Дәріс 11 ЭЕМ процессорлары
Процессор – ЭЕМ құрылғысы, ақпаратты берілген алгоритмге сәйкес түрлендіруге арналған.
Жіктелуі.
1. тағайындалуы бойынша:
- әмбебап – Басқаруды реттеу және барлық ЭЕМ-ді бақылау үшін белгіленген (орталық процессор – СРИ);
- мамандандырылған – тапсырманың белгілі бір класын (бір тапсырманы) шешуге арналған.
2. ішкі жұмысы бойынша:
- конвейерлік типті – конаейерлерді ұйымдастырудың екі типі болуы мүмкін:
* процессор орындайтын операциялар топтарға біріккен, операцияның әр тобын орындау үшін жеке блок болады. Блоктар бір-бірімен тізбектей орналасқан және конвейер түзеді;
* ЭЕМ-нің бір типті процессорлары конвейерге ұйымдастырылған (АС-те – 2 конвейер);
- векторлық типті – бір программа бойынша бір мезгілде бірнеше параметрлерді өңдеуге мүмкіндік береді;
- ассоциативтітипті – символдық ақпараттың үлкен массивін өңдеуге арналған (АЕСҚ негізінде құрылған).
Қазіргі компьютерлерде процессор құрамына арифметикалық-логикалық құрылғылар (АЛҚ) және орталық басқару құрылғысы (ОБҚ) кіреді.
Процессордың жалпылама құрылымдық сұлбасы
– сурет. Процессордың жалпы құрылымдық сұлбасы
АЛҚ – арифметикалық-логикалық құрылғы;
ОБҚ –орталық басқару құрылғысы:
СБ – синхрондау блогы;
КББ – команданы басқару блогы;
ОББ –операцияны басқару блогы;
БР – басқару регистрлері:
- Программаның күй сөзі (органдар регистрі);
- регистр/командалар санағышы;
- маскалар регистрі және т.б.;
ӨЖЖЕСҚ (стек);
ЖББ – жадымен байланысу блогы.
Арифметикалық-логикалық құрылғы.
Мыналарды орындауға арналған:
- арифметикалық операцияларды;
- логикалық операцияларды;
- жылжыту операциясын;
- алфавитті-цифрлық өрістермен операциялар.
Жіктелуі:
1. ақпарат алмасу тәсілі бойынша:
- тізбекті (тізбекті-параллельді);
- параллельді (параллельді-тізбекті);
2. деректерді көрсету формасы бойынша:
- тиянақты үтірлі сандар үшін;
- жылжымалы үтірлі сандар үшін;
- ондық цифрларды өңдеу үшін;
3. санау жүйесі бойынша:
- Екілік санау жүйесінде;
- Ондық санау жүйесінде;
- Қалған класты санау жүйелерінде;
- Фибоначчи жүйесінде;
4. құрылымы бойынша:
- әмбебап, командалар жүйесінің барлық операциялары бір ғана блоктың қатысуымен орындалады;
- конвейерлік – АЛҚ блоктарға бөлінген (тізбекті жалғанған), әр блок командалар жүйесінен ұқсас бірнеше (бір операцияның көлемінде) операцияларды орындайды.
2.36 – сурет. АЛҚ-ң жалпы құрылымдық сұлбасы
ІРБ (ӨЖЖЕСҚ) – ішкі регистрлер блогы – АЛҚ-гың регистрлері –операндаларды және аралық нәтижелерді уақытша сақтауға арналған (команданың орындалу периодында);
ОБ – операциялар блогы (өңдеу блогы) – деректерді нақты орындау блогы.
- логикалық ақпарат (процессорда)
- тиянақты үтірлі сандар (процессорда)
- жылжымалы үтірлі сандар (сопроцессорда)
- ондық сандар (сопроцессорда)
БжДБ- бақылау және диагностикалау блогы;
Date: 2015-06-11; view: 2386; Нарушение авторских прав Понравилась страница? Лайкни для друзей: |
|
|