Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жұмыспен қамту және еңбек нарығы





 

Қазіргі кезде Қазақстанның экономикасы әлі де болса аса күрделі өтпелі кезеңді бастан кешіруде, бұл сөзсіз еңбек нарқына кері әсерін тигізуде. Жұмыссыздық проблемасы, дер кезінде еңбекақыны төлеу және тағы

басқалар өте шиеленіскен жағдайда болып отыр. Міне, сондықтан да еңбек наркы жөніндегі мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіруді қажет етеді.

Еңбек нарығының негізгі мақсаты - еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Себебі, алға қойған саяси -экономикалық және әлеуметтік катынас негізінен туындаған оның ерекшеліктерін бейнелейтін сапа белгісі. Жұмыспен тиімді қамту әрбір елдің нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылык салалары және аймақ бойынша бөлудің тепе - тендік үлесімділігіне жету. Қорыта айтқанда, республикамызда еңбек нарығын қалыптастырудың және дамытудың негізгі мақсаты осындай. Оның мәні рентабельділігі төмен кәсіпорындардың бағытын өзгерту немесе мүлде тарату, нарықтық жағдайға байланысты өндірісті қысқарту, сүраныстың кемуі, өндірістердің салалық құрылымының өзгеруі және басқа да әлеуметтік - экономикалык процестер салдарынан халықтың еңбекке жарамды бөлігінің жұмыспен қамтамасыз етілмей отырғаны белгілі.

Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз ету шамасы қандай? Біздің елде еңбек ресурстары және халықтың жалпы санының 55 процентін құрады. Халық шаруашылығы қызметінің салаларында 7,4 миллион адам жұмыспен қамтылған. Олардың 6 миллионға таяуы немесе 81 проценті экономиканың мемлекеттік секторында жұмыс істейді. Бұл мемлекеттік кәсіпорындардың әлі басым екендігін, яғни нарық механизміне тән еңбекпен қамту қатынастарының қалыптасуы өте баяу жүріп жатқандығын көрсетеді. Еңбекпен толық қамту дегеніміз, ол халық шаруашылығы көлемінде еңбекке деген қабілеті бар халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету.

Ал тиімді еңбекпен қамту дегеніміз - қоғамдық кажеттіліктерді минималды еңбек шығындарымен қанағаттандыру.

Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржалары (тұрғын-дардың жұмыспен қамту қызметі айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру мақсатында адамгершілік институттары ретінде пайда болды.

Еңбек биржаларының негізгі атқаратын қызметтері мыналар: еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымды анықтау; жұмыссыздарды есепке алу және бос жұмыстарын тіркеу; жұмысын ауыстыруға және жұмысқа тұруға тілек білдіретін адамдарға ақпараттар беру; жұмыс іздеп жүрген кадрларды оқыту мен қайта дайындауды ұйымдастыру; жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу, адамдарды жұмысқа орналастыру үшін делдалдық қызмет көрсету және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы тағайындау.

Сонымен қатар, Мемлекет бас­шысының «Қазақстан – 2050» Стра­тегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы ба­ғыттардың бірі – еңбек және жұмыс­пен қамту саясатын жаңғырту болып табылады.

Осылайша, әлеуметтік жаңғыр­тудың алға қойған міндеттері адам потенциалын тиімді пайдаланудың шараларын қарастырады. Осыған байланысты, мынадай стратегиялық міндеттер айқындалды:

– кәсіби дайындық жүйесін тиімді дамытуды қамтамасыз ету;

– жұмыссыздарды қайта да­йындау;

– жаңа жұмыс орындарын ашу және бұрынғыларын сақтауға жұмыс берушілерді ынталандыру;

– шағын бизнес пен жеке кәсіп­керлікті дамытуға көмектесу;

– халықтың әлеуметтік әлсіз топ­тары мен жастарды жұмыспен қам­туға көмектесу;

– еңбек миграциясын ұйымдас­тыру бойынша шараларды қамта­масыз ету.

Жұмыссыздықтан қорғау шара­лары қоғамда табыстарын және әлеуметтік мәртебесін жоғалтқан топтардың болуымен байланысты әлеуметтік шиеленісті төмендетуге бағытталған мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл ретте, мемлекеттің осындай мә­селелерді шешуге қатысу дәрежесі мен түрлері, қолданылатын құрал­дары мен тәсілдері көптеген елдер­де әр түрлі.

Тәуелсіздік жылдары Қазақс­танда әлеуметтік саясаттың басым міндеттерінің бірі – жұмыссыздық дең­гейінің өсуіне жол бермеу бол­ды. Осыған байланысты жа­ңа жұмыс орындарын құру бойын­ша уақытында қабылданған шара­лар нәтижесін Қазақстанның ең­бек нарығындағы негізгі көрсеткіш­терден көруге болады. Қазақстан Республикасы Статистика агент­тігінің деректері бойынша 2008-2013 жылдары. жұмыссыздық деңгейі 6,6 %- дан 5,2%-ге дейін төмендеді, ал 15 жастан 24 жас аралығындағы жастар жұмыссыздығының деңгейі 7,4 %-дан 3,8 % дейін төмендеді.

 

«Қазақстандағы индустрияландыру бағдарламасының арқасында тек қана соңғы екі жылдың ішінде 350-ден астам әртүрлі саладағы өндірістер іске қосылды, - деді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде. - Соның нәтижесінде, біз 200 мың адамға тұрақты жұмыс орындарын ашып бердік. Білікті мамандар ол жерде бұрынғысынан екі есе табыс табады. Біздің мақсатымыз - 2015 жылға дейін тура осындай көлемдегі жобаларды жүзеге асырып, тағы 200 мың жұмыс орындарын ашу».

 

III. Жұмыссыздықты Қазақстан экономикасында шешу жолдары

  Жұмыспен қамту 2020 жол картасы   Мемлекет басшысы 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саясатын жаңғырту жөніндегі міндеттерді қойды. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер барысында қарқынды дамып келе жатқан еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі және жұмыспен қамтылу деңгейі артуда. Соңғы 12 жыл ішінде жұмыс істейтін тұрғындардың саны 6 698,8 мың адамнан 8 507,2 мың адамға көбейіп, ал жұмыссыздық деңгейі 2001 жылғы 12,8 %-дан 2012 жылдың соңына 5,3 %-ға төмендеді. Жол картасы (2009 – 2010 жылдар) шеңберінде жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің арнайы шараларын әзірлеу мен іске асыру әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың әсерімен байланысты уақытша экономикалық қиын жылдарында да жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік берді. Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы дағдарысқа қарсы ден қою тетіктерін, еңбек нарығын реттеудің тиімділігін арттыру, оның ішінде еңбек нарығын болжау және мониторингілеу, табысы аз, жұмыссыз мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты жұмыспен қамтудың белсендi шараларына тарту тетіктерін қамтиды.  

 

  Бағдарлама мақсаты: Жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтуды ұйымдастыру, жұмыссыздық деңгейінің өсуін төмендету және өсуіне жол бермеу арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу Бағдарламаның мiндеттерi: · Экономика салаларының білікті кадрларға қажеттілігін болжау тиімділігін қамтамасыз ету; · Жұмыс (тұрақты, уақытша) орындарын құруды жоспарлауды үйлестіру; · Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал үшін ғаламдық дағдарыстың ықтимал теріс салдарын төмендету және экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз ету; · Кәсіпкерлік белсенділікті дамыту; · Облысішілік және ауданішілік көші-қонды жоспарлау есебінен еңбек ресурстарының кәсіптік және аумақтық ұтқырлығын арттыру; · Жұмыс істейтін жастардың ұтқыр бөлігінің бейімделуі және өмір сүруі үшін жағдай жасау; · Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды арттыру,олардың мәртебесін заңдастыру; · Әлеуметтік қолдау шараларының атаулылығын күшейту, масылдықты төмендету және еңбек белсенділігін ынталандыру. Бағдарламаны iске асыру мерзiмi және кезеңдерi: 1-кезең – 2013 – 2015 жылдар 2-кезең – 2016 – 2020 жылдар   Жұмыспен қамту 2020 жол картасын iске асыруға республикалық бюджетте: 2013 жылға – 104, 9 млрд. теңге; 2014 жылға – 100,6 млрд. теңге; 2015 жылға – 98,7 млрд. теңге көзделген. Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: · инфрақұрылымды және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету; · жеке кәсіпкерлік қызметті қолдау; · жұмысқа орналасуға оқыту және әрекеттесу, жұмыс берушінің қажеттіліктері аясында қоныс аудару.  
  Қорытынды

 

Жұмыссыздықтың салдары қандай болады және ол қоғамға несімен қауіпті: • Адам еңбегі дегеніміз капитал сияқты жинап қоюға, қордалауға келмейтін айрықша ресурс. Жоғалған жұмыс уақытын орынына келтіру мүмкін емес, сондықтан жұмыссыздық салдарынан шығарылмаған және көрсетілмеген тауар мен қызметтің орыны өтелмейді.

• Егер адам жұмысынан айырылса, сөйтіп жалақысыз қалса ол қалайда күнкөріс көзін іздейді.Бұл жағдайда мемлекет жұмыссызға жағдай жасауды өз моынына алады. Алайда жқмыссыздығы үшін берілетін жәрдемақы тауар шығарғаны, қызмет көрсеткені үшін берілген сыйақы бола алмайды, себебі жұмыссыз адам ешнәрсе шығармайды, демек елдің әл-ауқаты да жоғарыламайды.

• Жұмыссыздар санының көбеюі тауар мен қызметке сұранымды азайтады. Халықтың табысының азаюы сұраныстың азаюының бір себебі екендігін ілгеріде көрдік. Тауаоға сұраныстың азаюы өз кезегінде өндірістің кемуіне және жұмыссыздықтың одан әрі өршуіне жол ашады, себебі өндірістің кемуі жұмыс орындарының қысқарып, жалақының кемуіне әкелетін жолдың басы.Сөйтіп қоғам өзі құрған тұзаққа өзі түседі.

• Елде жұмыссыздықты саяси жағдайдың шиленісуі өршітіп жібере алады, себебі әбден ашынған халық жұмыстың, ақшаның жоқтығы діңкелеткен адамдар үкімет өзгерсе жағдайымыз жақсара ма деген үмітпен қандай да бір ереуілге, шеруге, төңкеріске қатысуға даяр тұрады.

• Жұмыссыздық қылмыс, әсіресе жастар арасында қылмыс тамырланатын ұя, себебі күнкөріс көзін таба алмаған кісі оның басқа жолдарын, көбінесе қылмыспен пайда табу жолдарын іздестіруге көшеді.

 

Date: 2015-07-24; view: 3048; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию