Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Этиологиясы. Амиодарон құрамында үлкен мөлшерде йоды (жалпы салмағының 39%-ы) бар
Амиодарон құрамында үлкен мөлшерде йоды (жалпы салмағының 39%-ы) бар, құрылымы бойынша Т4 молекуласына ұқсас бензофуран туындысы. Амиодаронды қабылдау кезінде ағзаға күн сайын 7–21 г йод түседі (йодқа деген физиологиялық сұраныс шамамен 200 мкг). Амиодарон көп мөлшерде май тіндері мен бауырда жиналады, оның ағзадан жартылай шығару уақыты оршама алғанда 53 күннен артық, осыған орай амиодарон-индуцирлеген тиреопатиялар препарат қабылдауды тоқтатқаннан көп уақыттан кейін дамуы мүмкін.
Патогенезі Амиодарон барлық деңгейде тиреоидты гормондардың алмасуы мен реттелуіне қатысады. 2 типті дейодиназа жұмысын бәсеңдетіп, ол гипофиз тиротропоциттерінде Т4-тің Т3-ке конверсиясын бұзады, нәтижесінде тиреоидты гормондарға гипофиздің сезімталдылығы төмендейді. Осыған орай, амидарон қабылдайтын науқастарда терапияның бастапқы кезеңінде қалыпты тиреоидты гормондардың (эутиреоидты гипертиротропинемия) деңгейіне қарамастан ТТГ мөлшері жоғары болады. Амиодарон-индуцирлеген тиреотоксикоз үлкен клиникалық мәселе болып табылады және бұл патологияның екі түрін ажыратады.
3.30 кесте. Амиодарон-индуцирлеген тиреопатиялар
Амиодарон-индуцирлеген тиреотоксикоздың 1 типі (АмИТ-1) ағаза көп мөлшерде йод түскеннен дамиды, яғни йод-индуцирлеген тиреотоксикоз жөнінде сөз қозғалып отыр. Ол көптүйінді жемсау және ҚБ-дің функциональды автономиясы көрінісінде дамиды немесе ГА манифестациясын индукциялау нәтижесінде көрініс береді. Амиодарон-индуцирлеген тиреотоксикоздың 2 типі (АмИТ-2) жиі кездеседі және амиодаронның тироциттерге тура уытты әсер етуінен дамиды, нәтижесінде сатылы ағымды деструктивті тиреотоксикозбен спецификалық тиреоидит анықталады. Амиодаронды қабылдау нәтижесінде гипотиреоз дамуы мүмкін, себебі ТПО-АД тасымалдаушысы болып табылатын әйелдерде жиі көрініс береді, яғни йод артықшылығынан АИТ үдемелі дамиды.
Date: 2015-07-01; view: 500; Нарушение авторских прав |