Лексика – грамматикалық тапсырмалар
1 – тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз.
2-тапсырма. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.
Жедел қарқынмен даму, тазалықтың символы, тиімді географиялық орналасу.
3 – тапсырма. Екі қатардағы сөздерден сөйлем құрастырыңыз.
1) Сингапур -
| А) жедел қарқынмен дамыған.
| 2) көшеге қоқыс тастап, ластағанға
| Ә) үймен қамтамасыз етілген.
| 3) шағын және орта кәсіпкерлік
| Б) тазалықтың символы.
| 4) халықтың 90 пайызы
| В) капитал салуға қауіп-қатері өте аз ел
| 5) Сингапур
| Г) айыппұл салынады.
|
4-тапсырма. Дұрыс қосымшаны қойыңыз.
1. Сингапур бұрын Ұлыбритания [-ға, -мен, -ның] отары болған.
2. Шағын және орта кәсіпкерлік жедел қарқын [-нан, -мен, -ның] дамыған.
3. Үкімет кәсіпкерлер[-ге, -мен, -дің] тек моральдық тұрғыдан ғана қолдау көрсету[-ге, -мен, -інде] шектелмейді.
5-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.
6-тапсырма. «Қазақстанның Сингапурға теңесер болашақ көкжиегі қашан көрінер екен?» деген тақырыпта шығарма жазыңыз.
21-сабақ
Еуропа экономикалық қоғамдастығы
Еуропа экономикалық қоғамдастығы – батыс Еуропа елдерінің аса ірі экономикалық одағы. 1957 жылы құрылған. Оған Батыс Еуропаның 12 мемлекеті: Германия, Франция, Италия, Бельгия, Дания, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Ирландия, Греция, Испания, Португалия кіреді. Еуропа экономикалық қоғамдастықта біртұтас кеден одағы құрылып, мүше елдер арасында капиталдардың, тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, жұмыс күшінің еркін орын ауыстыруына қойылатын шектеулерді жоятын ортақ нарық жұмыс істеді, сондай-ақ, бірыңғай валюта жүйесі құрылды. 1992 жылдан бастап ол Еуропа қауымдастығы деп аталды.
С. Тоқсанбай,
(«Қазақстан» энциклопедиясы, Алматы 2001, 458-бет.).
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
2-тапсырма. Сұрақтарға мәтіннен жауап іздеңіз.
1. Еуропа экономикалық қоғамдастығы қашан құрылды?
2. Оған неше мемлекет кіреді?
3. 1992 жылдан бастап қоғамдастық қалай аталады?
3-тапсырма. Мәтіннен таныс емес сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазыңыз.
4-тапсырма. Өзіңіз жазып алған таныс емес сөздермен сөйлем құраңыз.
22-сабақ
Date: 2015-07-10; view: 1096; Нарушение авторских прав Понравилась страница? Лайкни для друзей: |
|
|