Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Медицинадағы физикалық өлшеулердің түрлері мен ерекшелігі





Медициналық көрсеткіштерді тіркеу кезіндегі қателіктер көзі

 

 

.

 

Құрастырған оқытушы Кусаинова К.Т.

 

 

Семей, 2008 ж


Медицинадағы физикалық өлшеулердің түрлері мен ерекшелігі.

Медицинадағы өлшеулердің көпшілігі физикалық және физика- химиялық өлшеулер болып табылады. Мысалы, сандық диагностикада қанның қысымы, биопотенциалдардың уақытқа тәуелділігі, көздің оптикалық күші және т.б. шамалар қолданылады.

Зертханалық талдаулар жүргізу кезінде қанның тұтқырлығы, зәрдегі қанттың мөлшері т.б. анықталады. Науқастарды әртүрлі әдістемелермен емдеу кезінде иондаушы сәуле дозасын (мөлшерін), гальванизация кезінде ток күшін, ультрадыбыспен емдегенде оның күшін (интенсивтілігін) т.б. білу маңызды. Осындай маңызды мәліметтің болмауы тек қана емдеу дәрежесін төмендетіп қоймай, зиянды әсер етуі де мүмкін. Адамды қоршаған ортаның параметрлерін (ауаның ылғалдылығы, температурасы, атмосфералық қысым) сандық түрде бағалау аурудың алдын алып, болдырмаудың негізгі шарты болып табылады.

Медициналық мақсатта жүргізілетін өлшеулердің жалпы метрологиялық талаптармен қатар әртүрлі ерекшеліктері де бар. Өлшеулерде тікелей өлшенетін физикалық шама мен сәйкес медика- биологиялық параметрлердің байланысы туралы мәлімет жеткіліксіз болуы мүмкін. Мысалы, қан қысымын өлшеудің клиникалық әдісінде (қансыз әдісте) манжетадағы ауа қысымы артериядағы қан қысымына тең деп есептеледі. Шындығында бұл байланыс шын мәнінде күрделі және бірнеше факторларға, соның ішінде бұлшықеттің босаңсу дәрежесіне байланысты. Лабораториялық өлшеулер (in vitro) нәтижесінің осы шаманы ағзада (іn vivo) өлшеу нәтижесінен айырмашылығы болуы мүмкін.

Өлшеу кезінде медика- биологиялық параметрлер өзгеруі мүмкін. Егер қарастырылып отырған физикалық параметр өлшеу кезінде өзгермейтін болса, онда физика-техникалық өлшеулерде кездейсоқ қателіктерді ескеріп, болдырмау үшін бірнеше есептеулер жүргізіледі.

Биологиялық жүйенің көрсеткіштері үзақ өлшеулерде, қоршаған ортаның психофизикалық әсерлері: өлшегіш құралдың, өлшеу жүргізушінің орын ауыстыруы және т.б.нәтижесінде едәуір өзгеруі мүмкін. Мүшелердің қозғалғыштығы, тіпті дененің өзінің қозғалғыштығы да бір-бірінен айырмашылығы зор әртүрлі өлшеу нәтижелерін беруі мүмкін. Физикалық, медика-биологиялық өлшеулер функционалдық белгілері бойынша немесе физика бөлімдеріне сәйкестігі бойынша топтастырылады.

Өлшеулердің физикалық түрлері:

Механикалық өлшеулер: дененің антропометриялық параметрлерін, дене бөліктерінің, қанның, ауаның орын ауыстыруын (ығысуы), жылдамдығы мен үдеуін өлшеу, акустикалық өлшеулер, қанның, ағзадағы сұйықтардың, қоршаған ортадағы ауаның қысымын өлшеу, тербелмелі өлшеулер және т.б.

Жылулық өлшеулер: мүшелердің, дене бөліктерінің және қоршаған ортаның температурасы, биологиялық объектілердің, тағам өнімдерінің колориметриялық өлшеулері және т. б.

Электрлік және магниттік өлшеулер: биопотенциалдарды, жүректің магнит өрісінің индукциясын өлшеу, диагностикалық мақсатта биологиялық обьектілердің импедансын (толық электрлік кедергісін), электромагниттік өрістің параметрлерін және емдік ерітінділердегі иондардың концентрациясын өлшеу және т.б.

Оптикалық өлшеулер: фотоколориметриялық өлшеулер, диагностикалық мақсатта көз орталарының оптикалық сипаттамаларын өлшеу, диагностикалық және соттық-медициналық мақсаттағы спектрлік өлшеулер, инфрақызыл, көрінетін және ультракүлгін сәулелердің сипаттамаларын емдік және гигиеналық мақсатта өлшеу және т.б.

Атомдық және ядролық өлшеулер: иондаушы сәулелердің дозасын өлшеу және т.б.

Физика- химиялық өлшеулер: тыныс алу кезінде жұтылған және шығарылған ауа құрамын сандық анықтау, қанның және басқа да биоорталардың рН -ын анықтау және т.б.

Барлық осы өлшеулерде электрлік өлшегіш құралдар қолданылады немесе қолданылуы мүмкін. Медика- биологиялық өлшеулердің функционалдық белгілері бойынша топтастылуын жүрек- қанайналым жүйесінің параметрлерінің өзгеруінен көрсетуге болады. Мұнда механикалық (баллистокардиография, фонокардиография, қан қысымынөлшеу), электрлік және магниттік (электрокардиография, магнитокардиография), оптикалық (оксигемометрия) өлшеулер жүргізіледі. Аталғандардан басқа да физикалық әдістер қолданылуы мүмкін, мысалы ядролық магниттік резонанс әдісімен қан ағының жылдамдығы, т.б. да параметрлер анықталады.

Date: 2015-07-22; view: 1795; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию