Главная
Случайная страница
Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ГИПОПИТУИТАРИЗМ. Гипоталамус-гипофиз жеткіліксіздігі (гипопитуитаризм)– адненогипофиздің деструкциясы нәтижесінде дамитын
Гипоталамус-гипофиз жеткіліксіздігі (гипопитуитаризм) – адненогипофиздің деструкциясы нәтижесінде дамитын, тропты гормондар синтезінің төмендеуімен және шеткері эндокринді бездер қызметінің бұзылуымен сипатталатын клиникалық синдром (2.6 кесте).
2.6 кесте. Гипоталамус-гипофиз жеткіліксіздігі
Этиологиясы
| Ісіктер, гипоталамус-гипофиз аймағына жүргізілген операциялық араласулар мен сәулелену, гипофиз апоплексиясы (Шиен-Симмондс синдромы), инфильтративті аурулар (саркоидоз, гемохроматоз), ауыр бассүйек-ми жарақаты, «бос» түрік ершігі синдромы, туа біткен және жүре пайда болған синдромдар
| Патогенезі
| Гипофиздің тропты гормондарының жеткіліксіздігі нәтижесінде бүйрек үсті безі қыртысының, қалқанша бездің және тер бездерінің екіншілік гипофункциясы дамиды. Өсу гормонының тапшылығы
| Эпидемиологиясы
| Гипофизарлы нанизм 1:15000 жиілікте кездеседі, ал ересек жаста алғаш дамыған өсу гормонының тапшылығы 1:10000 жиілікте дамиды
| Басты клиникалық көріністері
| Науқас жасы мен аденогипофиз гомрондарының тапшылығы дәрежесіне қарай анықталады.
1.Парциальды гипопитуитаризм (екіншілік гипотиреоз, гипогонадизм және гипокортицизм, түрлі синдромдар бірлесуі+ ӨГ тапшылығы)
2.Шиен-Симмондс («7А» синдромы) синдромы кезінде дамитын пангипопитуитаризм: А менорея, А галактия, А ксилярлы түктенудің жоғалуы, А реолалардың депигментациясы, «А лебастрлі» тері бозғылттығы және гипотрофиясы, А патия, А динамия.
3. Гипофизарлы нанизм
| Диагностикасы
| 1.Анамнез (оперативті араласулар және т.б.)
2.Екіншілік гипокортицизм: АКТГ↓, кортизол↓, инсулинді гипогликемиямен сынама.
3.Екіншілік гипотиреоз: ТТГ↓ немесе қалыпты, Т4↓
4.Екіншілік гипогонадизм: ЛГ/ФСГ↓, Е2/Т↓
5.ӨГ тапшылығы: ӨГ↓, ИТФ-1↓, инсулинді гипогликемиямен сынама
| Салыстырмалы диагностикасы
| Ересек адамдарда: дене салмағының айқын төмендеуімен сипатталатын ауыр аурулар (ісіктер, туберкулез және т.б.), жүйкелік анорексия, аутоиммунды полигландулярлы синдромдар
Балаларда (нанизм синдромы кезінде): отбасылық бойдың қысқалығы, ауыр соматикалық патология, сирек тұқымқуалайтын синдромдар
| Емі
| Орынбасушы терапия
| Болжамы
| Гипопитутаризмді дамытқан сырқатпен анықталады
|
Пангипопитуитаризм — аденогипофиздің барлық гормонадарының тапшылығы және жиі кездесетін парциальды гипопитуитаризм деп екіге бөледі.
Date: 2015-07-01; view: 564; Нарушение авторских прав Понравилась страница? Лайкни для друзей: |
|
|