Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жалпы ереже





1.1 Берілген әдістемелік нұсқаулық «Ақпараттық технологиялар» кафедрасындакелесідей нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалды:

- Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Магистратура. Негізгі ереже ҚР МЖМБС 5.04.033 – 2011;

- ҚР МЖМБС 7.09.096-2008, 6М070300 - Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша;

- ҚР Білім және ғылым министрінің 18 наурыз 2008 жылғы № 125 «Білімгердің аралық және қортынды аттестациясын, үлгерімін қадағалауды жүргізудің типтік ережелері» туралы бұйрығымен бекітілген (өзгертулер мен толықтырулар ).

- Магистранттың қорытынды аттестациясын жүргізудің ережесі Тұран университеті ректорының № 49 10.10.2011 жылғы бұйрығымен бекітілген

- «Магистерлік диссертация туралы ереже», ректордың № 49 10.10.2011 жылғы бұйрығымен бекітілген.

«Тұран» университетінің профильді, ғылыми және педагогикалық бағыттағы бітіруші курс магистранттарының магистрлік диссертацияны орындау мен қорғау ережелерін көрсететін әдістемелік нұсқаулық.

1.2 «Тұран» университеті (одан кейін-Университет) 6М070300 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы магистратура, «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының бітіруші түлектерінің магистрлік диссертацияға қойылатын талаптардың әдістемелік нұсқаулығын жасаудағы мақсаты - ортақ талаптарды құру болып табылады.

1.3 Магистрлік диссертация – магистр дайындығының қорытынды деңгейі болып табылады. Ол бітірушінің ғылыми қызметкер ретіндегі іс-әрекетін көрсетуі тиіс немесе білікті маман мінездемесіне сәйкес ЖОО оқытушысы беруі тиіс, кәсіби құрастыра алатын және мамандықтың ғылыми мәселелерін шеше алатын.

1.4 магистрлік диссертацияда бекітілген тақырып бойынша өзіндк ғылыми зерттеу қортыныдсы баяндалады. Ол қазргі заманғы теоретикалық және қолданбалы аспектілердің өзектілігіне сәйкес және берілген мамандыққа сйәкес болуы қажет.

1.5. Магистерлік диссертацияның кейбір белгілері бар. Жалпы диссертациялық жұмысқа тән және мамандану қызметін орындайтын, демек, көпшілік алдында қорғауға дайындалады.

1.6. Магистерслік диссертация ғылыми-зерттеу жұмысы тобына жатады.

1.7. Магистерлік диссертацияның мақсаты – таңдалған мамандыққа сәйкес, магистранттың ғылыми квалификациясының жетістік деңгейі, өзіндік ғылыми зерттеулерді жүргізе білу, нақты ғылыми және қолданбалы міндеттерді шешу икемдігін тексеруді, жалпылама әдістемелік негіздерді және олардың шешілу жолдарын білу.

1.8. Міндеттері:

- таңдалғаны ғылыми –педагогикалық қызмет бағытында, магистранттардың жеке дайындығын теоретикалық және тәжірибелік тереңдету, өзіндік даму және өзіндік өркендеу қабілетін дамыту, қажеттілік пен дағдыны белсенді өмір ағымында жаңа білімді, өзіндік шығармашылықты меңгеру;

- жоғары деңгейлі мәдениетті профессионал мамандарды дайындау, оның ішінде, азаматтық позициясы бар профессионалды қарым –қатынас мәдениеті, қазіргі заманғы ғылыми және тәжірибелік мәселелерді тәжірибелік және құрастырып шеше алатын, ЖОО-да сабақ беру, зерттеу және басқару қызметін сәтті жүзеге асыру;

- әлемдік білім беру және ғылыми –ақпараттық жүйенің интеграциялық жетістігі.

1.9. Кешенді емтихан тапсырған магистрант, диссертациялық жұмысты қорғауға 1 ай қалғанға дейін жіберіледі. Диссертацияны қорғауға рұқсат МАК төрағасының ұсынысы негінде ЖОО басшысының бұйрығымен дайындалады.

 

2 Магистрлік диссертация тақырыбына қойылатын талаптар

2.1 Магистрлік диссертация тақырыбы өзекті болуы тиіс, қазіргі жағдай мен болашақтағы ғылымның, техника мен мәдениеттің дамуына сай болып, мазмұны жағынан жоғарыда көрсетілген баптағы талаптарға жауап беруі қажет.

2.2 Диссертациялық жұмыстарының тақырыптарын анықтағанда, өндіріс, ғылым және мәдениеттің мәселелері мен шынайы міндеттерін есепке алу ұсынылады.

2.3 Магистрлік диссертацияның тақырыптары мамандықтарға және мамандарды даярлау бағытына сәйкес болуы қажет. Магистрлік диссертацияның тақырыптары шығарушы «Ақпараттық технологиялар» кафедрасында әзірленді, «Тұран»университетінің ғылыми кеңесінде қаралып бекітілді.

2.4 Магистрант, магистрлік диссертация тақырыбын бекітілген тақырыптардан таңдайды.

2.5 Магистрантқа бекітілген тақырыптардан да тыс тақырыпқа магистрлік диссертациясын орындау құқығы беріледі. Мұндай жағдайда магистрант таңдаған тақырыбының негіздері дәлелденген тұжырымдамасын немесе осы тақырыпқа тапсырыс берген мекеменің хатын кафедраға тапсыруы керек.

2.6 Магистрлік диссертация тақырыбы кафедра ұсынысы бойынша Университеттің Ғылыми кеңесі шешімі негізінде магистрантқа бекітіледі. Ұсынысты жасау үшін магистрант, жазбаша өтініш жазуы тиіс (қосымша 1).

2.8 Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері кем дегенде екі ғылыми жарияланымдарда көрінуі тиіс.

2.9 Университет магистрантқа зерттеу қорытындысын жариялауға себепші бола алады.

2.10 Магистрлік диссертация міндетті түрде плагиатқа тексеруден өтуі тиіс.

3 Магистрлік диссертацияның жазылу ретіне қойылатын талаптар

3.1 Әрбір қабылданған магистрантқа алғашқы екі ай ішінде, магистрлік диссертация жетекшілік ету үшін кафедраның ұсынуымен ғылыми жетекші тағайындалады.

3.2 Магистранттың ғылыми жетекшісі және зерттеу тақырыбы Ғылыми кеңес шешімі негізінде ЖОО ректорының бұйрығымен бекітіледі.

3.3 Магистранттың ғылыми жетекшісі ғылыми дәрежеге ие болуы тиіс және берілген ғылым саласында ғылыми зерттеумен белсенді айналысуы тиіс (магистранттың оқитын мамандығы бойынша). Қажет болған жағдайда жобалас ғылым саласы бойынша ғылыми кеңесші тағайындалуы мүмкін.

Магистрлік диссертация ғылыми жетекшісі:

1) диссертациялық жұмысытың орындалуына тапсырма береді;

2) магистрантқа магистрлік диссертация орындалуының барлық кезеңіне күнтізбелік кесте құруға көмектеседі;

3) магистрантқа негізгі қажетті негізгі әдебиеттерді, анықтамалық және мұрағаттық материалдарды, тақырыпқа қажетті типтік жобалар және басқа да дерек көздерін ұсынады;

4) диссертациялық жұмысты орындау барысында магистрантпен күнтізбелік кестесінің орындалуын қадағалайтын ағымдық бақылау жүзеге асырылатын консультация кестесін құрады;

5) магистрлік диссертацияның барлық тарауының көлемін белгілейді және магистрант пен консультанттың жұмысын ретке келтіреді.

3.4 Магистрлік диссертация орындалуының міндеттері мен күнтізбелік кестесі магистранттың жеке жоспарында көрінеді және қажет болған жағдайда түзетіледі.

3.5 Қажет болған жағдайда, магистрлік диссертация ғылыми жетекшісінің ұсынуымен кафедра диссертациялық жұмыстың жекелеген тараулары бойынша ғылыми жетекшіге бөлінген уақыты есебінен консультанттар шақырады

3.6 Консультант ретінде профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар, осы жоғары оқу орнының ғылыми қызыметкерлері, басқа да ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен ғылыми қызыметкерлерін де тағайындауға болады. Консультанттар өздеріне белгіленген тарауларын тексеріп, қолын қояды.

3.7 Кафедра магистрлік диссертация орындалмас бұрын әдістемелік нұсқау әзірлеп, магистранттарды қамтамасыз етулері қажет, магистрлік диссертацияның орындалуына ұсынылған талаптар мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес болуы тиіс.

3.8 Кафедра меңгерушісі магистрлік диссертацияның орындалуы бойынша магистранттың есеп беру мерзімін белгілейді. Магистранттың аралық қортындылары МҒЗЖ/МЭЗЖ (магистранттың эксперименталды-зерттеу, ғылыми-зерттеу жұмысы) есептерінде көрсетіледі. Бұл мерзімдерде магистрант ғылыми жетекшінің алдында және кафедра меңгерушісіне есеп береді, осы есеп бойынша диссертациялық жұмыстың дайындық дәрежесі назарға алынады.

3.9 Магистрлік диссертация мамандық бойынша негізгі әдебиеттерді терең зерттеу арқылы орындалады (оқулықтар, көмекші оқулықтар, монографиялар, басылымдық әдебиеттер, дәрістік курстар, шет тілдеріне арналған журналдар, нормативтік әдебиеттер және т.б.).

3.10 Магистрлік диссертация мазмұны принципиалды жаңа материалдардан құралады. Оның құрамына жаңа факторлар, құбылыстар, заңдылықтар немесе алдыңғы белгілі жағдайларды басқа ғылыми позициялар немесе жаңа аспектілерді жалпылау кіреді.

3.11 Магистрлік диссертация ең негізгі мәтіні шығармашылық ойды, зерттеу әдістерін пайдаланудың негіздемесін компьютерлік технологияны қолданумен қабылданған есептеу әдістері мен есебін, жүргізілген тәжірибенің сипаттауын, оларды талдау және олардың тұжырымдары, техникалық-экономикалық нұсқаларын салыстыруды ашып көрсетуі және қажет болған жағдайда кестелермен, эскиздермен, диаграммалармен, сызбалармен және т.б көрсетіліп сүйемелденуі қажет.

3.12 Магистрлік диссертация жоғары оқу орнында, магистрантпен, сонымен бірге өндірісте, ұйымдарда, ғылыми, конструкторлық-жоба және басқа да ұйымдарда орындалады.

4 Магистрлік диссертация құрылымы мен мазмұны

4.1 Магистрлік диссертация мазмұны ғылыми зерттеудің бастапқы алғышарттарын, оның алған нәтижелерін және оның тәсілін көрсетеді.

Диссертация мазмұнында таңдалған концепцияға сенімді дәлеледемелер келтірілуі тиіс. Ол көз қарасқа қайшы келетін жан-жақты талдау талқыға салынуы мүмкін және сыни бағаға ұшырауы мүмкін. Талқыламалық және қақпайлы материалдар диссертацияның элементі болып табылады.

4.2 Жұмыс көлемі, ереже бойынша, 60 бет болуы қажет. Басқа мамандықтар тобы бойынша 90 бетке дейін жетуі мүмкін. Қосымшалар диссертациялық жұмыстың көрсетілген көлеміне енгізілмейді.

4.3 Магистрлік диссертацияның құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:

- мұқаба (сыртқы беті) (Қосымша 2- үлгісі бойынша жасалынады);

- титул беті (Қосымша 3- үлгісі бойынша жасалынады);

- мазмұны (Қосымша 4- үлгісі бойынша жасалынады);

- анықтамалар;

- нормативтік сілтемелер;

- белгілеулер мен қысқартулар;

- кіріспе;

- негізгі бөлім;

- қорытынды;

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

- қосымшалар.

Магистрлік диссертация құрылымы Қосымша 4-те берілген

4.4 Мұқабада (сыртқы бетінде) келесі мағлұматтар келтіріледі:

- жұмыс орындалған ұйымның атауы,

- магистранттың тегі және аты-жөні,

- магистрлік диссертация тақырыбының атауы,

- жұмыстың түрі – магистерлік диссертация,

- мамандықтың атауы және шифры,

- алынатын академиялық дәрежесі;

- қала, жыл.

4.5 Титул беті жұмыстың бірінші беті болып табылады және құжатты қажетті жағдайда өңдеу және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дерек көзі ретінде қызмет етеді.

Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі:

- жұмыс орындалған ұйымның атауы,

- жұмыс орындалған кафедра атауы;

- шектеуіш гриф (қажет болғанда),

- кафедра меңгерушісінің бекітілген қолы;

- жұмыстың түрі – магистерлік диссертация,

-«тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен, тақырыптың атауы;

- мамандықтың атауы және шифры,

- алынатын академиялық дәрежесі;

- сол жағында «орындаған», қарама-қарсы оң жағынан магистранттың тегі және аты жөні,

- бір жол төмен «ғылыми жетекші» және жетекшінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы тегі мен аты жөні,

- қала, жыл.

Мұқабаны рәсімдеу үлгісі және титул беті 2 және 3 қосымшаларына сәйкес келтіріледі.

4.6 Магистрлік диссертация мазмұны кіріспе бөлімін, реттік нөмірлер және барлық тараулардың атауларын, тараушаларды, қорытындыны, пайдаланылған әдебиеттер тізімін, магистрлік диссертацияның осы элементтерінен басталатын беттердің нөмірлері көрсетілген қосымшаларды қамтиды – Қосымша 4.

4.7 «Нормативтік сілтемелерде» диссертация мәтінінде сілтемелер жасалған стандарттар тізімі көрсетіледі. Сілтеме жасалған стандарттар тізімі мәтінде былай басталады: «Диссертацияда келесі стандарттарға жасалған сілтемелер қолданылған». Тізімге стандарттардың белгіленулері мен олардың аттары тіркеме нөмірінің өсуі бойынша кіреді.

4.8 «Анықтамаларда» диссертацияда қолданылған терминдерді анықтау және нақтылау үшін керекті анықтамалар болады. Анықтамалар тізімі мына сөздерден басталады: «Диссертацияда анықтамаға сәйкес мынадай терминдер қолданылады».

4.9 «Белгілеулер мен қысқартулар» элементінде диссертацияда қолданылған белгілемелер мен қысқартылымдардың тізімі көрсетіледі. Белгілеулер мен қысқартылымдар диссертация мәтінінде келтірілген тәртіппен немесе алфавиттік тәртіппен қажетті түсініктемелермен жазылады. Анықтамаларды, белгілеулер мен қысқартулар «Анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар» бір құрылымдық элементінде жазуға болады.

 

 

4.10 Кіріспе шешілетін ғылыми техникалық немесе технологиялық мәселелердің (міндеттерді) қазіргі кездегі бағасын, ғылыми немесе инновациялық мінездемесі бар, тақрыпты талдау үшін негізгі және шыққан мәліметтер, ғылыми - зерттеу (эксперменталды-зерттеу) жұмыстарын жүргізу негізінің қажеттілігі, жоспарланған ғылыми –техникалық деңгейдің талдау мәліметтері, патенттік зерттеу және оның қорытындысы туралы, диссертацияның метрологиялық қамтамасыз етілуі туралы мәліметтері. Кіріспе бөлім магистрлік жұмыстың өзекті мәселелерін, ғылыми жаңашылдығын және практикалық маңыздылығын, қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалаудан, сонымен қатар диссертацияның мақсаты, міндеттерін зерттелу обьектісін теориялық және әдіснамалық негіздерін құрайды.

4.11 Негізгі бөлім құрамына кіреді:

- зерттеу бағытын таңдауда, зерттеу бағытының негізін, міндеттерді шешу әдістерін және олардың салыстырмалы бағасын, ғылыми-зерттеу жұмысы бағыты таңдалған жалпы әдістерін суреттеу кіреді;

- теоретикалық және эксперименталды зерттеу процесіне, теоретикалық зерттеудің мазмұны мен мінездемесін анықтау, зерттеу әдістері, есептілік әдісі, эксперименталды жұмыс жүргізу қажеттілігінің негізі, өңделген объектілер қызметінің қағидалары және оларға мінездемесі кіреді;

- жұмыстың жалғастырушы бағыты бойынша қойылған міндеттерді мен ұсыныстарды толыққанды шешімін бағалау кіреді, алынған мәліметтердің туралығын бағалау және олардың шетелдік және отандық жұмыс нәтижелерінің ұқсастығын салыстыруда зерттеу қорытындысын жалпылау және бағалау.

Магистрлік жұмыстың негізгі бөлігі ережеге сай, бөлім және бөлімшелерге бөлінеді (бөлім және параграфтар).

4.12 Қорытынды құрамына кіреді:

- магистрлік зерттеу нәтижесі бойынша қысқаша қорытынды;

- қойылған міндеттердің толыққанды шешімін бағалау;

- нәтижелердің қолданылуының нақтылығы бойынша ұсыныстар мен шығарылған мәліметтерді талдау;

- енгізудің техникалық- экономикалық тиімділігін бағалау;

- берілген сала бойынша үздік нәтижелерді салыстыруда орындалған жұмыстың ғылыми деңгейін бағалау.

4.13 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі диссертацияны жазу кезінде қолданылған дерек көдері туралы мәліметтер құралуы тиіс.

4.14 Қосымшаға диссертацияның орындалуымен байланысты, зерттелуі мен орындалуына байланысты, негізгі бөлімде қамтылмаған материалдар кіргізіледі.

Қосымшаға енгізілуі мүмкін:

- аралық математикалық дәлелдемелер, формулалар және есептер;

- қосымша сандық мәліметтер кестесі;

- сынақ хаттамасы;

- эксперимент, өлшем және сынақ жүргізу кезінде қолданылатын аппаратура және құралдардың сипаттамасы;

- диссертациялық жұмыстың орындалу процесі кезінде өңделіп, компьютерлік техника көмегімен шешілетін нұсқаулықтар, әдістемелер, алгоритмдер сипаттамасы және міндеттемелер бағдарламасы;

- көмекші мінездемедегі иллюстрациялар (суреттер);

- диссертациялық жұмыс нәтижелерін енгізу актісі және т.б.

4.15 Магистрлік диссертациядағы қабылданған шешімнің және барлық деректердің обьективтілігі мен дәлдігі туралы жауапкершілікті магистрант-магистрлік диссертация авторы - өз мойнына алады.

5 Магистрлік диссертация жазудың ережелері

5.1 Магистрлік диссертация компьютер, принтер арқылы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт- Times New Roman қалыпты, кегль 14, азат жол -1,25.

Мәтінді жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың (поля) мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс: сол жағынан - 30 мм, жоғары жағынан - 20 мм, оң жағынан - 10 мм және төменгі жағынан - 20 мм.

Айқындалып назар аударылатын терминдерге, формулаларға, теоремаларға, компьютерлік жағдайлардағы түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалануға рұқсат беріледі.

Диплом жұмысының көлемі, ереже бойынша, 60 беттен кем болмауы қажет. Қосымшалар жұмыстың көрсетілген көлеміне енгізілмейді.

5.2 Жұмыстың орындау тәсіліне қарамастан басылған мәтіннің сапасы мен иллюстрациялардың, кестелердің ресімделу ЭЕМБ - дан басып шығарылған кездегі айқындығы талапты қанағаттандыруы тиіс.

5.3 Жұмысты әзірлеу барысында көрінген қателер және графикалық дәлсіздіктерді, тазартқышпен немесе ақ бояумен бояу арқылы түзетуге және сол жерге машинамен басылған әдіспен немесе қара сиямен не қара тушпен - қолжазба түрінде түзетуге рұқсат беріледі.

5.4 Орындалған жұмыстағы тегі, мекеменің, ұйымның, фирманың аттары, өнімнің аталуы және басқа жалқы есімдер атаулары түпнұсқа тіліне келтіріледі.

5.5 Магистрлік диссертацияның құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілеулер мен қысқартулар», «Кіріспе», Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі», құрылымдық элементтерінің басында жазылуы тиіс.

5.6 Магистрлік диссертацияны бөлімге және бөлімшелерге бөлу қажет. Әрбір бөлім және бөлімше аяқталған ақпараттан тұруы қажет.

Бөлімдердің атаулары магистрлік жұмыстың тақырыбын ашып көрсетуі, ал бөлімшелердің атаулары өзі сәйкес бөлімінің тақырыбын ашып көрсетуі тиіс.

5.7 Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары олардың мазмұнын нақты және қысқаша дәріптеуі тиіс.

5.8 Бөлімдер тақырыптарын абзацтан кейін бас әріппен, анық белгіленген шрифтпен, ал бөлімшелер - бас әріппен аяғында нүкте қоймай, астын сызбай, анық белгіленген шрифтпен басу қажет.

Егер де атаулар екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.

5.9 Магистрлік диссертацияның беттерін араб сандарымен, барлық мәтінде қиылыспайтын нөмірлеуді сақтай отырып, нөмірлерді қою қажет. Беттің нөмері қағаздың төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады.

5.10 Титул беті мен мұқаба беті жалпы беттердің нөмірленуіне қосылады. Титул беті мен мұқаба бетіне нөмір қойылмайды.

5.11 Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар және кестелер магистрлік диссертация беттерінің жалпы нөмерлеріне қосылады.

А3 формат парағындағы иллюстрациялар, кестелер бір бет ретінде есептелінеді.

5.12 Магистрлік диссертация бөлімдері барлық құжаттың өн бойында абзацтан кейін араб сандарымен белгіленіп нүктесіз қойылған реттік нөмірлері болуы қажет. Бөлімшелер бөлімдер аясында нөмірленуі қажет. Бөлімше нөмірі, нүктемен бөлінген бөлім мен бөлімше нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе бірнеше бөлімшеден тұрады.

5.13 Магистрлік диссертацияның әр бөлімі жаңа парақтан (беттен) басталуы қажет. Бір бөлімнің ішіндегі бөлімшелер бір-бірінен мәтіннен екі жол төмен түсіріліп бөлінеді. (Қосымша 5).

5.14 Магистрлік диссертацияның беттері және қосымшасы, магистрлік диссертация құрамына кіретін барлық беттерінде нөмірлері болуы қажет.

5.15 Магистрлік диссертациядағы иллюстрациялар (сызбалар, карталар, кестелер, схемалар, диаграммалар, түсірілген суреттер) бірінші немесе келесі беттерде екендігі ескертілген мәтіннен кейін орналасуы керек.

Иллюстрациялар компьютермен де түрлі-түсті жолмен де орындалуы мүмкін. Барлық иллюстрацияларға сілтемелер болуы қажет.

5.16 Магистрлік диссертацияда орналасқан сызбалар, кестелер, диаграммалар, схемалар, иллюстрациялар конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (БЖКҚ) мемлекеттік стандарттың талаптарына сай болуы тиіс.

5.17 Қосымшадағы иллюстрациялардан басқа иллюстрациялар араб сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

Егер сурет біреу болса, онда ол «Сурет 1», «Сурет» сөзі және оның аталуы жолдың ортасынан жазылуы тиіс. (Қосымша 6)

5.18 Иллюстрацияларды бөлімдер шеңберінде (ішінде) нөмірлеуге болады. Мұндай жағдайда иллюстрациялар нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірі мен иллюстрацияның реттік нөмірінен тұрады. Мысалы: Сурет 1.1.

5.19 Иллюстрациялардың қажет болған жағдайда, атаулары мен қоса түсіндіретін мәліметтері болуы мүмкін сурет астындағы мәтін. Бұл жағдайда былай жазылады: Сурет 1. Қазақстандағы ұялы телефон операторларының 2010 жыл басындағы нарықтағы үлесі.

5.20 Иллюстрацияға сілтеме жасау барысында нөмірлеуде басынан аяғына дейін «2 суретке сәйкес» деп жазу қажет, ал бөлім бойынша нөмірлеуде «1.2 суретіне сәйкес» болуы тиіс.

5.21 Кестелер көрнекілік ретінде және көрсеткіштерді салыстыру мақсатында қолданылады. Кестелердің атаулары оның мазмұнын ашу керек. Дәл, қысқаша болуы тиіс. Кестелердің атауын кестеден жоғары, жолдың енінен абзацтан кейінгі «кесте 1» сөзінен соң келесі жолға орналастыру керек. (Қосымша 7).

5.22 Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін, ол бірінші рет айтылып тұрса немесе келесі бетте орналастыру қарастырылады.

5.23 Барлық кестелерге магистрлік диссертацияда сілтемелер болуы тиіс. Сілтеме қоюда «кесте» деп нөмірлері көрсетіліп жазылуы қажет.

5.24 Көп жол мөлшердегі кестені келесі параққа (бетке) көшіруге болады. Кесте бөлігін келесі параққа (бетке) көшіру барысында «Кесте» сөзі және нөмірі бір рет кестенің бірінші бөлігінің сол жағына, ал келесі бөлігінде «Жалғасы» сөзі жазылады, және кесте нөмірі көрсетіледі, мысалы: «1 кестенің жалғасы». Кестелерді келесі параққа (бетке) көшіру барысында тақырыбы тек қана бірінші бөлігінің үстіне орналастырады. Кестенің бөлігін көшіруде кестені шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды.

Көп мөлшерлі графалы кесте қосымшаға енгізіледі.

5.25 Егер де кестенің әр түрлі жолдарындағы қайталанатын (графаларда) мәтін бір сөзден тұрса, онда ол бірінші жазылғаннан соң, тырнақшамен ауыстырылады; егер екі немесе көп сөзден тұрса, онда бірінші қайталанғаннан соң, оны «ол да солай» сөзімен ауыстырады, әрі қарай - тырнақшалармен. Қайталанып тұрған сандардың, маркалардың, белгілердің, математикалық және химиялық символдардың орнына тырнақшалар қоюға болмайды. Егер әріптік және былайғы мәліметтер қандай да кесте жолдарында келтірілмесе, онда оған сызықша қойылады.

5.26 Қосымшаға шығарылған кестелерден басқа, кестелер араб сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

5.27 Бөлімдер ішіндегі кестелерді нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда кестелер нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірінен және кестенің реттік нөмірінен тұрады.

5.28 Кесте жолдары және графа атаулары жекеше түрде бас әріппен жазылады, ал графаның тақырыпшалары, егер тақырыпша бір сөйлемнен тұрса, тармақша әріптермен, немесе егер олар дербес мағынаға ие болса, бас әріппен жазылады. Кестенің тақырыбы мен тақырыпшасынан кейін нүкте қойылмайды.

5.29 Кестелердің сол жағынан, оң және төменгі жағынан, ережедегідей, сызықпен шектелуі тиіс. Кестелердің шрифт мөлшерін, мәтіндегіден кем алуға рұқсат беріледі.

Графалардың аты, ережедегідей, кесте жолына қатарлас жазылады. Қажет болған жағдайда графалардың атын перпендикуляр орналастыруға рұқсат етіледі. Кестенің басы кестенің қалған бөлігінен жеке сызықпен бөлінуі тиіс.

5.30 «Ескерту» сөзі абзацтан бас әріппен жазылуы және сызылмауы тиіс.

5.31 Егер мәтін мазмұнына, кесте немесе графикалық материялдарға түсінік не анықтамалық мәліметтер қажет болса, магистрлік жұмысқа ескерту енгізіледі.

5.32 Ескертуді ескерту қатысты мәтіннен, графикалық материалдан кейін немесе кестеге орналастырады. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулер араб сандарымен рет-ретімен нүктесіз нөмірленеді. Кестелер бойынша ескерту кестенің аяқталуын білдіретін соңғы сызықтың үстінен жазылады.

5.33 Формулалар және теңдеулер мәтіннен басқа жеке жолға бөліп көрсетіледі. Әрбір формулалар және теңдеулердің жоғары және төменгі жағынан бос, бір жолдан кем емес орын қалдыру қажет. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдеу теңдік таңбаларынан кейін (=) немесе қосу белгісінен кейін (+), алу (-), көбейту (Х), бөлу (:), немесе математикалық белгілерден кейін көшірілуі тиіс және келесі жолдардың басында таңба тағы қайталанады. (Қосымша 8).

5.34 Символдар мен сандық коэффиценттердің мағыналарын түсіндіру формулаға сәйкес келтіріліп, формулада берілген бірізділікпен жүргізілу керек.

5.35 Магистрлік жұмыстағы формулаларды реттік нөмірлермен нөмірлеу барлық жұмыс шегінде дөңес жақшаға алынып, арап сандарымен оң жақ шетте бір жолда қарастырылады.

5.36 Мәтіндегі формулалардың реттік нөміріне сілтеме жақшаға алынып жасалады. Мысалы – (1) формулада.

5.37 Бөлімше шегінде (ішіндегі) формулаларды нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда формула нөмірлері нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірлері мен формулалардың реттік нөмірінен тұрады, Мысалы (3.1).

5.38 Пайдаланған дерек көздеріне сілтемелер квадратты (шаршылы) жақшаға алынады.

5.39 Дерек көздері туралы мәлімет магистрлік диссертация мәтініндегі дерек көздерінің сілтемелерінің жасалу реті бойынша орналасу керек және абзацтан кейін араб сандарымен нүктесіз нөмірленеді. (Қосымша 9).

5.40 Қосымшалар осы магистрлік жұмыстың жалғасы ретінде келесі парақтарына рәсімделеді.

5.41 Магистрлік диссертация мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме болуы тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады.

5.42 Әрбір қосымша жаңа беттен басталып «Қосымша» сөзі мен атауы беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс.

Қосымшаның аты болуы қажет, ол жеке жолға, мәтінге симметриалы түрде бас әріппен жазылады. (Қосымша 10).

Егер магистрлік диссертация бір қосымшадан тұрса, онда белгілемей жіберіледі.

5.43 Қосымшалар магистрлік диссертацияның қалған бөлімдерімен басынан басталатын ортақ нөмірлері болуы тиіс.

6 Магистрлік диссертацияға реферат жазудың ережелері

6.1 Магистрант, магистрлік диссертация мазмұны бойынша 1-1.5 п.л. көлемінде қосымша реферат жазады. Реферат қазақша/орысша және ағылшын тілінде жазылып, магистрант қолын қояды.

Ескертпе -1 п.л. мәтіннің 16 бетіне сәйкес.

6.2 Магистрлік диссертация рефераты келесідей мәліметтерді құрауы тиіс:

- диссертация көлемін және құрылымын;

- иллюстрациялар, кестелер, қолданылған әдеби дерек көздер санын;

- кілт сөздер тізімін (15-20 сөз);

- зерттеу өзектілігін;

- зерттеу мақсатын;

- зерттеу объектісін;

- зерттеу әдістерін;

- алынған нәтижелер, олардың жаңалығын, ғылыми және тәжірибелік маңыздылығын;

- жарияланым туралы мәлімет.

6.3 Рефераттың титул бетін дайындаудың талаптары Қосымша 11 берілген

 

7 Магистрлік диссертация қорғау реті

7.1 Магистрлік диссертацияны қорғау тәртібі білім беру саласындағы орталық атқарушы органдары бекіткен білім алушылардың үлгеріміне ағымдық, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестация жүргізу Ережесімен анықталады.

7.2 Диссертациялық жұмыс алдын ала қорғаудан өту үшін шығарушы кафедраға тапсырылады. Магистранттың алдын ала қорғауға дейінгі кафедраға ұсынатын құжаттарының тізімі МжДД жасалады. Алдын ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен рәсімделеді (Ғылыми семинарда). Хаттамада рецензенттің тағайындауы бойынша кафедраның ұсынысы көрсетіледі.

7.3 Магистрлік диссертацияны қорғау келесілер болған жағдайда жүзеге асырылады:

¾ ғылыми жетекшінің қанағаттанарлық пікірі;

¾ Ғылыми басылымдарда диссертация тақырыбы бойынша ЕКІ ғылыми жарияланымнан кем болмауы тиіс немесе халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға қатысуы тиіс;

¾ Қорғау ұсынысы туралы шығарушы кафедраның шешімі (кафедра отырысы хаттамасынан үзінді);

¾ Рецензенттің бір рецензиясы, квалификациясы (ғылыми немесе академиялық дәрежесі) қорғалатын жұмыс профиліне сәйкес келуі тиіс. Ол жерде диссертацияға жан-жақты мінездеме беріледі және бағасы көрсетілген («өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз») аргументтелген қорытынды және сәйкестендірілген мамандық бойынша магистрлік академиялық дәрежені беру мүмкіндігі.

Рецензия қорғау уақытына 10 күн қалғанға дейін магистрантқа берілуі тиіс.

Ресми рецензент шығарушы кафедраның шешімі негізінде ректордың бұйрығымен бекітіледі.

Рецензенттің пікіріне қойылатын талаптар:

¾ Жұмыстың өзектілігін мінездеу;

¾ Магистранттың ғылыми зерттеудегі әдістерін талдауды қолдана білуі;

¾ Магистранттардың негізделген қорытындыларының және нұсқаулықтарының дәрежесі;

¾ Магистранттан алынған нәтижелердің анықтылығын талдау;

¾ Жұмыстың жаңалығы мен тәжірибелік маңыздылығын талдау.

 

Ғылыми жетекшінің қорытындысына қойылатын талаптар:

¾ Диссертацияның таңдалған мамандық және салсына сәйкестілігі;

¾ Жұмыстың өзектілігін мінездеу;

¾ Теоретикалық деңгейі мен тәжірибелік маңыздылығына мінездеме;

¾ Қорғауға шығатын жұмыс дайындығын бағалау.

Егер, ғылыми жетекші немесе шығарушы кафедра «қорғауға жіберілмейді» немесе «қорғауға ұсынылмайды» деген теріс қорытынды берсе, магистрант, магистрлік диссертациясын қорғамайды.

7.4 Магистрлік диссертацияны қорғау кестесі академиялық күнтізбіге сәйкес бекітіледі. Сонымен қатар, қорғауға күніне 6-8 магистранттан артық жіберілмейді.

Магистрлік диссертацияны қорғау МАК-ның ашық отырысында кем дегенде 2-3 мүшелерінің қатысуымен жүргізіледі.

7.5 Магистрлік диссертацияны қорғау ұзақтығы 50 минуттан кем болмауы тиіс. Магистрлік диссертацияны қорғау үшін магистрант МАК алдында 15 минуттан кем емес уақыт аралығында баяндама жасап қорғайды.

7.6 Ашық түрде қорғалған диссертацияның құрамында ғылыми дискуссиялық мінездемесі болуы қажет және жоғары деңгейдегі талапты және қағидалылық жағдайынан өте білуі және ғылыми этиканы сақтай білуі тиіс, сонымен қатар, жасалынған талдаудың жаңалығы, негізделген нәтижелері, қорытындысы, ғылыми ұсынысы және тәжірибелік мінездемесі болуы тиіс.

7.7 Ашық түрде қорғалатын диссертация іс-әрекеті, келесідей кезеңдерден тұрады:

1. МАК-ның төрағамен ашық отырысы.

2. Магистрант хатшысын таныстыру және магистанттың МАК-на берген құжаттар тізімін таныстыру.

3. Диссертацияның негізгі жағдайы мен магистарнттың берген мәліметтері – 15 минуттан кем емес.

4. Ғылыми жетекшінің сөз сөйлеуі.

5. Рецензенттің сөз сөйлеуә немесе оның пікірін оқу.

6. Рецензент ескертпесіне магистранттың жауабы.

7. Сұрақ және жауаптар, сөз сөйлеудегі ғылыми пікір-талас.

8. МАК мүшелерінің жабық отырысы, ол жерде қорғау нәтижесі ашық түрде дауыс беру арқылы жүргізіледі және бағасы туралы шешім қабылданады. Жиналыста қатысқан комиссия мүшелерінің басым дауыс берілуімен оңай шешім қабылданады. Дауыс бірдей нәтижеде болып қалған жағдайда, шешуші дауысты төраға айтады.

9. Қорғау нәтижелерін жариялау.

10. Диссертацияны бағалау кезінде келесі жағдайлар мен сапа ескеріледі:

¾ Орындалған жұмыс көлемі;

¾ Өзіндік зерттеу;

¾ Рецензент қорытындысы және оның мазмұны;

¾ Толық әдеби шолым және қолданылған дерек көздерінің заманауилығы;

¾ Ғылыми зерттеулерде алынған нәтижелерді тәжірибелік жұмыста немесе оқу процесінде қолдану мүмкіндігі;

¾ Материалдарды енгізудегі сауаттылық пен нақтылық;

¾ Дайындау сапасы және оның ұсынылған талаптарға сәйкестілігі;

¾ Диссертацияны қорғаудағы баяндама сапасы (нақтылық, сауаттылық, профессионалды терминдарды қолдана білуі, демонстрациялық материалдар сапасы және т.б.);

¾ Қорғау кезінде қойылған сұрақтар мен рецензенттің ескертпелеріне дұрыс және толық жауап беру;

¾ Жұмыс бойынша жарияланым саны, магистранттың ғылыми конференцияларға қатысуы;

¾ Магистранттың шығарушы кафедра өңдеген ғылыми тақырыбына қатысу.

 

7.8 Магистрлік диссертацияны қорғау нәтижесі хаттама негізінде, 12 қосымшада ұсынылған форма бойынша және әр магистрантқа жеке жеке дайындалады.

7.9. Магистрлік диссертация (магистранттың біткен жұмысы) магистратура бітірушісіне Қаржы мамандығы бойынша магистрдің академиялық дәрежесі беріледі. Кешенді емтиханды сәтті тапсырғанда және ғылыми және педагогикалық магистратура бітірушілерінің магистрлік диссертациясын қорғаудан кейін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылым магистрі академиялық дәрежесі беріледі. Ал «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша профильдік магистратура бітірушілеріне әлеуметтік білім магистрі академиялық дәрежесі беріледі.

7.10. Мемлекеттік аттестацияның қорытынды нәтижесі хаттама негізінде, 12 қосымшада ұсынылған форма бойынша және әр магистрантқа жеке жеке дайындалады.

 

8 Магистрлік диссертация сақтау реті

8.1 Магистрлік диссертацияны қорғалғаннан кейін шығарушы кафедра Университет кітапханасына өткізеді

8.2 Магистрлік диссертация Университет кітапханасында 5 жыл сақталады.

8.3 Оқу-әдістемелік көмек көрсету, конкурсқа қатысу, өндірісте қолдану үшін оқу ісі жұмыстары жөніндегі проректордың рұқсатымен магистрлік диссертацияның көшірмесі түсіріліп және мүдделі жаққа беріледі.


Қосымша 1.

Магистрлік диссертацияға өтінішті дайындаудың мысалы

«Ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі

т.ғ.д., профессор Түсіпова С.А.

_____ курс магистрантынан

ҒПМ / ПМ 20____ ж.т.

__________________________________________________________

Т.А.Ә. (толығымен)

__________________________________________________________

Жұмыс орны, қызметі

Ж.т._________________________

үй.т._________________________

ұялы т. ____________________

Date: 2015-07-24; view: 1289; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию