Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тапсырма

Тапсырма

А. атты, 25 жастағы науқас бел тұсындағы, көбінесе оң жақта тұйық ауырсынуға, дене қызуының қалтыраумен 38оС дейін көтерілумен, лайлы зәрдің бөлінуіне шағымданады. Анамнезінде – бүйрек ауруы 10 жасынан бері. Тексергенде: терісі кәдімгі түсті, периорбитальды ісінулер. Жүрек тондары анық, ырғақты, АҚҚ 130/90 мм с.б.б. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Тілі таза, ылғалды. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Белден ұрғылау симптомы оң жақта оң.

ЖҚА: Нв – 100 г/л, эр. – 3,5х1012/л, лейк. – 7,8х109/л, ЭТЖ 30 мм/сағ.

ЖЗА: түсі – ашық-сары, сал. тығыздығы – 1015, белок – 0,006 г/л; тұнбада лейк. – 8-10 к/а., эр. – 1-2 к/а., гиалинді цилиндрлер – бірне-саран, лейкоцитарлы цилиндрлер – 4-5 к/а, белсенді лейкоциттер – 60%, бактерия – ++.

Нечипоренко бойынша зәр анализі: 1 мл-де эр. 1000 в, лейк. – 3000.

Креатинин – 0,14 ммоль/л.

Бауырды УДЗ:

Оң бүйрек: өлшемі 6,2х6,5 см; паренхима қалыңдығы- 4,4 см.

Сол бүйрек: өлшемі – 12 х 7,0 см; паренхима қалыңдығы – 7,5 см.

Тостағанша-түбекше жүйесі- деформацияланған, тостағаншалар айқын емес.

Тапсырма

И атты 47 жастағы науқас күрт әлсіздікке, бас ауруына, белінің ауырсынуына, белінің ауырсынуына, бетінің, балтырлардың ісінуіне, ентігуге шағымданады. Бұл симптомдар ангинамен ауырғаннан кейін 12 күн өткенде кенеттен пайда болды. Сонымен қатар, зәрінің азаюына, түсінің қошқыл-қоңыр түске дейін өзгергенін айтады. Тексергенде: тері жабындары бозғылт, беттің, балтыр мен табанның ісінуі. Жүрек тондары анық, ырғақты, қолқада 2 тонның акценті. АҚҚ 160/100 мм.сын.бағ. ЖСЖ минутына 85 рет. Өкпеде қатаң тыныс, сырылдар жоқ. ТЖ минутына 18 рет. Тілі таза, ылғалды. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бүйректері пальпацияланбайды. Белден ұрғылау симптомы екі жағында оң.

Қан анализінде: Нв-125 г/л, эр. – 4,3 х 1012/л, лейк. 5,7х109/л, ЭТЖ 28 мм/сағ.

ЖЗА: түсі-қызыл-қошқыл, сал.тығыздығы-1030, ақуыз-3,5 г/л, лей. 4-5 к/а, эр. 100 к/а.

ҚБА: Креатинин -0,21 ммоль/л.

Шумақтық фильтрация: 40 мл/мин

Бүйректерді УДЗ:

Оң бүйрек: өлшемдері – 11,7 х 6,5 см; паренхима қалыңдығы – 9,0 см.

Сол бүйрегі: өлшемдері –12 х 8,8 см; паренхима қалыңдығы – 8,9 см.

Тостағанша-түбекше жүйесі – деформацияланбаған, тостағаншалар анық.

 

тапсырма

В. атты 43 жастағы науқас оң қабырға астындағы тұйық ауырсынуға, терісі мен шырышты қабаттарының сарғаюына, зәр түсінің қарюына, нәжістің ағаруына; айқын әлсіздікке, тәбетінің нашарлауына, лоқсуға шағымданады. Объективті: терісі иктериялы, тенар және гипотенар аймағы қызарған, гинекомастия. Жүрек тондары анық ырғақты, АҚҚ 125/80 мм с.б.б., ЖСЖ минутына 72 рет. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ, ТЖ минутына 17 рет. Тілі ашық-қызыл түсті, ылғалды. Іші жұмсақ, оң қабырға астында ауырсынады. Бауыры қабырға доғасынан 2,5 см шығып тұр, шеті доғалданған, консистенциясы жұмсақ-эластикалы, ауырсынбайды. Көк бауыры пальпацияланбайды, перкуссияда өлшемі 6х4,5 см.

ЖҚА: Нв 135 г/л, эр. – 4,5х1012/л, лейк. 3,5х109/л, ЭТЖ 22 мм/сағ.

ЖЗА: түсі – қоңыр, сал. тығ. – 1024, билирубин++; тұнбада лейк. – 2-3 к/а., эпит. жасушалар - 1-2 к/а.

БАК: жалпы билирубин 48,5 ммоль/л, тура - 21 ммоль/л тимол сынамасы - 3 бірлік, АЛТ – 1,52 ммоль/л, АСТ – 1,2 ммоль/л, сілтілі фосфатаза – 120 МЕ.

ИФА: НВeAg, анти-HВc IgM, ДНК HBV.

Іш қуысының ағзаларын УДЗ:

Бауыры: оң бөлігі – 15,3 см; сол бөлігі – 12,3 см; бауырдың контуры тегіс емес, эхоқұрылымы біртекті емес, тамырдың қабырғалары өзеріссіз, эхотығыздығы жоғарылаған.

Бауырішілік өт жолдары кеңеймеген; қақпа венасы – 1,2 см.

Көк бауыры: ауданы - 38 см2; эхоқұрылымы біртекті, контуры тегіс, эхотығыздығы қалыпты. Көк бауыр венасы – 0,8 см.

 


<== предыдущая | следующая ==>
Лечение. 1. Все больные с гастродуоденальным и кровотечениями подлежат неот­ложной госпитализации | 

Date: 2015-07-24; view: 441; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.016 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию