Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Түркістан – 2014 ж
А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРlК УНИВЕРСИТЕТl МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТl АРНАЙЫ КЛИНИКАЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ «БЕКІТЕМІН» Медицина факультетінің деканы м.ғ.д., профессор__________Ы.С. Молдалиевв «______»___________________2014 ж.
Психиатрия пәнінен 051301 – жалпы медицина мамандығы бойынша мемлекеттік Емтиханға арналған тест тiзiмi Түркістан – 2014 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланған. Хаттама № "____"_______2014ж. Кафедра меңгерушісі: м.ғ.д., профессор м.а. Ғ.М.Елікбаев
1.Ұйқы кезіндегі туындайтын амбулаторлық автоматизмді... дейміз А.сомнабулизм В.мутизм С.нарциссизм Д.негативизм Е.фетишизм
2.Патологиялық аффектің клиникалық көрінісі... бөлінеді А.үш сатыға В.екі сатыға С.бес сатыға Д.төрт сатыға Е.алты сатыға
3.Сананың бұлынғырланған бұзылыс кезінде қойылған сұраққа беретін дұрыс емес жауабы (миморечь)... кезінде тән. А.ганзеров синдромы В.патологиялық мастану С.патологиялық аффект Д.патологиялық ұйқылы – ояу жағдай Е.қысқа мерзімді айну реакциялар
4. Тұлғалықтың жас ерекшклігіндегі регресс (кері даму) кезін... дейміз. А.пуэрелизм В.вуайеризм С.некрофилия Д.геронтофилия Е.Корсаков синдромы
5. Активті немесе пассивті негативизммен және мутизммен көрініс алатын ступорды... дейміз. А.кататоникалық ступор В.депрессивті ступор С.апатикалық ступор Д.психогенді ступор Е.гебефрикалық синдром
6.Сөйлеуінің баяулауы мен көңілінің құлазуы, бет бейнесінің күйзелуі мен және өзін - өзі жегідей жеу көрініс алатын ступорды... дейміз. А.депрессивті В.апатикалық ступор С.кататоникалық ступор Д.психогенді ступор Е.кататоникалық синдром
7.Немқұрайлықпен жүретін (эмоциональді топастық) ступорды... дейміз. А.апатикалық ступор В.депрессивті ступор С.кататоникалық ступор Д.психогенді ступор Е.негативизмді ступор
8.Кенет психозақымнан туындайтын ступорды -... дейміз А.психогенді В.апатикалық С.депрессивті Д.кататоникалық Е.гебефреникалық синдром
9.Психиатриялық және наркологиялық күндiзгi ауруханаларда... емдiк жәрдем көрсетуге болмайды. А.эпилептикалық статустарды В.астено-ипохондриялық белгiсi бар ауруларды С.жарақаттық церебрастениямен ауруларын Д.шизофрения, баяу өтетiн түрiн Е.емделем деген ойы бар маскүнемдiктiң І- стадиясы
10.Учаскелiк психиатрдың мiндетiне... жатпайды. А.соттық-психиатриялық сараптау В.диагноз қою С.амбулаториялық емдеу Д.көмектесу терапиясы Е.диспансеризация есебiне алу
11.Психиатриялық ауруханада жедел емдеудi... қажет етпейдi. А.истериялық невроз В.сананың қарауытқан бұзылуы С.эпилептикалық статус Д.өзiне-өзi қол жұмсау Е.психомоторлық қозу
12.Сананың психикалық патологиясына жатпайды... А.сопор В.обнубиляция С.делирий Д.сананың қарауытып бұзылуы Е.онейроид
13.Психоневрологиялық диспансердiң жұмыс принциптерiнде... мүмкiншiгi жоқ. А.науқас емдеуден бас тартса, ерiксiз емдеудiң В.территориялықтың С.басқа медициналық мекемелермен ауысымдылықтың Д.психикалық науқастарды динамикалық бақылаудың Е.диагноздың күниялығын сақтаушылықтың
14.Психиатриялық ауруханалардың мiндетiне...кiрмейдi. А.жедел бас жарақатының емдеу В.тұрғындар ортасында алдын-алу және санитарлық ағарту жұмыстарын жүргiзу С.соттық-психиатриялық, медициналық-әлеуметтік сараптау жүргiзу Д.психикалық ауруларды емдеу және әлеуметтiк қалпына келтiру шараларын жүргізу Е.ауруханада емдiк жәрдем көрсету
15.Жедел психоз кезiнде емдеу шаралары... жүргiзiледi. А.ауруханада В.емханада С.үйде Д.күндiзгi ауруханада Е.санаторийлерде
16.Психикалық ауруларды зерттеудiң генетикалық әдiсiне... жатады. А.егiздiк В.ассоциативтi-эксперименттiк С.иммунологиялық Д.психологиялық Е.биохимиялық
17.Науқас қобалжулы: «Бәрі дұрыс емес! Адамдар жансыз солдат сияқты, ал үйлер кордон қағаздан жасалған сияқты» дейді. Бұл... деп аталады. А.дереализация В.гиперестезия С.синестопатия Д.псевдогаллюцинация Е.jamais vu
18.Зерттеудiң клиникалық әдiстерi... А.клиникалық – катамнестикалық В.ангиография С.қан және зәрдi тексеру Д.электроэнцефалография Е.патопсихологиялық
19.Ауруханаға шұғыл жатқызуды қажет етпейтiн жағдайлар-.... А.лакунарлық деменция В. сананың қарауытып бұзылуы С.алкогольдiк делирий Д.өзiне-өзi қол жұмсау ойы бар, жабырқау күйiндегі адамды Е.психомоторлық қозу
20.Психикалық қызметiнiң бұзылуына... иллюзияның қатысы жоқ. А.табиғи В.есту С.аффективтiк Д.вербальдық Е.параиоидтық
21.Деперсонализацияға... тән емес. А.сананың бұлыңғырлануы В.өзіндік сананың өзгергендігі С.тұлғалық тың бұзылысы мен бірлестігінің жоқтығы Д.өзін бағалаудың өзгеруі Е.аффективтiк
22.Дереализация кезiнде... байқалмайды. А.қоршаған ортаны дұрыс қабылдау В.айналаны жалған қабылдау С. қатынастық сынның бұзылмауы Д.өзгергендiктi, қисынсыздықты сезiну Е.қоршаған әлемдi өгейсiну
23.Қабылдау процессінің төмендеуiн... деп атайды. А.гипестезия В.гиперестезия С.анестезия Д.парестезия Е.агнозия
24. Экстракамптік галлюцинациялар дегеніміз.... А.галлюцинациялық бейнелер көру аймағынан тыс орналасқан В.фотопсиялар С.галлюцинация ояну кезiнде пайда болады Д.галлюцинация ұйқыға кеткен кезде пайда болады Е.псевдогаллюцинациялар
25.Функциональді галлюцинация дегеніміз.... А.тітіркендіргіш бар кезде галлюцинациялар болып, жоқ болған уақытында олардың болмауы В.сендірілген галлюцинациялар С.гигрикалық галлюцинациялар Д.көзді жұмған кезде көрінетін галлюцинациялар Е.галлюцинациялық бейне көру аймағында орналасады
26.Сенестопатия... сирек кездесетін дерт. А.реактивтi галлюцинозда В.шизофренияда С.соматогендiк психикалық бұзылыстарда Д.ми тамырларының ауруларында Е.ипохондриялық невроздарда
27.Қарапайым көру галлюцинацияларды... дейдi. А.фотопсия В.рефлекторлы галлюцинациялар С.парейдолиялық галлюцинациялар Д.гипнопомпикалық галлюцинациялар Е.вербальды галлюцинациялар
28.Липман симптомында... галлюцинациялар кездеседі А.енгізілген В.гипногогикалық С.функциональді Д.гипнопомпикалық Е.есту
29.Дене схемасының бұзылуы... кездеседі. А.психосенсорлық бұзылыстарда В.иллюзияларда С.сенестопатияларда Д.галлюцинацияларда Е.сана патологиясында
30.Шынайы көру елестеушiлiгi... жағдайларында жиi кездеседi. А.алкоголдiк делирий В.реактивтi психоздар С.шизофрения Д.эпилепсия Е.алкогольдi галлюциноз
31.... - заттардың көлемiнiң, түрiнiң және кеңiстiктi қабылдаудың өзгертіліп бұрмалануы. А.метаморфопсия В.шынайы елестеушiлiк С.иллюзия Д.сенестопатия Е.жалған елестеушiлiк
32.Асқазанның ішінде «тірі нәрселердің» барын... дейміз. А.висцеральді галлюцинациялар В.сенестопатиялар С.шынайы галлюцинациялар Д.иллюзиялар Е.аутометаморфопсиялар
33.Қоршаған айналаны анық емес, бұлыңғыр сияқты қабылдау дегеніміз.... А.дереализация В.иллюзия С.бағыт – бағдарсыздану Д.амнезия Е.метаморфопсия
34.Шынай галлюцинацияның белгісіне... жатады. А.анықтығы мен айқындығы В.галлюцинациялар басының ішінде орналасуы С.жасанды болуы Д.психикалық «өзіндігіне» әсерленуі Е.науқас өз жағдайын түсініп саналы түрде бағалауы
35.Иллюзия дегеніміз.... А.шын затты қате, жалған қабылдау В.жоқ затты қабылдау С.аяқ-қолының үлкейгендiгiн сезіну Д.бас iшiнде бейнелердi көру Е.қате ойлау
36.Сөздiң грамматикалық құрылымы өзгермегенімен оның мағыналық мазмұнының жоқтығы... деп аталады. А.үзiлгендiк В.байланыссыздық С.резонерлік Д.паралогия Е.амбиваленттік
37.Сандырақ белгілеріне... жатпайды А.ойдың жабысқақтығы В.ойдың патологиялық мазмұны С.ойының дерттік салдарынан түзілуі Д.сандырақ ойының дұрыстығына сенуі Е.логикалық коррекциялаудың мүмкін еместігі
38.Жалпы дәрiгерлік салада жиi қездесетін сандырақты... деп атайды. А.ипохондриялық В.улану С.әсер ету Д.дiни Е.аңдылу
39.Ойлаудың персервациясы.... А.бiр ғана түсiнiктерді қайталай беру В.ментизм С.символикалық ойлау Д.инкогеренттiк Е.шизофазия
40.Біріншілік сандыраққа... жатпайды. А.текті сандырақ В.жаңалық табу сандырағы С.реформаторлық сандырақ Д.қызғаныш сандырағы Е.өзін-өзі кінәлау сандырағы
41.Сандырақтық идеяларда... болмайды. А.сын көзқарас В.жалған ой қорыту С.айнымас сенiмдiлiк Д.патологиялық процесспен байланыстылығы Е.психокоррекциялау мүмкін еместігі
42.Біріншілік сандырақтың екіншілік сандырақтан ерекшелігі.... А.жүйелілік дәлелі В.өз ойына сенімділігі С.жалған пікірі Д.психокоррекциялау мүмкін еместігі Е.сын көзқарасы
43.«Ашықтық ой» симптомы... болып табылады. А.психикалық автоматизмнің идеаторлық компоненті В.Корсаков синдромы С.психикалық автоматизмнің моторлық компоненті Д.психикалық автоматизмнің сенестопатиялық компоненті Е.паранояльдік синдром
44.Паралогиялық ойлау... кездеседi. А.шизофренияда В.психопатияда С.эпилепсияда Д.невроздарда Е.инволюциялық психозда
45.Аса бағалы ойлардың сандырақ ойлардан айырмашылығы. А.шынайы негiзінде болады В.дерттің салдарынан болуы С.түзетуге келмейді Д.психокоррекцияға көну мүмкіндігі бар Е.шындыққа жанаспайды
46.Сандырақ жиі кездесетін дерт -.... А.параноидты шизофрения В.эпилепсия С.маниакальды - депрессивтік психоз Д.алкоголизм Е.реактивті жағдайлар
47.Паранойяльдық сандырақ кезiнде... байқалмайды. А.галлюцинациялар қосыла жүруi В.«дәлелдердiң» бiр жүйелiлiгi С.басқа психопатологиялық симптоматиканың жоқтығы Д.логикалық түзетудiң мүмкiнсiздiгi Е.өзiнiң дұрыстығына жаңа дәлелдер iздеуі
48.Ойлау бұзылыс кезінде ерекше мән беруді... ойлау дейміз. А.символикалық В.резонерлық С.паралогикалық Д.инкогеренттік Е.амбиваленттілік
49.Обсессияларға... қатысты жоқ.. А.фобиялардың В.түрлi қалаушылықтардың С.дипсоманиялардың Д.күдiктердің Е.ритуалдардың
50.Негiзгi мәселенi кейiнгi мәселеден бөлiп алудың мүмкiнсiздiгi-ойлаудың... түрiнiң бұзылуы. А.толықтылық В.тоқтап қалу С.персеверация Д.узiлгендiк Е.резонерлік
51.Қызғаныш сандырағы көбіне.... кезінде кездеседі. А.маскүнемдiк В.наркоманиялық С.маникальды-депрессивтiк психоз Д.кәрiлiк деменция Е.инволюциялық психоз
52.Аңдылу сандырағы... болмайды. А.маникальды- депрессивтiк психозда В.инволюциялық параноидта С.алкогольдi делирийде Д.эпилептикалық психозда Е.паранойдтық шизофренияда
53.Қоғамға қауіп туғызатын аурулардың... синдромы. А.қызғаныш сандырағы В.Корсаков С.астениялық Д.парафрендік Е.невроз тәрізді
54.Психикалық автоматизм, жалған елестеушiлiк, аңдылу және әрекет сандырақтары бар науқастың клиникалық көрінісі... синдромы деп аталады. А.Кандинский-Клерамбо В.Капгр С.Котар Д.Вальтер-Бюэль Е.Корсаков
55.Өзіндік сыны сақталған, бiрақ құтыла алмайтын әрекеттер мен ойларды... деп атаймыз. А.жабысқақ В.терiс ақыл қорыту С.сандырақ жағдай Д.аса бағалы идея Е.галлюцинация
56.Патология жағдайында туылып, түзетуге келмейтін қате пікірлерді... деп атаймыз. А.сандырақ В.иллюзия С.жалған ойлар Д.аса бағалы идеялар Е.жабысқақ идеялар
57.Науқастың өз ойынан шығарған жаңа сөздерiн... деп атаймыз. А.неологизм В.резонерлік С.символизм Д.криптолалия Е.вербигерация
58.Кандинский – Клерамбо синдромы кездеспейтін дерт-.... А.маниакальды- депрессивті психоз В.эпилепсия С.шизофрения Д.алкогольді психоз Е.инфекциялық психоз
59.Ашық кеңістік қорқынышын... деп атайды. А.агорофобия В.клептомания С.канцерофобия Д.клаустрофобия Е.нозофобия
60.Фиксациялық амнезия... синдромына жатады. А.Корсаков В.астениялық С.депрессивтiк Д.делириозды Е.маникальды
61.... дегеніміз - бұл шынайы оқиғалардың уақытын ауыстыруы. А. Псевдореминисценция В.Конфабуляция С.Криптомнезия Д.Эхомнезия Е.Ретроградтық амнезия
62.Науқас өткен уақытпен өмір сүруі... деп аталады. А.эхомнезия В.амнезия С.прогрессиялық амнезия Д.конфабуляция Е.криптомнезия
63.Гипермнезия... синдромында кездеседi. А.маниакальды В.деменциялық С.психоорганикалық Д.гебефреникалық Е.Корсаков
64.Корсаков синдромының құрамына... кірмейді. А.прогрессиялық амнезия В.фиксациялық амнезия С.ретро- және антероградты амнезиялар Д.конфабуляция және псевдореминисценция Е.уақытпен кеңістіктегі бағыт - бағдарсыздық
65.Корсаков синдромына... кірмейді. А.ерік - эмоциясының төмендеуі В.фиксациялық амнезия С.ретро- және антероградты амнезиялар Д.конфабуляция және псевдореминисценция Е.уақытпен кеңістіктегі бағыт - бағдарсыздық
66.Амнезия... тән емес. А.шизофренияға В.сана бұзылысына С.мидың атрофиялық процесстеріне Д.интоксикацияға Е.ми қан тамырының ауруларына
67.Есте сақтау қабілетінің өткен шақтағыларын ұмытуын...дейді. А.прогрессиялық амнезия В.антероградтты амнезия С.ретроградтты амнезия Д.фиксациялық амнезия Е.гипомнезия
68.75 жастағы науқастың есте сақтау қабілетінің қазіргі кезден өткен шаққа құлдырауын... дейміз. А.прогрессиялық амнезия В.антероградтты амнезия С.ретроградтты амнезия Д.фиксациялық амнезия Е.аффектогендік амнезия
69.Фиксациялық амнезия, конфабуляция және псевдореминисценция... синдромында кездеседі. А.Корсаков В.Капгр С.Котар Д.Фреголи Е.Кандинский
70.Науқас күн, ай, жыл мерзімін білмейді, палатасындағы өз төсегін таппайды. Бұл синдром... деп аталады. А.Корсаков синдромы В.парафрендік синдромы С.маниакальды синдромы Д.аментивтік синдромы Е.галлюциноз
71. Зерденің бұзылысы... дертінде кездеспейді. А.психопатия В.олигофрения С.церебральді атеросклероз. Д.травмалық энцефалопатия Е.инфекциялық психоз
72.Аффектогенді амнезия - бұл.... А.эмоциялық зерденің бұзылысы В.ауру алдындағы оқиғаларды ұмыту С.есте сақтау процессінің бұзылысы Д.ауырғаннан кейінгі оқиғаларды ұмыту Е.жалған естеліктер
73.Олигофренияның педагогикалық оқып-үйретілмеуден айырмашылығы... А.абстракция және толықтырудың төмен деңгейі
В.білім қорының аздығы С.санды санай алмауы Д.жалпы мектеп бағдарламасын үйренудегі қиыншылықтар Е.жазу сауатсыздығы
74.I – ші топтағы мүгедекке... ауруымен ауыратын науқас жатады. А.идиотия В.психопатия С.невроз Д.алкоголизм Е.травмалық церебростения
75.Интелектуальды – мнестикалық бұзылыстар айқын көрінетін дерт.... А.сенильді психоз В.алкоголизм С.ми жарақатының аурулары Д.мидың атеросклерозы Е.эпилепсия
76.Псевдодеменция... ауруында кездеседі. А.истериялық психоз В.сенильды психоз С.Корсаков синдромында Д.психооргникалық синдром Е.паралитикалық кемақылдылық
77.Эпилептикалық кемақылдылықтың белгісі -... қабілетінің бұзылуы. А.ойлау В.зерде С.зейін Д.эмоция Е.әуестік
78.Шизофрениялық кемақылдылықта... кездеспейді. А.ұмытшақтық В.ойының үзік-үзіктігі С.көңіл-қошының болмауыі Д.абулия Е.апатия
79.Олигофренияның еміне... жатады. А.тәрбие жұмысы В.электроталмалы терапия С.маляриотерапия Д.инсулинотерапия Е.атропинокоматоздық терапия
80.Шизофренияға... тән емес А.көңіл-күйінің болмауы В.тұрақсыздық С.апатия Д.үрей Е.амбиваленттiлiк
81.Эпилепсияға... ерекше тән. А.дисфория В.тұрақсыздық С.апатия Д.амбиваленттiлiк Е.ынжықтық
82.Эмоция патологиясына... жатпайды. А.абулия В.көңіл-күйдің төмендеуі С.дисфория Д.физиологиялық аффект Е.көңіл-күйдің жоғарлауы
83.Маниакальді синдром... дертінде кездеспейді. А.реактивті психоз В.маниакальды- депрессивті психоз С.шизофрения Д.ми сифилисі Е.травмадан кейінгі психоздар
84.Депрессивтiк синдромға... симптомдары кiрмейдi. А.өз мүмкiншiлiктерiн жоғары бағалау В.ойлаудың баяулық С.уайым немесе үрейлік Д.қозғалыстың баяулау Е.өз жағдайының дәрменсіздік идеялар
85.Апато – абулиялық бұзылыстар... кезіндегі психикалық дефектің негізін құрайды. А.шизофрения В.эпилепсия С.ми жарақаты Д.психопатия Е.алкоголизм
86.Науқас өзінің жақын адамдарына деген жанашырлық пен махаббатын жоғалтқан кезін... дейді. А.эмоционалдық топастық В.апатия С.эмоционалды сәйкессіздік Д.эмоциональды тұрақсыздық Е.депрессия
87.Ми жарақатынан кейін ұзақ уақыттан соң науқастың көңіл - күйі көтеріңкі, бейғамдық және рахаттанып жүреді. Психомоторлық қозуы жоқ. Жағдайын анықтаңыз. А.эйфория В.мания С.экстаз Д.мория Е.гипомания
88.... дегеніміз науқас айналасын өгейсініп басқалармен қарым – қатынасын үзеді де өзімен-өзі болады. А.аутизм В.негативизм С.апатия Д.абулия Е.ступор
89.Дисфория дегеніміз.... А.агрессия мен ызақорлық қатар жүретін жағдай В.көңіл-күйдің төмендеуі С.көңіл-күйдің өзгеруі Д.қорқыныш пен күдіктің қатар жүретін жағдайы Е.үрейлену
90.Эмоцияның амбиваленттілігі дегеніміз.... А.бір мезетте қарама – қарсы келетін сезімдер В.адекватты емес ситуация сезімі С.ұстамсыз эмоция Д.жайбарақат көңіл-күйі ашуға тез айналуы Е.эмоциональді лабильділік
91.Гипертимиялық бұзылыстарға... жатпайды А.гиперкинезия В.мания С.эйфория Д.мория Е.экстаз
92.Ми қантамырларының атеросклерозымен ауыратын науқас көз жасын қуаныштан да, ренжістенде тоқтада алмайды.... А.көңілшектік В.эмоцияның адекватсыздығы С.кещелік Д.апатия Е.сезімінің екі түрлілігі
93.Патологиялық аффект дегеніміз бұл... А.психотравманың әсерінен туындайтын сана бұлыңғырлауы мен жүретін қимыл әрекет бұзылысы В.психотравманың әсерінен туындайтын сана бұзылыссыз жүретін қимыл әрекет бұзылысы С.көңіл-күйдің жоғарлауымен жүретін қимыл әрекетінің шапшаңдауы Д.көңілді-күйінің қанағатсыздықпен жүретін төмендеуі Д.эмоция әлсіздігі Е.экстаз
94.Рибо заңы бойынша дамитын.... А.үдемелі амнезия В.антероградты амнезия С.фиксациялық амнезия Д.ретроградты амнезия Е.антеро-ретроградты амнезия
95.Физиологиялық аффект дегеніміз бұл …. А.сана бұзылыссыз жүретін қимыл әрекет реакциясы В.психотравмадан кейін туындайтын санананың бұлыңғырлауымен жүретін қимыл әрекет реакциясы С.көңіл-күйінің қанағатсыздықпен жүретін төмендеуі Д.эмоция әлсіздігі Е.экстаз
96.Айқын депрессивті синдромға … кірмейді. А.меланхолиялық раптус В.әрекеті мен ойының тежелуі С.суицидальдық ойлар мен оның әрекеті Д.апатия Е.өзін-өзі кінәлау идеялары
97.Жасырын (біліп қоймайтын) депрессия кезiнде... кездеседi. А.жабырқаңқы көңiл-күймен қатар соматикалық шағымдар В.нигилизм идеялары аралас жабырқаулы көңiл-күйі С. бәсең көңiл-күйге сәйкес, ступор Д.жабырқаңқы көңiл-күйдiң үстiне тынышсыздық, қозушылық, аутоагрессия Е.депрессия, белгiлерiнiң жоқтығы
98.Кататоникалық қозу сипаттары: А.ойлаудың үзілуі, стереотипті қимылдар В.сіресіп қалу С.демонстративтік Д.үрей Е.ажитация
99.Агрессивті және импульсивті бейберекетсіз қозу мен сөйлеу және қозғалыстық стереотиптер... деп аталады. А.кататониялық В.маниакальды С.гебефрендік Д.психогенді Е.онейродты
100.Ақымақтық және қылжақбастықпен жүретін қозу... делінеді. А.гебефрендік В.кататониялық С.маниакальды Д.психогенді Е.экстаздық
101.... кататоникалық ступорға тән емес. А.Эхопраксия В.Қозғалыссыз С.Мутизм Д.Негативизм Е.Каталепсия
102.... кататониялық қозу симптомы. А.Сөз бен қимыл стереотипиялары В.Парамнезия С.Онейроид Д.Ментизм Е.Ступор
103.... қимыл-қозғалыстың бұзылысына жатпайды. А.Мутизм В.Ступор С.Каталепсия Д.Психомоторлы қозу Е.Эхопраксия
104.... психомоторлы қозу түріне жатпайды. А.Ступор В.Маниакальды С.Гебефрендік Д.Кататониялық Е.Делириозды
105.... кезінде психомоторлы қозу кездеспейді. А.Жабысқақ жағдайлар В.Алкогольді делирий С.Эпилептикалық психоз Д.Инфекциялық психоз Е.Трамалық психоз
106.... кататониялық белгілеріне жатпайды. А.Амнезия В.Негативизм С.Ступор Д.Мутизм Е.Каталепсия
107.Өртеуге әуестікті... дейміз. А.пиромания В.дромомания С.клептомания Д.дипсомания Е.суицидомания
108.Құштарлық бұзылуына... қатысы жоқ.. А. клаустрофобияның В.дромоманияның С.клептоманияның Д.жүйкелiк анорексияның Е.булимияның
109....ерiктiң бұзылуының қатысы жоқ. А.Әуестіктің болмауына В.Гипербулияға С.Сезімнің бұзылысына Д.Парабулиға Е.Гипобулияға
110.... импульсивті құштарлыққа жатпайды. А.Булимия В.Дипсомания С.Дромомания Д.Клептомания Е Пиромания
111.... еріксіз қанғуға құштарлық. А.Дромомания В.Анорекция С.Булимия Д.Пиромания Е.Клептомания
112.... ер адамдардағы жыныстық құштарлығының төмендеуі. А.Импотенция В.Фригидтілік С.Сатириазис Д.Эксгибиционизм Е.Садомазахизм
113.Клептомания дегеніміз бұл... А.ұрлыққы құштарлық В.тәбеттің жоқтығы С.патологиялық ашқарақтық Д.қаңғыбастық Е.патологиялық шөлдеу
114.... делирий кезінде кездеспейді. А.Өзіне деген бағдарсыздық В.Қорқыныш С.Психомоторлық қозу Д.Иллюзия Е.Қорқынышты шынайы галлюцинациялар
115.... онейроидқа тән емес. А.Шынайы көру галлюцинациясы В.Антогонистік сандырақ С.Кататоникалық бұзылыстар Д.Уақыт пен кеңістікке бағдарсыздық Е.Өзіндік бағдарсыздық
116.Делирийға тән емес симптомды көрсетіңіз. А.дисфория В.ұйқы бұзылысы С.уақытқа және кеңістікке жалған бағдар Д.көру галлюцинациялары туындайды Е.жедел сезімдік және бейнелік сандырақ
117.... аменцияға тән емес. А.Болған уақиғаларды түсіну мүмкіндігі В.Сөз байланыссыздығы С.Жағымсыз болжам Д.Бағдар бұзылысы Е.Сананың терең бұзылуы
118.... сана патологиясының психотикалық түрлеріне жатпайды. А.Обнубиляция В.Сананың қарауытқан бұзылысы С.Аменция Д.Онейроид Е.Делирий
119.Делирий этиологиясында болмайтын фактор: А.психогендік В.алкогольдік С.соматикалық Д.инфекциялық Е.токсикалық
120.Сананың бұлыңғырлау критерийлеріне жатпайды: А.астеникалық жағдай В.шынайы өмірден тысқары С.жалпы және жеке амнезия Д.орынға және уақытқа бағдарсыздық Е.ойлау бұзылысы
121.Сананың бұлыңғырлану бұзылысындағы дисфорияның ерекше белгісі: А.орынға және уақытқа бағдарсыздық В.ашу мен мұңаюлық аффект С.агрессияға бейім Д.пароксизмнің пайда болуы Е.эпилепсия кезінде пайда болу мүмкіндігі
122.Естің бұзылысының жалпы көріністеріне жатпайды: А.психомоторлы қозу В.бөлектену (оңашалану) С.орнын, уақытты және өзіндік сезімнің бағдарсыздығы Д.өткен оқиғаларды еске түсірудің қиындығы Е.ойлау қабілетінің бұзылысы 123. Психомоторлы қозу кезінде кездеспейтін естің бұзылу синдромы: А.талма В.естің бұзылысы С.аменция Д.делирий Е.онейроид
124.... сананың бұлыңғырлану бұзылысы байқалмайды. А.Шизофренияда В.Инфекциялық психозда С.Алкоголизмде Д.Эпилепсияда Е.Реактивтік жағдайда
125.... сананың сопорозды бұзылысына тән емес. А.Өзіндік бағдарлығы В.Уақытқа дезориентация С.Сөйлеу байланысының болжауы Д.Орынын бағдарлай алмауы Е.Күшті тітіркендіргішке мимикалық және қозғалыс реакциясының сақталуы
126.Тұнжыраулық фантастикалық бұзылысымен сипатталады: А.онеироид В.делирий С.естің бұлыңғырлану бұзылысы Д.аменция Е.естің аментивті делириозды бұзылысы
127. Сандырақтың қай формасында науқастардың өз-өзіне қол жұмсау ойы және орындауы мүмкін? А.өз-өзін күнәлау В.өз-өзін төмен санау сандырағы С.ипохондриялық сандырақ Д.дисморфофобиялық сандырақ Е.өнер тапқыш сандырағы
128.Өзін-өзі қабылдаудың бұзылысы дегеніміз не? А.өзіндік сана бұзылысы В.сандырақ С.аллопсихикалық дезориентация Д.аутизм Е.өзіндік психикалық дезориентация
129.Аменциядан кейін болатыны.... А.астения В.эйфория С.дисфория Д.депрессия Е. мания
130.Науқастың қоршаған ортаны қиналып түсінбеуі мен қабілетінің бұзылуы... А.сасқалақтаған В.бағдарсызданған С.дереализация Д.амнезия Е.деперсонализация
131.Науқас адамның санасы бұлыңғырлану кезінде мынадай профессиональды әрекеттер жасайды... А.профессиональді делирий В.ориентирленген онейроид С.амбулаторлық автоматизм Д.мусситирленген делирий Е.транс
132.Сананың бұзылыс синдромының критерийлеріне... жатады. А.шынайы дүниеден бөлектенуі В.қоршаған ортаны қабылдауы нақтылығы С.қоршаған ортаға бағдарлығы сақталғандығы Д.конфабуляция Е.пароноид
133. Бағдарсызданған науқас сасқалақтаған қисынсыз әрекеттерді...синдромында жасайды. А.Корсаков В.есеңгіреу С.делирий Д.сананың бұлынғыр синдромында (синдром сумеречного помрачнения сознания) Е.параноидтық
134.Сананың сапалық бұлыңғырлану синдромы... А.делирий В.есеңгіреу С.сопор Д.кома Е.естен тану
135.Комалық жағдайдың белгілері А.тітіркендіргішке әсерлесу болмайды В.қозғалыс әрекеттердің жоқтығы С.шартсыз рефлекстердің жоқтығы Д.сұрақтарға жауап бермеуі Е.жауаптары әлсіз, жәй
136.... делирий дамиды. А.Интоксикациялық психозда В.Қантамырлық психозда С.Инфекциялық психозда Д.Реактивті психоздарда Е.Травмалық психозда
137.Сананың әлеуметтік қауіпті бұзылысына... жатады. А.сананың қарауытуы В.аменция С.онейроид Д.кома Е.есеңгіреу
138.Делирийдің еміне жатпайды... А.инсулинді-комалық терапия В.нейролептик С.жүректің препараттары Д.дезинтоксикациялық терапия Е.симптомдық терапия
139.Сананың бірнеше секундқа бұзылысы... А.абсанс В.есеңгіреу С.аменция Д.онейроид Е.делирий
140.Портретте тұрған суреттегі адамды тілін шығарып, түрін өзгертеді – ол.... А. парейдолиялық иллюзия В.императивті галлюцинация С.вербальді галлюцинация Д.психосенсорлы бұзылыс Е.псевдогаллюцинация
141.Эйфория... кездеспейдi. А.жабысқақ жағдайлар неврозында В.мидың iсiгiнде С.туберкулезде Д.жүрек қан-тамырлары ауруларында Е.прогрессивтiк параличте
142.Науқасты терезеден біреу шақырып, оның сұрақтарына жауап беріп отыр... А.шынайы галлюцинация В.рефлекторлы галлюцинация С.психосенсорлы бұзылыстар Д.парейдолиялық иллюзия Е.псевдогаллюцинация
143.Науқас өзінің басын грек жаңғағы тәрізді кішірейгендей сезінеді... А.дене схемасының бұзылысы В.шынайы галлюцинация С.вербальді галлюцинация Д.псевдогаллюцинация Е. парейдолиялық иллюзия
144.Иллюзияға... тән емес. А.шынайы емес заттарды қабылдау В.шынайы заттың басқа зат ретінде көрінуі С.сау адамдарда да кездесуі Д.жедел психоз әсерінен басталуы Е.ақпарат жеткіліксіз жағдайлардың болуы
145.Науқас өзінің төсінде ауыр сезімінің болуына шағымданады. Ол.... А.сенестопатия В.гиперестезия С.парестезия Д.психосенсорлық бұзылыс Е.жалған галлюцинация
146.Науқастың шағымы: бөлменің қабырғалары еңкейіп тұрғандай, үстіне құлап кететіндей сезінеді. А.психосенсорлы бұзылыстар В.деперсонализация С.гиперестезия Д.парейдолиялар Е.псевдогаллюцинациялар
147.Науқас өз денесінде кішкентай құрт пен жәндік жүргенін сезінеді... А.тактильді елестеушілік В.парейдолиялық иллюзия С.вербальді галлюцинация Д.деперсонализация Е.псевдогаллюцинация
148. Жабырқанқы көңiл-күй... синдромның негiзгi белгiсi болып табылады. А.депрессивтiк В.психоорганикалық С.апатико-абулиялық Д.астениялық Е.параноидтық
149. Науқас көп сөйлейді, қойылған сұрақтарға жауап қайтарудың орнына ол кейбір философиялық мәселелерді әңгімелейді. Бұл -... А.резонерлік В.ойлаудың жағдайы С.персеверация Д.ойлаудың кідіруі Е.ойлаудың паралогиясы
150.Төменде келтірілген қабылдау бұзылыстарының қайсысы әлеуметтік қауіп-қатердің болуына және науқастың өзіне қол жұмсау мүмкіндігіне ықтимал? А.императивті галлюцинациялар В.қоюшылық галлюцинациялар С.паранояльды галлюцинациялар Д.сенестопатиялар Е.иллюзиялар
151. Қызғаныш, шығармашылық, даукестік сандырақтық идеялардың басымдылығы тән: А. паранойяльді синдромға В. Кандинский-Клерамбо синдромына С.астениялық жағдайға Д.истериялык синдромға Е.парафренді синдромға
152.Психопатия – бұл: А. тұлғаның бұзылысы В. психогенді ауру С. мінез-құлықтың дисгармониясы Д. прогредентті психикалық ауру Е. қасындағыларға қауіпті тұлғалар
153. Науқас орналаскан жерін түсіндіруі қиын, кеудесінің артындағы жағымсыз "ішінде құрт жеп жаткандай" сезімге шағымданады: А. сенестопатия В.гиперестезия С. парестезия Д.психосенсорлы бұзылыстар Е.псевдогаллюцинациялар
154. Наукас терісінің астында майда жәндіктер мен кұрттар жорғалап жүргенін сезінеді: 1) парейдолиялык иллюзиялар 2) тактильді галлюцинациялар 3) вербальді галлюцинациялар 4) деперсонализация 5) псевдогаллюцинациялар 155.Наукас әлемді "бақылау түтігі" аркылы кабылдап, алыстап кеткендей түсініксіз сезімді сезінеді: А.парейдолиялық иллюзиялар В.шынайы галлюцинациялар С.сенестопатиялар Д.дереализация Е.псевдогаллюиинациялар
156. Науқас айнаға карап: "Түсінбеймін! Бет менікі, бірақ менің жан-дүнием мүлдем бұрынғыдай емес" дейді: А.деперсонализация Б. сенестопатия С. дереализация Д.парейдолиялар Е. псевдогаллюцинациялар
157. Наукас кейде аяктары үлкейіп ("пілдікіңдей"), ал қолдары қыскарып қалғаның сезінеді: А.дене схемасының бүзылысы В.сенестопатиялар С. метаморфопсия Д. парейдолиялык иллюзиялар Е. псевдогаллюцинациялар
158. Мутизм - ол: А.сөйлеу аппараты бұзылмаса да толык үндемеу В.ыңғайсыз калыпты сактау С. өзінін, күйзелістер әлеміне кету Д.эмоциональді контактты жоғалту Е.тамақганбас тарту
159. Наукас жабыркаулы, түйықталған, үңдемейді, сөздердің арасында ұзақ үзілістермен сұрақтарға бір буынды жауап береді: А.ойлаудың баяулауы В. мутизм С. шперрунг Д.аутистикалык ойлау Е. вербигерация 160. Наукас созып, жай сөйлейді, бірақ көпсөзді. Сөздерді киындыкден теріп айтады, детальдарда тұрып калады, осы кезде өзі жөніндегі әңгімеде негізгісін ажырата алмайды: А.патологиялык байымдылық В.ойлаудың баялауы С. шперрунг Д.резонерлік Е.паралогиялық ойлау
161. Наукас әңгімелесу үрдісінде кенет сөзді тоқтатып, барлық ойларының "кенет басынан шығып кеткенін" айтады: А.шперрунг В. байланыссыздық С. үзілу Д. ментизм Е. метафизикалык интоксикация
162. Науқас көп, мағынасыз сөйлейді, қойылған сүрақсыз жауап берудің орнына кандай-да бір философиялық аса абстрактты әңгіме такырыбынан алыс мәселелерді қызығушылыкпен талқылайды: А.резонерлік В.ойлаудың байымдылығы С. персеверациялар Д.ойлаудың баяулауы Е. паралогиялық ойлау 163. Коррекциялауға келмейтін, ауру нәтижесінде пайда болған патологиялық идеялар: А. сандырактык. идеялар В. аса бағалы идеялар С. жабысқақ идеялар Д. үрейлік идеялар Е. жоғарыда аталғандардын ешқайсысы емес 164. Өз мүмкіндіктерін, кабілетін аса бағалау байқалады: А. маниакальді синдромда В. депрессиялық синдромда С. дисфорияда Д. гебефрендік. жағдайда Е. кататониялық қозуда
165. Өзін-өзі кінәләу және өзін-өзі кемсіту идеялары кездеседі: А. депрессиялык синдромда В. дисфория жағдайында С. ипохондриялық сандырақта Д. маниакалъді синдромда Е. астениялық синдромда 166. Науқас сөйлемейді, ешкіммен араласпайды, медперсонал сүрактарыиа тек өте қысқа формальді жауап береді. Барлық бос уақытында қиялдап отырады. Өзінің қиялдарын калың дәптерге жазып қояды, оларды көптеген суреттер және символдармен көрнектейді. А.аутистикалық ойлау В. мутизм С. ментизм Д. шперрунг Е. психикалық автоматизадер 167. Карт әйел қандай да бір негізсіз көршілерімен қактығыса бастады. Көршілері тұз салғыштан тұз ұрлайтынын айтады. Туыстарының түсіндіруге бағытталған әрекеттері ешқандай нәтиже бермеді: А.майда масштабты зиян келтіру сандырағы В. паралогиялык ойлау С. аса бағалы идеялар Д. жабысқак идеялар Е. психикалық автоматизмдер
168. Паранойяльді синдром сипатталады: А.интерпретативті сандырақпен В. псевдогаллюцинациялардың болуымен С. шынайы галлюцинациялар Д. психикалык автоматизмдерге байлығымен Е аффективті бүзылыстармен
169. Параноидты синдром ереже бойынша сипатталады: А. әсер ету сандырақтық идеялардың басымдылығымен В. жабыскак идеялардьң басымдылығымен С. көңіл- күй фонының жайлы және бейғамдығы Д. сенестопатияларының болуымен Е. парамнезиялармен
170. Депрессиялық жағдайдың белгілеріне жататын: А. анорексия В.гипербулия С.парабулия Д. афазия Е. амнезия
Date: 2015-07-02; view: 811; Нарушение авторских прав |