Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кіріспе





Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық академиясы

Азақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы

Тақырыбы: Қазақстанның салық жүйесі.

Орындаған: Жүсіпәлі М.

Тобы: 206 А-КДС

Абылдаған:Қаратаева Ф.М.

Шымкент – 2013 жыл

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Салық:түрлері, және оның түсінігі.

2. Қазақстан Республикасының салық жүйесі.

3. Салық жіктемесі.

4. Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері.

5. Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі.

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Салық - бүгінгі күннің өте өзекті мәселесі. Еліміздің
экономиксының өркендеп, халық тұрмысының жақсару негізінен салық үлкен роль атқарады.
Салық кодексін дайындап - жасаушылар халықтың салық мәдениеті мен кәсіборын басшыларының кәсіби деңгейін көтеріп, салық Кодексін өмірге тиімді түрде енгізіп, жүзеге асуын қадағаламайды.
Жаңа салық есептемесінің тәсілі бұрыңғы жүйеден әлде қандай тиімді. Ол салық саласы қызметкерлеріне нақты, дәл есеп жүргүзуге мүмкіндік берсе, салық төлеушінң салықшымен тікелей байланыс орнатуына жол ашады. Тиімділігі – жолай бұрмаланбай электронды құралдар арқылы тура есепке алынады.
Сондықтанда салық төлеу барысында әр түрлі келеңсіз жағдайларға (тамыр – танысқа арқа сүйеу, салық көлемін жасырып қалу т.б.) жол берілмейді.
Салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту және оны тұрақтандыру барысында экономикалық тетік ретінде пайданылады.
Салық қоғам өміріндегі орның айрықша екенін өз жұмысымызда сөз етпекпіз.
I бөлім. Салық оның түрлері және түсінігі.
1.1. Салық туралы жалпы түсінік.
Салық және басқа төлемдер деп заң актілерімен белгіленген тәртіпен шарттарға сәкес төлеушілердің бюджетке немесе бюджеттік емес қорларға міндетті түрде жасайтын жарнамалары аталады. Ұлттық табысты қайта бөлу фкторы бола отыра салықтар мына жағдайларда жүзеге асырады. Бөлу жүйесінде пайда болатын қатерлерді жоюға мүмкіндік туғызады. Адамдардың осы немесе басқа әрекеттерінің дамуын ынталандырады (немесе ынталандырмайды).
Мемлекетке түсетін салықтардың алымдардың, баждардың және басқа төлемдердің (бұдан кейін салықтар) жиынтығы және олардың құрылуын формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды.
Салық жүйесі мемлекеттің сәйкес келетін заңдылық актілеріне негізделеді. Оның арқасында салықтың құрылуының және жиналуының нақты әдістері, яғни салықтар элементтері белгіленеді.
Салықтың субъктісі немесе салық төлеуші – заң арқылы салық төлеу міндеті артылған адам. Бірақ салықтың ауыртпалығы бағалар механизмі арқылы басқа тұлғаға жүктелуі мүмкін. Сондықтан арнайы салық төлем қызметін атқарушы - салықты ақиқат төлейтін тұлға, белгіленеді.
Салықтың объектісі - салық есептелетін табыс немесе мүлік
(жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүліктер т.б.).
Табыс көзі - есебін салық төленетін табыс.
Салық ставкасы – салық салыну бірлігіне келетін салықтың көлемі (табыстардың ақша түріндегі бірлігі, тауардың өлшем бірлігі және т.б.).
Тұрақты прапорционалдық прогрессивтік салық ставкалары болды. Тұрақты ставкалар табыстар көлемінің мөлшеріне байланысыты емес, салым бірлігіне абсалюттік сомада белгіленеді.
Прапорционалдықтар - салық объектісіне, оның жіктелінуіне байланысты болмай, біркелкі проценттік қатынаста салынады.
Прогресивтік ставкалар - табыстың өсіп отыруына байланыты прогресивттік салықтың орташа ставкас өсіп отырады. Салық салуда прогресивттік ставкасы бойынша салық төлеуші табысының үлкен үлесін төлейді. Прогресивтік салықтардың зардабының үлкен табысы бар адамдар тартады.
Регрессивтік - табыстың өсіп отыруына сәйкес. Регрессивтік салықтардың үлкен табыстары барларға пайданы, ал табыстары көп емес физикалық және заңды тұлғалар үшін өте ауыр келеді.
Салық салу - бұл табысты және қайнар көздері мемлекеттік құралдарды толтыру үшін реттеуші құрал. Мемлекет пайда болысымен тарихи салық та пайда болды. Салық неше ғасыр бойы өмір сүреді, соншама экономикалық теория оптималды салық салу қағидасын іздеуді алғаш рет Адам Смит қалыптастырған.
Қазіргі заманғы салық жүйесі бірнеше қағиданы қолданады:
Ø Жалпылай, яғни табыс табатын барлық экономикалық тұлғаларды дамыту;
Ø Тұрақтылық, яғни уақытында салық мөлшері мен салық түрінің тұрақтылығы;
Ø Тең күштеу, яғни салықты салу барлық салық төлеуші үшін бірдей болуы керек;
Ø Міндеттеме, яғни салықтың мәжбүрлігі төлеммен құтқармау, салықты төлеуде және есептеуде тұлғаның дербестілігі;
Ø Әлеуметтік-әділеттілік, яғни салық мөлшері және салық жеңілдігін құру, бұл аз табысты кәсіпорынға, халыққа аяушылық ықпал жасау;
Салық жүйесі мемлекеттің заң актілерінде негізделеді, мұнда салық элементтері құралады.
Бұған кіретіндер:
1. Салық тұлғасы немесе салық төлеуші, яғни салық төлеу міндетін артырған тұлға, ол заңды және жеке тұлға бола алады.
2. Салық нысан, яғни табыс және мүлік, осылардың салық есептеу (жалақы, табыс, бағалы қағаз, қозғалмайтын мүлік).

Салық көзі – бұл қоғамның таза табысты нысандарының тәуелдігін байланысыз салық салу.
Салық мөлшері - салықтың маңызды элементті, бұл элемент салым бірлігіне байланысты салық шамасын анықтайды.
1.2. Салық түрлері.
Төлем жасау, қабілетіне байланысты салықтар тікелесі және жанама болып бөлінеді.
Тікелей салықтар төлем қабілеттігіне тікелей пропорционалды болады. Осыған жататындар:
v Азаматтарға салынатын табыс салығы және корпарациялардың (фирмалардың) пайдасына салынатын салық;
v Мүлік салығы осының ішінде меншікке (жерге, қозғалмайтын мүлікке) әлеуметтік сақтандыруға, жалақы қорына және жұмысшы күшіне (әлеуметтік жарнамалар деп аталатындар) салынатын салықтар пайданы шетелге аударған үшін салынатын салықтар;.
Жанама салықтар - бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстем жасалып алынады (мысалы акциздар). Бұлар жарым - жартылай немесе толық тауар қызметтер бағасына адарылады.
Жанама салқтардың негізгі түрлері:
ü Үстеме құнға салынған салы акциздер (тауар немесе қызметтердің бағасына қосылатын салықтар).
ü Мұрагерлік салық.
ü Жылжымайтын мүліктермен және құнды қағаздармен жасалатын келісімдерге салынатын салық және басқалар.

Date: 2015-07-22; view: 486; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию