Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ. Қалқанша маңы бездері қалқанша бездің артқы жағында қапсула сыртында
Қалқанша маңы бездер і қалқанша бездің артқы жағында қапсула сыртында, оның жоғарғы және төменгі полюсі маңында орналасады, дөңгеленген пішінді, диаметрі 5 мм, массасы 0,5 г. Қалыпты жағдайда адамда екі жұп қалқанша маңы безі болады (жоғарғы және төменгі). Қалқанша маңы безінің (ҚМБ) саны мен орналасу орындары ауытқиды, кейде 12 жұпқа дейін жетеді. Қосымша ҚМБ қалқанша без және айырша без тіндерінде, кеудеаралығында, перикардта, өңеш артында, жалпы ұйқы артериясының бифуркациясында кездеседі. ҚМБ-і қанмен әдетте қалқанша без артериясының тармақтарымен қамтамасыз етіледі, осыған орай қалқанша безге жасалған операциялар кезінде бұл бездердің зақымдалуы мүмкін. Без ұлпасы паратироциттерден тұрады, оның ішінде негізгі бояулармен боялатын басты және оксифильді жасушалар болады. Басты паратироциттер — гормональды-белсенді жасушалар, олар балаларда жиі кездесетін ашық түсті жасушалар және ересек адамдарда кездесетін қара түсті жасушалар болып жіктеледі. Оксифильды паратироциттер (тыныштықтағы жасушалар)10 жаста пайда болады, олар гормональды-белсенді емес. ҚМБ-дің басты гормоны паратгормон болып табылады. Аталған гормон қалқанша маңы бездерінде паратгормон жолашарлары препропаратгормон мен пропаратгормоннан дамиды. Адам паратгормонының биологиялық белсенділігі амин қышқылы тізбегінің 1-29, 1-34 және 53-84 фрагменттеріне байланысты. Қандағы айналымда гормонның үш түрі болады: молекулалық массасы 9500 интакты паратгормон, молекулалық массасы 7000–7500 белсенді карбоксильді фрагмент, молекулалық массасы 4000 биологиялық белсенді фрагмент. Фрагменттердің түзілуі бауыр мен бүйректе жүреді. Паратгормонының әсері нысана-жасушаларының аденилатциклаза жүйесімен байланысты. Паратгормон кальций гемостазының қалыпты болуына қатысады, кальций төмендегенде гормон секрециясы ынталанады, ал кальций деңгейі жоғарылағанда гормон секрециясы тежеледі. Кальцийге ағза сұранысы жоғарылағанда ҚМБ қызметі жоғарылайды (8.1сурет). Паратгормон остеокластарға тікелей әсер етіп, сүйек тінінен кальций тұздарының шығуына ықпал етеді, сондықтан қандағы кальций мен фосфор деңгейі жоғарылайды. Паратгормон остеокластар жолашарларын белсендіретін жергілікті тіндік факторларды өндіретін остеобластар рецепторларына тікелей әсер етіп, остеокластар саны мен белсенділігін жоғарылатады. Паратгормонның сүйекке қысқа және ұзақ уақыт әсер етуі түрліше: қысқа үзілісті әсер етуі- сүйектің түзілуіне, ұзақ үздіксіз әсер етуі- сүйектің деструкциясына әкеледі. Паратгормон мөлшері шектен тыс болғанда теріс сүйек балансы дамиды (сүйек тіні тығыздығының төмендеуі), бұл оксипролиннің артық өндірілуімен сипатталады. Бүйрек түтікшелеріне әсер етіп, паратгормон фосфат реабсорбциясын төмендетіп, фосфатурия шақырады. Паратгормонның фосфор-кальций алмасуына жанама (қосалқы) әсер етуі, бүйрек түтікшелеріндегі lα-гидроксилазаны белсендіруімен байланысты, нәтижесінде 25-оксихолекальциферол белсенді 1,25-диоксихолекальциферол-ға [1,25-(OH)2-D3, кальцитриол] айналады.
8.1 сурет. Кальций алмасуының реттелуі
Кальцитриол [1,25-(OH)2-D3] паратгормоны синергисті ретінде кальций резервуарына әсер етеді. Оның әсері ең алдымен ішекте кальций сіңірілуін жоғарылату мен бүйрек шумақтарында оның реабсорбциясын күшейтуге бағытталған. Холекальциферол (D3 дәрумені) теріде (эпидермистің мальпигий қабатында) ультракүлгін сәулесі әсерінен 7-дегидрохолестеролдан түзіледі (8.2 сурет). Кейін холекальциферол D-байланыстырушы ақуызбен байланысып, бауырға түседі. Бауырда холекальциферол 25гидроксилаза ферментінің әсерінен 25-оксихолекальциферолға (25-OH-D3) айналады және осы дәрумен D-байланыстырушы ақуызбен бірге қан айналымда жүреді. Проксимальды иірімді түтікшелерде lα-гидроксилаза әсерінен 25-оксихолекальциферол C1-жағдайында гидроксильденеді, нәтижесінде биологиялық белсенді 1,25-диоксихолекальциферолға [1,25-(OH)2-D3] айналады.
8.2 сурет. D3 дәруменінің синтезі мен метаболизмі Кальцитриол деңгейінің жоғарылауы қан сарысуында 1α-гидроксилазаның тежеліп, 24-гидроксилаза белсенділігін арттырады, бұл 25-OH-D3-дан 1,25(ОН)2-D3-тің емес, биологиялық белсенді емес қосымша 24,25-(OH)2-D3 өнімнің түзілуіне әкеледі. 1,25-(OH)2-D3 жасушалық деңгейде әсер етуі стероидты гормондарға ұқсас. Кальций алмасуының реттелуінде қалқанша безіндегі С-жасушаларда синтезделетін кальцитонин гормоны маңызды рөл атқарады. Кальцитонин 32 амин қышқылынан тұратын пептид. Остеокласттар белсенділігін төмендетіп, кальцитонин сүйек матриксінің резорбциясын тежейді, нәтижесінде кальций мен фосфоттардың бсауына жағдай жасайды. Кальцитонин және паратгормон өндірілуі өзара кері байланыста болады. Кальцитонин секрециясын басты ынталандырушы қандағы иондалған кальций концентрациясының жоғарылауы болып табылады, ал ингибиторы- кальций деңгейінің төмендеуі. Адам мен жануарларда қалқанша безді (парафолликулярлы жасушалармен бірге) алып тастау гиперкальциемияға әкелмейді және сау адамдарға кальцитонинді енгізу қандағы кальций деңгейін төмендетпейді. Қалыпты жағдайда адам тәулігіне 1 грамм кальций қабылдайды. Қабылданған кальцийдің 25-50%-ы 1,25-диоксихолекальциферол қатысуымен сіңіріледі. Қан сарысуында кальций екі түрде болады. Альбуминмен байланысқан кальций фракциясы рутинді әдіс арқылы анықталған кальцийдің жартысынан аз бөлігін құрайды. Бос (иондалған) кальций биологиялық белсенді болып табылады. Гипокальциемия паратгормонның синтезін ынталандырады, ол болса сүйек тінінен кальцийдің қанға шығуын және фосфордың несеппен шығуын күшейтеді, осылай қалыпты кальций мен фосфор қарым-қатынасын сақтауға мүмкіндік береді. Ағзадағы кальцийдің (99 %) басым бөлігі сүйектерде болады. Сүйек тіні үнемі жаңарып отыратын динамикалық жүйе болып табылады, себебі онда өмір бойы ремоделдену үрдістері жүріп отырады: ескі сүйектің бұзылуы- сүйек резорбциясы және сүйек тінінің жаңаруы – сүйек түзілуі. Сүйек тіні жасушалық элементтерден, жасушааралық заттан - сүйек матриксі мен минералды компоненттерден тұрады. Сүйек тінінің құрамына келесі жасушалар кіреді: ақуыз синтездеуге қабілетті остеобластар, лизосомальды ферменттер әсерінен ескі сүйек тінін сіңдіретін остеокластар, остеоциттер- терең орналасқан сүйек лакуналарында орналасатын метаболикалық белсенді емес жасушалар; остеоциттер сүйек матриксінде болатын остеобластардан дамиды. Сүйектің ремоделдену үрдісі 5 кезеңге бөлінеді (8.3сурет). 8.3 сурет. Сүйектің ремоделдену циклі Дені сау ересек адам денесінде тыныштық кезеңде трабекулярлы сүйек тінінің 80%-ы және кортикальды сүйек тінінің 95%-ы болады. Белсену фазасы сүйектің әрбір бөлігінде 2–3 жыл аралығында дамиды, яғни ол остеокласттар жолашарларының пролиферациясы және белсенуімен, мультиядролық остеокластардың резорбциялаушы ошаққа келуі және жабысуымен көрінеді. Кейін шамамен 1–3 аптаға созылатын резорбция фазасы орнайды. Бұл үрдіс органикалық емес сүйек матриксінің ыдырап, кейін органикалық бөлігінің деградацияланып, резорбция орнына сутегі иондары мен остеокласттардың лизосомальді ферменттерінің келуін қамтамасыз етеді. Ауыспалы фаза 1–2 аптаға созылады және резорбцияланған қуыста остеобласттар пайда болады. Сүйектің жаңаруы тәулігіне 2–3 мкм жылдамдықпен сүйек матриксіне остеобласттардың жиналуымен басталады және ол 5–10 күннен кейін минерализацияланады. Сүйектің түзілуі шамамен 3айға, ал сүйек жаңаруының толық циклі әрбір сүйек бөлігінде 4–8 айға дейін созылады. Жалпы сүйектің жаңаруы жыл сайын шамамен 4–10%-ды құрайды. Орташа алғанда сүйек массасының ең жоғары шыңы 20 жаста болады, кейін салыстырмалы тепе-теңдік кезеңі орнайды (плато), ал 35–40 жастан бастап жылына 0,3–0,5 % жылдамдықпен физиологиялық сүйек массасының жоғалуы көрініс береді. Әйел адамдарда менопауза орнағаннан кейін сүйек массасын жоғалту жылдамдығы жылына 2–5%-ға жетеді және осы ырғақта 60–70 жасқа дейін жалғасады. Әйел адамдар өмір бойы шамамен кортикальды сүйек массасының 35%-ын, трабекулярлы сүйек массасының 50 %-ын жоғалтады. Ер адамдар болса шамамен кортикальды сүйек массасының 15–20%-ын, трабекулярлы сүйек массасының 20–30%-ын жоғалтады.
8.2. ҚАЛАҚША МАҢЫ БЕЗДЕРІ АУРУЛАРЫМЕН СЫРҚАТТАНҒАН НАУҚАСТАРДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
8.2.1. Физикалық әдістері Оларға қаңқа сүйектерінің қарау, мойын аймағын пальпациялау секілді жалпы клиникалық зерттеулер жатады, бірақ кейде тіпті көлемді паратиромалардың өзі пальпациялағанда анықталмайды. Гипопаратиреоз кезінде Труссо, Хвостек және Вейс секілді симптомдар көрініс беруі мүмкін (8.5 бөлімді қараңыз).
8.2.2. Зертханалық зерттеу әдістері Зертханалық зерттеудің басты әдістері- қан сарысуында иондалған кальций, фосфор және интакты паратгормон деңгейін анықтау. Сонымен қатар, несеппен кальций мен фосфор экскрециясын анықтауға болады. Иондалған кальций деңгейін анықтау, альбумин мөлшері, қан сарысу рН және басқа да түрткілер әсер етуі мүмкін жалпы кальций деңгейін анықтаумен салыстырғанда ақпаратты. Сүйек ремодельденуі жағдайын бағалау мақсатында сүйек резорбциясы мен сүйек түзілуінің қан сарысулық маркерлерін қолдануға болады. Олар сүйек тінінің жағдайын, остеопороздың даму қаупін және терапияның әсерлігін бағалауға мүмкіндік береді (8.1кесте).
8.1 кесте. Сүйек резорбциясы мен жаңаруының қан сарысулық маркерлері
8.2.3. Аспаптық зерттеу әдістері ҚМБ визуализациялаудың қарапайым әдісі УДЗ болып табылады, бірақ өкінішке орай УДЗ без айтарлықтай ұлғайған кезде ғана жүргізіледі. Топикалық диагностикалау мақсатында технетрилмен сцинтиграфия жүргізіледі. Қаңқа сүйегін зерттеуге мүмкіндік беретін зерттеу әдісі рентгенография болып қала бермек, бірақ оның остеопорозды диагностикалауда сезімталдығы төмен болғандықтан, бірқатар жағдайларда остеопороз айқын сатысында анықталады (сүйек тінінің жоғалту 20–30%-ды құрағанда). Остеопороздың ерте диагностикасында сүйек денситометриясын қолданады, ол сүйек тіні массасының 2–5% жоғалуында остеопорозды анықтап, сырқаттың даму немесе емдік шаралар жүргіу барысында сүйек тінінің тығыздығын динамикалық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар изотопты (моно- және екіфотонды абсорбциометрия), рентгендік (моно- және екіэнергетикалық абсорбциометрия, сандық компьютерлі томография) және ультрадыбысты зерттеу әдістерін қолдануға болады. Монофотонды, моноэнергетикалық және ультрадыбысты денситометрия арқылы қаңқаның шеткі бөліктерін (білек, балтыр, өкше сүйектерін) зерттеуге мүмкіндік береді және скрининг мен болжалды диагноз қойғанға өте ыңғайлы болып табылады. Қаңқаның кез келген бөлігінде сүйек тінінің минералды тығыздығын анықтауға мүмкіндік беретін әмбебап әдіс екіэнергетикалық рентгендік абсорбциометрия (DEXA) болып табылады. Осындай денситометрлерге арнайы бел омыртқалары, сан сүйегінің проксимальды бөлігін, иық белдеуі сүйектерін зерттеу мақсатында арнайы стандартты бағдарламалар, «барлық дене» бағдарламалары жасалынған. Сүйек тінінің абсолютті тығыздығы көрсеткіштерін анықтаумен қатар денситометрлер автоматты түрде Z-критерий (берілген жас шамасы мен жынысына сәйкес салыстырмалы орта мәнде сүйек тінінің минералды тығыздығы) мен Т-критерийді (30 жастағы шың мәндерімен сүйек тығыздығын салыстыру) анықтайды. Даму тегі белгісіз ауыр остеопениялық үрдістердің, остеопороз және остеомаляция, сонымен қатар басқа да сүйек патологиясы түрлерінің салыстырмалы диагностикасында сүйек тінінің биопсиясын жүргізу маңызды рөл атқарады.
8.3. БІРІНШІЛІК ГИПЕРПАРАТИРЕОЗ Біріншілік гиперпаратиреоз (БГП) — гиперкальциемия синдромының дамуымен сипатталатын, паратгормонының артық өндірілуімен көрінетін ҚМБ-нің ауруы (8.2 кесте).
8.2 кесте. Біріншілік гиперпаратиреоз
Date: 2015-07-01; view: 650; Нарушение авторских прав |