Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дезинсекция және оның сапасын бағалау
«Des» – теріс, қарсы, «insectum» - жәндік мағынаны білдіреді. Дезинсекция – инфекциялы ауруларды тарататын және адамға зиянкестік тигізетін буынаяқтыларды жою. Кең мағынада дезинсекция - адам, тұрғын үй мен табиғат аймақтарында буынаяқтыларды жоюға бағытталған шаралар. Буынаяқтыларды түбегейлі жою мүмкін болмағандықтан соңғы жылдары дезинсекцияның мақсаты - зиянды жәндіктердің санын санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіз деңгейге дейін жою болып табылады. Жәндіктер орман және ауылшаруашылығына кері әсерін тигізеді, тағамдар, жиһаз бен үй құрылысының ағаш бөлшектеріне зиян келтіреді, бүлдіреді, жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдайды. Дезинсекция медициналық, ветеринарлық және ауылшаруашылық шараларына бөлінеді. Тәжірибеде буынаяқтыларды жою үшін түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады, олардың тиімділігі жәндіктердің биологиялық, экологиялық, фенологиялық ерекшеліктерімен байланысты. Буынаяқтылардың құрылысын, тіршілігін және экологиясын энтомология ғылымы зерттейді. Медициналық арахноэнтомология – медициналық маңызы бар буынаяқтылар типінің биологиясы, даму кезеңдері, құрылысы, экологиясы туралы ғылым. Медициналық дезинсекция трансмиссивті ифекциялардың, яғни буынаяқтылар арқылы таралатын жұқпалы аурулар эпидемиологиясымен тығыз байланысты. Жұқпалы ауруларды таратушы жәндіктерді зерттеу, олармен күресу шараларын, жою әдістерін СЭҚБ энтомолог мамандары ұйымдастырады. Дезинсекция шаралары арнайы (маса, бит, бүрге, кене) және арнайы емес механикалық таратушыларға бағытталады (шыбын, шіркей, таракан, құмырсқа). Дезинсекция шаралары 2 топқа бөлінеді: 1. Алдын алу дезинсекциясы. 2. Жоятын дезинсекция. Алдын алу дезинсекцияның мақсаты: жәндіктердің тіршілік етуіне, көбеюіне жол бермеу, тұрғын үйлерде таралуын, адамға зиян келтіруін алдын алу. Мұнда жеке бас гигиенасын сақтау мен тұрғын үйлердің санитарлық жағдайын сақтаудың маңызы өте зор. Мысалы, таракандарға қарсы бөлмені уақтылы жинау, қоқыстардан, тамақ қалдықтарынан үнемі тазалау, тағамдарды жабық түрде сақтау. Маса мен шіркейлерге қарсы агротехникалық жұмыстар жүргізу, мелиорация жасау, батпақты жерлерді жою, өзен мен арықтарды тазалау.(суреттерді қара?) Жою дезинсекцияда қолданатын әдістер: 1. Механикалық әдіс. 2. Физикалық әдіс. 3. Химиялық әдіс. 4. Биологиялық әдіс. Механикалық әдісте тазалау, қағу, ұстау қолданады. Мысалы, шыбындарды ұстау үшін шыбын ұстағыш, шыбын ұрғыш, жабысқақ қағаз пайдаланылады. Физикалық әдісте жоғары және төмен температура қолданылады. Мысалы: бүрге басқан қажетсіз заттарды өртеу немесе бит басқан заттарды ыстық сумен жуу, қайнату. Дезинфекция камераларында ыстық ауа мен бу кеңінен қолданылады. Химиялық әдісте түрлі химиялық қосындылар қолданылады: жоятын, үркітетін (репеленттер), иіс немесе дәммен тартатын (атраканттар), стерилизациялайтын және өсіп-өнуін тоқтататын заттар - регуляторлар қолданылады. Жәндіктерді жоютын заттарды инсектицидтер деп атайды, кенелерді жоятын заттар – акарицидтер, жәндіктердің жұмыртқаларына қарсы заттар –овоцидтер, дернәсілдеріне қарсы заттар - ларвицидтер деп аталады. Жәндіктерге қарсы қолданатын химиялық заттар жәндіктерді толығымен, тиімді жоятын, бірақ адамға және үй жануарларына зиянсыз болуы керек. Барлық қолданатын заттар у болғандықтан оларды пайдаланғанда сақтық шараларын қарастыру қажет, тағамдарды, өсімдіктерді, жайылым жерлерді, ашық су қоймаларын ластамайтын болуы керек. Инсектицидтердің тиімділігі қолданатын препараттың улылығынан, мөлшерінен, қолдану уақытынан, ауаның температурасынан, залалсызданатын жердің санитарлық жағдайынан байланысты. Инсектицидтер жәндіктердің денесіне түрлі жолдармен түседі - сыртқы қабат, тыныс алу, ас қорыту жүйесі арқылы. Денеге түсу жолына қарай инсектицидтер 3 топқа бөлінеді: 1. Контактты инсектицидтер. 2. Ішек инсектицидтері. 3. Фумиганттар. Контактты инсектицидтер жәндіктердің сыртқы қабаттары арқылы денесіне түседі. Контактты инсектицидтер қолданатын заттың химиялық құрылысына қарай хлорорганикалық, фосфорорганикалық, карбаматтар, пиретроидтар және өсімдік заттары болып бөлінеді. Хлорорганикалық заттарға гексахлоран, ГХЦГ, линдан, ДДТ жатады, олар қоршаған ортада ұзақ уақыт сақталады, адамның, малдардың денесінде, өсімдіктер мен топырақта жиналып, бірнеше жылға дейін кері әсерін тигізеді. Гексахлоран - кристалл түрдегі ақ түсті зат, органикалық ерітінділерде жақсы ериді, α, γ, β изомерлері бар. Иісі өткір жағымсыз, ұзақ сақталады. Гексахлоран 15 % эмульсия, 6-12 % дуст, 3 % инсектицидтік сабын түрінде шығарылады. Фосфорорганикалық инсектицидтер қоршаған ортада ұзақ сақталмайды, жиналмайды, өте тиімді, сондықтан тәжірибеде кеңінен қолданылады: хлорофос, ДДВФ, карбофос, трихлорметафос-3, дифос, метилнитрофос, сульфидофос. Өсімдіктерден жасалған инсектицидтерді бит, бүрге, таракандарға қарсы бұрыннан қолданып келеді. Пиретрум - көп жылдық түймедақ гүлдерін кептіріп жасалады, шыбын, маса, кене, бит, бүргеге қарсы қолданылады. Пиретрумды уайт-спиртте немесе керосинде тұндырып 0,06 % флицид түрінде қолданады. Синтетикалық пиретроидтар жәндіктердің нерв жүйесін салға әкеліп соқтырады, аса улы емес, қазіргі кезде неопинапин, неопин, неопинат кеңінен қолданылады. Керосин– тұнық сұйықтық, оның түсі тазалау сапасына байланысты өзгереді. Тазаланған керосин суда ерімейтін, ақшыл тұнық сұйықтық, улы заттарды еріту үшін қолданады немесе су қоймаларындағы масаның жұмыртқасы мен дернәсілдеріне қарсы қолданылады. Хлорланған керосинді алу үшін 1 литр керосинге 50 гр хлор әгін қосып 6-7 сағат тұндырады, кейін сүзіп алып қолданады. Ішек инсектицидтері жәндіктердің ішегіне түскенде ғана әсер етеді, сондықтан жалап-кеміретін жәндіктерге қарсы (шыбын, таракан) және су қоймаларына шашу, себу үшін қолданылады. Бор қышқылы – ақ түсті кристалды ұнтақ, суда жақсы ериді, таракан, биттерге қарсы қолданылады. Таракандарға қарсы боракстан наннан улы жем дайындайды: 3 шәй қасық бор қышқылын 1 стакан суға ерітіп нан батырып қояды. Бас биттеріне қарсы 5% бор майын қолданады. Бура түссіз кристалл, тек ыстық суда ериді, таракандарға қарсы қолданылады. Еліктіргіш дайындау үшін бураны табада қыздырып 1:1 қатынаста ұнмен немесе шекермен араластырады. Натрий фториді ақ түсті ұнтақ, таракан мен құмырсқаларға қарсы қолданылады 50-80 % приманка түрінде, жәндіктер 5-6 күннен кейін өледі. Бутадион – ақ түсті, әщі дәмді синтетикалық дәрілік препарат. Бутадион 0,05 немесе 0,15 гр таблетка және ұнтақ түрінде шығарылады. Бутадионды ішкенде 14 тәулік ішінде адамның қанында сақталады, қан соратын бит, маса, кене, бүргелерге улы болады. Бөртпе сүзегі ошағында биттерге қарсы қолданылады. Фумиганттар – газ және бу түрінде болады, жәндіктердің тыныс алу жүйесі арқылы түсіп әсер етеді. Фумиганттарға гексахлоран, ДДВФ, дихлорэтан, метилхлорид, нафталин, күкірт ангидриді, метилбромид жатады. Дихлорэтан – хлороформ иісті, түссіз сұйықтық, тағам өнімдерін, астықты газдау үшін жәндіктерге қарсы қолданылады. Этилен оксиді - ұшатын сұйықтық, жарылыс беруі мүмкін, камералық дезинсекция, дезинфекция үшін қолданылады, өте тиімді.
Date: 2015-07-01; view: 2320; Нарушение авторских прав |