Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Рмекшітәрізділер топтамасы





Өрмекшітәрізділер (Arachnіda) – омыртқасыздардың бір класы. Дене тұрқы 0,1 мм-ден 17 см-ге дейін. Жер шарында кең тараған, 10-нан астам отряды, 60 мыңға жуық түрі бар.

 

Сарышаяндардың (Scorpiones отряды) 1500-дей түрі бар.Адамға ең қауіптісі тропикалық түрлері.Сарышаяндар Орта Азия,Кавказ,Қырым және Қазақстанның Оңтүстігінде кездеседі. Сарышаяндар шөлейт жерлерде,ескі қыстақтарда мекендейді. Киім, төсектерге,үй ішіне кіріп, түнгі мезгілдерде шағады.

Клиникасы. Сарышаян шаққан кезде адам қатты ауырып,тырыса бастайды.Шаққан жері ісіп,тіпті өліеттену байқалады.Жалпы улану белгілері:бас айналу,бас ауыру,құсу,ентігу,әлсіздік,адинамия,жүрек соғуы байқалады.Ауыр жағдайда жүйке жүйесіне әсер етіп:есі бұлыңғырланып,аяқ қолы тартылады.Тіпті кейбір кезде жүрек жетіпеушілігі болуы мүмкін.

Емі. Алғашқы көмек,уы жайылған жерді тығыз таңып,шаққан жерге суық ұстап,новокаин егіп анальгетик беру керек (наркотик салуға болмайды).Дезинтокцикациялық емдеу,аяқ қолдың тартылуын емдеу,ауруды сездірмейтін дәрілер қолдану.

 

Өрмекшілер (Araneі). 27 мыңдай түрі бар. Қазақстанда 19 тұқымдасы, 400-ден астам түрі кездеседі. Бұлардың денесі бас-кеуде және бунақталмаған құрсақ бөлімінен тұрады. Осы екі бөлімі сабақшамен байланысқан (бас-кеуденің 7-бунағы). Хелицераларының ұшы қозғалмалы тырнақ тәрізді буынмен аяқталады. Оның түбінде улы безінің тесігі орналасқан. Бездерден бөлінетін сөлімен қорегін өлтіреді. 4 жұп аяқтары қозғалу қызметін атқарады. Құрсақтың соңғы сегментінің аяқтары 2 – 4 жұп өрмек сүйелдеріне айналған.

 

Қарақұрт (лат. Lathrodectus tredecimguttatus) - улы өрмекшітәрізділер тұқымдасына жатады. Толық жетілген ұрғашы қарақұрттың, (10-20 мм) қара, ал жетілмеген ұрғашысы мен аталықтарының, (4-7 мм) денесінде қызыл дақтары болады. Улы бездері кеуде-бас қуысына орналасып, өзекше арқылы хелицермен жалғасқан. Ақзаттан тұратын у өте күшті нейротроптық у. Адамдарды қатты уландырып, кейде елімге дейін жеткізеді Қарақұрттың уы жылан уынан 15 есе күшті.

Клиникасы. Қарақұрт шаққанда орны қат­ты ауырады, ауырғаны бүкіл денеге тарап, аяқ тартылады. Адамның басы ауы­рады, жүрегі жиі соғып, ентігеді, тілі күр­­меледі, құсады, терлейді, санды­рақ­тай­ды, есінен танады. Тіпті өліп кетуі мүмкін.

Емі. Марганецтік калий ерітіндісімен шайылған суық баспаны шаққан жерге қояды, зардап шегушіге көп су, физиологиялық ерітінді, жүрек дәрі-дәрмектерін береді.Жедел көмекті шақырады, немесе оны қарақұртқа қарсы сары су егетін емдеу мекемесіне жеткізеді. Емдеу дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі.

Бүйі (Lycosa sіngorіensіs) – өрмекшілер отрядының бүйі туысына жататын ірі өрмекші. Қазақстанның Шөл-шөлейтті, далалы аймақтарында кең тараған, әсіресе, ылғалы мол өзен-көл жағалауларында жиі кездеседі. Дене тұрқы 25 – 35 мм, өне бойын түк жапқан, түсі қоңыр, қара қоңыр, сарғылт. Бүйі ылғалды жерден тереңде 50 – 70 см ін қазып, сонда мекендейді. Жыртқыш жемтігін, көбінесе түнде аулайды. Ұсақ жәндіктермен қоректенеді.

Клиникасы. Бүйі шаққанда бірден білінеді.Шаққан жері ісіп,некроздалып бүкіл денеге тарайды. Адамның басы айналып, дене қызуы көтерілуі мүмкін.Мұндай ауруды «тарантизм» деп те атайды.

Емі.Тері астына,ауыр жағдайда көк тамырға қарақұрттың уына сарысу енгізіледі.Жүрекке қолданылатын дәрілер көктамырға жіберіледі.







Date: 2015-07-01; view: 1699; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию