Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Білімсіздік. Аллаһ Тағала былай деді: «Өзің білмеген бір нәрсенің соңына түспе





 

Аллаһ Тағала былай деді: «Өзің білмеген бір нәрсенің соңына түспе. Расында, құлақ, көз және жүрек - олардың барлығы одан сұралады!» («әл-Исра» сүресі, 36-аят).

Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Шын мәнінде, Аллаһ Тағала Өз құлдарынан білімді жай ғана тартып ала салмайды, бірақ Ол білімді білім иелерін алып кету арқылы алып қояды. Ал Ол бірде-бір ғалымды тірі қалдырмаған кезде, адамдар өздеріне надан жетекшілерді таңдап алады. Оларға сұрақтар қояды, ал олар білімсіз пәтуалар шығара бастайды, сөйтіп өздері де адасады, өзгелерді де адастырады!» Әл-Бухари 100, Муслим 3/737.

Имам әш-Шәтыби былай деген: “Ағымдардың пайда болудағы негіз – Сүннеттің үкімдерін білмеу болып табылады! Әрі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осыған өзінің «... адамдар өздеріне надан жетекшілерді таңдап алады» деген сөздерінде нұсқаған”. Қараңыз: “әл-И’тисам” 3/242.

‘Али ибн Әбу Талиб (Аллаһ оған разы болсын) былай деп айтқан: «Білімсіз жасалған құлшылықта қайыр жоқ, әрі дұрыс түсінігі болмаған білім де қайыр жоқ!» Әбу Хайсама “Китабул-‘илм” 144, әл-Әжурри “Әхлақул-‘улама” 45. Сенімді иснад.

Ал ‘Умар ибн ‘Абдул-‘Aзиз былай деген: «Аллаһқа білімсіз құлшылық етуші пайдаға қарағанда көбірек зиян әкеледі». Ахмад “әз-Зуһд” 365. Сенімді иснад.

 

3. Адасушылыққа бастайтын көсемдер және соқыр еліктеу (тақлид)

 

Сәубанның (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Шын мәнінде, мен өз үмметім үшін адасушылыққа салушы имамдардан қорқамын!», - деп айтқаны жеткізіледі. Әбу Дәуд, әт-Тирмизи, Ибн Мәжаһ, Ибн Хиббан, әл-Хаким. Хадистің сенімділігін имам Әбу ‘Иса әт-Тирмизи, Ибн Хиббан, әл-Хаким, хафиз Ибн Кәсир және шейх әл-Әлбани растады. Сондай-ақ мынаны қараңыз: «Сахихул-жәми’» 2316.

Зияд ибн Худайр былай деп баяндайтын: “Бір күні ‘Умар ибн әл-Хаттаб менен: «Исламды не бұзатынын білесің бе?», – деп сұрады. Мен: «Жоқ», - дедім. (Сонда) ол: «Оны ғалымдардың қателіктері, екіжүзділердің Аллаһтың Кітабы жөніндегі талас-тартыстары және адасушылыққа салушы имамдардың шешімдері бұзады», - деді”. Әд-Дәрими 1/71. Жақсы иснад.

Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Қиямет Күнінің белгілерінің бірі – білім (жасы) кішілерден алынатын болады». Ибн әл-Мубарак 61, әт-Табарани 908. Хадистің сенімділігін хафиз ‘Абдул-Ғани әл-Мәқдиси мен шейх әл-Әлбани растады. Қараңыз: “әс-Силсила әс-сахиха” 695.

Ибн Мәс’уд (Аллаһ оған разы болсын): «Ешқайсыларың өз дініндеріңде ешкімге соқыр түрде еліктемеңдер, өйткені егер әлгі кісі иман келтірсе, сендер де иман келтіресіңдер, ал әлгі кісі күпірлікке түссе, сендер де күпірлікке түсесіңдер! Ал егер сендерге соқыр түрде еліктеуге тура келсе, онда қайтыс болып кеткендерге еліктеңдер, өйткені, ақиқатында, тірі адам азғырылудан аман емес!», - деген. Әбу Дәуд “әз-Зуһд” 140, Әбу Ну’айм “әл-Хилья” 1/136. Сенімді иснад.

Имам әш-Шәтыби былай деп айтқан: «Адамдардың проблемалары олар ғалым деп санайтын надандардың (жәһилдердің) кесірінен туындайды». Қараңыз: “әл-И’тисам” 1/145.

Имам Әбу Шәма былай деген: «Көбінесе адамдар белгілі бір адамды білімге ие әрі тақуа деп есептегендігі себепті бидғатқа түсіп жатады, ал ол адам іс жүзінде олай болып табылмаса. Әрі мұндай адамдар оның сөздері мен амалдарына қарап, осыда оған ере бастайды да, сонысымен өз амалдарын бұзады!» Қараңыз: “әл-Мә’рифа уа-ттарих” 1/670.

Имам Ибн Батта былай деп айтқан: «Ақиқатында, мен адамдардың қалай өзгеріп кеткенін, әуестіктері оларды қалай билеп алғанын, олар Сүннетті қалай бұрмалап жібергенін және дінді қалай ауыстырғанын, әрі осы оларды бөлінуге алып келгенін көрудемін. Олар өз жүректеріне соқырлықтың есігін ашып берді, Аллаһтың Кітабын арттарына лақтырды, адасушылыққа салатын надандарды өз істерінде мырза етіп сайлап алды, ал мұның барлығы оларға Раббыларынан білім келгеннен кейін орын алды! Олар өздері мәлімдейтін нәрселеріне қатысты тартысады, өз жорамалдарының негізінде куәліктерді теріске шығарады, жалаға сүйенеді және Құранда тікелей нұсқауы жоқ әрі бірауызды келісім де жоқ нәрселерде білімге ие болмаған біреулерге өз дінінде соқыр түрде еліктейді! ” Қараңыз: “әш-Шарх уәл-Ибана” 1/29.

Date: 2015-07-22; view: 496; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию