Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Эпидемиологиясы. ЭОП Грейвс ауруымен сырқаттанған науқастардың 50–75%-да дамиды





ЭОП Грейвс ауруымен сырқаттанған науқастардың 50–75%-да дамиды. Түрлі дәрежедегі ЭОП және ретробульбарлы тіндердегі минимальды өзгерістерді анықтайтын арнайы әдістердің көмегімен (МРТ) ГА көрініс берген науқастардың барлығында дерлік дамуы мүмкін. Кей мәліметтер бойынша ЭОП дамыған жаңа жағдайлар жиілігі жылына әйелдер үшін 100 000 халыққа 16 жағдай, ал ер адамдар үшін 2,9:100 000.

 

3.16 сурет. Эндокринді офтальмопатиямен (а, б, в) сырқаттанған науқастар

 

Клиникалық көріністері

ЭОП кезінде бірнеше симптомдар топтамасы көрініс беруі мүмкін. Тиреотоксикоздың көздік симптомдары төмендегі 3.7 кестеде көрсетілген және ол ЭОП-ның көріністері болып табылмайтынын айта кеткен жөн, бұл симптомдар кез келген генезді тиреотоксикозда дамиды. Олардың патогенезі көз алмасының вегетативті иннервациясының бұзылуымен байланысты. Бұл симтомдарға бұрын ҚБ қызметін тура бағалауда гормональды зерттеу жүргізу қиындықтар тудырғанда маңыздылыққа ие болған. Уақыт өте, көптеген көздік симптомдардың, мысалы көз жұмғанда дамитын қабақтың треморы тиреотоксикоз дамымаған сау адамдарда да кездесетіні анықталды.

 

3.7 кесте. Тиреотоксикоздың көздік симптомдары

 

Симптомдар Көріністері
Грефе Төмен қарағанда нұрлы қабықтың жоғарғы қабақтан қалыңқырауы.
Дальримпль Көз саңылауының кең ашылуы
Штельваг Сирек көзді қағу.
Мебиус Жақын қашықтықта көзқарасты бекіте алмау (конвергенция әлсіздігі).
Кохер Көзқарасты тез ауыстырғада дамитын жоғарғы қабақтың ретракциясы.

 

3.8 кесте. Эндокринді офтальмопатияның жіктемесі NOSPECS

 

Сатысы Клиникалық көріністері
0 (N) Офтальмопатияның дамымауы
1 (O)   А В С Жоғарғы қабақтың ретракциясы: -болмашы айқындылықта -орташа айқындылықта -өте айқын
2 (S)     А В С Көз шарасының жұмсақ тіндерінің өзгерісі (ісінуі, конъюнктива инъекциясы): -болмашы айқындылықта -орташа айқындылықта -өте айқын
3 (P)     А   В С Экзофтальм (көз алмасының көз шарасынан шығып тұруы): -болмашы айқындылықта (қалыптыдан 3-4 мм артық) -орташа айқындылықта (қалыптыдан 5-7 мм артық) -өте айқын (8 мм-ден артық)
4 (E)   А В С Көз бұлшықеттерінің зақымдалуы: -көз алмасы қозғалысының шектелуінсіз диплопия - көз алмасы қозғалысының шектелуі -фиксацияланған көз алмасы (біреуі немесе екеуіде)
5 (C)   А В С Қасаң қабықтың зақымдалуы: -құрғақтық -жаралану -лайлану, некроз, перфорация
6 (S)   Көз жүйкесінің зақымдалуы: -болмашы айқындалған (көру өткірлігі 1,0–0,3) -орташа айқындалған (көру өткірлігі 0,3–0,1) -өте айқындалған (көру өткірлігі 0,1)

ЭОП-ға екі симптомдар топтамасы тән: біріншісі- орбитаның жұмсақ тіндерінің өзгерісімен байланысты, екіншісі- көзқозғалтқыш бұлшықеттердің өзгерістерімен байланысты. Ретробульбарлы және жартылай периорбитальды тіндердің өзгерісі нәтижесінде жоғарғы қабақтың ретракциясының кейін дамуымен сипатталатын экзофтальм көрініс береді (3.16 сурет). ЭОП –ның алғашқы симптомдарына көзге «құм түскендей» сезім, көзден жас ағу және жарықтан қорқу жатады.


 

3.17 сурет. УДЗ мәліметтері бойынша эндокринді офтальмопатия кезінде дамыған көзқозғалтқыш бұлшықеттерінің жуандауы

 

Басты бұлшықеттік симптомдарға жоғарыға немесе жанына қарағанда дамитын диплопия, бір жаққа көз жанарын ауыстыра алмау, ауыр жағдайларда-қитарлық жатады. Офтальмопатия ауырлығын NOSPECS Халықаралық жіктемесі бойынша жіктейміз (3.8 кесте). Жиі жағдайда ЭОП емдік шараларды қажет етпейтін жеңіл дәрежеде өтеді, ал көрудің бұзылуына қауіп төндіретін ауыр дәрежедегі ЭОП 1–1,5 % жағдайда ғана кездеседі.

 







Date: 2015-07-01; view: 592; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию