Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Этиологиясы. ГГ этиологиялық жіктемесі 2.4 кесте көрсетілген
ГГ этиологиялық жіктемесі 2.4 кесте көрсетілген. Ол жеке ауру немесе қандайда бір гипоталамус-гипофиз патологиясының нәтижесі немесе симптоматикалық сипатқа ие болуы мүмкін. Бұрын ГГ-ның идиопатикалық түрлерін (аденома жоқ), микропролактинома және макропролактиноманы қарастыратын концепция болатын, ол бойынша гипоталамустың пролактин секрециясын тежейтін әсерінің болмауынан немесе төмендеуінен, алдымен пролактотрофтардың гиперплазиясы, кейіннен гипофиздің микро- және макроаденомалары қалыптасатын, яғни бір патологиялық үрдістің сатылары ретінде қабылданған.
2.4 кесте. Гиперпролактинемиялық гипогонадизмнің этиологиясы
Қазіргі таңда соматикалық мутация әсерінен дамитын гипофиздің біріншілік зақымдануы (аденома) жөніндегі гипотеза кең таралуда, дегенмен, нақты мутация осы уақытқа дейін анықталмаған. Гипофиз аденомасы жоқ және пролактин деңгейін жоғарылататын басқа себептері белгісіз идиопатиялық ГГ этиологиясы әлі күнге дейін анықталмаған. Гиперпролактинемия мен ГГ дамуының себептерінің басқа гипоталамус-гипофиз ауруларымен тіркесуі гипофиз және гипоталамус арасындағы өзара анатомиялық байланыстың бұзылуына әкеледі, нәтижесінде гипофиз аяқшасының жаншылуына байланысты пролактин өндірілуін тежейтін дофамин келіп түспейді. Бірқатар медикаменттерді қабылдаудан бастап, соматикалық және эндокринді аурулармен қоса, дофамин өндірілуінің төмендеуіне әкелетін кез-келген түрткілер, симптоматикалық ГГ және гиперпролактинемияның дамуына әкеледі. Пролактин қан айналымда бірнеше молекулярлы түрде болады, молекулярлы массасы қалыптыдан (23 кДа) үлкен пролактин (макропролактин) биологиялық белсенді емес, тек пролактинге «пролактин-қарсыдене» кешені немесе пролактин димері, тетрамері ретінде болады. Макропролактинемияға айқын симптоматика тән емес, емдеуді қажет етпейді және кездейсоқ анықталады (симптомсыз, биохимиялық гиперпролактинемия).
Патогенезі ГГ патогенезінің негізінде гонадолибериннің циклдік бөлінуін тежейтін пролактин гиперсекрециясы жатыр, нәтижесінде ЛГ, ФСГ циклдік бөлінуінің төмендеуі, аналық бездердің гиполютеинді дисфункциясы, ановуляция, гипоэстрогения дамиды. Симптомдардың бірқатары пролактиннің экстрагенитальды әсерінен туындайды: көмірсулардың майға айналуының артуынан семіздік; бүйрек үсті безінде дегидроэпиандростерон өндірілуінің ынталануынан «жеңіл» гиперандрогения; гиперпролактинемия остеопения синдромының қалыптасуына әкеледі, яғни эстроген тапшылығының ауырлауынан D дәруменінің алмасуына әсер етеді. Пролактин лактацияны дамытады және либидоны төмендетеді. Гиперпролактинемия көрінісінде дамитын эстроген тапшылығы диспареуния мен семіздіктің дамуына жол ашады.
Date: 2015-07-01; view: 545; Нарушение авторских прав |