Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бас миының зақымдану белгілерінің бірі: повт





- бауырдың үлкеюі

- үлкен еңбектің ішке қарай түсуі

- құрысып-тырысу

- көк бауырдың үлкеюі

 

39. Кефалогематома дегеніміз не:

- нәрестенің жатқан жағы ісіну

- миға қан кету

- бас сүйегі қабығы астына қан құйылу

- ми қабығы астына қан құйылу

 

40. Аталған аурулардың қайсысы терінің ірінді емес ауруларына жатады:

- көпіршіктену

- везикулопустулез

- импетиго

- баздану

 

41. Тері қатпарларының қызаруы, сулануы, сылынуы терінің қай ауруының белгілері:

- базданудың

- везикулопустулездің

- импетигоның

- көпіршіктенудің

 

42. Омфалит дегеніміз ненің қабынуы:

- шырышты қабықтардың

- терінің

- ортаңғы құлақтың

- сүйектің

- кіндіктің

 

43. Катаралдық омфалитке тән белгіні таңдаңыз:

- кіндік айналасындағы тіндердің некрозы

- кіндік жарасынан ірің бөліну

- кіндік айналасындағы тіндердін ісінуі

- кіндік тамырларының ісінуі

- кіндік жарасынан сероздық, сероздық-геморрагиялық бөлініс

 

44. Гипотрофияның І дәрежесінде салмақ кемдігі неше пайыз:

- 25-30%

- 30-40%

-11-20%

- 20-25%

 

45. Гиптрофияның ІІ дәрежесінде салмақ кемдігі неше пайыз:

- 10-15%

- 30-40%

- 15-20%

- 21-30%

 

46. Гипотрофияның ІІІ дәрежесінде салмақ кемдігі неше пайыз:

- 15-20%

- 30%-дан артық

- 21-30%

- 10-15%

- 5-10%

 

47. Краниотабес дегеніміз не:

- маңдай сүйектің дөңестенуі

- үлкен еңбектің кеш жабылуы

- саусақтардың жуандауы

- бас сүйектерінің жұмсаруы

- төс сүйегінің алға қарай майысуы

 

48. V-VIII қабырғалардың шеміршек бөлігінің сүйектік бөлігіне ауысар жерінің жуандауын қалай атайды:

-«мешелдік таспихтар»

- «мешелдік білезіктер»

- «інжу жіптері»

- «етікші төсі»

 

49. Мешелдің арнайы емі мен алдын алуы үшін қолданылады:
- кальций препараттары

- фосфор препараттары

- В тобының витаминдері

- Д витамиін препараттары

- цитрат араласы

 

50. Хвостек симптомы қай жердің бұлшық еттерінің тырысуымен сипатталады:

- қолдың

- бүкіл дененің

- беттің мимикалық

- аяқ ұшының

 

51. Экссудативті-катаралды диатездің алғашқы белгілерінің бірі:

- сулы есекжем

- қышыма

- гнейс

- «сүт қабық»

 

52. Гнейс дегеніміз не:

- бұдырмақтар

- ойық жаралар

- іріңді бөртпелер

- геморрагиялық бөртпелер

- шаш арасында сұрғылт немесе сарғыш себореялық қабыршақтар

 

53. Үру тектес жөтел, демді ішке алудың қиындап, шулы болуы, дауыстың қарлығуы тән:

- стеноздаушы ларингитке

- ринитке

- баспаға

- фарингитке

- пневмонияға

 

54. Стеноздаушы ларингит кезінде көрсетілетін көмектің бірі:
- тілді шпательмен басы

- мүсәтір спиртін искету

- денеге салқын су бүрку

- салқын сусындар ішкізу

- жылы сілтілі булы инголяция

 

55. Жаңа туған нәрестелер пневмониясында мейілінше тән ерте аңғарылатын белгі:

- крепитация

- ұсақ көпіршікті сырылдар

- аузы мен мұрнынан көпіршікті жалқық бөліну

- тыныс алудың баяулауы

 

56. Ревматизмнің жыл бойылық алдын алу үшін қай препарат қолданылады:
- эритромицин

- бициллин-3
- пенициллин
- бициллин-5

- амоксициллин

 

57. Іштен біткен жүрек ақаулары дегеніміз не:

- миокардиттің қабынуы

- жүрек пен жүрек қақпақшаларының және ірі тамырлар дамуының ауытқуы
- эндокардтың қабынуы

- тамыр қабырғасының қабынуы

 

58. Ауыздың шырышты қабатында ұйыған сүтке немесе ірімшіктің қиқымына ұқсаған көлемі әртүрлі ақ таңдақтар қай стоматиттің белгісі:

- катаралдық
- бактериялдық
- кандидоздық
- вирустық

 

59. Герпестік стоматитке тән элемент:

- ақ таңдақтар
- петехиялар
- ойық жара
- күлбіреу

60. Аскариданың жұмыртқаларын табу үшін зерттеледі:
- зәр
- анус айналасынан қырынды
- нәжіс
- қан

61. Энтеробиоздың негізгі белгісі:
- анус айналасы қышу
- ұйқының бұзылуы
- іштің өтуі

- бастың ауруы

 

62. Дене қызуы көтерілу кезеңіне пайда болатын алғашқы белгі:
- терлеу
- терінің қызаруы
- тоңу, қалтырау

- ыстықтау

 

63. Балалардың неше жас аралығы пубертаттық кезең:

- 1-3 жас аралығы

- 4-6 жас аралығы

-12-13 жас пен 16 жас аралығы

- 7-11 жас аралығы

 

64. Неше жастан бастап сүт тістері тұрақты тіске алмаса бастайды:

- 1-2 жастан

- 9-10 жастан

- 5-7 жастан

- 3-4 жастан

 

65. Баланың бір жасына таман асқазан сиымдылығы:

- 500мл

- 50-100мл

- 200-250мл

- 50-70мл

 

66. Жүктіліктің нешінші апта аралығында туған бала мезгілінде туған болып саналады:

- 38-40

- 36-37

- 34-35

- 33-34

 

67. Дені сау нәрестенің кіндік жарасын күту үшін қолданылады:

- 1% бриллиант жасылы

- гидрокартизон майы

- антибиотик ерітіндісі

- қайнаған су

 

68. Физиологиялық сарғаюда келесі шара қолданылады:

- қан алмастырып құю

- антибиотик енгізу

- баланы жиі емізу

- баланы донорлық сүтпен тамақтандыру

 

69. Жүктіліктің келесі мерзімінде туған бала шала туған болып саналады:

- 41-42-ші апта аралығында

-38-ші апталығынан бұрын

- 38-40-шы апта аралығында

- 20-21 апта аралығында

 

70. Пиодермия дегеніміз терінің қандай аурулары:

- іріңді

- іріңді емес

- аллергиялық

- геморрагиялық

 

71. Везикулопустулез қандай бөртпе шығумен сипатталады:

- қанға толы ұсақ бөртпе

- іріңге толы ұсақ бөртпе

- іріңге толы ірі бөртпе

- папулездік бөртпе

 

72. Жаңа туған нәрестенің басында, шаш арасында көлемі бұршақтан фасольға дейін жететін тығыз, күрен қызыл инфильтраттар бар, бұл терінің қай ауруы:

- псевдофурункулез

- везикулопустулез

- көпіршіктену

- баздану

 

73. Қоректенудің созылмалы бұзылыстарын қалай атайды:

- диспепсия

- дистония

- дистрофия

- дискинезия

 

74. Баланың тері асты май қабаты қарны мен аяқ-қолдарында жоқ, бетінде ғана сақталған, бұл гипотрофияның қай дәрежесіне тән:

- ІІІ дәрежесіне

- І дәрежесіне

- ІІ дәрежесіне

- барлық дәрежесіне

 

75. Д витамині жетіспеушілігінде ненің алмасуының бұзылуы жетекші роль атқарады:

- фосфор мен кальцийдің

- витаминдердің

- көмірсулардың

- белоктардың

 

76. Тершеңдік, шүйде сүйектің жұмсарып, жалпаюы, желке шаштың түсуі рахиттің қай кезеңінде пайда болады:

- бастапқы

- қарқындау

- реконвалесценция

- қалдық құбылыстар

 

77. Сүйектердің жұмсарып қисаюы, жуандауы, бұлшық ет гипотониясы тән:

- гипотрофияға

- экссудативті-катаралдық диатезге

- анемияға

- рахитке

 

78. Рахиттің алдын алу үшін мерзіміне жетіп туған балаларға Д3 витаминінің қажет тәуліктік мөлшері:

- 2000ХБ

- 5000ХБ

- 500ХБ

- 200ХБ

 

79. Спазмофилия қай аурумен тығыз байланысты:

- сепсиспен

- рахитпен

- гипотрофиямен

- анемиямен

 

80. Спазмофилия келесі жағдайға бейім болу:

- аллергиялық реакцияларға

- құрысып-тырысуға

- қан кетуге

- гипертермияға

 

81. Ларингоспазм дегеніміз не:

- дауыс желбезегінің тырысуы

- көмейдің шырышты қабығының қабынуы

- дауыс желбезегінің қабынуы

- бронхтардың шырышты қабығының қабынуы

 

82. Себореялық қабыршақтарды жібіту үшін не қолданады:

- бриллиант жасылы

- фурацилин

- залалсыздандырылған өсімдік майы

- флуцинар

 

83. Бронхоспазмды жою үшін қолданылатын дәрілердің бірі:

- либексин

- сальбутамол

- тусупрекс

- парацетамол

 

84. Тыныс тапшылығының белгілері:

- ентігу, цианоз, тыныс алуға қосымша бұлшық еттерінің қатысуы

- жөтелу, дене қызуы көтерілу

- тәбеттің бұзылуы, әлсіздік

- бөртпе шығу

 

85. Пневмония диагнозын қандай зерттеу растайды:

- жалпы қан сынағы

- қанның биохимиялық сынағы

- рентгенологиялық зерттеу

- жалпы зәр сынағы

 

86. Ревматизм қай тіннің зақымдануымен сипатталады:

- сүйек

- дәнекер
- эпителий

- тері асты

 

87. Кіші хорея дегеніміз ненің зақымдануы:

- терінің

- буынның
- жүректің
- орталық жүйке жүйесінің

 

88. Іштен жүрек ақауын жою үшін қолданылады:

- хирургиялық ем

- жүрек препараттары
- антибиотиктер
- дезинтоксикациялық ем

 

89. Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруының негізгі белгісі:
-ұстамалы тәрізді ауыру сезімі
- кекіру
- құсу
- қыжыл

 

90. Барлық стоматиттерге аталған белгілердің қайсысы тән:
- ауыздың шырышты қабатының қызаруы
- дене қызуы көтерілуі
- ойық жара
- күлбіреу

 

91. Жаралы стоматиттің емінде қолданылады:

- антибиотиктер
- интерферон
- нистатин

- ферменттер

 

92. Созылмалы гастритті жиі қай микроб туғызады:
- хеликобактер пилори
- стафилококтар
- стрептококтар
- протей

 

93. Адам организімінде острицалар қай жерде тіршілік етеді:
-тоқ ішекте және аш ішектің төменгі бөлігінде
- асқазанда
- тік ішекте

- бауырда

 

94. Нәрестені ана төсіне алғашқы рет салу мерзімін көрсетіңіз:

- босанғаннан соң 6 сағат өткеннен кейін

- басанғанан соң 30 минут өткенен соң

- босанғаннан соң бір тәулік өткеннен кейін

- төске салу мерзімі маңызды емес

 

95. Жалған круп клиникасына тән емес симптомды таңдаңыз:

- инспираторлы ентігу

- «үрген иттің» даусындай жөтел

- даустың қарлығуы

- бөртпе шығу

 

96. Баланың тыныс алу жиілігін санау қажет:

- фонендоскоптың көмегімен, ұйықтап жатқанда

- қолды ішіне қойып, тамақ қабылдау кезінде

- қолды кеудесіне қойып, жылау кезінде

- қолды еңбегіне қойып, ұйықтап жатқанда

97. Бақылаулы өлшеу кезінде анықталады:

- сүт қоспасының бір реттік ішілген мөлшері

- тағамның тәуліктік мөлшері

- ана төсінен бір реттік сорып алынған сүт мөлшері

- ана төсіндегі жалпы сүт мөлшері

 

98. 3 жасар баланың асқазанын шаю үшін керек:

- 1 литр қайнаған су

- 3 литр су t +22 градус

- 5 литр су t +36 градус

- 10 литр су t +22 градус

 

99. Өт шығару жолдарының дискинезиясы кезінде балаларға тағайындайды:

- майға пісірілген бауырсақ, қақталған тағамдар, консервілер, сорпа, шырындар

- түшпара, құймақ, тосап

- №5 емдәм (ірімшік, жұмыртқаның ақ уызы, қарақұмық ботқасы, майлы емес сорпа, көкөніс пюресі)

- қуырылған ет тағамдары

 

100. Жүректің туа біткен ақаулары бар балаларға тиімді тамқтандыруда құрамында келесі заттарға бай тағамдар тағайындалады:

- калийге

- кальцийге

- фосфорға

- ақ уызға

 

Date: 2015-07-02; view: 1427; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию