Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бидғатшылардың еңбектерін оқудың, үнтаспаларын тыңдаудың және сайттарына кірудің қауіптілігі туралы





Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ‘Умар ибн әл-Хаттабтың қолында Кітап иелері жазған парақшаларды көргенде, қатты ашуланып, оған былай деп айтқаны жеткізіледі: «Сен не, әй, әл-Хаттабтың баласы, менің алып келген нәрсеме қатысты күдіктесің бе?! Олардан (Кітап иелерінен) еш нәрсе сұрамаңдар, себебі олар бір ақиқатты айтып, ал сендер оны жалған деп есептеулерің мүмкін, немесе олар бір жалғанды айтып, ал сендер оны ақиқат деп санауларың мүмкін. Әрі Аллаһпен ант етемін, тіпті егер Мұса Пайғамбардың өзі біздің арамызда болғанда, ол мен ұстанған нәрсеге ілесуге міндетті болар еді!» Ахмад 3/378, 471, әд-Дәрими 2/371. Шейх әл-Әлбани хадисті жақсы деді.

Ибн Баз басқарған Тұрақты Комитет ғалымдарына «Інжілді (Евангелие) оқудың үкімі қандай?» деген сұрақ қойылды. Олар былай жауап берді: «Аллаһ Тағала хабарлағандай, көктен түсірілген бұрынғы Кітаптар бұрмалауға және қоспалар енгізуге ұшыраған. Сондықтан мұсылман адамға ондай кітаптардан қандай да бір нәрселерді оқуға рұқсат етілмейді, тек егер ол осы Кітаптардағы бұрмалаулар мен қарама-қайшылықтарды түсіндіріп бергісі келетін бекем білімге ие адам болмаса ғана». Қараңыз: “Фәтауа әл-Ләжна” 3/311.

Имам Мәлик былай дейтін: «Өз әуес-қалауларын жақтаушылардың, бидғатшылардың және жұлдыздарға қарап бал ашатындардың кітаптарынан қандай да бір нәселерді рұқсат етуге болмайды!» Қараңыз: “Жәми’ әл-бәян әл-‘илм” 416

Имам әл-Мәруази былай баяндайтын: “Бірде мен Әбу ‘Абдуллаһқа (имам Ахмадқа): «Сөгіс білдірілетін нәрселер жазылған бір кітапты кездестірдім. Қалай ойлайсыз, оны өрттеп жіберу керек пе?», - дедім. Сонда ол: «Иә!», - деп жауап берді”. Қараңыз: “әл-Әдәб әш-шәр’ия” 1/229.

Бір күні Әбу Зур’адан өз заманының атақты қиссашысы – Харис әл-Мухасаб пен оның кітаптары туралы сұраған кезде, ол: “Ол кітаптардан сақ бол! Бұл кітаптар бидғат пен адасушылық болып табылады. Сәләфтардан жеткен хабарларға еріңдер, ақиқатында, ол хабарларда бұл кітаптарға жүгінбеу үшін жетіп асатын нәрселер бар!”, – деді. Оған: “Бірақ бұл кітаптарда ғибрат бар ғой”, – деген кезде, ол: “Кім үшін Аллаһтың Кітабында ғибрат болмаса, оған осы кітаптарда да өсиет болмайды!”, – деп жауап берді. Содан соң ол: “Адамдар нендей тез бидғатқа қарай ұмтылады!”, - деді. Қараңыз: “әс-Сияр” 13/99, “әл-Әнсаб” 4/99.

Сөз етіп жатқан нәрсемізге сондай-ақ мысал ретінде имам әл-Ғазалидің «Ихья ‘улюм әд-дин» (Діни ғылымдардың жаңғыруы) атты танымал кітабын келтіруге болады. Бұл едәуір пайдалы еңбек, оның ішінде Құран аяттары, хадистер мен сәләфтардың сөздері келтірілген. Әрі осы еңбектің пайдалы болуы себепті көптеген ғалымдар оған түсіндірмелер жазған, аталмыш еңбекті ықшамдаған, онда келтірілген хадистердің, хабарлардың сенімділігін тексерген.

Алайда, бұған қоса, осы кітаптың ішінде көптеген адасушылықтар бар болатын! Имам әз-Зәһаби осы кітаптың қателіктерін әшкерелеп, одан сақтандырған көптеген имамдардың сөздерін келтірген. Мысалы, имам әл-Жәузи әлгі кітап туралы былай дейтін: “«Әл-Ихья» кітабына келер болсақ, оның ішінде ғалымдардан басқа ешкім білмейтін көптеген қателіктер бар! Сол қателіктердің ең кішісі – онда өтірік хадистердің болуы”.

Имам әт-Туртуши, әл-Мәзири мен шейхул-Ислам Ибн Тәймия сынды ғалымдар да аталмыш кітапта әдеп пен зуһдтық туралы айтылған көптеген пайдалы сөздерден басқа, таухид (бірқұдайшылық) пен пайғамбарлыққа қатысты көптеген философиялық көзқарастар, көп сопылық ойлар мен сопы ғалымдарының дәйексөздері, көптеген өтірік, әлсіз хадистер және т.б. нәрселер келтірілгендігін айтқан. Қараңыз: “әс-Сияр” 3/327-338, “Мәжму’ул-фәтауа” 10/55.

Шейх Ибн ‘Усаймин былай дейтін: “Бидғатшыларды бойкот жасау (әдістерінің) құрамына азғырудан қауіптеніп олардың кітаптарын оқуды тастау және оларды адамдардың арасында таратпау жатады! Адасушылық орындарынан алыс болу міндетті болып табылады, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кімде-кім Дәжжалдің шыққанын естісе, одан қашсын, өйткені Аллаһпен ант етейін, адам өзін мүмін деп есептеп оған келеді де, содан соң оның тарататын күмәндары себепті оған ілесіп кетеді». Алайда, егер бидғатшылардың кітаптарын оқудың себебі олардың адасушылығын біліп, оларды теріске шығару үшін болса, онда бұның дұрыс ақидаға ие әрі оларды теріске шығара алатындай адам үшін ешқандай проблемасы жоқ. Тіптен, мұндай нәрсені істеу міндетті болуы да мүмкін, өйткені бидғатты теріске шығару – парыз, ал онсыз парызға жету мүмкін болмайтын нәрсе де парыз!” Қараңыз: “Шәрх Люм’а әл-и’тиқад” 159-160.

Шейх Салих әл-Фаузанға «Бидғатшылардың кітабын оқып, олардың үнтаспаларын тыңдаудың шынайы үкімі қандай?» деген сұрақ қойылды.

Шейх былай деп жауап берді: “Бидғатшылардың кітартарын оқып, олардың үнтаспаларын тыңдауға болмайды, тек егер мұны олардың қателіктерін әшкерелеп, адасушылығын түсіндіргісі келген адам істемесе ғана. Ал қарапайым адам мен білім ізденуші студент, немесе бидғатшыларға қарсы жауап қайтару үшін емес, керісінше жай біліп алу үшін ғана оқитын кісіге келер болсақ, оларға бұны оқуға тыйым салынады! Оның оқығаны жүрегіне әсер етіп және сол жамандық оның істерінде көрінуі мүмкін ғой! Сондықтан да адасқандардың кітаптарын мұны теріске шығаратын және (адамдарды) олардан сақтандыратын білім иелерінен болған мамандардан басқа, ешкімге оқуға рұқсат етілмейді!” Қараңыз: “Фәтауа фи-ссияса” 18.

 

Ашық бидғат жасап және оған шақырған адам қалай тәубе ету керек?

 

Бүкіл ғалымдар тәубе етудің үш шарты бар екеніне бірауызды келіскен. Әлгі күнәсін тоқтату, істеген күнәсі үшін Аллаһтың алдында шынайы өкіну, әлгі күнәні ешқашан жасамаймын деп бел байлау. Алайда бидғатарды немесе басқа күнәларды ашық жасаған немесе сол күнәларды рұқсат етілген деп жариялаған, немесе бидғат жасау арқылы басқа адамдарды адасушылыққа түсірген әрбір адам тәубенің тағы бір шартын орындауы қажет: ашық түрде тәубе етуі, істеген ісі адасушылық және күнә екенін жұртқа түсіндіруі тиіс! Бұған дәлел Аллаһ Тағаланың мына сөздері: «Расында, Біз ап-ашық үкімдерді әрі тура жолды Кітапта адамдарға баян еткеннен кейін оларды жасырғандарға Аллаһ лағынеттейді әрі бүкіл лағынет етушілер лағынеттейді. Бірақ тәубе еткендер, істегендерін түзеткендер және шындықты баян еткендер басқа. Мен солардың тәубелерін қабыл етемін, өйткені Мен - ерекше Мейірімдімін» («әл-Бақара» сүресі, 159-160 аяттар).

Шейхул-Ислам Ибн Тәймия былай деп айтқан: «Кім күнәні жасырын істесе, жасырын тәубе етсін және ол өз күнәсі туралы жариялап айтпауы керек. Ал егер Аллаһтың құлы күнәні жария істесе, онда ол тәубесін де жария істеуге міндетті». Қараңыз: “Мәжму’ул-фәтауа” 15/302.

Шейх Ибн әл-Қайим былай деп айтқан: «Бидғатқа шақырған кісінің тәубесінің шарттарының бірі – ол сол адасушылық пен бидғатты түсіндіріп беруі және тура жолға нұсқауы қажет!» Қараңыз: «‘Уддату-ссабирин» 93.

Хасан ибн Шақық былай деген: “Бірде біз Ибн әл-Мубаракпен бірге болған кезде, оған бір кісі келді. Ибн әл-Мубарак оған: «Сен әлгі жәһмисің бе?!», - деді. Ол: «Иә», - деді. Сонда Ибн әл-Мубарак: «Менің қасымнан кет, әрі ешқашан қайтып келме!», - деді. Әлгі кісі: «Мен тәубе еттім ғой!», - деді. Бұны естіген Ибн әл-Мубарак: «Сенің бидғатың қандай айқын болған болса, тәубең де тура солай айқын болмайынша - жоқ!», - деді” Ибн Батта “әл-Ибана әс-суғра” 154.

 

 

Исламда жақсы бидғат (бид’а хасана) жоқ екендігі туралы

және олардың күмәнді дәйектеріне қарсы жауап

 

Егер оқырман осы тарауға дейін мұқият оқып шыққан болса, Аллаһтың қалауымен, ол «Исламда жақсы бидғат бар ма?» деген сұрақтың жауабы сөзсіз «Егер бұл ақидаға және ғибадаттың рәсімдік түрлеріне қатысты болса, онда Исламда жақсы бидғат деген жоқ» деген жауап болатынын анық түсінеді.

Алайда, бидғат пен әуес-қалаулардың жақтаушыларында Исламда жақсы бидғат бар дегенге бірнеше күмәнді дәйектері бар, әрі олар осылайша діннің түрлі салалары мен мәселелеріндегі өз адасушылықтары мен бидғаттарын ақтауға тырысады. Суфьян әс-Сәури: «Әдемі етіп көрсетілмеген адасушылық жоқ!», - деп, ақиқатты айтқан. Қараңыз: “әл-Хужда фи баян әл-мәхажа” 2/484.

Яғни кез келген адасушылық дәлел және негіздеме сияқты бір нәрсеге ие болады: ол әлсіз немесе ойдан тоқылған хадистер; немесе шариғат талап ететіндей етіп түсіндірілмеген сахих хадистер; немесе діннің белгілі бір саласында ақиқаттан ауытқыған қандай да бір имамдардың сөздері болуы мүмкін.

Аллаһ Тағаланың рұқсатымен осы мәселені жан-жақты қарастырып, Исламда жақсы бидғат бар дейтіндердің дәлелдерін талдайық:

 

Кім Исламда қандай да бір жақсы әдет бастаса, сол өзінің сауабына және одан кейін осыны істейтіндердің сауабына ие болады, ал бұл олардың сауабын еш кемітпейді» деген хадис.

Исламда жақсы бидғат бар дейтіндердің ең басты дәйегін талдаудан бастайық, ол танымал хадис: «Кім Исламда қандай да бір жақсы әдет бастаса, сол өзінің сауабына және одан кейін осыны істейтіндердің сауабына ие болады, ал бұл олардың сауабын еш кемітпейді». Муслим 1017.

Шейх Сыддиқ Хасан Хан осы хадиске байланысты былай деген: “Кейбіреулер осы хадиске және осыған ұқсас хадистерге «дінге жақсы жаңалық енгізуге болады» дегенге дәлел ретінде сүйенген! Алайда бұл хадисте олардың сөздерін растайтын ешқандай дәлел жоқ, өйткені хадистегі «сунна хасана» сөзі кісінің қандай да бір жаңа, ешқандай негізі жоқ амалды емес, заңдастырылған Сүннеттке негізделген, Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бастау алатын амалдарды істеуді білдіреді”. Қараңыз: “әс-Сираж әл-уәххаж” 10/420.

Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы хадисте не туралы айтқанын түсіну үшін, хадисті толығымен келтіру керек: Жәрир ибн ‘Абдуллаһ былай деп баяндаған: “Бірде сәске кезінде біз Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жанында болғанымызда, оған жартылай жалаңаш кісілер келді, олар үстілеріне бастары өтетін (жаға іспеттес) тесіктер жасап алған жүн матаның ала жыртыстарын киіп алған және белдеріне қылыштарын байлап алған болатын. Олардың көпшілігі, бәлкім, барлығы да мудар руынан еді. Олардың қатты мұқтаждығын көрген кезде, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түрі бұзылып, ол өз бөлмесіне кіріп кетті. Содан соң бөлмесінен шығып, Біләлға азан шақыруды бұйырды, Біләл азан шақырып, кейін қамат айтты. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы намазды орындады да, кейін адамдарға қарап құтпа айта бастап, былай деді: «Әй, адамдар! Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан және одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ерлер мен әйелдерді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар! Сол арқылы өзара сұрасқан Аллаһтан және туыстық қатынастарды (үзуден) қорқыңдар. Шынында, Аллаһ – сендерді Бақылаушы!» («ән-Ниса» сүресі, 1-аят). Одан кейін “Хашр” сүресінің соңғы аяттарының бірін оқыды: «Әй, иман келтіргендер! Аллаһтан қорқыңдар! Әрі әркім ертеңі үшін не дайындағанына қарасын» («әл-Хашр» сүресі, 18-аят). Содан кейін: «Кісі өз динарын, немесе дирхамын, немесе өз киімін, немесе бір са’ бидай, немесе бір са’ құрма.., - деп айта бастады да, - ...немесе құрманың жартысын садақа етсін», - дегенге дейін жалғастырды. Осыдан соң ансарлардан болған бір кісі әрең көтеретіндей ауыр болған күміс толған әмиян алып келді, ал ол кісіден кейін басқалар да бірінен соң бірі (садақаларын беріп) оған ілесті. Ақыр-аяғында мен жерде екі үйінді (зат) жиналғанын көрдім – (олардың) біреуі тамақ, екіншісі киім болатын. Мен сондай-ақ Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жүзі алтын апталғандай жайнап кеткенін де көрдім. Сөйтіп ол былай деді: «Кім Исламда қандай да бір жақсы әдет бастаса, өзінің сауабына және одан кейін осыны істейтіндердің сауабына ие болады, ал бұл олардың сауабын еш кемітпейді. Ал кім Исламда жаман әдет бастаса, сол өз күнәсінің және өзінен кейін сол істі істегендердің күнәларының ауыртпашылығын көтереді, ал бұл олардың күнәларының ауыртпалығын еш азайтпайды!» Муслим 1017.

Хадисті толықтай білгеннен кейін, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «жақсы әдет» деген сөзбен не айтқысы келгені бізге айқын болады. Бұл жерде Исламда бекітілген белгілі бір ізгі амал істеген кісі туралы әрі осы ізгі амалында оның артынан басқалар ергендігі, яғни Сүннетті тірілткен адам туралы сөз болуда. Әрі аталмыш хадисте әртүрлі бидғаттар туралы емес, Исламда заңды етіп бекітілген және шариғи негізге ие садақа туралы сөз болды. Себебі, хадисте: «Осыдан соң ансарлардан болған бір кісі әрең көтеретіндей ауыр болған, күміс толған әмиянын алып келді, ал ол кісіден кейін басқалар да бірінен соң бірі (садақаларын беріп) оған ілесті», - делінген. Яғни әлгі ансар кісі Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) міскін мұсылмандарға садақа беру туралы жасаған үндеуіне ең алғаш болып құлақ асқан адам болды, содан кейін оның өнегесіне басқа мұсылмандар да ере бастады. Сондықтан осыдан кейін Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім Исламда қандай да бір жақсы әдет бастаса, өзінің сауабына және одан кейін осыны істейтіндердің сауабына ие болады, ал бұл олардың сауабын еш кемітпейді», - деді.

Сонымен қатар «жақсы әдет» дегеннің астарында Сүннет амал істеу туралы сөз болып жатқаны Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген осыған ұқсас келесі хадистен де түсініледі: “Бірде Аллаһ Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір кісі келіп, ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарды оған садақа беруге үндей бастады. Біреу: “Менде мынадай және мынадай нәрселер бар”, - деді. Әрі сол мәжілісте ол кісіге азды-көпті садақа бермеген бірде-бір адам қалмады. Содан соң Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Кім бір жақсы нәрсе бастаса, әрі оған осыда өзгелер де ерсе, сол толық сауап әрі ізінен ергендердің сауаптарын да алады, ал бұл олардың өз сауаптарын азайтпайды. Ал кім жаман нәрсе бастаса және оған осыда өзгелер ерсе, сол осы үшін толық жауапкершілікті әрі өзіне ілескендердің жауапкершілігін де көтереді, ал бұл оларыдың өз күнәларын еш азайтпайды» ”. Ибн Мәжаһ 204. Хадистің сенімділігін хафиз әл-Бусайри мен шейх әл-Әлбани растады.

Сөйтіп, Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дінге ешқандай жақсы жаңалық енгізуге рұқсат бермегені айқын болды әрі бұл хадисте бұған ешқандай дәлел жоқ.

Біріншіден, «мән сәнна сунна хасана» (кім жақсы әдет бастаса) деген тіркестегі «сунна» сөзі шариғи емес, тілдік мағынада қолданылып тұр. Яғни аталмыш хадистегі «сунна» сөзі «әдет», «жол», «іс» дегенді білдіреді. Осы хадистегі «сунна» сөзі шариғи мағынада қолданылуы мүмкін емес, себебі - егер олай болғанда, онда бұл «Исламда жаман Сунна да бар» дегенді білдірер еді, өйткені «мән сәнна сунна сайиа» (кім жаман әдет қалыптастырса) деген тіркес «Исламда жаман Сунна да бар» дегенді білдірер еді, өйткені бұл сөздер «кім жаман Сунна бастаса» деген мағынада түсінілер еді. Міне, осы себепті бұл тіркестердің жалғыз дұрыс түсінігі «жақсы өнеге» және «жаман үлгі» дегенде!

Екіншіден, сәләфтар мен әуелгі имамдардың бірде-біреуінен олар хадистегі «жақсы амал (әдет)» деген сөз жақсы бидғат (бид’а хасана) деп түсінгені туралы хабар жеткізілмеген.

Үшіншіден, қарастырып жатқан хадистен ешкім дінде ешқандай жаңа бір нәрсе істемегенін түсінеміз, керісінше әлгі сахаба тек садақа берді және оған басқалар ерді. Сөйтіп көптеген имамдар, мысалы, имам әл-Ләлакаи өзінің «Шарх усул әл-и’тиқад» кітабында, осы хадисті «Сүннетті тірілткеннің сауабы туралы» деген тарауларда келтірген.

Аталмыш хадис пен соған ұқсас хадистердің мағынасын мына бір хадис керемет түсіндіріп береді: «Адамдар менің Сүннетімді өлтіргеннен кейін оны тірілткен кісіге сол Сүннетті істеген бүкіл адамдардың сауабына тең сауап беріледі, әрі олардың да сауаптары түк азаймайды! Ал бидғат енгізген адам сол бидғаттың күнәсін әрі сол бидғатты істеген бүкіл адамдардың күнәларының ауыртпалығын арқалайды!» Ибн Мәжаһ 209, әт-Тирмизи 2677. Хадистің сенімділігін имам Әбу ‘Иса әт-Тирмизи, имам әл-Бәғауи, шейх Ибн Хәжар әл-Хайтами және шейх әл-Әлбани растады. Қараңыз: “Сунан әт-Тирмизи” 3/128, “Шарх әс-Сунна” 1/198, “әз-Зәуажир” 1/98, “Сахих «Сунан» Ибн Мәжаһ”.

Шейх Сыддиқ Хасан Хан талқыланып жатқан хадиске қатысты имам ән-Нәуауидің бидғат бес түрлі болады (уәжиб, мустахаб, харам, мәкруһ және мубах) деген сөздерінен кейін: «Бұл хадисте (бидғатты) өстіп жіктеуге ешқандай нұсқау жоқ! Шын мәнінде, осы хадисте айтылған адамдар жаңадан еш нәрсе істеген жоқ, тек Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өнегесіне ғана ерді. Әрі бидғат бес түрге бөлінетініне ешқандай дәлел жоқ. Ал кім бидғаттың осындай бөлінуі туралы пікірге ілескен болса, осынысына ешқандай дәлел әкелмепті!», – деді. Қараңыз: “әс-Сираж әл-уәххаж” 3/565.

Шейх Сафийю-р-Рахман әл-Мубаракфури «мән санна Сунна хасана» деген сөздерге қатысты былай деді: “Яғни кім әлгі күміс толған әмиянын алып келіп, басқаларға үлгі болған кісі сияқты өзгелерден бұрын жақсы іс бастаған болса, сол. Ал әлгі кісінің ісі жақсы болғанына қатысты айтар болсақ, онда бұл діннен белгілі. Әрі хадистің мағынасы – дінде белгілі болмаған бір нәрсені енгізген біреудің енгізген нәрсесі жақсы дегенде емес, өйткені дінде жақсы екендігі белгісіз болған нәрсе ешқашан жақсы бола алмайды! Сондай-ақ бұл кейбіреулердің ілесетін бидғатты жақсы және жаман деп бөліп қарастырудың жарамсыз екенін көрсетеді. Расында, кез келген бидғат – бұл адасушылық! Және бұл жерде екеуінің біреуі болуы мүмкін: егер бұл іс жақсы болса, ол бидғат болуы мүмкін емес, ал егер бұл іс бидғат болса, ол ешқашан жақсы бола алмайды, тіпті біреуге жақсы болып көрінсе де! Мысалы, намаз – өте жақсы іс, бірақ парыз намаздардағы бекітілген ракағат санын көбейту – өте жаман іс, мұндайды істеген адам тәубе етуі тиіс. Сондай-ақ «Мұхаммед – Аллаһтың елшісі» деген сөз – өте жақсы сөз, бірақ осы сөздерді азанның соңынан қосу – өте жаман нәрсе, мұндайды айтқан адам тәубе етуі тиіс. Әрі бүкіл жақсы істердегі үкім осындай, өйткені шариғат нұсқаған нәрсе ауыстырылмайды, көбейтілмейді және азайтылмайды. Және шариғатқа сәйкес келмеген нәрсе «жақсы» деп айтылмайды!” Қараңыз: “Миннатул-мун’им фи шарх «Сахих» Муслим” 2/105.

Шейх Ибн ‘Усаймин талданып жатқан хадиске қатысты былай деді: “«Кім Исламда бір жақсы әдет бастаса» деген сөзді айтқан (Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «Кез келген бидғат – бұл адасушылық», - деп те айтты. Әрі ең шыншыл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздерінің арасында қарама-қайшылық болуы мүмкін емес болғандай, оның бір сөзі екінші бір сөзін теріске шығаруы да мүмкін емес!

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім жақсы әдет бастаса», - деді, «Кім бидғат енгізсе», - деген жоқ. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Исламда жақсы әдет бастаса», - деді, ал бидғат Исламнан емес. Және ол: «..жақсы...», - деді, ал бидғат жақсы емес”. Қараңыз: «әл-Ибда’ фи кәмал әш-шәр’» 19-20.

 

Мұсылмандар жақсы деп есептейтін нәрсе Аллаһтың алдында да жақсы. Ал мұсылмандар жаман деп есептейтін нәрсе Аллаһтың алдында да жаман!”, - деп айтылатын хадис

 

Исламда жақсы бидғат бар дейтіндер дәлел ретінде Әнастан жеткен «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Мұсылмандар жақсы деп есептейтін нәрсе Аллаһтың алдында да жақсы. Ал мұсылмандар жаман деп есептейтін нәрсе Аллаһтың алдында да жаман!”, - деп айтты» деген хабарды да келтіреді.

Біріншіден, бұл хадис Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен хадис емес және бұны хадистерден хабары жоқ кісілерден басқа ешкім Пайғамбардан жеткізілген деп айтпаған! Бұл Ибн Мәс’удтың (Аллаһ оған разы болсын) сөзі болып табылады: «Мұсылмандар жақсы деп есептейтін нәрсе Аллаһтың алдында да жақсы. Ал мұсылмандар жаман деп есептейтін нәрсе Аллаһтың алдында да жаман!» Ахмад 1/379, әт-Таялиси 23, әл-Бәззар 130. Сенімділігін имам әз-Зәһаби, хафиз Ибн Хәжар, имам әс-Сахауи, хафиз Ибн ‘Абдул-Һади, шейх Ахмад Шәкир және шейх әл-Әлбани растады.

Ханафи мәзһабының танымал ғалымы хафиз әз-Зәйла’и былай деп айтқан: «Бұл хадистің Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеткізілетін түрі – бөтен (ғариб), әрі мен оның тек Ибн Мәс’удтан жеткенін ғана таптым». Қараңыз: “Нәсбу-ррая” 4/133.

Хафиз Ибн ‘Абдул-Һади былай деген: «Бұл хабар Әнас сөзінен Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сенімсіз иснадпен жеткен, ал дұрысы – бұл Ибн Мәс’удтың сөзі». Қараңыз: “Кәшф әл-хуффа” 2/188.

Шейх Ибн әл-Қайим былай деген: «Бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөзі емес, бұны оған хадис білімінен хабарсыз біреу теліген! Алайда бұл сенімді түрде Ибн Мәс’удтан жеткен». Қараңыз: “әл-Фурусия” 61.

Екіншіден, тіпті егер Исламда жақсы бидғат бар дейтіндер бұл хабар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадисі емес, Ибн Мәс’удтың сөзі дегенге келісіп, бірақ сонда да оны дәлел ретінде пайдалануға талпынса да, бұл хабарда олардың пікіріне бәрібір дәлел жоқ. Мұның келесідей бірнеше себептері бар:

Осы жерде «мұсылмандар» дегенде Ибн Мәс’уд сахабаларды меңзегенін аталмыш хабардың толық нұсқасы жақсылап ашып береді: «Ақиқатында, Аллаһ Тағала Өз құлдарының жүректеріне қарап, олардың арасынан Мұхаммедтің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жүрегін ең жақсы деп тапты да, содан соң оны Өзі үшін таңдап, Өзінің елшілігімен жіберді. Содан соң Аллаһ Мұхаммедтің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жүрегінен кейін (басқа) құлдарының жүректеріне қарап, олардың арасынан сахабалардың жүректерін ең жақсы деп тапты да, оларды Өзінің пайғамбарына (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көмекші етті! Мұсылмандар жақсы деп есептейтін нәрсе Аллаһтың алдында да жақсы, ал мұсылмандар жаман деп есептейтін нәрсе Аллаһтың алдында да жаман!» Ахмад 1/379, әл-Әжурри 1204.

Ал әл-Хакимнің нұсқасында «Мұсылмандар жақсы деп есептейтін нәрсе Аллаһтың алдында да жақсы, ал мұсылмандар жаман деп есептейтін нәрсе Аллаһтың алдында да жаман деген сөздерден кейін, Ибн Мәс’уд былай дейді: “Және бүкіл сахабалар Әбу Бәкр халифа болуы керек деп есептеді”.

Міне, осылайша, Ибн Мәс’удтың бұл сөздері сахабаларға қатысты айтылғаны анық болды, әрі олар дінде түрлі бидғаттар ойлап тауып, оларды жақсы амал деп есептеген бидғатшыларға қатысты емес.

Бірақ тіпті егер Ибн Мәс’удтың осы сөздері тек сахабаларға ғана емес, бүкіл мұсылмандарға қатысты деп ұйғарған жағдайдың өзінде де, бұл хабарда олардың пікіріне ешқандай дәлел жоқ. Осы хабарда Ибн Мәс’уд мұсылмандардың нақты бір саны туралы сөз етіп тұр ма, әлде жалпы бүкіл мұсылмандар туралы айтып тұр ма?! Әрине, бүкіл мұсылмандар туралы, олардың көпшілігін де, азшылығын да ерекшелемей айтып тұр. Әрі осы себепті де Ибн Мәс’удтың осы хабарын көптеген имамдар бірауызды келісімнің (әл-ижма’) дәлел екеніне айғақ ретінде келтірген. Танымал ханафи ғалымы Имам әл-‘Изз ибн ‘Абду-с-Сәлам былай деп айтқан: «Егер осы хабар сенімді болса, онда «мұсылмандар» дегенде бірауызды келісім меңзелуде». Қараңыз: “Фәтауа әл-‘Изз” 1/42.

Имам Ибн Қудама былай деген: «Бұл хабар ижма’ дәлел екеніне дәлел болып табылады». Қараңыз: “Раудату-ннәзыр” 86.

Шейх Ибн әл-Қайим былай деп айтқан: «Бұл хабарда мұсылмандар бір нәрсені жақсы деп, пікірлері бір жерден шықса, ол нәрсе Аллаһтың алдында да жақсы болып табылатынына нұсқау бар. Бірақ бұл хабарда кейбіреулердің пікірі дәлел болатынына нұсқау жоқ!» Қараңыз: “әл-Фурусия” 60.

Сондай-ақ аталмыш хабарды хафиз әл-Хайсами, Шейхул-Ислам Ибн Тәймия, хафиз Ибн Кәсир және басқалар да ижмаға дәлел ретінде қолданған. Қараңыз: “Кәшф әл-әстар” 1/81, “Минһажу-с-Сунна” 1/166, “әл-Бидая уә-ннихая” 10/328.

Қалай басқаша болуы мүмкін?! Өйткені Мұхаммедтің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бүкіл үмметі бірауызды келіскен нәрсе адасушылық болуы мүмкін емес?! Ибн ‘Умар мен Әнастан (Аллаһ оларға разы болсын) жеткен хадисте Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Расында, Аллаһ Тағала Мұхаммедтің үмметін толығымен адасу үстінде жинамайды!» Ахмад 5/145, Ибн Мәжаһ 3950, әл-Хаким 1/115. Хадистің сенімділігін хафиз әс-Суюты мен шейх әл-Әлбани растады.

Жақсы бидғаттың бар екенін бар ынта-жігерімен дәлелдеуге тырысатындар Ибн Мәс’удтың (Аллаһ оған разы болсын) дәл осы сөзін дәйек ретінде алып, бірақ осы орайда оның кез келген кішігірім бидғат көріністерін қатал сөгетін ондаған сөздеріне назар аудармайтыны таң қалдырады. Ибн Мәс’уд былай демеп пе еді: «(Сүннетке) ілесіңдер және бидғат ойлап таппаңдар, өйткені сендерге (Сүннет) жеткілікті! Әрі әрбір бидғат адасушылық болып табылады!» Ибн Нәср “әс-Сунна” 28, Ибн Уәддах «әл-Бида’» 43. Сенімді иснад.

 

Date: 2015-07-22; view: 293; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию