Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Аңдатпа





Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

 

Физика-техникалық факультеті

Жүйелік талдау және басқару кафедрасы

 

Ғылыми жоба авторы:

«Автоматтандыру және басқару» мамандығының

2 курс студенті

Аты ТЕГІ

 

Ғылыми жоба тақырыбы:

Смартфонның автоматты басқару

жүйесінің жұмысын нобайлау»

Бағыты: Нанотехнология және Роботтехника

Пәндері: «Есептеу әдістері»; «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері»

Ғылыми жетекшісі:

Дәуренбек Әзенұлы ӘУБӘКІР, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университеті Физика-техникалық факултетінің Жүйелік талдау және басқару

кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты,

философия ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттандыру

академиясының академигі, Халықаралық экологиялық қауіпсіздік

пен табиғат тұтынудың қоғамдық академиясының академигі

 

Астана – 2012/2013 ОЖ

Аңдатпа

Зерттеу тақырыбының зәрулігі. Астана қаласы № 66 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Бекжан ЖанайдарДЫҢ «Смартфонның автоматты басқару жүйесі жұмысын нобайлау» атты ғылыми жобасы қазіргі заманауи байланыс жүйелері мен компьютерлік техниканың жымдастырылып гибридті түрде біріктірілген күрделі функциялы нұсқасын зерттеуге арналған. Бүгінгі күнде адамдар ұялы телефонсыз, соның жетілдірілген нұсқасы смартфонсыз өмірлерін көз алдына елестете алмайтындай тіршілік кешуде. Дегенмен де, мемлекеттік мәртебедегі төл тіліміз шетқақпай балып, осы құралдардан тыс қалуда.

Зерттеу мақсаты. Міне осы олқылықтың орнын толтыру мақсаты межеге алынған міндет – смартфонның тілдік ортасын қазақ тілімен байыта отырып, қазақ тілділерге жағары деңгейдегі байланыс қызметін көрсету. Смартфонның қазақ тілін үйрене алмай жүрген орыс тілді отандастарымызға тигізер шарапаты да артып, олардың тілді үйренуі жеңілденбек.

Зерттеу гипотезасы. Смартфонның функциялық мүмкіндіктерінің байлығы шынымен таң қаларлықтай: өзі ұялы телефон, өзі компьютер, өзі Интернет броузері, өзі қалта блокноты, өзі ойын құралы, өзі электрондық пошта, өзі қалта және оятқыш сағаты, өзі фото және бейне камера т.т. Яғни, смартфонның тілдік құрамындағы 15-20 тілдің ішіне қазақ тілі енгізілсе, онда төл тіліміз әлемдік тілдер ортасына қосылып, мәртебесі жоғары деңгейге көтерілер еді.

Зерттеу жұмысының кезеңдері:

1-кезең: Смартфонның тарихын зерттеу;

2-кезең: Смартфондардың Қазақстанда қолданылу аясын зерделеу;

3-кезең: Смартфонның адам баласына пайдасын саралау;

4-кезең: Соңғы үлгідегі смартфонның ішкі құрылысын зерттей отырып, оған қазақ тілін енгізуге талпыныс жасау.

Зерттеу әдістемесі. Смартфонның тарихын зерттеу үшін тарихи-хронологиялық талдау әдісі қолданылды. Смартфонның Қазақстанда таралуын нарықтық жағдайды саралау әдісімен, смартфонның адам баласына пайдасын және зиянын медициналық сараптамаларды зерделеу әдісімен және де смартфонға қазақ тілін енгізуді инновациялық әдіспен зерттелді.

Ғылыми жобаның жаңалығы. Соңғы үлгідегі смартфонға қазақ тілі толықтай енгізілді. Ол енді осы аппарат үлгісінде басқа әлемдік тілдер қатарында толыққанды қолданыла алады.

Зерттеудегі автордың дербестік деңгейі. Автор жобаны бастан-аяқ өзбетімен орындады.

Ғылыми жобаның нәтижелері мен қорытындысы:

1. Смартфонның тарихы зерттелді;

2. Смартфондардың Қазақстанда қолданылу аясы зерделенді;

3. Смартфонның адам баласына пайдасы да зияны да сараланып зерттелді;

4. Соңғы үлгідегі смартфонның ішкі құрылысын зерттей отырып, оған қазақ тілін енгізуге талпыныс жасалды.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы. Жастар да үлкендер де смартфонның пайдасын игіліктеріне жаратуда. Жобада теориялық тұрғыдан маңызды зерттеулер атқарылған: күрделі құрылға қарапайым адамдарға ұғынықты бола бастады деуге болады. Енді қазақ тілі смартфонға енгізілсе, практикалық тұрғыдан үлкен жетістік болары хақ.

Зерттеу көздері. Смартфонның болмысын зерттеуде шет елдік мамандардың, нарықтағы жағдайын саралауда Ресей, Қазақстан мамандарының һәм қарапайым пайдаланушылардың пікірлері жинақталып, сараланды. Инновациялық тұрғыдан келгенде, ғылыми жетекші Д.Ә. ӘУБӘКІРДІҢ еңбектері негізге алынды.

Date: 2015-07-23; view: 917; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию