Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Химиялық айналу кезеңдерінің негізгі көрсеткіштері





Кез келген технологиялық схеманы кезекті химиялық айналулар кешені ретінде қарастыруға болады. Олардың әрқайсысы үш сатыда жүзеге асырылады: бастапқы затты дайындау, бастапқы заттың химиялық айналуы, өнімнің бөлінуі және оны тазалау. Осы сатылардың мөлшерлік өзара байланысын сипаттау үшін материалдық ағын негізгі болып саналады. Оның мөлшері және құрамы химиялық айналу сатыларының негізгі көрсеткіштерімен – шикізат конверсиясының дәрежесі және соңғы өнімнің шығымымен – анықталады.

Бастапқы заттың айналу (конверсия) дәрежесі – басқа затпен химиялық әрекеттесуге түскен немесе басқа химиялық айналуға ұшыратылған осы заттың мөлшерінің (масса, көлем) реакциялық аппаратқа түсетін осы заттың ағындағы мөлшеріне (масса, көлем) қатынасы:

Химиялық айналуда бірнеше бастапқы зат қатысатын жағдайда процес солардың әрқайсысының конверсия дәрежесімен сипатталуы мүмкін.

Соңғы өнімнің шығымы (теориялық шығымы) – оның мөлшерінің (масса, көлем) бастапқы шикізат мөлшеріне (масса, көлем) қатынасы (стехиометриялық қатынасты есепке ала отырып). Бұған басқа да формулировка тән: өнім шығымы (теориялық шығым) – берілген шикізатқа есептегенде оның мөлшерінің (масса, көлем) теориялық мүмкін мөлшеріне (масса, көлем) қатынасы.

Химиялық айналу сатысын мөлшерлі бағалау үшін сонымен бірге талғамдылық көрсеткішін қолданады.

Өнім шығымы (талғамдылық) – айналған шикізатқа есептегенде оның мөлшерінің (масса, көлем) теориялық мүмкін мөлшеріне (масса, көлем) қатынасы:

Өзгерген негізгі шикізатқа есептегенде процесс негізгі өнім шығымымен сипатталады.

Химиялық айналу сатысының негізгі көрсеткіштерін қолданып өндірістің материалдық балансын, бірлік өнімге және аппараттың берілген қуатына шикізат шығымын, құрылғы көлемдерін анықтайды; жылулық баланс құрады; өндірістің технико-экономикалық көрсеткіштерін анықтайды.

 

Бақылау сұрақтары

1. Өндірістің материалдық балансын құру.

2. Өндірістің жылулық балансын құру

3. Техника-экономикалық көрсеткіштерін ата.

4. Айналу дәрежесін қалай анықтайды

5. Өнім шығымын қалай анықтайды.

 

Глоссарий: айналу (конверсия) дәрежесі, материалдық және жылулық балансы, аппараттар саны, техника-экономикалық көрсеткіштері, теориялық шығымы.

 

Әдебиеттер:

1. Капкин В.А., Савинецкая Г.А., Чапурин В.И. Технология органического синтеза. М.:Химия,1987

2. Лебедев Н.Н. Химия и технология основного органического и нефтехимического синтеза. М.:Химия,1975

 

Date: 2015-07-10; view: 728; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию