Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






шы есеп





Науқас Н., 32 жаста, күйзелулік қалтырау, дене қызымының жоғарылауы, белінің оң жағындағы сыздап ауырсынуы, ауырсынуға әкелетін жиі зәр шығару шағымдарымен дәрігерге қаралды. Өз ауруын тоңумен байланыстырады.

Сыртартқысынан: жиі циститтер.

Объективті: дене қызымы 38°С. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі таза.

Тынысы везикулалық. Жүрек үндері тұйықталған, ырғақты, ЖЖС минөтіне 92 рет, АҚ 120/80 мм.сын.бағ. Тілі таза. Іші жұмсақ, қабырғалық доғаның, кіндік пен шап қатпары бойындағы құрсағының оң жақ тура бұлшықетінің сыртқы жиек бойымен ауырсыну анықталады. Пастернацкий оң жағынан оң(-).

Тапсырма

1. Болжамды аңғарымды құрастырып дәлелдеңіз.

2. Қажетті қосымша зерттеулерді атап беріңіз.

3. Мүмкін болатын асқынуларын атаңыз.

4. Осы науқасқа байланысты өзіңіздің жасайтын әрекетіңізді анықтаңыз, емдеу негіздері, болжам және алдын алу туралы айтып беріңіз.

 

Дебиет

Негізгі:

1. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология – Алматы, 2007.

2. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология: оқулық – Алматы, 2000.

3. Дәрістер жиынтығы

4. Патологиялық физиология пәні бойынша тест-тапсырмалар. 4-бөлім. Семей, 2004ж.

Қосымша:

6. Клиническая нефрология под ред. Е.М. Гареева – М., Медицина 1983

7. Маждраков М. Болезни почек – София, 1988

8. Ф. Дж. Нокс и др. Современная нефрология – М., Медицина, 1984 – 512 с.

9. Минкин Р.Б. Болезни почек – Л.: Медицина 1990 – 157 с

10. Нефрология. Руководство для врачей в 2 – х томах (под. Ред. И.Е. Гареевой – М.: Медицина 1995 г. Т. 1.- 495 с; Т.2. 1995 – 495 с

8. Білім бақылау (тесттер, сабақ тақырыбының сұрақтары бойынша әңгімелесу)

1. Созылмалы гломерулонефритке тән зәр симптомдарын ата:

1. олигурия

2. полиурия

3. анурия

4. гиперстенурия

5. никтурия

2. Нефротикалық синдромда iсiктiң дамуына әкелетiн факторлар:

1. плазмада онкотикалық қысымның жоғарылауы

2. альдостеронның бөлiнуi

3. АДГ секрециясының азаюы

4. плазманың онкотикалық қысымның азаюы

5. натрийді жоғалту

3. Жедел гломерулонефрит кезiнде iсiнулердiң дамуы немен түсiндiрiледi:

1. қан ағысындағы гидростатикалық қысымның төмендеуi

2. тіндік капиллярларынын өткiзгiштiгiнiң жоғарылауы және Nа+ ағзада тежелуi

3. тамырларда онкотикалық қысымның жоғарылауы

4. тамырларда онкотикалық қысымның төмендеуi

5. фильтрациялық қысымның төмендеуi

 

4. Гломерулонефрит дамуын қандай қоздырғыш шақырады:

1. вирустар

2. В-гемолитикалық стрептококк

3. iшек таяқшасы

4. алтындаған стрептококк

5. протей

 

5. Созылмалы гломерулонефритт организмде қандай өзгерiстер дамиды:

1. спленомегалия, гепотомегалия

2. жалпы склероз

3. артериялар атеросклерозы

4. кардиосклероз, гипопротеинемия

5. анемия, азотемия

6. Нефротикалық синдром немен көрiнедi:

1. гематурия

2. пиурия

3. лейкоцитурия

4. протеинурия. гипопротеинемия

5. никтурия, цилиндрурия

7. Жедел диффузды гломерулонефрит дамуының этиологиялық факторларын көрсет:

1. жүректiң ишемиялық ауруы

2. ұрық пен анасының резус-сәйкессiздiгi

3. тиреотоксикоз

4. жедел сәулелену, қорғасынмен улану

5. созылмалы тонзиллит, стрептококкты сепсис

8. Жедел диффузды гломерулонефрит дамуындағы патогенетикалық факторларды ата:

1. айналымдағы қан көлемiнiң өзгеруi

2. стрептококкты эндотоксинмен интоксикациясы

3. жүрек жұмысы ырғағының бұзылуы

4. бүйрек толақандылығы, АДГ секрециясының жоғарлауы

5. иммунды жетіспеушілігінің жағдайы, бүйрек шумақшаларының өлуі

9. Жедел диффузды гломерулонефрит дамуының патогенетикалық факторын көрсет:

1. бүйректердiң толақандығы (қан ағысының күшеюi)

2. шумақтардың базальды мембранасынан аутоантигендердiң түзiлуi, бүйректер

ишемиясы

3. иммунтапшылық жағдайы

4. бүйрек ишемиясы, бүйрек шумақшаларының өлуі, дәнекер тіннің өсуі

5. нервті-гуморальді реттелудің бұзылуы

 

10. Нефротикалық синдромның негiзгi симптомдарын көрсет:

1. полиурия, сусыздану

2. гиперлипидемия, жайылмалы iсiнулер, массивтi протеинурия

3. гиполипидемия, гиперпротеинемия

4. глюкозурия, диспротеинемия

5. гипопротеинемия, гиполипидемия

 

11. Нефротикалық синдромның этиологиялық факторларының iшiнен бiрiншiлiк факторларын көрсет:

1. безгек

2. Боткин ауруы

3. пиелонефрит, амилоидоз

4. туберкулез

5. радиациялық зақымдану ЖИА

 

12. Мына көрсетiлген факторлардың қайсысы жедел диффузды гломерулонефрит шақырады:

1. сулемамен улану

2. ұзаққа созылған артериалды қысымның бiрден көрнектi төмендеуi (шок,коллапс)

3. хром қышқылының тұздарымен улану

4. “ылғалды суықтың ” ұзақ әсері

5. уранмен улану

 

13. Жедел диффузды гломерулонефрит кезiнде ісінудің пайда болу себебi:

1. натрийдi жоғалту, онкотикалық қысым жоғарылауы

2. альдостерон бөлiнуiнiң жоғарылауы, натрийдiң ұсталып қалуы

3. АДГ секрециясының төмендеуi

4. қанда белок мөлшерiнiң азаюы

5. ренин–ангиотензин жүйесінің белсенділігі

 

14. Жедел диффузды гломерулонефритке қандай зәр симптомдары тән емес:

1. олигурия

2. гипостенурия

3. гематурия

4. цилиндрурия

5. протеинурия

15. Созылмалы гломерулонефритке тән қан өзгерiстерi:

1. гипонатриемия

2. гипокалемия

3. глюкозурия

4. қандағы белок мөлшерінің жоғарылауы

5. азотемия, анемия

№ 3 Тәжірибелік сабақтарға

арналған әдістемелік нұсқаулар

Мамандығы: 5В130100 “Жалпы медицина”

Модуль: 6 “Несептік жыныстық жүйесі”

Тақырыбы: Бүйрек қызметі созылмалы жетіспеушілігінің патофизиологиясы.

Балалардағы бүйрек жетіспеушілігі дамуының ерекшеліктері.

Мерзімдік бақылау.

 

Мақсаты:

- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің және әртүрлі жастағы балалардың ерекшеліктерінің патогенетикалық тетіктерін түсіндіру;

Оқыту мақсаты :

Студент білуі қажет:

- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің синдромын.

- бүйректік артериялық гипертензияның синдромын.

- жыныс және репродуктивті жүйелердің даму бұзылыстарының синдромын.

Студент үйренуі қажет:

- ситуациялық есептерді шешу кезінде созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің белгілерін анықтау;

Тақырыптың негізгі сұрақтары :

1. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің, этиологиясы мен патогенезі.

2. Уремия, даму жолдары, көрiнiстерi.

3. Экстракорпоралдық және перитонеалдық гемодиализ туралы түсiнiк. Жасанды бүйрек,

бүйректердi ауыстырып отырғызу.

4. Созылмалы бүйрек жеткiлiксiздiгiнің даму кезіндегі балаларда несеп түзiлудiң және несеп

бөлiнудiң ерекшелiктерiнің маңызы.

5. Жыныс жүйесінің патофизиологиясы, этиологиясы мен патогенезі.

6. Репродуктивті және жыныс жүйесінің дамуындағы бұзылыстың синдромы кезіндегі

гормондық бұзылысқа шалдығу (анорхизм, монорхизм, қуық экстропиясы, дисменория).

Білім берудің және оқытудың әдістері:

Пікірталас, презентациялар, несептік жыныстық жүйесі бойынша тест-тапсырмалар мен ситуациялық есептерді шешу.

 

Ситуациялық есептер

1-ші есеп

Науқас В., тәбетінің жоғалуына, жүрегінің айнуына, құсуға және ұйқышылдыққа шағым білдіреді. Бүйрек ауруы бойынша тіркеуде тұр.Жағдайы ауыр. Терісі құрғақ, бозғылт-сары түсті, тырнаған іздері, қолдары мен аяқтарында көгерулер байқалады. Өкпесінде құрғақ сырылдар, жүрегінде – жүрекқаптың үйкелу шуы, жоғары бөлігінде систолалық шуыл естіледі. АҚ 200/120 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, бауыры +2 см. Бүкіл денесінде ісіктер. Сіздің алдын ала диагнозыңыз қандай? Дәлелденіз.

ҚЖТ:

Нв-60г/л, Эр.-1,8х10л, Л-9, 2х10л.

ЗЖТ:

Үлестік салмақ - 1,003,

Нәруыз - 1 г/л, тұнбада – бірлі-жарым сілтілденген эритроциттер, цилиндрлері түйіршікті.

ҚБТ: креатинин 16 мг%, зәрнәсіл 60 ммоль/л.

 

2-ші есеп

Науқас Ф., нефротикалық варианттағы созылмалы гломерулонефрит аңғарымымен нефрология бөліміне госпитализацияланған. Науқастың жағдайы ауыр. Нефротикалық күрт асқынуы (криз) пайда болған. Қандай клиникалық әйгелімдер тән? Сіздің алдын ала диагнозыңыз қандай? Дәлелденіз.

 

3-ші есеп

Науқас М., 20 жаста, реанимация бөліміне сопорлық жағдаймен түсті. Жедел гломерулонефрит аңғарымымен стационарлық ем алуға жіберілген. Бірақ науқас госпитализацияға келіспеді. Қарау кезінде өкпеде везикулалы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған, ЖЖC – минөтіне 45 рет, АҚ - 220/130 мм.сын.бағ. Шешесінің сөзінен бас ауруы, жүректің айнуы, одан әрі тырыспалық ұстанымдар мазалады. Осы аурудың қандай асқынуы дамыды?

 

 

4-ші есеп

42 жастағы науқас әйелдің үйіне дәрігер шақырылған. Шағымдары: үнемі болатын бас ауыру, тәбетінің болмауы, үнемі болатын жүректің айнуы, кезеңді құсу, жалпы әлсіздік, іштің өтуі. Тұңғыш рет 8 жыл бұрын ауырып қалған болатын, стационарлық ем алған болатын, асқынулармен байланысты жатып шыққан. Асқыну кезінде, науқастың айтуы бойынша келбетінде, аяқтарында ісіктер болған, АҚ жоғарылаған. Зәрінде өзгерістер болған, бірақ қандай өзгерістер болғаны есінде сақталмаған. 10 күн бұрын жағдайы одан сайын нашарлай түсті. Бас ауыру күшейе түсіп, жүрегінің айнуы, құсу мен ішінің өтуі пайда болды.

Объективті: дене қызымы 37,3°С. Жалпы жағдайы ауыр, келбеті ісінген. Тез арада жүдеген, терісі бозғылт, пергаменттік реңкімен, құрғақ, аузынан аммиак иісі сезіледі.

Тынысы әлсіреген, төменгі бөліктерінде бірлі-жарым сұйық сырылдардар естіледі.

ТАЖ минөтіне 24 рет. Жүректің салыстырмалы тұйықталуының сол жақ шекарасы ортаңғы бұғана сызығы бойынан 1 см сыртқа шығып тұр. Жүрек үндері тұықталған, қолқада 2-ші үннің акценті. Пульс минөтіне 76 рет, ырғақты, күшейтілген. АҚ 170/100 мм.сын.бағ. Тілі ақ таңдақпен қапталған. Іші жұмсақ, пальпация кезінде қарын үсті аймағындағы ауырсыну анықталады.

Болжамды аңғарымды құрастырып дәлелдеңіз.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі:

1. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология – Алматы, 2007.

2. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология: оқулық – Алматы, 2000.

3. Дәрістер жиынтығы

4. Патологиялық физиология пәні бойынша тест-тапсырмалар. 4-бөлім. Семей, 2004ж.

Қосымша:

1. Клиническая нефрология под ред. Е.М. Гареева – М., Медицина 1983

2. Маждраков М. Болезни почек – София, 1988

3. Ф. Дж. Нокс и др. Современная нефрология – М., Медицина, 1984 – 512 с.

4. Минкин Р.Б. Болезни почек – Л.: Медицина 1990 – 157 с

5. Нефрология. Руководство для врачей в 2 – х томах (под. Ред. И.Е. Гареевой – М.:

Медицина 1995 г. Т. 1.- 495с; Т.2. 1995 – 495с

Бақылау (тесттер, сабақ тақырыбының сұрақтары бойынша әңгімелесу)

1. Куссмауля типтi патологиялық тыныс алу тән:

1. жiтi гломерулонефритке

2. некронефрозға

3. уремияға

4. бүйрек астаушасының қабынуына

5. бүйректас ауруына

 

2. Бүйрек жетiспеушiлiгi кезiнде дамитын синдром:

1. полиурия

2. гематурия

3. уремия

4. глюкозурия

5. никтурия

 

3. Бүйрек жетiспеушiлiгiнiң нефротикалық типiнде зәрде қандай өзгерiстер болады:

1. глюкозурия

2. протеинурия

3. гематурия

4. пиурия

5. гемоглобинурия

 

4. Бүйрек жетiспеушiлiгiнiң шумақтық типiнiң дамуымен жүретiн бүйрек ауруы:

1. некронефроз

2. нефротикалық синдром

3. жiтi гломерулонефрит

4. бүйрек амилоидозы

5. созылмалы гломерулонефрит

 

5. Бүйрек жетiспеушiлiгiнде қышқылды-сiлтiлi тепе-теңдiк жағдайы:

1. алкалоз

2. ацидоз

3. қанда натрий концентрациясының төмендеуi

4. қанда калий мөлшерi төмендеуi

5. қанда белок мөлшерi жоғарылауы

 

6. Мына көрсетiлген өзгерiстердiң қайсысы созылмалы бүйрек жетiспеушiлiгiне тән:

1. анемия, су-электролиттi баланстың бұзылуы

2. төмен артериальдық қысым

3. өкпе бағанының транбоэмболиясы

4. гиповолемия

5. тахикардия, ЖИА

 

7. Жедел бүйрек жетiспеушiлiгiнiң реналды себебiн ата:

1. жiтi сусыздану

2. бүйрек тас ауруы

3. несеп ағардың структурасы

4. бүйрек паренхимасының жiтi зақымдалуы, қызметшi нефрондардың массасының бiрден

төмендеуi

5. несеп ағарда тас болуы, простата аденомасы

 

 

8. Нефротикалық iсiнуiнiң басты механизмi болып не табылады:

1. тамырларда гидростатикалық қысымның жоғарылауы

2. альбумин синтезiнiң бұзылуына байланысты қанның гипоонкиясы

3. альбуминурияның нәтижесiндегi қанның гипоонкиясы

4. тiндiк қарсы қысымның азаюы

5. фильтрациялық қысымның төмендеуi

 

9. Уремияға тән өзгерiстердi көрсетiңiз:

1. iсiнулер

2. азотемия

3. гипокалиемия

4. гипонатриемия

5. гиповолемия

 

10. Бүйректердiң зәрдi концентрлеуге шамасыздығын не деп айтады:

1. олигурия

2. полиурия

3. гематурия

4. гипостенурия

5. протеинурия

 

 

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

№ 1 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

 

Мамандығы: 5В130100 “Жалпы медицина”

Пәні: Патологиялық физиология

Кафедра: Физиологиялық пәндер кафедрасы

Курсы: 3, VI семестр

Модуль: 7 “Тірек-қимыл жүйесі, тері мен оның қосымшалары.”

Тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесінің қабыну және дегенеративті-дистрофиялық

зақымдануларының патологиялық физиологиясы.

 

 

 

 

Құрастырушы:

каф. меңгерушісі,

профессор, м.ғ.д. __________М.М.Унисьянова

 

 

Семей – 2009

 

 

№ 1 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Мамандығы: 051301 “Жалпы медицина”

Модуль: 7 “Тірек-қимыл жүйесі, тері мен оның қосымшалары.”

Тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесінің қабыну және дегенеративті-дистрофиялық

зақымдануларының патологиялық физиологиясы.

Мақсаты:

- тірек-қимыл жүйесінің, тері мен оның қосалқылары зақымдануының негізгі симптом-дары мен синдромдары дамуының патофизиологиялық механизмін түсіндіру.

Оқыту мақсаты :

Студент білуі қажет:

- тірек-қимыл аппараты мен тері қызметтерінің негізгі біртектес бұзылыстары

Студент үйренуі қажет:

- буындық синдромның патогенезін түсіндіру.

Тақырыптың негізгі сұрақтары :

1. Сүйек тіні дамуының тұқым қуалайтын және жүре пайда болған бұзылыстары.

2. Остеопороз бен остеомаляцияның патогенезінде кальций мен фосфор алмасуының

маңызы.

3. Буындардың қабынулық және дегенеративтік өзгерістері.

4. Артриттер мен остеоартроздар туралы түсінік, даму тетіктері.

5. Бұлшық ет дистрофиялары мен атрофиялары туралы түсінік, патогенезі.

Миопатиялар, түсініктеме, түрлері, патогенезі.

6. Тері ауруларының жалпы этиологиясы. Тері аурулары патогенезіндегі жергілікті

және жалпы тетіктердің өзара байланысы. Қабынулық, дистрофиялық, аллергия-

лық, аутоиммундық және өспелік тері ауруларының патогенездік жайттары.

7. Тері ауруларын емдеудегі патофизиологиялық ұстанымдар.

 

Білім берудің және оқытудың әдістері:

Пікірталас, презентациялар, тірек-қимыл жүйесі бойынша тест-тапсырмалар мен ситуациялық есептерді шешу.

Білім берудің және оқытудың әдістері:

Пікірталас, презентациялар, тірек-қимыл жүйесі бойынша тест-тапсырмалар мен ситуациялық есептерді шешу.

Ситуациялық есептер

Есеп

Соңғы 6 айда.Қалыпты өсіп келе жатқан12 жастағы қыз балада ішінде ұстама тәрізді ауырсынуыны шағымданады,соған байланысты өте ызықор бола бастады.Буынының ауыруына, жалпы әлсіздіке шағымданады.Дене салмағы 4 кг төмендеп қалды Тік ішектің жарылуы пайда болды. Осы симптомдардың мүмкін болатын себептер:

1. целиакия

2. ішектін тітіркендіргіш синдромы

3.А гепатиті

4. крона ауруы

5. лимблиоз

 

Есеп

3 жастағы ұл бала. Геморрагиялық синдром қалыпты дене қызуында жедел болмысында басталды(шырышты қабатта және теріде,әр түрлі бояаулармен әркелкі.жерде орналасқан петехимен экхимоздар болды).Тексеру кезінде ішкі ағзаларында өзгеріс болған жоқ,буынында өзгеріс жоқ,ішінде ауырсыну жоқ.Қанның клиникалық талдауы:Нb 102 г/л,эритроцит 3,0 х1012/л түсті көрсеткіш 0,85:лейкоцитарлық өрнекте лейкоциттердің деңгейі қалыпты,тромбоциттер 100х103/л,ЭТЖ 4 мм/ч.

Сіздің диагнозыныз:

1. гемофилия

2. Шенлейна-Геноха ауруы

3. Верльгофа ауруы

4. Гланцманна-Виллебранда тромбоцитопатиясы

5. Олдрича синдромы

 

Есеп

4 жастағы қыз бала.Шағымы жоқ.Физикалақ даму көрсеткіші бойынша өз жасынан қалуы байқалады (1-ші центильді интервал). Туа біткен жүрек ақауы бойынша кордиологта есепте түр.Қарау кезінде мынаған көңіл бөлінді шынтақ буынының вальгустық тұрғаның,мойында қанат тәрізді қатпар бар. Сіздің диагнозыныз:

1. Клайнфелтер синдромы

2. Марфан синдромы

3. Шершевского-Тернер синдромы

4. Гипотиреоз

5. Луи-Бар синдромы

Есеп

6 жастағы бала. 2күн бұрын ауырды.Дене қызуы39,0 С.Басының ауыруы, бетінде мойынында, иығында, тізесінде көпнүктелі бортпелерге шағымданады. Сіздің диагнозыныз.

1. есек жем

2. қызылша

3. псевдотуберкулез

4. қарамық

5. аллергиялық бөртпе

Есеп

Анасы 2 жасар баламен қабылдауға келді.Шағымы жоқ.Қарау кезінде терісінде ұсақ нүктелі бөртпе,тері түсі өзгермеген. Желкесінің лимфа түйіндері ұлғайған. Сіздің диагнозыныз.

1. есек жем

2. қызылша

3. псевдотуберкулез

4. қарамық

5. аллергиялық бөртпе

ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

1. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология – Алматы, 2007.

2. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология: оқулық – Алматы, 2000.

3. Дәрістер жиынтығы

Қосымша:

11. Современные проблемы клинической физиологии ЦНС: Под ред. Н.Н.Бахтеревой –Л.: Медицина, 1981 г. –198с

12. Захаржевский В.Е. Физиологические аспекты невротической и психосоматической патологии –Л.: Наука, 1990 г. –175с

3. Шанин В.Ю. Клиническая патофизиология.–СПб:Специальная литература,1998.–569с

Бақылау: Сабақтың тақырыбы бойынша сұқбақтасу, бастапқы білімін тест- бақылау бойынша анықтау:

1. Эритразмалар сипаттайтын аса тән симптомды көрсетіңіз:

1. қоңыр дақ

2. қабынатын дақ

3. орматәріздес, везикуламен және шеттері қабыршақтанған

4. қызғылт түсті дымқыл түсті эрозии

5. зақымдалу ошағы қатпар сыртына жайылған

2. Қышымаға тән жолдардың орнығуын көрсетіңіз:

1. иық

2. бас

3. арқаның жоғарғы бөлігі

4. жыныс мүшесі

5. балтыр

3. Лайел синдромға тән патогномиялық әйгелімді көрсетіңіз:

1. науқастың жалпы жағдай ауыр

2. дене қызуының 40,00С-қа дейін көтерілуі

3. дақтық бөрітпе

4. эпидермистын сыдырылуы

5. зәрде дерттік өзгерістер

 

4. Дерматит сипатталатын негізгі белгісін көрсетіңіз:

1. белсенді қышыма

2. зақымдану ошақтарының таралуы

3. жіті ағым

4. қайталанатын ағым

5. этиологиялық жайттын әсері тоқтаған соң, зақымдану ошақтарының жазылуы

 

5. Балалардағы жұқпалы эритеме кезінде анықтай:

1. төмпешіктер

2. дөнгелек шеткі. эритемалардың ошақтары

3. ошақтың ортасындағы пустулалар

4. дене қызуының көтерілуі

5. зақымдану ошақтарының ортасында әлсіз түлеу

 

6. Жасуша өлімі,шеміршектегі протеогликандардын азаюы шеміршектін тығыздығы мен серпімділіктін жоғалуына, коллаген талшықтарынын тармақтануына, ақаулардын пайда болуына әкеледі. Осы өзгерістердын патогенезінің негізі:

1. Остеонекроз

2. Остесклероз

3. Остеомиелит

4. Остеоартроз

5. Остеоартрит

 

7. Буын шеміршегінің біріншілік дистрофиялық өзгерісі буындасатын сүйектердің эпифиздарында реактивті- дегенеративті үрдісіне әкелетін созылмалы дегенеративті буын аурулары-ол…:

1. Остеохондроз

2. Остеомиелит

3. Остеонекроз

4. Остеоартроз

5. Остеоартрит

 

8. Жарақаттан, микротравмалардан, вибрациядан, қабынулық үрдістерден, буындардың туа біткен жетілмеуінен, статикалық-динамикалық қызметтің бұзылуынан кейін дамиды:

1. Деформациялаушы артроз

2. Остеохондроз

3. Остеомиелит

4. Остеонекроз

5. Артрит

 

9. Симпатикалық жүйке жүйесі бұзылуы, нейрогуморалдық сипаттың өзгеруі, генетикалық, эндокриндік, ферменттік, иммундық, тамырлық факторлар – осылардың бәрі келесі дерттің дамуында рөл атқарады:

1. Остеонекроз

2. Остеохондроз

3. Остеомиелит

4. Артроз

5. Артрит

 

10. Деформациялаушы артроздың патогенезінде келесі механизмдер жатыр. Дұрыс емес бір жауабын таңдаңыз:

1. Шеміршек қоректенуінің бұзылуы

2. Шеміршектік жасушалар лизосомаларының бүлініске ұшырауы

3. Лизосомалық ферменттердің белсендірілуі

4. Қан ағымы жылдамдығының баяулауы

5. Деполимеризация нәтижесінде протеогликандардың шығуымен сипатталатын

хондроциттердің өлімі

 

11. Шеміршектің лизосомалық дегенерациясы мынаған тән:

1. Остеонекрозға

2. Остеохондрозға

3. Остеомиелитке

4. Артрозға

5. Артритке

 

12. Жеке дамуына байланысты буындардың қабынулық аурулары - артриттер кезінде төмен көрсетілген жауаптардың біреуі бүлініске ұшырамайды:

1. Сілемейлі қабықша

2. Буындық шеміршек

3. Буын қапшығы

4. Бұлшықеттердің бүлінуі

5. Буынның сүйектік элементтері

 

13. Дерттік үрдіске сүйекпен буындасқан буындық аяқтың қатысуымен қабаттасқан буынның қабынуы мынаған тән:

1. Остеонекрозға

2. Остесклерозға

3. Остеомиелитке

4. Остеоартрозға

5. Остеоартритке

 

14. Деформациялаушы артроз кезінде буын элементтерінің тіндерінде жинақталады:

1. Алмасудың толық тотықпаған өнімдер және кининдер, простагландиндер

2. Простагландиндер мен гепарин

3. Катехоламиндер, ацетилхолин, гистамин, цитокиндер

4. Жоғары аталғандардың бәрі

5. Дұрыс жауабы жоқ

 

15. Жарақат, қабыну, тамырлық бұзылыстар, сілемейлі қабықшаның бүлінуі, сүйектің артық функциялық жүктемесі нәтижесінде пайда болатын сүйек бөлігінің жансыздануы мынаған тән:

1. Остеонекрозға

2. Остесклерозға

3. Остеомиелитке

4. Остеоартрозға

5. Остеоартритке

 

 

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

№ 1 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

 

Мамандығы: 5В130100 “Жалпы медицина”

Пәні: Патологиялық физиология

Кафедра: Физиологиялық пәндер кафедрасы

Курсы: 3, V семестр

Модуль: 8 “Эндокринді жүйе”

Тақырыбы: Эндокринді бұзылыстардың негізгі типтері. Гипо- және гипергликемия,

гипо- және гипертиреоз, гипо- және гиперкортицизмнің патологиялық

механизмдері.

 

 

Құрастырушы:

доцент, м.ғ.к. _____________Н.И.Распопина

 

 

Аударған:

оқытушы ­­­­­­­­­­­­­­­­ ______________Г.А.Терликбаева

 

 

Семей – 2009

№ 1 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Мамандығы: 5В130100 “Жалпы медицина”

Модуль: 8“ Эндокринді жүйе”

1.Тақырыбы: Эндокринді бұзылыстардың негізгі типтері. Гипо- және гипергликемия,

гипо- және гипертиреоз, гипо- және гиперкортицизмнің

патофизиологиялық механизмдері.

2. Мақсаты: эндокринді жүйенің патофизиология бойынша біліммен дағдыларды нығайту, эндокринопатияның негізгі түрлерін оқыту.

3. Оқыту мақсаты :

Студент білуі қажет:

· қалқанша бездің гипо- және гиперфункциясы этиологиясы және патогенезін;

· гипо- және гипергликемиялардың этиологиясы және патогенезін;

· гипо- және гиперкортицизмның этиологиясы және патогенезін;

 

Студент үйренуі қажет:

· эндокринді жүйенің негізгі синдромдарының даму механизмін түсіндіруді.

 

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары :

1. Эндокринді бұзылыстардың жалпы этиология және патогенезі.

2. Эндокринді бұзылыстардың негізгі түрлері.

3. Қалқанша бездің гипофункциясының этиологиясы және патогенезі.

4. Қалқанша бездің гиперфункциясының этиологиясы және патогенезі.

5. Қалқанша безі функциясы бұзылуының балалардағы ерекшеліктері.

6. Қантты диабеттің I түрінің этиологиясы және патогенезі

7. Қантты диабеттің II түрінің этиологиясы және патогенезі

8. Гипергликемиялық және гипогликемиялық комалар патогенезі

9. Бүйрек үсті безінің гипофункциясының этиологиясы және патогенезі

10. Бүйрек үсті безінің гиперфункциясының этиологиясы және патогенезі

 

5. Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:

Шағын топтарда жұмыс істеу, пікір-талас өткізу.

Қалқанша безінің өзгерген функциялық жағдайы тән жануарларда гипоксия дамуы ерекшеліктерінің нәтижесі бойынша студенттер бейэндокриндік дерт дамуындағы осы бездің гормондарының рөлін дәлелдеуі қажет.

 

 

Тәжірибе: Гипо- және гипертиреозды үлгілеу, ағза реактивтілігінде қалқанша безінің функциялық жағдайының рөлін анықтау.

3 егеуқұйрық алады, бақылау, гипертиреозбен ауыратын (тағаммен бірге 5 тәулік бойы 30 мг метилтиоурацил 100 гр салмаққа қабылдаған) егеуқұйрықтарды шыны ыдысқа салады. Бастапқы тәртібін бақылайды, көрінген кілегей қабықтың түсін қарап, тыныс алу қозғалыстарын есептейді.Содан кейін герметикалық қантамырларды жабады және 5, 10, 15, 20 және 30 минут аралықтарында жоғарыдағы көрсеткіштерді бақылайды.

 

Бақылау нәтижелерін кестеге жазады.

 

Негізгі көрсеткіштер Зерттеу кезеңі Тыныс қозғалыстарының саны Тәртібі, кілегей қабықтың түсі Тырысудың пайда болу уақыты
Бақылау Бастапқы 5 мин соң 10 мин соң 15 мин соң 20 мин соң 30 мин соң      
Гипертиреоз Бастапқы 5 мин соң 10 мин соң 15 мин соң 20 мин соң 30 мин соң      
Гипотиреоз Бастапқы 5 мин соң 10 мин соң 15 мин соң 20 мин соң 30 мин соң        

 

Қорытынды:

6. Әдебиет

Негізгі:

1. Патофизиология //Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. – Томск: Изд-во Том. ун-та, 2006

2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология6 учебник + СД. – 4-е изд. – М., 2008. – 469 с.

3. Ефремов А.В. Основные понятия частной патофизиологии: учебное пособие.– М., 2008.– 160 с.

4. Дәріс жиынтығы.

Қосымша:

1. М.А.Жуковский. Детская эндокринология.-М., Медицина,1982г.-448с.

2. Н.В.Кобозева, Ю.А.Гуркин “Перинатальная эндокринология”руководство для врачей.-

Л.,Медицина,1986г.-310с.

3. В.Шрейбер “Патофизиология внутренней секреции”. –Прага,1987г.

4. Синдром Ишенко-Кушинга под ред.В.Г.Баранова.-Л.,Медицина,1988г.-224с.

5. М.В.Угрюмов “Нейроэндокринная регуляция в онтогенезе”.-М., Наука,1989г.

6. М.И.Балаболкин “Эндокринология”. Учебное пособие для субординаторов и интернов.-

М.,Медицина,1989г.-415с.

7. Ж.Абылаев и др. Влияние вредных экологических факторов на эндокринную систему.-

Алматы,1995г.-95с.

8. П.Ф.Литвицкий Патофизиология (курс лекций). -М.,Медицина,1997г.

7. Бақылау: Сабақтың тақырыбы бойынша сұқбақтасу, бастапқы білімін тест- бақылау бойынша анықтау.

1. Ересек жаста гипофиздiң алдыңғы бөлiгiнiң эозинофильдi аппаратының

гиперфункциясы кезiнде дамиды:

1. гигантизм

2. Адиссон ауруы

3. акромегалия

4. Симонд ауруы

5. бiрiншiлiк гиперальдостеронизм

2. Тиреотропты гормон өнiмiнiң таңдамалы жоғарылауы мынаның дамуына әкеледi:

1. гигантизм

2. акромегалия

3. тиреотоксикоз

4. Иценко-Кушинг синдромы

5. эндемиялық зоб

 

3. Адренокортикотропты гормон өнiмiнiң таңдамалы жоғарылауы мынаның дамуына әкеледi:

1. Иценко-Кушинг ауруы

2. феохромоцитома

3. акромегалия

4. гипофизарлы нанизм

5. бiрiншiлiк гиперальдостеронизм

 

4. Кортикостероидтардың тежегiш әсерiне гипоталамикалық құрылымдардың

сезiмталдығының төмендеуi қандай эндокриндiк бұзылысқа әкеледi:

1. жыныс бездерiнiң атрофиясы

2. бүйрекүстi безiнiң милы қабатының гипофункциясы

3. қалқанша без гиперплазиясы

4. бүйрекүстi безiнiң қыртысының гиперплазиясы

5. бүйрекүстi безiнiң қыртысының гипоплазиясы

 

5. Тиреоидты гормондар биосинтезiнiң туа бiткен аномалиясы қандай патологияға

әкеледi:

1. ересек жастағы микседема

2. тиреотоксикозға

3. қалқанша бездегi түйiндi өзгерiске

4. кретинизмге

5. эндемиялық зобқа

 

6. Иценко-Кушинг синдромы мынаның гиперфункциясы кезiнде пайда болады:

1. бүйрекүстi безi қыртысының шумақ зонасының

2. қыртыстың торлы зонасының

3. қыртыстың шоғырлы зонасының

4. бүйрекүстi безiнiң барлық қыртысының

5. бүйрекүстi безiнiң милы қабатының

 

7. Гиперкортизолизм кезiндегi көмiрсу алмасуының ерекшелiктерiн көрсетiңiз:

1. анурия

2. ОЦН-төмендеуi

3. демiкпе

4. артериалды қысымның жоғарылауы

5. артериалды қысымның төмендеуi

8. Туа бiткен қалқанша без аплазиясы кезiнде қандай ауру дамитынын көрсетiңiз:

1. эндемиялық зоб

2. бала микседемасы

3. ересектер микседемасы

4. кретинизм

5. аутоиммунды тиреодит

 

9. Егер ананың планцентарлы барьерi арқылы ұрық қанына тиреотропты гормон түсiп тұрса қандай ауру дамитының көрсетiңiз:

1. туа бiткен гипотиреоз

2. тетания

3. туа бiткен гипертиреоз

4. фиброзды остеодистрофия

5. гиперпаратиреоз

 

10. Гипотиреоз кезiнде тiңдер белоктарына метиониннiң қосылуының азаюы көрсетедi:

1. энергетикалық алмасу азаюы

2. белокты алмасу азаюы

3. гликоген ыдырауының азаюы

4. iшекте глюкозаның сiңiрiлуiнiң азаюы

5. липидтi алмасу бұзылуы

 

 

Date: 2015-06-11; view: 2810; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию