Этиологиясы
| 90 % жағдайда қатерлі метастатикалық ісік, жиі (80 %) ұйқыбезінде орналасады, сирек жағдайда— ұлтабар қабырғасында (15 %) және асқазаннығ антральді бөлігінде, өте сирек (5 %) — басқа мүшелерде локализацияланады (шарбы, аналық бездер, билиарлы жүйе). 25 % жағдайда гастринома І типті көптеген эндокринді неоплазия синдромы шеңберінде дамиды
|
Патогенезі
| Гипергастринемия париетальды жасушаларының гиперстимуляциясына, гиперплазиясына және тұз қышқылы өндірілуінің жоғарылауына әкеледі, нәтижесінде пептикалық жаралардың түзілуі, панкреатикалық ферменттердің инактивациясы, ішектің шырышты қабығының зақымдалуынан дамитын диарея көрініс береді
|
Эпидемиологиясы
| Пептикалық ойық жаралар көрініс берген науқастардың 1%-да дамитын сирек сырқат. Жаңа жағдайлардың даму жиілігі жылына 1 млн халыққа 0,5 жағдай сәйкес келеді, көп жағдайда ер адамдар (60 %) сырқаттанады
|
Басты клиникалық көрінісі
| · Қарапайым терапияға рефрактерлі рецидив беруші пептикалық ойық жара
· Диарея және стеаторея (50 % жағдайда)
· Қатерлі гастриноманың бауыр мен басқа мүшелерге метастаз беруі (60 %)
|
Диагностикасы
| 1. Гастрин деңгейі кем дегенде 3 есе жоғарылайды (қалыпты жағдайда < 60 пг/мл),зерттеу түрлі күндері орындалады
2. Интакті асқазанда тұз қышқылы секрециясының базальді деңгейі 15 ммоль/сағ.дейін, ал резецирленген асқазанда деңгейі 5 ммоль/сағ. дейін жоғарылайды
3. Ісіктік топикалық диагностикасы
|
Салыстырмалы диагностикасы
| Ойық жара ауруы
|
Емі
| Ісік резекциясы, операция орындауға келмеген жағдайда —антипролиферативті (октреотид) және симптоматикалық (омепразол) терапия
|
Болжамы
| 5-жылдық өмір сүру көрсеткіші радикальды операцияланған науқастарда 90%-ды; ал метастаз бергенде — 20 %-ды құрайды
|