лизингке беруші ең алдымен, лизинг объектісін жеткізушімен келісімдер жасау арқылы, лизингке алушымен қатынастарын реттеуі керек.
  • Лизингтік қатынастар сызбасы лизинг объектілерінің бағасын және лизингтік келісімдерді бекіту кезіндегі пайда болатын тәуелділіктерді төмендетуге әсер ететін субъектілердің санын ескере отырып қалыптасуы қажет.


Лизингтік қатынастарды іске асыру нәтижесін ең соңғы тұтынушы лизингке алушы болып табылады. Олар лизингтік қатынастарды тиімді түрде басқаруға қатыса отырып, қосымша экономикалық тиімділіктерді алуды көздейді. Бүгінгі күні ҚР-да лизингтік қатынастарды іске асыру кезінде лизингке алушылар белсенділіктері өте төмен тұлғалар ретінде, яғни лизингке беруші субъектілердің ұсынған қызметтерін тек «тұтынушылар» ретінде ғана көрінеді. Менің ойымша лизингтік қатынастарды басқаруға қатысу кезінде лизингке алушылардың іс-әрекеттері келесідей тетіктерге бағытталуы қажет:

  • Өз иелігіне пайдалануға алынатын мүлік құнының оптималды мөлшерін қамтамасыз ету үшін лизингтік қатынастарды құруға белсенді түрде қатысу;
  • Лизинг алушылар өз өндірістерінің мүмкіндіктеріне сәйкес, өздерінің есептік саясаттарын дұрыс жасау арқылы лизинг объектісін пайдалану есебінен өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің негізделінген бағасын қалыптастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндіктер ала алады.


3.2 Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін

Date: 2015-08-06; view: 642; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию