Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Наркология





1.!Палимпсест түсінігін былайша сипаттау керек:

*+ Алкогольмен мас болу кезіндегі, есте сақталған оқиғалардың толықтай орындалуының мүмкін еместігі

* Алкогольмен ауыр мас болудан кейінгі ретроградтыамнезия

* Алкоголизмнің салдарынан болған фиксациялық амнезия

* Ұмытылған нәрселерді ойдан шығарылған оқиғалармен орын толтыру

* Ұмытылған нәрселерді бұрын болып өткен оқиғалармен орын толтыру

 

2.!Мусситирлеуші делирий сипатталады:

* истериялық қозумен

* +төсектегі хаостық қимылдармен және психомоторлық қозумен

* кататониялық қозумен

* гебефрениялық қозумен

* кататониялық ступормен

 

3.!Алкогольді делирий үшін келесі белгілер тән:

*+жарқын, шынайы галлюцинациялардың толқыны, жағдай өткірлігінің кешке қарай үдеуі

* жағдай өткірлігінің күндізгі уақытта үдеуі

* өз тұлғасында дезориентирлену

* жалған галлюцинациялар

* жоғарылаған көңіл-күй

 

4.!Аменция үшін тән:

*+ойлаудың байланыссыздығы, толық амнезия

* активті негативизм

* капюшон симптомы

* ауа жастығы симптомы

* гипомания

 

5.!Патологиялық мас болу үшін тән:

 

*+ сананың қарауыту бұзылысы

* аменция

* делирий

* онейроид

* дипсомания

 

6.!! Корсаков синдромының құрамына мынадан басқаның бәрі кіреді:

* Фиксациялық амнезия

* Конфабуляциялар

* Жалған реминесценциялар

* Криптомнезиялар

*+Орындалу сезімімен сипатталады

 

7.! Делирийдің инициальді кезеңінде мынадан басқаның барлығы байқалады:

* Парейдолиялық иллюзиялар

* Гипногогиялық және гипнопомпиялық галлюцинациялар

* Айқын ұйқысыздық

* Тынымсыздықпен қосарланған үрей

*+ Жалған реминисценциялар

 

8.! Алкогольмен жедел улану жағдайын (жай алкогольдік мас болу) анықтайтын негізгі критерийлерге барлығы жатады, мынадан басқа:

* Ауыздан шығатын алкогольдік иіс, эмоциональді сферадағы өзгерістер

* Моториканың функциональді өзгерістері

* Ассоциативті үрдістер мен қоршаған ортаны қабылдаудың өзгерістері

* Неврологиялық және вегетативтік бұзылыстар мен өзгерістер

*+ Әумесерлік және астарлы іс-әрекеттер

 

9.! Алкогольмен жедел уланудың жеңіл дәрежесі сипатталады:

 

* + Психикалық және физикалықкомфорттық сезіммен

* Галлюцинозбен

* Онейроидпен

* Ассоциативті үрдістің баяулауымен

* Психосенсорлы бұзылыстардың пайда болуымен

 

10.! Алкогольмен жедел уланудың орташа дәрежесінің клиникасына барлығы жатады, мынадан басқа:

* моториканың функциональді бұзылыстары

* ассоциативті үрдістің баяулауы мен қиындауы

* елестетудің бірқалыптылығы, сөйлеудің дизартриясы

* зейіннің ауысуындағы қиындықтар

* + еріксіз зәр жіберу, айқын соматикалық бұзылыстар

 

11.!Алкогольмен жедел уланудың ауыр дәрежесінің клиникасына барлығы жатады, мынадан басқа:

*Мишықтық атаксиямен, бұлшықеттік атония және амимиямен

* Вестибулярлы бұзылыстармен, бас айналу, жүрек айну мен құсумен

* Тері жабындыларының бозаруымен

* Жүрек-қан тамыр жүйесі тонусының төмендеуімен

* +Психикалық комфорт сезімімен

 

12.! Өзгерген жедел алкогольді мас болудың (алкогольмен жедел уланудың) эксплозивті вариантына барлығы тән, мынадан басқа:

* әлсіз айқын және қысқа уақыттық эйфория

* мас болу жағдайларында көп рет қайталанатын кенет көңіл толмаушылық, тітіркену немесе ашулану әрекеттері

* конфликтіліктің көріністері

* үрейлі-зерігу аффект жағдайлары

* + демонстративтіліктің көріністері

 

 

13.!Өзгерген алкогольмен жай мас болудың (алкогольмен жедел уланудың) дисфориялық вариантына барлығы жатады, мынадан басқа:

* көңілтолмаушылықпен, жиіркеніштікпен және кекшілдікпен жүретін жабыраңқылық жағдай

* жабыраңқыланған көңіл күйдің басымдылығымен

* қазымырлықпен

* агрессивтілікпен

*+моторлы тежелгіштікпен

 

 

14.! Өзгерген алкогольмен жай мас болудың (алкогольмен жедел уланудың) истериялық вариантына барлығы тән, мынадан басқа:

* Театралдылық пен тәртіптің демонстративтілігі

* Суицидальді-бопсалау тәртібі

* Балалықтық және жалған деменция элементтерімен іс-әрекет

* Зейінін өзіне қаратуға деген талпыныс

*+Айналадағыларға күдікшілдік

 

15.! Өзгерген алкогольмен жай мас болудың (алкогольмен жедел уланудың) депрессивті вариантына барлығы тән, мынадан басқа:

* әртүрлі айқындық пен түстердегі төмендеген көңіл күйдің басымдылығы

* өзін-өзі қорлау ойларының пайда болуы

* суицидальді әрекеттерге бейімділік

* + зерігу-ашулық көңіл күй

* іс-қимылдың және сөйлеудің тежелуі

 

 

16.! Патологиялық мас болуға мынадан басқаның барлығы тән:

*психотикалық эпизодтың кенеттілігі, өткірлігі мен транзиторлығы

* бұзушы әсерлі әрекеттердің импульсивтілігі және мақсаттылығы

* сананың қарауытқан бұзылысы, қайталамалы аналогиялық жағдайлардың дамуының типсіздігі

* амнезия және астениямен жалғасатын терең ұйқыға ену

*+психикалық және физикалық комфорт сезімі, сөз-қозғалыстық активтіліктің жоғарылауы

 

17.! Патологиялық мас болудың эпилептоидты түріне мынадан басқасы тән:

 

* мағынасыз, хаостық және агрессивті әрекеттер түріндегі интенсивті қимыл-қозғалыстық қозу

* қимыл-қозғалыстық стереотипиялардың болуы

* болып өтетін ашу мен ыза аффектінің басымдылығымен

*+ болып жатқан оқиғаға тәртіп байланысының болуы

* амнезиямен көрініс бермейді

 

18.! Патологиялық мас болудың параноидты түрі мынадан басқасымен сипатталады:

* қатты қорқыныш аффектісінің болуымен

* айналаны иллюзорлы – сандырақпен қабылдаумен

* сыртқы мақсатты әрекеттілікпен

*+ фантастикалық сахна тәрізді галлюцинациялардың болуымен

* жарқын еске алушылықтарымен, басынан өткерген психоздың фрагменттерімен болатын бөліктік амнезия

 

19.! Алкогольге деген патологиялық әуестіктің клиникалық құрылымына барлығы кіреді, мынадан басқа:

* Аффективті

* Іс-әрекеттік

* Идеаторлы

* Вегетативті және сенсорлы

*+Психосенсорлы бұзылыстар

 

20.! Алкоголизммен ауыратын науқастардағы жалған салынып ішудің ерекшеліктеріне барлығы тән, мынадан басқа:

* Алкогольді эксцестің салынып ішудің бастапқысымен айқын байланысы

* Алкогольді эксцестің салынып ішудің соңымен айқын байланысы

* Алкогольді күнделікті қабылдау кезеңінің 3-4 күннен 2 аптаға дейін ұзаруы

* Ішкілікке салынудың барлық кезеңіндегі жоғары толеранттылықтың сақталуы

*+ Эксцесс басталудан бірнеше күн бұрын науқастардың психикалық, сондай-ақ физикалық жағдайларының есептік өзгерістері

 

21.! Алкоголизммен науқастардағы шынайы салынулар үшін тән:

* Салынып ішу продромының болмауы (салынып ішу алдында физикалық және психикалық жағдайдың өзгеруі)

* Алкоголизмнің 2-сатысы

* Салынып ішу динамикасында науқастың физикалық және психикалық сферасында қандай да бір бұзылыстардың болмауы

*+ Салынып ішу үрдісі кезінде, әсіресе салынып ішудің соңында физикалық және психикалық жағдайының декомпенсациясы

* Аурудың 1-сатысында пайда болуы

 

22.! Алкоголизмнің 1 сатысында науқастардың тұлға өзгерістері көрінеді:

* +преморбидті характерологиялық ерекшеліктердің үшкірленуімен

* «энергетикалықпотенциалдың» төмендеуімен

* преморбидтіхарактерологиялық ерекшеліктердің нивелировкасымен

* естің дөрекі бұзылыстарымен

* тұлғаның патологиялық дамуымен

 

23.! Алкоголизмнің бастапқы (аурудың 1-сатысындағы) көріністеріне тән:

* Толеранттылықтың төмендеуі

* Ұйқының бұзылуы

*+ Негізінен «питейлік» жағдайларда алкогольге әуестіктің актуализациясы

* Мас болу жағдайларының айқын өзгерістері

* «Критикалық доза симптомының» пайда болуы

 

24.! Алкоголизмнің 2-сатысына тән:

 

* жалпы амнезияның болуы

*қорғаныстық құсу рефлексінің тоқтауы

* толеранттылықтың өсуі

*+ашық абстинентті синдромның пайда болуы

* шынайы салынып ішудің қалыптасуы

 

25.! Алкоголизмнің 3-сатысы үшін тән:

* Палимпсесттердің болуы

*+Алкогольге деген импульсивті патологиялық әуестіктің пайда болуы

* Блекауттар

*Айқындалған абстиненттік синдромның пайда болуы

*Жалған салынып ішулердің қалыптасуы

 

26.! Алкогольді абстинентті синдром мынаған тән:

*Алкоголизмнің 1-сатысына

* +Алкоголизмнің 2-сатысына

*Алкогодизмнің 3-сатысына

* Дипсоманияға

* Тұрмыстық мас болуға

 

27.! «Критикалық доза» симптомымен көрінетін алкогольге деген патологиялық әуестіктің екіншілік формасы бұл:

* алкогольді эксцестен тыс уақыттардағы оны қабылдауға деген активті талпыныс

* кез келген, тіпті аз мөлшердегі алкогольді қабылдағаннан кейінгі алкогольді қабылдауға деген еңсерілмейтін әуестіктің пайда болуы

* әртүрлі физикалық және психикалық бұзылыстардың фонындағы алкогольді эксцестен соң алкогольді қабылдауға деген еңсерілмейтін әуестік

*+ әрбір науқасқа айқындалған алкогольдің белгілі бір мөлшерін қабылдағаннан кейінгі оны жалғастыруға деген еңсерілмейтін әуестік

* жан қолайсыздығы фонында пайда болатын алкогольге деген мұқтаждық

 

 

28.! Алкоголизмді емдеуде мынадай арнайы әдістер қолданылады:

* Антидепрессанттар

*+ Сенсибилизирлеуші терапия

* Аминазин

* ЭСТ

* Ноотроптар

 

29.! Алкогольді тип бойынша тұлға деградациясының бұзылыстарына барлығы жатады, мынадан басқа:

* өтірікшілдік пен айлакерлік

* жалпақ қалжыңға бейімділік

* әлеуметтік байланысты жоғалту

* +сырғанақтау

* атылғыштық, тітіркенгіштік

 

30.! Классификация бойынша жедел алкогольді психоздарға жатады:

*+ Алкогольді делирий

* Сандырақтық психоздар

* Шизофрения

* Неврастения

* Дипсомания

 

31.! Классификация бойынша созылмалы алкогольді психоздарға жатады:

*+ Алкогольдіқызғану сандырағы

* Сандырақтық психоздар

* Шизофрения

* Неврастения

* Дипсомания

 

32.! Дипсомания – бұл:

*+ алкогольді тәуелділікпен зардап шекпейтін азаматтардағы алкогольді ішімдіктерге деген ұстамсыз әуестік, салынып ішу ұстамалары аралықтарындағы алкогольге деген патологиялық әуестіктің болмауы

* алкогольді тәуелділікпен зардап шекпейтін азаматтардағы алкогольді ішімдіктерге деген деген ұстамсыз әуестік, салынып ішу ұстамалары аралықтарындағы алкогольге деген патологиялық әуестіктің болуы

* мотивсіз ұрлыққа, талан-тараж етуге деген ұстамсыз әуестік

* мотивсіз өртеп жәберуге деген ұстамсыз әуестік

* психоактивті заттарды қолдануға деген ұстамсыз әуестік

 

33.! Алкоголизммен ауыратын науқастардағы толеранттылықтың «плато» симптомына барлығы тән, мынадан басқа:

 

* алкогольдің тұрақты белгіленген мөлшерін қабылдау

* мас болу жағдайының тек қана алкогольдің жоғары дозаларын қабылдау кезінде дамуы

* алкогольдің жоғары дозасын бүкіл белгіленген уақыт аралығында көтере алу

* алкоголизмнің 2-сатысында

*+алкогольдің құрамы әлдеқайда төмен алкогольді сусындарға өту

 

 

34.! Алкоголизммен ауыратын науқастардағы толеранттылықтың төмендеу симптомына барлығы тән, мынадан басқа:

 

* алкогольдің үйреншікті мөлшерін қабылдау кезіндегі мас болу белгілерінің пайда болуы, тәуліктік мөлшердің сақталуы кезіндегі бір реттік алкоголь мөлшерінің төмендеуі

* алкогольдің анағұрлым төмен мөлшері бар сусындарға көшу

*+алкогольдің тұрақты түрде өсуі бар түрін қабылдау

* алкоголизмнің 3-кезеңінде пайда болуы

* мас болу көріністеріндегі тотальді амнезияның пайда болуы

 

35.! Алкоголизммен ауыратын науқастардағы үдемелі толеранттылығы бар симптомға барлығы тән, мынадан басқа:

 

* алкогольдің анағұрлым жоғары мөлшері бар сусындарға көшу

* аурудың 1- сатысында пайда болу

* қорғаныстық құсу рефлексінің жоғалуы

* алкогольдің жоғары дозасын бүкіл белгіленген уақыт аралығында көтере алу

*+алкоголь суррогаттарын қабылдау

 

36.! Алкоголизммен ауыратын науқастардағы жалған салынып ішу ерекшеліктеріне барлығы тән, мынадан басқа:

 

* алкогольдіэксцестің жалған салынып ішудің бастапқы кезбен айқын байланысы

* алкогольдіэксцестің жалған салынып ішудің соңғы кезімен айқын байланысы

* күнделікті алкогольді қабылдау кезеңінің ұзақтығы 3-4 күннен 2 аптаға дейін

* алкогольге салынудың барлық кезеңіндегі жоғары толеранттылықтың сақталуы

*+ алкогольді эксцестің басталуының спонтандылығы

 

37.! Психопат тәрізді бұзылыстары бар алкогольді деградацияға тән:

 

* Үнемі үрейлену сезімі

* Кататониялық көріністер

* Дүрліккен жағдаймен қосарланған себепсіз көңілшілдік

*+ Зеріктіретін ашықтық, айналадағыларды қаралауға ұмтылу

* Күдікшілдік, естің айқын бұзылыстары

 

38.! Е.Блейлер бойынша эйфориялық сипаттағы алкогольді деградацияға тән, мынадан басқа:

* ақ көңілдік пен қамтамасыз етілгендікпен қатар жоғарылаған көңіл күй

* өз жағдайына деген сыннаң кенеттен төмендеуі

* айналадағылармен қатынастағы шектен тыс ашықтық, тіпті жалаңаштануға дейін

*+себепсіз ашу-тітіркенгіштік көңіл күй

* өзін өзі сыйлаудың жоқтығы, жеке бастың адамгершілік сезімі

 

39.! Аспонтандылықпен жүретін алкогольді деградацияға тән:

 

* Үнемі тітіркенушіліктің болуы

*+Әлсіздік, пассивтілік, тұжырымдаулардың төмендеуі

* Зеріктіретін ашықтық, айналадағыларды қаралауға ұмтылу

* Белсенді әрекетке бейімділік

* Тұйықтық, бөлектену

 

40.! Алкогольге деген патологиялық әуестіктердің ішіндегі келтірілген клиникалық көріністерден арнайыланған негізгі бөлігін алады:

 

* эмоциональді көріністер

* идеаторлық көріністер

*+іс-әрекеттік компонент

* сенсорлық компонент

* вегетативтік көріністер

 

41.! Алкогольге деген патологиялық әуестіктердің ішіндегі келтірілген клиникалық көріністерден арнайыланған қатысты аз бөлігі болып табылады:

 

*+ эмоциональді және вегетативті көріністер

* идеаторлық көріністер

* сенсорлық компонент

* іс-әрекеттік компонент

* алкогольді тақырыптарға түстер көру

 

42.! Нашақорлықтың міндетті көрінісі:

* Дипсомания

* Клептомания

* Маниакальды жағдай

* Дромомания

* +Психикалық жәнеи физикалық тәуелділік

 

43.! Апиын тобындағы есірткілердің антагонисі болып табылады:

* Кофеин

* Барбамил

* Седуксен

* + Антаксон (Налоксон)

* Финлепсин

 

44.! Апиынмен улануға тән белгілер:

 

* жеңілдік, қуаныш, сыртқы ортаны қабылдаудағы соматикалық рахаттану сезімдерінің сақталуы

*+ жағымды истома, тыныштық пен босаңсулық, «ішкі кереметтей дүние» сезімі

* ақкөңілдік, көңілтолымдық, соматикалық рахаттану сезімі

* сыртқы ортаны қабылдаудың анықтығының, тыныштық пен босаңсудың сақталуы

* «ішкі кереметтей дүние» сезімі және сыртқы ортаны қабылдаудың анықтығының сақталуы

 

45.! Амфетаминдік нашақорлық кезіндегі бас тарту синдромына тән:

 

*+суицидальді тенденциялармен жедел депрессияның дамуы

* жоғары шаршағыштық, тітіркенгіштік

* ұйқы жоқ кездегі ұйқышылдық

* тәбеттің тұрақты жоқтығы

* соматовегетативті бұзылыстар

 

46.! «Эфедрон» түсінігінің анықтамасында маңызды болып табылады:

 

*+ол амфетамин туындыларына жатады

* эфедриннен тұратын заттардың өңдеу өнімі болып табылады

* оны дайындау кезінде калий перманганатын, йодты, сірке қышқылын пайдаланады

* тырыспалық әсер көрсетеді

* психостимуляциялық әсер көрсетеді

 

47.! Кокаиндық нашақорларда күшін жою жағдайына неғұрлым тән болып табылады:

 

* мұрын-жұтқыншақ шырыштарының құрғақтығы және шүйде аймағындағы ауру сезімі, бас айналу

* парестезия және анизорефлексия

*+жабырқаңқылық және тітіркенгіштікпен, ашушаңдықпен ауыр дисфориялар

* делириозды және параноидты бұзылыстар

* бір уақыттағы ұйқышылдық және үрейлі мұңайған жағдаймен және суицидальды ойлармен, әрекеттермен ұйқысыздық

 

 

48.! Эфедронмен улану кезіндегі «Келіс» жағдайы неғұрлым айқын көрінеді:

 

* бүкіл дене бойына түршігу сезімінің болуымен

* жүрек жұмысы ритмінің жиілеуімен және қан қысымының жоғарылауымен

*+бастағы шаштар қозғалатындай және шаштар «тік тұрғандай» сезіммен

* уақыттың баяу өту сезімімен

* шаршағыштық сезімінің жойылуымен, көңіл-күйдің жоғарылауымен

 

49.! Эфедронмен жедел уланудағы эфедрондық психоздар сипатталмайды:

 

* бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейінгі ұзақтықпен

* қайталанумен және клиникалық көріністің біртиптілігімен

* ара-қатынас, соңына түсу сандырақ ойларымен

*+дамудың кенеттілігімен

* жедел бұзылыстар басылғаннан соң 1-2 аптадан соңғы сандырақтық көңіл-күйдің сақталуымен

 

 

50.! Эфедронды психозды басынан өткерген науқастарда анық байқалады:

 

*+ тұрақты астениялық бұзылыстар,бейспонтандылық

* солғындық, бейспонтандылық, мнестикалық бұзылыстар

* әрекетсіздік және инициативсіздік

* мнестикалық бұзылыстар, дисфориялар

* дисфориялар, әрекетсіздікжәнеинициативсіздік

 

51.! Алкоголь суррогаттарын қабылдау байқалады:

* алкоголизмнің барлық сатыларында

* алкоголизмнің 1-сатысында

*алкоголизмнің 2-сатысында

*+алкоголизмнің 3-сатысында

* алкоголизм үшін тән емес

 

52.! Алкоголизммен ауыратын науқастардағы наркотикалық амнезия симптомына тән:

 

*+ аурудың бастапқы этаптарындағы алкогольді эксцестің соңғы кезеңіндегі естің жоғалуы

* алкогольдің максимальды көтере алатын мөлшерін қабылдау кезінде пайда болуы

* жалған реминисценциялар

* алкогольді эксцестің жеке эпизодтарының естен жоғалуы

* олардың пайда болуының жиі болуы

 

 

53.! Наркомания үшін қандай сыртқы белгілер тән емес:

 

*инъекция іздері

* өзін өзі тілу іздері

* психоактивті заттардың иісі

* тырнақтар мен көздердің жарқырауын жоғалту

* +жақсы физикалық жағдай

 

54.! Корсаков психозы сипатталады:

 

* манихейлік сандырақпен

* «энергетикалық потенциалдың» төмендеуімен

* ұлылық сандырағымен

* +естің дөрекі сапалық бұзылыстарымен

* жалған галлюцинациялармен

 

 

55.! Жалған абстинентті синдром сипатталады:

 

* дипсоманиямен

* маниямен

* деперсонализациямен

* +алкогольді тақырыптарға түс көрулермен

* дереализациямен

 

 

56.! Эфедрондық наркоманиямен ауыратын науқастардағы уланудың басылуы кезінде транквилизаторларды қабылдау мына жағдайға алып келеді:

 

*+ ағымдағы ауруға тән болатын циклділік бұзылады

* ұйқы қалыптасады

* бас тарту жағдайының дисфориялық фазасы басылады

* тырысулық пароксизмдер пайда болады

* эфедронға деген патологиялық әуестік кенеттен әлсірейді

 

57.! Қылмысқа жауапкершілікке тартылмайды мына жағдайда:

 

* наркотикалық дәрілік заттарды ұрлауда

* есірткілік заттарды заңсыз жасау, сақтау мен таратуда

* есірткілік дәрілік заттарды дайындау, сақтау, қолданысқа жіберу мен тасымалдау заңдылықтарына қойылған талаптарды бұзуда

*+психиатр-нарколог жазып берген психоактивті заттарды қабылдауда немесе қол жеткізуде

* есірткілерді қолдануға арналған притондардың болуы, кәмелет жасына толмағандардың наркотикалық заттарды қабылдауға деген бейімділігі

 

58.! Мас болу жағдайындағы тұрмыстық жарақатпен байланыстыуақытшажұмысқа жарамсыздықтолтырылады:

* анықтамамен

* ауруханапарағымен

* анықтамамен, сосын аурухана парағымен

* +мас болу жағдайы туралы белгісі бар аурухана парағымен

* сұрақ әкімшілік келісімі бойынша шешіледі

 

59.Ұшқыш органикалық қосындылармен жедел улану жағдайының динамикасына келесі белгілер тән:

* тез шаршағыштық, үлгерімнің төмендеуі

* аурулық бозғылттық

*+ тітіркенгіштік, адекватты емес іс-әрекеттер эпизодтары, арнайы химиялық иістің пайда болуы

* тәбеттің кенет жоғарылауы, үнемі болатын аштық сезімі

* солғындық, ұйқышылдық, ниеттенуді жоғалту

 

60.! Ұшқыш органикалық қосылыстармен токсикомания кезіндегі психикалық тәуелділік синдромына неғұрлым тән ерекшелік болып табылады:

* иіскеудің алғашқы айында қалыптасу

* бірнеше тұрақты иіскеуші қатысушылардан тұратын ортаның тарылуы, одан соң жеке қолдану

* жағымды сезімді қайталауды қалау

* «иіскеу» ұсынысынан бас тарту мүмкіндігі

*+ қолдану туралы әңгіме кезінде, тұрмыстық және өндірістік химиялық затты көру немесе иісін сезу кезінде әуестіктің күшеюі

 

61.! Транквилизаторлармен жедел уланудың типтік симптоматикасы:

* ауыздағы құрғақтық

* +психомоторлы қозу

* қарашықтардың кенеттен тарылуы

* қозғалыс координациясының бұзылуы, дизартрия

* сананың онейроидты қараңғылануы

 

62.! Ингалянттармен мас болудың көрінісі төмендегілермен өтеді, мынадан басқа:

* эйфориямен

* жеңіл сөнудің фонында

* делириозды жағдайдың фонында

* онейроид

*+депрессивті жағдай

 

63.! Ингалянттармен шақырылған токсикоманияны диагностикалау негізделеді, біреуінен басқасымен:

* иіскеп қолдануға ауысу

* жалғыз қолдануға ауысу

* токсикалық заттың қолданатын мөлшерін көбейту

* күні бойы қайталамалы ингаляциялар

*+ онейроид

 

64.! Ингалянттармен созылмалы уланудың салдарына барлығы жаатды, біреуінен басқа:

* психоорганикалық синдром

* бауырдың зақымдануы

*+ конфабуляциялар

* токсикалық энцефалопатия

* аффективті бұзылыстар

 

65. Наркологиялық диспансердің мақсаттарына барлығы кіреді, мынадан басқа:

 

* емдік-профилактикалық мекемелерге ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету

* диагностикалық, емдік-сауықтыру іс-әрекеттерін орындау

* алдын алу шараларын жүзеге асыру

* емдік-алдын алу жұмысы мен алкогольдік мас болу экспертизасы

*+ сот-психиатриялық экспертизаларды жүргізу

 

66.! Жалпы соматикалық емханадағы психиатр-наркологтың кабинетінде жүзеге асырылады:

 

*+ консультативті және емдік-диагностикалық жұмыстар, және алдын алу сұрақтарымен айналысады

* жалпы медициналық қабылдау

* салынып ішулерді басу

* сот-психиатриялық экспертизаларды жүргізу

* алкогольді салынып ішуді басу

 

67.! Анонимді емдеу кабинетіндегі жұмыс науқасқа мына түрде өткізіледі:

* жазбаша медициналық құжаттандыру жүргізілмейді

* жалпы тәртіптер бойынша медициналық амбулаторлы карта жүргізіледі

* жазбаша құжаттандыру тексерілушінің қалауы бойынша жүргізіледі

*+медициналық карта тексерілушінің аты-жөні мен мекен жайын көрсетпей жүргізіледі

* ешқандай жазбаша құжаттандыру жүргізілмейді

68. Учаскелік дәрігер-психиатр-наркологтың функционалдық міндеттеріне барлығы жатады, мынадан басқа:

 

* алкоголизммен, наркоманиямен және токсикоманимен ауыратын науқастардың емдік-диагностикалық жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу

* тіркеу, учеттік және есептік құжаттандыруды енгізу

* науқастарға консультативтік көмекті, жалпы емдеу жүйесі дәрігерлеріне көмек көрсету,

* санитарлы-жарықтандыру жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізу, квалификация деңгейін жоғарылату

*+сот-наркологиялық сараптаманы өткізу

 

69.! Стационардағы ақпараттық-білім беру жұмыстарының мақсаты болып табылады:

 

* емдеу кезеңіне сауығулық нұсқауларды ұйымдастыру

* алкогольді мөлшерленген (бақыланатын) қабылдауды ұйымдастыру

* алкогольдің зияны жайлы насихат

*+ салауатты өмір салтын насихаттау

* алкогольден соңына дейін бас тартуды ұйымдастыру

 

70.! Наркологиялық мекемелерде профилактикалық тіркеуге жатпайды:

* токсикоманиялық заттарды қабылдауда бір ғана жағдайда көзге түскен азаматтар

* наркотикалық заттарды медициналық емес қабылдаудың жеке жағдайларында тіркелген азаматтар

*+ұзақ ремиссиялы алкоголизммен ауыратын науқастар

* тұрмыстық маскүнемдер

* алкогольді сирек қабылдайтын азаматтар

 

 

71.! А.М.Раппопорт сынамасының оң нәтижесі болып табылады:

 

* пробиркалардың біреуіндегі түстің бөліктің өзгерісі

*+пробиркалардың бірінің толық түссізденуі

* екі пробиркада да түс өзгерісінің болмауы

* екі пробиркада да түс өзгерісінің болуы

* пробирканың біреуінің түсінің қызғаруы

 

72. Мас болу жағдайындағы өндірістік жарақатпен байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық парағы толтырылады:

 

* анықтамамен

* келесі 7 күнге ауруханалық қағазын берумен жүретін анықтама

*+шартсыз ауруханалық қағазымен

* сәйкес таңбалы аурухана қағазымен

* сұрақ индивидуальді түрде шешіледі

 

73.! Психоактивті заттарды эпизодты түрде қабылдау бұл:

* +наркотизм

* полинаркомания

* наркомания

*токсикомания

*асқынған наркомания

 

74.! Мас болу жағдайына байланыссыз аурулық жағдайының сақталуы кезіндегі, науқастың мас жағдайда дәрігердің кезекті қабылдауына келу жағдайындааурухана қағазы:

 

* аурухана қағазы жабылады және науқас жұмысқа шығарылады

* аурухана қағазы жабылады, ал оның орнына анықтама беріледі

*+аурухана қағазы мас болу таңбасымен жалғасады

* аурухана қағазы амбулаторлық карта белгісімен жалғасады

* мас болу таңбасы бар жаңа аурухана қағазы ашылады

 

 

Date: 2015-07-02; view: 484; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию