Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Бүргелер және оларды жою әдістері
Бүргелер (лат. Aphaniptera) — жылықандылардың — құстар мен сүткоректі жануардың — қанын соратын ұсақ паразит насекомдардың бір отряды. Аузы шағуға, соруға икемделген, көзі екеу, кейбіреуі соқыр, қанатсыз, денесі түкті, жұмыртқа күйінде—12, дернәсіл түрінде — 8—100, ал қуыршақ қалыбында — 6—220 күндей болып, 965 күнге дейін тіршілік етеді. Хайуандардың, адамның қанын сорады. Оба таратқыш өте қауіпті мақұлық. Бұған жататындар: адам бүргесі мен егеуқұйрық бүргесі. Қос қанатты және катты қанаттыларга жақын. Ұзындығы 1-6 мм(еркектері ұргашыларынан үсақ) денесі бүйірінің екі жағынан сығымдалган шаш және жануарлар жүні мен құстар кауырсыны арасында жақсы козгалуға бейімделген. Екінші қайтара қанатсыздар. Көпшілік түрінде бір жүп қарапайым көздері бар(кейбіреулері көзсіз). Ауыз аппараты кесіп-тесіп-соруга бейімделген. Аяқтары әсіресе артқылары жақсы жетілген секіруге бейімделген. Толық өзгеріспен дамиды. Дернәсілдері құрт тәріздішіріген жануар қалдықтарымен қоректенеді. Піллэ ішінде куыршактанады. 3 жылға дейін өмір сүреді. 1000 түр белгілі, кең таралған. Бүрге адам және жылы канды жануардың сыртқы тоғышарлары оның ішінде адам бүргесі (Pulex irritans) ит бүргелер (Ctenocephalides canis) егеукүйрык бүргелер (Ceratophyllus fasciatus) алакүрт түрлері бар. Бүргелер оба егеуқұйрық бөртпе сүзек аурулар қоздырушыларын тасымалдап гельминттердін аралық иелері болып келеді Адамның денесін шағатын жерлері – аяғы, балтыры, тобығы. Жәндіктің шаққан жері қатты қышиды, қасығаннан кейін ол жер іріңдейді. Олардың шаққаны масаның шаққанынан мүлдем бөлек, себебі жара оңай жазылмайды, шаққан жерінде ұзақ уақыт кішкентай тыртық қалады. Жануарларда паразиттің болу белгісі – бүргенің шаққаны ауыртады, қатты қышиды және тері іседі. Жануарлар дуылдап қышыған жерін аяқтарымен қасиды, терісінен бүргені тісімен ұстап алады, сол кезде терісін тырнап жарақаттайды. Бүргесі бар иттер мен мысықтар қатты қиналады, әртүрлі ауыр өтетін ауруларды жұқтыру мүмкіншілігі арта түседі. Жануарларды емдеу – жануарлардың денесінен бүргені өлтіру үшін дус, ерітінділер, эмульсия, шампундар мен аэрозолдар түріндегі инсектицидтерді пайдаланады. Препараттарды таңдау кезінде оның қанша уақыт әсер ететіндігі, жануарларға зияны ескеріледі. Инсектицидтердің әсері тек түрі мен сапасына ғана емес жануардың терісіне мұқият жағуға да байланысты. Қозғалысы – пәтерге бүргелер тасымалдаушыға жабысып (жануарларға, адамға), подъезден, жертөледен (саңылаулар арқылы) немесе көршілер (таракандар сияқты) арқылы кіруі мүмкін.Үй жануарлары паразитті көшеден басқа жануарлардан жұқтырып әкелуі мүмкін. Бүргемен күресу жолдары. Жануарларда бүрге көбіне жүні қалың жерлерінде, олар құйрығында және аяғында (қолтық астында) болады. Бөлмеде бүрге 1 метр биіктікте тіршілік етуі мүмкін: әр түрлі заттарда, жұмсақ ойыншықтарда, саңылауларда, жиһаздарда, кілемдер мен паластарда, плинтус астында. Іш киімді, жұмсақ ойыншықтарды, шәркейлерді және бүргелер қоныстанып алды деген заттарды ыстық сумен жуу керек, жастықты қағып екі-үші күнге күннің көзіне жайып қою қажет. Инсектицидтерді таңдаған кезде құрамына қарау қажет. Хлорорганикалық қосынды жаәндіктерден жақсы қорғайды, бірақ олар адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің тіндерінде жиналатын қасиеті бар, бұл ағзаның улануына әкелуі мүмкін. Еденді, плинтустарды 4-5 күн жумаған абзал. Бүргелер бір тәулік ішінде өледі, бірақ бірден құрып кетпейді, бұл қалыпты жағдай: 1-2 апта ішінде салған жұмыртқалардан бүргелер шығады. Өңделген қабатқа шығып олар да 1-2 тәулік ішінде өледі.Фосфорорганикалық қосынды мен карбонат онша улы емес, тұрмыста қолдануға болады («Дихлофос» құрамында осы заттар бар).Пиретрум мен пиретроидтардың да улы заттары ең аз деп есептеледі, оның әсері 5 айға дейін созылуы мүмкін. Алдын-алу үшін инсектицидтер сіңірілген әртүрлі қарғыбаулар қолданылады.Ең бастысы қолданар алдында – дәке таңғыш таңу керек немесе мұрынды және ауызды сүлгімен жабу қажет, себебі пайдаланған зат тыныс алу жолына түссе ауа жетпей тұншығып, бас айналып, жүрек айнып, естен тану мүмкін.
Date: 2015-07-01; view: 9603; Нарушение авторских прав |