Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Р тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың қазіргі жағдайы





Еліміздің экономикасына шетел инвесторларын тарту саласы бойынша көптеген нәтижелерге жетті. Қазақстанның экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвесторлардың жалпы түсімінің өсулері 60-65 пайыз көлемін құрайды. Егер 2011 жылы қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдері 10,6 млрд долларды құраса, ал 2012 жылы қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдері 17,5 млрд долларды құрады.

2012 жылдың І тоқсанында тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдері 3,3 млрд долларды, ал ІІ тоқсанында 3,972 млрд доллар құрады. Яғни, мұндай жағдайда әлемдік қаржы нарығындағы болып жатқан жағдайларға қарамастан, тікелей шетелдік инвестициялардың түсімдерінің тұрақтылығын көруге болады. Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар Нидерландия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Швейцария, Ресей елдерінен белсенді түрде құйылуда.

Жоғарыдағы көрсетілген тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдерінің негізін мұнай-газ саласы құрады. 2011 жылдың бірінші тоқсанында жалпы инвестициялық түсімдер көлемінің 68 пайызы мұнай жобаларына бағытталынды.

Сонымен, қазіргі кезде, Қазақстан экономикасын ары қарай дамыту үшін шетелден кең көлемде инвестиция тарту қажет. Елімізде инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарына шығара отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде қолға алынады. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Қай елде болмасын инвестицияның келуі инвестициялық климат дәрежесіне және оны анықтайтын факторларға тікелей байланысты. Инвестициялық климатты аңықтау шетел инвесторларын тарту мен пайдалану саясатының негізгі міндеті болып табылады. Себебі, біріншіден, инвестициялық климат шетел инвесторларына әсер ететін факторларды анықтауға, екіншіден, мемлекеттегі жағдайды тереңірек бағалауға, үшіншіден, шетел субъектілерінің мінез-құлықтарын анықтауға мүмкіндік береді.

ҚР Ұлттық банкінің статистикалық деректеріне сәйкес 1993 жылдан бастап 2012 жылғы 31 наурыз аралығында Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) 152,5 млрд. АҚШ доллары тартылды.

2012 жылғы 1 тоқсанда Қазақстан экономикасына ТШИ 5,9 млрд. АҚШ доллары тартылды, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 11% артық (5,3 млрд. АҚШ доллары).

2012 жылғы 31 наурыздағы жағдайы бойынша инвестор елдер бөлінісінде (тәуелсіздік кезеңінде) негізгі инвесторлар Нидерланды (38,3 млрд. АҚШ доллары, 25%), АҚШ (22,6 млрд. АҚШ доллары, 14,8%), Ұлыбритания (11,5 млрд. АҚШ доллары, 7,5%) және Франция (9,3 млрд. АҚШ доллары, 6,1%) болып табылады, оларда инвестициялардың үлесі 5% және тартылған инвестицялардың жалпы көлемі одан артық. Сондай-ақ тікелей шетелдік инвестициялардың ең көп көлемі Қытайда (6,3 млрд. АҚШ доллары, 4,1%), Италияда (5,9 млрд. АҚШ доллары, 3,8%) және Ресей Федерациясында (5,3 млрд. АҚШ доллары, 3,5%) байқалады.

2012 жылғы 1 тоқсандағы инвестор елдер бөлінісінде негізгі инвесторлар Нидерланды (3 млрд. АҚШ доллары, 51,6%), Қытай (545,0 млн. АҚШ доллары, 9,3%) және Канада (327,5 млн. АҚШ доллары, 5,6%) болып табылады, инвесторлар үлесі 5% және тартылған инвестицялардың жалпы көлемі одан артық. Сондай-ақ тікелей шетелдік инвестициялардың ең көп көлемі Францияда (245,1 млн. АҚШ доллары, 4,2%), Ұлыбритания (227,8 млн. АҚШ доллары, 3,9%) және АҚШ (176,4 млн. АҚШ доллары, 3%) байқалады.

2012 жылғы 31 наурыздағы жағдайы бойынша экономикалық қызмет түрлері бойынша (тәуелсіздік кезеңінде) ТШИ ағынының ең көп көлемі кәсіби, ғылыми және техникалық қызметке (геологиялық барлау және іздестірулер жүргізу бойынша қызметтегі артықшылық) – 60,8 млрд. АҚШ доллары (39,9%), тау-кен өндіруші өнеркәсіпке және карьерлерді игеруге – 47,4 млрд. АҚШ доллары (31,09%), өңдеуші өнеркәсіпке – 15,8 млрд. АҚШ доллары (10,4%) бағытталған (СЛАЙД 2)

Слайд 2 - 2012 жылы экономикалық қызмет түрлері бойынша тікелей шетелдік инвестициялар көлемі (млрд.АҚШ доллары)

 

2012 жылғы 1 тоқсандағы экономикалық қызмет түрлері бойынша ТШИ ағынының ең көп көлемі кәсіби, ғылыми және техникалық қызметке (геологиялық барлау және іздестірулер жүргізу бойынша қызметтегі артықшылық) – 2,05 млрд. АҚШ доллары (35%), ақпарат пен байланысқа – 1,6 млрд. АҚШ доллары (27,6%), тау-кен өндіруші өнеркәсіпке және карьерлерді игеруге – 1,38 млрд. АҚШ доллары (23,6%), өңдеуші өнеркәсіпке – 0,43 млрд. АҚШ доллары (7,4%) бағытталған.

Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы инвестициялық қызметті дамытуға әсерін тигізді. Арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) экономикалық өсу нүктесі болып табылады және өзінің орналасқан өңірдің және елдің барлық экономикасына оң әлеуметтік-экономикалық әсер береді.

Бүгінгі күні Қазақстанда 10 арнайы экономикалық аймақ құрылды, оларды шартты түрде үш негізгі мынадай топқа бөлуге болады:

1) өнеркәсіп-өндірістік аймақтары – «Ақтау теңіз порты», «Оңтүстік», «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі», «Астана-жаңа қала» индустриялық кіші аймағы бөлігінде, «Сарыарқа», «Қорғас-Шығыс қақпасы» және «Тараз химиялық паркі».

2) қызмет көрсетуші – «Бурабай» және Астана-жаңа қала» индустриялық кіші аймағы бөлігінде.

3)техника-енгізетін аймақ – «Инновациялық технологиялар паркі».

АЭА қызметінің нәтижесінде инвестицияларды тартудың маңызды бір құралы ретінде өзінің тиімділігін көрсетті.

Жалпы соңғы бес жылда статмәліметке сәйкес белсенді жұмыс жасап жатқан АЭА аумағында өзінің жобаларын іске асырып жатқан кәсіпорындар негізгі капиталға 428 млрд. теңге инвестиция салды, бұл жоспарлы көрсеткіштен 70% артпайды.

Өз кезегінде инфрақұрылымды салуға мемлекет 90 млрд. теңге бюджеттік қаражат салды. Нәтижесінде салынған бюджеттік 1 теңгеге 4 теңгеге жуық жеке инвестициялар тартылды.

Төрт АЭА аумағындағы кәсіпорындар 202,4 млрд. теңге сомасына өнім өндірді. Өнім шығару көлемі СЛАЙД 3 те келтірілген.

 

СЛАЙД 3 - АЭА аумағындағы кәсіпорындардың өндірген өнім сомасы

 

Арнайы экономикалық аймақ Өндірілген өнім сомасы
  «Ақтау теңіз порты» АЭА 104 млрд.тг.  
  Астана – жаңа қала» АЭА 72 млрд.тг.  
  «ИТП» АЭА 6,5 млрд.тг.
  «Оңтүстік» АЭА 1,5 млрд.тг.  

 

10 АЭА аумағында 492 қатысушы тіркелген. Қазіргі таңда 8 АЭА алаңдарында (Қорғас және Химиялық парк Таразды қоспағанда) 60 өндірістер іске асырылуда.

2012 жылдың І тоқсанында тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдері 3,3 млрд долларды, ал ІІ кварталында 3,972 млрд доллар құрады. Яғни, мұндай жағдайда әлемдік қаржы нарығындағы болып жатқан жағдайларға қарамастан, тікелей шетелдік инвестициялардың түсімдерінің тұрақтылығын көруге болады. Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар Нидерландия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Швейцария, Ресей елдерінен белсенді түрде құйылуда.

Жоғарыдағы көрсетілген тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдерінің негізін мұнай-газ саласы құрады. 2012 жылдың бірінші тоқсанында жалпы инвестициялық түсімдер көлемінің 68 пайызы мұнай жобаларына бағытталынды.

Сонымен, қазіргі кезде, Қазақстан экономикасын ары қарай дамыту үшін шетелден кең көлемде инвестиция тарту қажет. Елімізде инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарына шығара отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде қолға алынады. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Қай елде болмасын инвестицияның келуі инвестициялық климат дәрежесіне және оны анықтайтын факторларға тікелей байланысты. Инвестициялық климатты аңықтау шетел инвесторларын тарту мен пайдалану саясатының негізгі міндеті болып табылады. Себебі, біріншіден, инвестициялық климат шетел инвесторларына әсер ететін факторларды анықтауға, екіншіден, мемлекеттегі жағдайды тереңірек бағалауға, үшіншіден, шетел субъектілерінің мінез-құлықтарын анықтауға мүмкіндік береді.

Қазақстан тұңғыш президенті Н.Ә Назарбаев нарықтық қатынастары ерте қалыптасқан, нарықтық құрылымдары әбден дамыған Америка Құрама Штаттары, Европа, Азияжолбарыстары болып саналатын Оңтүстік Корея, Гонконг, Тайвань, Сингапур, Индонезия, Малайзия, Тайланд және Филипин елдерімен дипломатиялық достық қарым-қатынас орнатып, олардың әлемдегі ірі-ірі транс-ұлттық компанияларын Қазақстан экономикасына тартты. Соның арқасында, әсіресе, шикізат саласына миллиардтаған доллар шетелдік қаражат ұзақ мерзімге әкелініп, Қазақстан экономикасына қан жүгіре бастады. Мысалы, Қазақстан экономикасына тартылған инвестицияның көлемі 28 миллиард долларды құрады. Қазақстан шетелдік инвестиция тартудан ТМД елдері арасында бірінші орынға шықты. Ал 1993 жылдан 2012 жылға дейін 310 миллард долларға инвестиция тартылды. Қазақстан нарығында инвестиция тартуда Америка Құрама Штаттың пайыздық көлемі, басқа мемлекеттермен салыстырғанда өте жоғары екен. Мәселен, Америка Құрама Штаты 30,7%, Англия 13,7%, Италия 7,0%, Швецария 5,7%. Алдағы 25 жылға сомасы 100 миллиард Америка Құрама Штат долларын құрайтын келісім шарт жасалып қойылды.

Тағы бір қуатты жағдай Қазақстанда шетелдік қаражатпен 5500 бірлескен кәсіпорын ашылып, қазір тәп-тәуір жұмыс істеп отыр. Ресейде бірлескен кәсіпорынның 1042 жұмыс істесе, Қырғызстанда 99, Украинада 74 ғана жұмыс істеуде. Қазіргі экономикалық өрлеуіміз, жетістіктеріміз шетелдік инвесторлардың арқасы. Сол ағылып келіп жатқан инвестициялардың әсерінен ел еңсесі біршама көтеріліп қалды. Инвестиция тартудың ең маңызды жері – тәуелсіз еліміздің тұтастығын, шекарасын қорғайды. Америка Құрама Штаты, Европа мемлекеттері, еліміздің экономикасына миллиарттаған қаржы сала отырып, Қазақстанға басқа мемлекетің қоқон-лоқы жасалуына жол бермейді. Мәселен, Шеврон, басқа да транс-ұлттық шет мемлекеттік компанияларда Кондализа Райс секілді мемлекет қайраткерінің акциялары бар. Шетелдік ірі компаниялар Қазақстан нарығынан үлкен пайда тауып отырады, сыртқы жауға беріп қоймайтыны анық. Мысалы, кеңестік империя ыдыраған соң, Каспий теңізін бөлер кезде Тұран заманындағы қызылбас ағайындылар теңіздегі шекераны бұрынғысынша қалдырайық деп дипломатиялық қарсылық көрсетіп бақты. [8;38]

Статистикаға қарасақ, инвестияциялардың негізгі көздері болып отырған отандық жеке меншік кәсіпкерлер болып отыр, яғни олар бар капиталдың 60% - нан асады. Әсіресе, шағын және орта бизнес субъектілері жылдан жылға айтарлықтай инвестициялық қор жинап отыр. Бірақ, өкінішке орай олар жоғарыда айтылған себептермен өз капиталдарын тиімді жобаларға пайдалана алмай отыр. осыған ұқсас жағдай банкі жүйесінде де орын алып отыр. Кәзіргі кезде коммерциялық банкілердің капиталдандыру деңгейі өте жылдам жоғарылап ЖІӨ нің 90% дан асып отыр. Cөйтседе, сол ересен көлемді капитал нақты секторды несиелендіруге бағытталмай отыр. Мысалы, берілген несиелердің 28% сауда саласында, 27% құрылыста болса, 13% өндірісте, ал ауыл шаруашылығында тек қана 4,5% болып отыр[2]. Оның ішінде бар несиелердің тек 10,7% ғана негізгі қорларды сатып алуға пайдаланған (СЛАЙД 4).

 

 

 

СЛАЙД 4 - Коммерциялық банктердің инвестициялық несиелендеру құрылымы

 

Эксперттердің мәліметтерінше Үкімет коммерциялық банкаларға шамасы 12 млрд. доллардың жобаларын ұсыну мүмкіндігі бар, бірақ банкілер оларды несиелендіре алмайды, себебі олар ұзақ мерзімді және тиімділігі төмен болып отыр. Сондықтан да болар банкілер өз елінен көрі шет елдерге басын бұрып, Россия, Украина, Қырғызстан, Грузияларға көптеген мөлшерде инвестиция құйып жатыр.

2013 жылғы республикалық бюджет 2687 млрд. тенге көлемінде қабылданып қомақты мемлекеттік сатып алу және көптеген инвестициялық жобаларды қаржылауға көзделіп отыр. Тек қана «Самұрық -Қазына» қорына және де басқа даму институттарына 103 млрд. тенге бөлінді.

Қорта келе айтсақ, кәзіргі жағдайда көрсетілген бүкіл ішкі инвестициялық ресурстарды: бюджет, ұлттық қор, бизнес пен халықтың жинақтары және банкілер капиталын, білгер пайдалану мүмкіндігін тудыратын құрымдылық механизм қажет. Отандық капиталдың шетел ресурстарынан айырмашылығы, егер қыйын - қыстау заман кез болса, ол сыртқа қашпайды, қалайда өз экономиканың үлесінде қалады.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардын өңірлік құрылымындағы көлемнің жартысынан астамын (53,1 %) республиканың батыс өңірлеріндегі кәсіпорындар (Атырау облысы - 22,2, Батыс Қазақстан - 18,0 %, Ақтөбе - 7,5 %, Маңғыстау -5,4%) игерген. Мұнда, Алматы (13,9%) және Астана (9,3 %) қалаларының үлесі басым (СЛАЙД 5).

  СЛАЙД 5 – Қазақстан Республикасы өңірлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар
(қаңтар-сәуір 2013)
Өңірлер млн. теңге 2012 жылғы қаңтар-сәуірге %-бен
Қазақстан Республикасы 1 250 672 107,9
Ақмола 19 174 84,3
Ақтөбе 92 214 112,9
Алматы 90 735 101,0
Атырау 317 978 99,1
Батыс Қазақстан 42 390 125,8
Жамбыл 25 303 148,5
Қарағанды 95 372 149,2
Қостанай 36 131 103,0
Қызылорда 65 631 215,9
Маңғыстау 94 140 115,9
Оңтүстік Қазақстан 44 874 100,6
Павлодар 52 582 113,5
Солтүстік Қазақстан 14 834 126,2
Шығыс Қазақстан 61 415 127,3
Астана қаласы 106 927 91,2
Алматы қаласы 90 972 83,5
     

 

2012 жылы негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың салалық құрылымы 2010 жылмен салыстырғанда аздаған өзгерістерге ұшырады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі ең көп үлес салмақ бұрынғысынша кең өндіру өнеркәсібіне (41,5%), өңдеу өнеркәсібіне (9,4%), көлік және байланысқа (11,1 %) келеді.

Кең өндіру өнеркәсібінде негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың барлық көлемі дерлік шикі мұнай мен табиғи газ өндіруге және осы салаларға қызмет көрсетуге келеді (93,8 %).

Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия өнеркәсібінің үлесіне ғана негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 44.4 % тиеді.Көлік және байланыста негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың елеулі үлес салмағы құбырлармен айдауға (42,3 %), әуе көлігіне (15,4 %) және электр байланысқа (19,8 %) келеді.

 

СЛАЙД 6 - 2012 жылы Қазақстан Республикасында негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың салалық құрылымы

 

Date: 2015-07-17; view: 1788; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию