Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырыбы: «Қызбаның патофизиологиясы

Тесттік тапсырмалар

1. Патофизиология – зерттейтін ғылым: //

ауруларға диагноз қою принциптерін//

аурулардың номенклатурасын және жіктемесін//

ауру туындауының себептері мен жағдайларын//

ауруларды алдын алу мен емдеу принціптерін//

+ауру туындауының, ағымы және аяқталуының жалпы заңдылықтарын

***

2. Қоянның бас миының гипоталамус аумағына электродтар мен микроканюлялар салынған. Бір жыл бойы канюля арқылы наркоздық заттектер енгізіліп гипоталамустың функциялық активтілігі зерттелген. Бұл эксперимент қай топқа жатады://

жіті эксперименттер//

+созылмалы эксперименттер//

Эксперименттік бақылау//

материалсыз моделдеу//

формаланған моделдеу

***

3. Патофизиологиялық тәжірибеде міндетті түрде болуға тиісті: //

жануарларды иммобилизациялау//

наркотикалық дәрілерді қолдану//

диагностиканың жаңы әдістерін өңдеу//

+адам ауруларын жануарларға үлгілеу//

зерттеудің морфологиялық әдістерін қолдану

***

4. Материалды моделдеуге жатқызады://

логикалық моделдеу//

компьютерлік моделдеу//

математикалық моделдеу//

интеллектуальды моделдеу//

+биологиялық объектілерде моделдеу

***

5. "Жеке патофизиология" бөлімінде зерттеледі: //

ауру туралы жалпы түсініктер//

типтік патологиялық процестер//

+белгілі бір ағзалардың типтік бұзылыстары//

ауруды емдеу әдістері мен тәсілдері//

ауруды диагностикалау принциптері

***

6. Өттегі конкремент өт қабын тітіркендіріп, коронарлы артериялардың тарылуын туындатқан салдарынан стенокардия ұстамасы байқалған. Бұл://

+патологиялық реакция//

патологиялық процесс//

патологиялық жағдай//

ауру алды//

ауру

***

7. Қабыну, өспелер, ісінулер, ишемия, эрозия – бұл мысалдары://

патологиялық реакцияның//

+патологиялық процестің//

патологиялық жағдайдың//

ауру алдының//

аурудың

***

8. Жарақаттың салдарынан тісті алып тастағанда жақтың альвеолалық өсіндісінің атрофиясы осының мысалы://

+патологиялық жағдайдың//

патологиялық процестің//

патологиялық реакцияның//

ауру асқынуының//

аурудың

***

9. Патологиялық процестің аурудан айырмашылығы://

бір ғана себебі болады//

аурудың тек бір ғана көрінісін береді//

әрқашан жұмысқа қабілетті төмендетеді//

толық сауығумен аяқталады//

+полиэтиологиялық

***

10. Жүре пайда болған патологиялық жағдайларға жатады: //

альбинизм//

полидактилия//

брахидактилия//

фенилкетонурия//

+күйіктен кейінгі тыртық

***

11. Ауру сипатталады: //

+еңбек етуге қабілеттіліктің төмендеуімен//

әлеуметтік адаптацияның күшеюімен//

әлеуметтік пайдалықтың жоғарылауымен//

тіндер мен ағзаларда морфологиялық өзгерістердің болмауымен//

организм мен қоршаған орта арасындағы тепе-теңдіктің қалыптасуымен

***

12. Науқас Р., 45 жаста, меланоциттерден дамыған қатерлі өспемен ауырады. Диагнозы: «Түйіндік меланома». Бұл өспе ұзақ және қарқынды түрде ультрафиолет сәулесін қабылдағаннан кейін пайда болған. Алғашында денесіндегі туа біткен қалдың түсі, пішіні өзгеріп, көлемі ұлғайған кейін беті жарықтанып қанайтын болған. Бұл жағдайдағы нозологиялық бірлікті атаңыз://

туа біткен қал//

қанкетулер//

+меланома//

өспе//

жара

***

13. Зат алмасу ауруларының ағымының сипаты: //

ағымы жіті жасырын кезеңсіз//

ағымы жіті жасырын кезеңмен//

ағымы қауырт//

+созылмалы ағым//

абортивті ағым

***

14. Аурудың атипиялық түріне жатады://

аурудың классикалық әйгіленімдерімен өтетін ағым//

инкубациялық кезеңмен өтетін ағым//

+рецидивпен өтетін ағым//

оралымды ағым//

созылмалы ағым

***

15. Аурудың аяқталуын атаңыз: //

рецидив//

ремиссия//

өршу//

+толық сауығу//

патологиялық процесс

***

16. Өлімнің соматикалық түрі, әдетте, осының нәтижесі болады://

зорлаудың//

қартаюдың//

жазатайым оқиғаның//

патологиялық жағдайдың//

+ұзаққа созылған, әлсірететін аурулардың

***

17. Қазіргі адам организмі мен ата-бабалар организмін салыстырғанда, бұрынғы заман адамдарының организмінде калийдің кідіруі, ал натрийдің шығарылу механизмі күшті болған. Бұл аурудың негізін ғылыми тұрғыда түсінуге мүмкіндік беретін методологиялық принциптің қай түрі://

тұтастық принципі//

себептік принциптер//

ауру динамизмінің принципі//

тірі табиғаттың эволюциялық даму принципі//

+функциялық-құрылымдық өзгерістердің бірігу принципі

***

18. Науқас ес-түссіз, терминалді үзіліс кезінде артериялық қысымы жоғарылайды, қосымша бұлшықеттердің қосылуымен, дірілмен тыныс алады. Бұл белгілер терминалді жағдайдың қай сатысына тән://

шок//

кома//

+агония//

преагония//

биологиялық өлім

***

19. Терминальдік үзіліс осыған ауысудың белгісі://

шоктың комалық жағдайға//

агонияның клиникалық өлімге//

+преагониялық жағдайдың агонияға//

клиникалық өлімнің биологиялық өлімге//

шоктың эректильді фазасының торпидті фазасына

***

20. Өлімнің агониялық кезеңіне тән: //

сана сезімінің сақталуы//

+анаэробтық гликолиздің басым болуы//

рефлекстердің күшеюі//

жүрек соғуы мен тыныстың толық тоқтауы//

тотығу және фосфорлану процесстерінің қосарласуы

***

21. Клиникалық өлім кезінде ең алдымен осының қызметі жойылады: //

жұлынның//

қыртыс асты орталықтарының//

бас миы қыртысының//

лимбиялық құрылымдардың

бас миының бағаналық бөлімінің

***

22. Қалыпты жағдайда клиникалық өлімнің ұзақтығы созылады: //

1-2 минутқа//

2-4 минутқа//

+4-6 минутқа//

5-10 минутқа//

10-15 минутқа

***

23. Клиникалық өлім уақытының қысқаруына ықпал етеді: //

жаңа туған кезең//

+өлу процесінің ұзаққа созылуы//

гипотермиялық жағдайда өлуі//

реанимациядан кейінгі эндогендік уыттану//

оттегі жеткіліксіздігіне алдын ала өткізген жаттығулар

***

24. Клиникалық өлім кезінде жасушалардың тіршілігі осының есебінен сақталады://

қанайналымның сақталуының//

сыртқы тыныс аппаратының жұмысының //

тотығулық фосфорлану процесінің //

+анаэробты гликолиздің

тіндік тыныстың

***

25. Ғылым ретінде реаниматологияның негізін салушысы://

Андреев Ф.А.//

Кулябко А.А.//

Чечулин С.И.//

+Неговский В.А.//

Брюхоненко С.С.

***

26. Негізгі аурудың асқынуының мысалын атаңыз://

+ атеросклероз кезіндегі инсульт //

пневмония кезіндегі альвеолалардағы экссудация //

ревматоидты артрит кезіндегі буындардың деформациясы //

миокардтың инфаркты кезіндегі некроз //

подагра кезіндегі тофустар

***

27. Түрлі аурулардың патогенезіндегі типтік тізбекті атаңыз://

гипотермия//

+қабыну//

антиденелердің өндірілуі//

артериялық қысымның төмендеуі//

цитотоксикалық Т-лимфоциттердің түзілуі

***

28. Реанимациялық шаралардың тиімді болуы, ең алдымен осының толық қалпына келуімен байланысты: //

+орталық жүйке жүйесінің//

жүйелік қанайналымның//

жүрек тамыр қызметінің//

тыныс алу жүйесінің//

зат алмасуының

***

29. Өлімнің қайтымсыз сатысы://

+биологиялық өлім//

клиникалық өлім//

преагония//

агония//

шок

***

30. Патологиялық жағдайларға тән://

дизергиялардың дамуы//

ағымының ұзақ емес жылдам болуы//

асқынумен ремиссия кезеңдерінің болуы//

патогенді емес агенттердің әсерінен дамуы //

+қарқынды прогрессияға бейімділіктің болмауы

1. Этиология осыны зерттейтін ілім://

ауру ағымының түрлерін//

ауру дамуының сатылары мен кезеңдерін//

ауру дамуының механизмдерін//

аурудың жіктелуі мен номенклатурасын //

+ ауру пайда болуының себебі мен жағдайларын

***

2. Тоқтаусыз құйып жауған жаңбырдың астында қалғаннан кейін науқаста 3 күн өткен соң, оң жақ төменгі бөлігінің пневмониясы дамыды. Бұл жағдайда аурудың себебі болып саналады://

суық өтіп кету//

+инфекциялық фактор//

өкпеде газ алмасуының бұзылыстары//

организм реактивтілігінің төмендеуі//

қабынулық ауруларға тұқым қуалайтын бейімділігі

***

3. Сәулеленуге ұшыраған егеуқұйрықтың құрсақ қуысына E.coli. енгізілгеннен кейін перитонит дамыған. Бұл кездегі ауру дамуына ықпал ететін маңызды жағдайды атаңыз://

стресс//

+E. coli//

иондаушы радиация//

инфекцияларға тұқымқуалаушылықты бейімділік//

организмнің иммунитеттік факторларының тежелуі

***

4. Аурудың спецификалық белгілері осыған байланысты://

+аурудың себептеріне//

организм конституциясына//

организм реактивтілігіне//

организм тұқым қуалайтына//

аурудың дамуын туындататын жағдайларға

***

5. Аурудың механикалық себептеріне жатады://

жоғары барометрлік қысым//

ауру туындататын микроорганизмдер//

иондаушы сәулелену//

төменгі температура//

+жаншылу

***

6. Науқас Р., 17 жаста, лифтпен жоғары көтерілгенді немесе төмен түскенде бас айналуы, лоқсу, қимыл-қозғалыс координациясының бұзылуы байқалады. Автокөлікте немесе поезда құсу, артериялық қысымның төмендеуі, жүрек ритмінің баяулауы байқалады. Аурудың себебін айтыңыз://

радиация//

кавитация//

+жылдамдық//

гипобария//

гипербария

***

7. Ятрогенді ауруларды шақырады://

экстремальді факторлардың әсері//

науқастың теріс тәртібі//

+медицина қызметкерлерінің қызметін дұрыс атқармау//

өндірістегі қолайсыз факторлар//

экологиялық факторлар

***

8. Этиотропты ем – бұл емдік шаралар, осыған бағытталған://

организм реактивтілігін күшейту//

зақымдану механизмдерін тоқтату//

организмдегі адаптивті процесстерді белсендіру//

+организмге себептік факторлардың әсерін тоқтату//

организмге ауру себептерінің әсер етуін болдырмау

***

9. Өндірісте техника қауіпсіздігін сақтау шаралары, емнің келесі түріне жатады://

этиотропты емге//

патогенездік емге//

симптоматикалық емге//

+этиотропты алдын алуға//

патогенездік алдын алуға

***

10. Жүрек бұлшықеті арқылы электр тогінің өтуі кезінде, ең алдымен дамиды://

тыныстың тоқтауы//

+қарыншалардың фибрилляциясы//

тыныс бұлшықеттерінің тарылуы//

коронарлық қанағыстың күшеюі//

кезбе нервтің тонусының төмендеуі

***

11. Токтың электрохимиялық әсері осы түрінде көрінеді://

+жасуша мембраналарының поляризациясы//

нерв рецепторлары және өткізгіштіктерінің қозуы//

қаңқалық бұлшықеттер құрысуының пайда болуы//

катехоламиндердің шығарылуы//

ток белгілерінің болуы

***

12. Гипотермияның орын толтыру сатысында жылу шығарудың азаюы байланысты://

+тер бөлудің азаюымен//

тыныс жиілігінің жоғарылауымен//

шеткі тамырлардың босаңсуымен//

жылуды реттегіш бұлшықет дірілімен//

тотығу мен фосфорилдену үдерістерінің күшеюімен

***

13. Жиырылусыз өтетін термогенездің мәнінде жылу пайда болуының жоғарылауы жатыр – ол байланысты://

тер бөлудің азаюымен//

тері тамырларының босаңсуына//

перспирация үдерістерінің жоғарылауы//

бұлшықеттердің жиырылуы мен тонусының күшеюіне//

+тотығу – тотықсыздану үдерістерінің белсендірілуіне

***

14. Гипотермияның декомпенсациялық сатысында болатын жағдайды көрсетіңіз://

бұлшықет дірілі пайда болады//

дене температурасы жоғарылайды//

жүрек жиырылуы жиілейді//

оттегіні пайдалану артады//

+бульбарлы орталық тежеледі

***

15. Организмнің қызып кетуіне ықпал ететін жағдай://

тер бөлінуінің артуы//

суды көп мөлшерде қолдану//

+ауа ылғалдығының жоғарылауы//

перифериялық тамырлардың кеңеюі//

тотығу және фосфорлану процестерінің артуы

***

16. Гипертермияның декомпенсациялық сатысы сипатталады://

қалтырау//

бұлшықет дірілі//

жылудың шығарылуының азаюы//

қан тұтқырлығының төмендеу//

+дене температурасының жоғарылауы

***

17. Науқас ұзақ уақыт бас киімсіз жағалауда жүргеннен кейін, жалпы әлсіздік, бас айналуы, бас ауруы, қалтырау, құсу пайда болған. Дене температурасы 39,8 °C. Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер және бас ауруын қойдыратын дәрілер нәтиже бермеген. 2 сағаттан соң жағдайы нашарлап, науқас естен танып қалған. Науқаста дамыған патологияны атаңыз://

қызба//

гипертермия//

жылулық соққы//

+күн соққысы//

күйіктік ауру

***

18. Суңгуші 15 м тереңдікте 1 сағат бойы жұмыс істеген, сосын жылдам жоғары көтерілген, 30 минуттан кейін құлағы, бұлшықеттері, буындары, басы ауыра бастаған, қол-аяқтары ұйып, жалпы әлсіздік мазалаған. Бұл ауруға тән://

газды эмболия дамуы//

ішек арқылы газ шығарылуының күшеюі //

қан және тін газдарының бос күйден еріген күйге өтуі//

+қан және сұйықтықтар қайнау межесінің төмендеуі//

Биіктік метеоризм

***

19. Тау және биіктік ауруларындағы декомпрессиялық симптомдарды атаңыз://

ішектердегі ауаның сығылуынан іш ауруы пайда болады//

+маңдай қуыстары ауадан ұлғайып ауру сезімін тудырады//

құлақ ішіндегі дабыл жарғағы қысылғандықтан құлақ ауруы//

газдардың сатурациясынан ойлау қабілетінің нашарлауы және депрессия дамуы //

тері тамырларында эмболия дамуының салдарынан терінің мәрмәр түсті болуы

***

20. Альпинист тауға шығу барысында 6500 м биіктікте естен танып қалған. Маска арқылы оттегі бергенде жағдайы жақсарды. Осы жағдай дамуының себебін атаңыз://

гипобария//

гипотремия

+гипобариялық гипоксия//

нормобариялық гипоксия//

ультракүлгіндік сәулелену

***

21. Гипербарияның негізгі симптомдарының себебін атаңыз://

гипоксия//

+сатурация//

десатурация//

гиперкапния//

организм сұйықтарының қайнау нүктесінің төмендеуі

***

22. Радиацияға сезімтал жасушалар://

миокардтағы//

сүйек тініндегі//

бұлшықеттердегі//

бас миындағы//

+сүйектің қызыл кемігі

***

23. Науқас сәулелі терапия қабылдағаннан кейін сілемейлі қабықтары мен терісінің қанталауына, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Сонымен қатар, таңдайы мен тілінің қабынуына байланысты тамақ жеуі қиындаған. Қан анализінде анемия, трмобоцитопения, лейкопения. Сәулеленудің жалпы дозасы 6 Гр. Жіті сәуле ауруының осы түріне тән://

+ішек эпителийінің өлімі//

тамыр тонусының бұзылуы//

қанөндірім жүйесінің зақымдануы//

паренхималық ағзалардың зақымдануы//

ауыр гемодинамикалық бұзылыстар

***

24. 2-6 Гр дозада бір рет, тотальді радиацияланған ересек адамда, жіті сәуле ауруының алғашқы 6 сағатында байқалуы мүмкін://

+лимфоцитопения//

қанағыштық//

тромбоцитоз//

нейтропения//

анемия

***

25. Ұзақ салмақсыздық жағдайында болғанда организмде туындайды://

дене салмағының артуы//

организмде су жиналуы//

бұлшықеттердің гипертрофиясы//

бас және мойын тамырларында қанның азаюы//

+ антидиурездік гормон өндірілуінің азаюы

***

26. Аурудың ішкі себептеріне жатады://

климат//

дұрыс тамақтану//

иондаушы сәуле//

+дерттік тұқымқуалаушылық//

барометрлік қысымның жоғарлауы

***

27. Аурудың пайда болуын туындататын сыртқы жағдайларға жатады://

конституция//

тұқымқуалаушылық//

салауатты өмір салты//

организмнің резистенттілігі//

+жұмыс пен демалыс тәртібін сақтамауы

***

28. Аурудың дамуына ықпал ететін ішкі жағдайларды атаңыз://

+ерте балалық шақ//

дұрыс тамақтанбау//

тұрмыс жағдайының нашар болуы//

кәсіби зияндықтар//

ортаның қолайсыз ықпалдарының әсері

***

29. Этиотропты терапияға жатады://

+антидоттар //

жүрек гликозидтері//

жөтелге қарсы препараттар//

антиаритмиялық препараттар//

антигипертензиялық препараттар

***

30. Полиэтиологияны ұғым ретінде нені сипаттау үшін пайдаланады//
туберкулезді//
+қабынуды//
сәулелік ауруды//
термиялық күйікті//
қол аяқтың сынуын

***

Тақырыбы: «Алкоголизм, наркомания, токсикоманиялардың пато-физиологиялық аспектілері»

1. Алкоголизм- бұл://

+ауру//

патологиялық құбылыс//

патологиялық процесс//

патологиялық реакция//

патологиялық жағдай

***

2. Алкоголизм кезіндегі өзгерген реактивтілік синдромының көрінісі://

алкогольдік деменция//

маскүнемдікке мезілегіш құштарлық//

маскүнемдікке физикалық құштарлық//

+спирттік сусындарға төзімділіктің бұзылуы//

ішкен алкоголдің мөлшрін бақылай алмауы

***

3. Алкоголизмнің соңғы (декомпенсацияланған) сатысы сипатталады://

алкогольге толеранттылықтың жоғарылауымен//

алкогольге сезімталдықтың бұрмалануымен//

ең алғаш абстиненттік синдромның туындауымен//

+ОЖЖ және ішкі ағзалардың органикалық бүліністерімен//

ОЖЖ және ішкі ағзалардың қызметінің бұзылыстарымен

***

4. А лкоголдің жалпы токсикалық әсері организмде заттек алмасуының келесі өзгерістерімен жүреді://

протеосинтез күшеюімен//

бауырда глюконеогенез күшеюімен//

+тіндерде глюкоза тотығуының бұзылуымен//

қанда аммиактың азаюымен//

липогенез төмендеуімен

***

5. Наркомания кезіндегі физикалық тәуелділікке келесі белгілер тән://

+есірткі қабылдағаннан кейінгі психикалық комфорт жағдайы//

айқын гиподинамия, бұлшықеттердің гипотониясы//

есірткі қабылдағаннан кейінгі әлсіздік//

сілемейлі қабықтардың ылғалдануы//

брадикардия

***

6. Депрессиялық компонентпен және ОЖЖ тежелуімен өтетін, масаюдың екінші фазасында байқалады://

ацетальдегидтің концентрациясының төмендеуі//

+ОЖЖ норадреналиннің концентрациясының төмендеуі//

мида серотониннің деңгейінің жоғарылауы//

мида ацетилхолиннің деңгейінің жоғарылауы//

мида липидтердің асқын тотығу өнімдерінің артуы

***

7. Алкоголизм кезінде байқалады://

+бауырда майдың жиналуы//

гипервитаминоздар//

қанда натрий мөлшерінің артуы//

қанда глюкозаның жоғарылауы//

нәруыздар өндірілуінің белсенуі

***

8. Алкогольдің әсерінен мембраналардың селдіреуі (флюодизациясы) осыған алып келеді://

+мембрана өткізгіштігінің жоғарылауына//

иондардың мембрана арқылы тасымалдануының жасқсаруына //

мембранадағы липидтердің реттелуіне және тұрақталуына //

калий-натрий насостық қызметтің жылдамдауына//

протеолиздік процесстердің артуына

***

9. Наркомания және токсикоманияның дамуына ықпал ететін әлеуметтік факторларға жатады://

адамның стрессорлық ықпалдарға бейімделу қабілеті//

тұқым қуалаушылыққа бейімділік//

+өмірінің материалдық деңгейінің төмендігі//

патологиялық конституция//

зат алмасу ерекшелігі

***

10. Наркоманияның зорығу сатысына тән: //

+есірткіге төзімділіктің төмендеуі//

организмнің жалпы резистенттілігінің жоғарылауы//

есірткіге психикалық құмарлықтың дамуы//

кейде есірткіге эмоциялық тәуелділіктің болуы//

есірткі қабылдағаннан кейін абстиненттік синдромның тез жойылуы

***

Тақырыбы: «Жалпы патогенез. Организм реактивтілігінің патологиядағы рөлі»

1. Патогенез - бұл://

+аурудың даму механизмін зерттейді//

ауру дамуының себептерін зерттейді//

ауру дамуының жағдайларын зерттейді//

аурудың даму сатыларын зерттейді//

аурудың аяқталуын зерттейді

***

2. Патогенездің бастапқы тізбегіне жатады://

+түрлі деңгейдегі біріншілік бүліністер//

себеп-салдарлың арақатынастар//

патологиялық процесстің қалыптасуы//

патологиялық процесстің тұрақтылығын//

қорғаныстық-орын толтырушы механизмдер

***

3. Субмолекулалық деңгейдегі бүліністердің мысалы ретінде қарастырылады://

ішкі секреция бездері қызметтерінің жойылуы//

радиацияның әсерінен атомдар мен молекулалардың қозуы//

коллагеноздардағы дәнекер тіндердің бүлінуі//

мес жасушалардың дегрануляциясы//

+митохондриялардың зақымдалуы

***

4. Науқас Л., 48 жаста, 3 жыл бойы бірнеше рет сыздауық шығуына байланысты хирургқа қаралған. Бірақ жүргізілген терапия тиімсіз болған. Тексергенде пациент қантты диабеттің 2 типімен ауыратыны анықталды. Науқасқа қант деңгейін түсіретін дәрілер тағайындалды. Сыздауығы жазылды. Аурудың патогенезіндегі басты тізбекті атаңыз://

қабыну//

гипоинсулинизм//

көмірсу алмасуының бұзылуы//

+гипергликемия//

гипоергия

***

5. Аллергиялық аурулар кезіндегі аллергиялық антиденелер, сенсибилизацияланған лимфоциттер және аллергиялық медиаторлардың түзілуі мен әсер етуі - бұл://

+патогенездің басты тізбегі//

патогенездегі кері айналып соғу шеңбері//

патогенездегі себеп-салдарлық қатынастар//

патогенез дамуындағы ынталандырушы механизм//

патогенездегі адаптациялық реакциялардың қосылуы

***

6. Патогенездің басты тізбегін анықтау қажет://

аурудың себептерін жою үшін//

зақымдаушы медиаторларға ықпал ету үшін//

салдарлық бүлінулерге ықпал ету үшін//

ауыр субъективті сезімдерді жою үшін//

+себеп-салдарлық арақатынастардың тізбектерін үзу үшін

***

7. Жылулық соққы кезінде дене температурасының жоғарылауынан нерв-бұлшықеттік қозымдылық артады, салдарынан тырысулар және жиырылулық термогенез күшейеді. Соңғысы температура көтерілуіне ықпал етеді және нерв орталықтары мен бұлшықеттердің қозымдылығын арттырады. Бұл://

процесстердің генерализациясы//
патогенездің басты тізбегі//
+кері айналып соғу шеңбері//
патогенездегі спецификалық және бейспецификалық механизмдері//

патогенездегі жергілікті және жалпы процесстердің арақатынастары
***

8. Күшті ауыру сезімі (өтте-тас ауруы, тіс ауруы кезіндегі) артериялық қысымның құбылуын, жүрек қағысының, тыныс алудың өзгеруін туындатады – бұл осының мысалы://

патогенездің басты тізбегінің//

патогенездің кері айналып соғу шеңберінің//

патогенездің себеп-салдарлық арақатынастарының//

+патогенездегі жергілікті және жалпы процесстердің арақатынастарының//

патогенездегі спецификалық және бейспецификалық механизмдердің

***

9. Аурудың механизмдерін үйрену үшін каузальді патогенез осыны оқып білудің негізінде жатыр деп болжайды://

морфологияны//

функцияның бұзылыстарын//

организм реактивтілігі мен резистенттілігін//

организмнің конституциясы мен тұқым қуалаушылығын//

+организмге әсер ететін себеп пен жағдайдың

 

***

10. Организмнің шұғыл қорғаныстық-орын толықтыратын механизмдеріне жатады://

+жөтел//

фагоцитоз//

антиденелердің өндірілуі//

тіндердің гипертрофиясы//

тіндердің гиперплазиясы

***

11. Салыстырмалы тұрғыда тұрақты қорғаныстық-орын толықтыратын механизмдерге жатады://

құсу//

түшкіру//

көзден жас ағу//

ағзалардың гипертрофиясы//

+жылу реттелуінің жоғары деңгейге көтерілуі

***

12. Сауығудың тұрақты механизмдеріне жатады://

катехоламиндердің босауы//

деподан эритроциттердің шығуы//

қан нәруыздарымен улардың бейтараптануы//

қорғаныстық рефлекстердің қосылуы//

+репаративті регенерация

***

13. Патогенездік емнің негізінде осыған әсер ету маңызды://

аурудың себебіне//

аурудың симптомына //

организм реактивтілігі//

+ ауру патогенезінің негізгі тізбегіне//

аурудың спецификалық көріністеріне

***

14. Патогенездік емге жатады://

вирустарға қарсы ем//

+бактерияларға қарсы ем //

паразиттерге қарсы терапия//

құрттарға қарсы ем//

қабынуға қарсы терапия

***

15. Патогенездік алдын алу шараларына жатады://

жол жүру ережелері//

тұмау кезінде маска киіп жүру//

инфекциясы бар науқастарды оқшаулау//

өндірітегі техника қауіпсіздігі//

+дене шынықтыру мен спортпен айналысу

***

16.. Патогенездік алдын алу шараларына жатады://

+профилактикалық екпелер//

қорғаныстық киімді пайдалану//

дезинфекциялау//

радиация кезінде радиопротекторларды пайдалану//

шыбын-шіркейлерді жою (ішек инфекциясын алдын алу ретінде)

***

17. Реактивтілік- бұл организмнің осындай қасиеті://

өз тіршілігін өзгерте алуы//

ішкі ортаның әсерлеріне жауап қайтара алуы//

қоршаған орта әсерлеріне тіршілігін өзгертпей жауап беру қасиеті//

сыртқы ортаның әсерлеріне қарсы тұра алуы//

+қоршаған орта әсерлеріне тіршілігін өзгерте отырып жауап беру қасиеті

***

18. Филогенездік деңгейі бойынша реактивтіліктің жалпы түріне жатады://

+түрлік//

топтық//

спецификалық//

даралық//

физиологиялық

***

19. Балалық шақтағы патологиялардың онтогенездік ерекшеліктеріне жатады://

+симптоматиканың болмауы//

аурудың созылмалы ағымы//

ауру сезімінің нақты жерде орналасуы//

зақымдануға генерализацияланған реакция//

түрлі ағзаларда патологиялардың көп болуы

***

20. Ерлерде осының дамуына бейімділік бар://

депрессия//

+атеросклероз//

өтте тас байлану ауруы//

темір тапшылықты анемия//

диффузды токсикалық зоб

***

21. Науқас П., 82 жаста, әлсіздікке, бұлшықеттерінің ауыратынына шағымданады. Науқас жүдеу, терісі құрғақ, дене температурасы 35,9ºС. Тексергенде өкпенің солжақ төменгі бөлігінің пневмониясы анықталған. Науқастағы аурудың симптомдарының айқын емес болуы реактивтіліктің қай түрін көрінісі://

түрлік реактивтіліктің//

+топтық реактивтіліктің//

биологиялық реактивтіліктің//

спецификалық реактивтіліктің//

даралық реактивтіліктің

***

22. Қаны 1 топқа жататын адамдарда асқазанның ойық жара ауруының жиі кездесуі осы ерекшеліктермен байланысты://

түрлік реактивтіліктің//

+топтық реактивтіліктің//

биологиялық реактивтіліктің//

даралық реактивтіліктің//

бейспецификалық реактивтіліктің

***

23. Вегетативті нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің қозымдылығын тексеру үшін Ашнер сынамасы жүргізілді. Науқастардың көз алмасын басқанда кейбір науқастарда пульстың баяулауы, кейбірінде пульс өзгермеді. Бұл мысалы://

түрлік реактивтіліктің//

топтық реактивтіліктің//

жас шамасына байланысты реактивтіліктің//

спецификалық реактивтіліктің//

+даралық реактивтіліктің

***

24. Патологиялық спецификалық реактивтіліктің мысалы болып табылады://

+аллергия//

иммунитет//

фагоцитоз//

наркоз кезіндегі реактивтіліктің өзгеруі//

жарақаттық шок кезіндегі реактивтіліктің өзгеруі

***

25. Спецификалық реактивтіліктің көрсеткіші болып табылады://

қозымдылық//

төзімділік//

тітіркенгіштік//

сезімталдық//

+антидене түзілуінің қарқындауы

***

26. Бейспецификалық патологиялық реактивтіліктің мысалы болып табылады://

аллергия//

аутоиммундық аурулар//

+эпилепсия кезіндегі реактивтілік//

иммундық тапшылықты жағдайлар//

зақымдаушы ықпалдарға антидене түзілуінің жоғарылауы

***

27. Организмнің бейспецификалық резистенттілігін қамтамасыз ететін анатомиялық тосқауылдарға жатады://

дене температурасы//

антидене түзілуі//

комплемент жүйесі//

терінің бактерицидті қасиеті//

лейкоциттердің функциялық - метаболизмдік активтілігі

***

28. Конституциялық реактивтілікке байланысты патологияға жатады://

жарақат//

+диатездер//

инфекциялар//

өспелердің өсуі//

венерологиялық аурулар

***

29. М.В. Черноруцкий жіктемесі бойынша дене бітімінің астениялық типінде осыған бейімділік жиі кездеседі://

семіруге//

қантты диабеттің 2 типіне//

+ұлтабардың ойық жарасына//

біріншілік артериялық гипертензияға//

өттас ауруына

***

30. Науқас В., 82 жаста, әлсіздікке, тез шаршағыштыққа шағымданады. Терісі құрғақ, дене температурасы 36,00С. Осы жастағы адамдарға тән://

инфекциялардың жылдам таралуы//

+ағзалардың функциялық белсенділігінің төмендеуі//

экзо- және эндотоксиндерге жоғары сезімталдық//

эндокрин жүйесі дамуының жетілмеуі//

тосқауылдар өткізгіштігінің артуы

***

Тақырыбы: «Тұқымқуалаушылықтың патологиядағы рөлі»

1. Кариотипте қосымша хромосома пайда болуының себебін атаңыз://

нүктелік мутациялар//

хромосомалардың делециясы//

экспансиялардың мутациялары//

+хромосомалардың ажырамауы//

хромосомалардың анафазада қалып қоюы

***

2. Аутосомды-доминантты түрде тұқымқуалайтын ауру://

гемофилия А //

Даун ауруы //

ахондроплазия//

фенилкетонурия//

+Шерешевский-Тернер синдромы

***

3. К моногендік аутосомды-рецессивті ауруларға жатады://

+гемофилия//

дальтонизм//

муковисцидоз//

брахидактилия//

Гентингтон хореясы

***

4. Құрылымдық геннің мутациясы осының дамуының негізінде жатыр://
альбинизмнің//
алкаптонурияның//
Даун ауруының//
фенилкетонурияның//
+орақ тәрізді-жасушалық анемияның

***

5. Тұқымқуалайтын энзимопатиялар осының патогенезінің негізінде жатыр://

+гендік мутациялардың//

кариотиптің өзгеруінің//

хромосомалар құрылымы өзгеруінің//

хромосомалар саны өзгеруінің //

бір хромосома деңгейіндегі аберрациялардың

***

6. Бидл-Татумның гипотезасы бойынша моногенді аурулар түсіндіріледі://

ферменттердің, нәруыздардың сапалық өзгерістерімен//

ферменттердің, гормондардың сапалық өзгерістерімен //

+энзимдердің, нәруыздардың сандық өзгерістерімен// /

нәруыз-тасмалдаушылардың құрылымдық өзгерістерімен//

ДНК репарациясының құрылымдық өзгерістерімен ***

7. Тұқым қуалайтын энзимопатиялардың осы түрінде метаболизмнің аралық өнімдері организмде артық жиналады://

альбинизм//

дальтонизм//

гемофилия А//

+алкаптонурия//

афибриногенемия//

***

8. Тұқымқуалайтын энзимопатиялардың ішінде микроцефалия, ақыл-естің кем болуы, гиперрефлексия және құрысулардың дамуы осыған тән://

+фенилкетонурияға//

алкаптонурияға//

галактоземияға//

гликогеноздарға//

альбинизмге//

***

9. Репарациялық ферменттердің гендерінің мутациясымен байланысты дамитын тұқымқуалайтын ауруларға жатады://

орақ тәрізді-жасушалық анемия//

+пигменттік ксеродерма//

Даун синдромы//

А гемофилия //

альбинизм

***

10. Тұқымқуалаушылықтың аутосомно-доминантты түрі көбінесе осындай өзгерістердің негізінде жатқан тұқымқуалайтын ауруларға тән://

аутомутагендердің пайда болуы//

ферменттер түзілуінің бұзылуы//

+құрылымдық нәруыздар түзілуінің бұзылуы//

ДНҚ репарациясы ферменттерінің белсенуінің тежелуі//

бейспецификалық қызмет атқаратыннәруыздар түзілуінің бұзылуы

***

11. Хромосомдық ауруларға жатады:

+ Клайнфельтер синдромы//

фенилкетонурия//

алкаптонурия//

альбинизм//

гемофилия

***

12. Аутосомдық 21 жұп бойынша трисомияда осы синдром дамиды://

Патау//

+Даун //

Х-трисомия//

Клайнфельтер//

Шерешевский – Тернер

***

13. Науқас Ш., 5 жаста, көзі нашар көреді, құрысу ұстамалары байқалады, есітуі де нашарлаған. Терісінде бөртпелер бар, мұрын пішіні өзгерген, алдыңғы тістері өзгерген, аяғы қисық, микроцефалия. Вассерман реакциясы айқын оң нәтижелі. Анасында жүктілік кезінде Вассерман реакциясы оң нәтижелі болған. Бұл белгілер туа біткен тұқым қуалайтын аурулардың қайсысына тән://

+сифилис//

альбинизм//

гемофилия А//

алкаптонурия//

фенилкетонурия

***

14. Мультифакторлы аурулар тобына жатады://

альбинизм//

гемофилия//

муковисцидоз//

ахондроплазия//

+асқазанның ойық жарасы

***

15. Физикалық мутагендік факторларға жатады://

вирустар//

электр тоғы//

+ультра күлгін сәулелер//

төмен барометрлік қысым//

биіктіктегі кіші үдемелі жылдамдықтар

***

16. Эндогендік мутагендерге жатады://

+бос радикалдар//

алкилдеуші агенттер//

ультра күлгін сәулелер//

иондаушы радиациялар//

микроорганизмдердің антигендері

***

17. Науқастың дене бітімі астениялық, бойы ұзын, біріншілік және екіншілік жыныс белгілері жетілмеген, ақылы кем. Кариотипі 22А ХХУ. Жыныстық хроматин бар. Бұл белгілер тән://

Даун синдромына//

Эдвардс синдромына//

+Клайнфельтер синдромына//

Мысықша мияулау синдромына//

Шерешевский-Тернер синдромына

***

18. Науқас А., бойы 148 см, мойын тұсында тері қатпары бар, мойны «сфинкс» тәрізді, біріншілік аменорея, бедеулік анықталды. Бүйректің және жүректің туа біткен ақаулары бар. Бұл синдромның кариотипін атаңыз://

44А ХХ//

44А ХУ//

+44А ХО//

44А ХХХ

45А ХХ//

***

19. Ұрпаққа берілмейтін тұқым қуатын аурулар://

гендік //

геномдық//

хромосомдық//

+гипогенитальді//

жартылай доминантты

***

20. Тұқымқуалайтын аурулардың пренатальді диагностикасының ең жиі таралған әдісіне жатады:

фетоскопия//

науқасты диспансеризациялау//

ультрадыбыстық зерттеу//

егіздік әдіспен тексеру//

+генеалогиялық шежірені құрастыру

***

 

Тақырыбы: «Жасуша зақымдануы. Зақымдануларға организмнің жалпы реакциясы»

1. Генетикалық бағдарламаның өзгеруі салдарынан жасушаның зақымдануы байқалады://

+қалыпты гендердің репрессиясында//

ДНҚ репарация гендерінің экспрессиясында //

патологиялық гендердің тежелуі кезінде//

субклеткалық органеллалар өзгергенде//

тотығу және фосфорилдену ажырауында

***

2. Жасуша зақымдануының эндогендік себептеріне жатады://

вирустар//

+иммундық кешендер//

механикалық ықпалдар//

ауыр металлдар тұздары//

электромагниттік толқындар

***

3. Жасуша ісінуінің патогенезінде маңызды://

+ Na/К - АТФ-аза активтілігінің төмендеуі//

липидтердің асқын тотығу процестерінің тежелуі//

жасуша ішіндегі осмостық қысымның төмендеуі//

цитозольді нәруыздың гидрофильдігінің азаюы//

Са2-АТФ-аза активтілігінің жоғарылауы

***

4. Жасушалар зақымдалуының бейспецификалық көріністеріне жатады://

сорбциялық қасиеттерінің әлсіреуі //

цитохромоксидаза белсенділігінің төмендеуі //

ферменттік белсенділігінің төмендеуі //

паранекроз, сорбциялық қасиеттерінің күшеюі //

цитоплазманың бояғыштармен байланысу қабілетінің төмендеуі

***

5. Созылмалы жасуша зақымдануының тұрақты бейімделу сатысында байқалады://

жасушаның генетикалық аппаратының активациясы//

қалған құрылымдардың қызметтерінің жоғарылауы//

+жасуша құрылымының гипертрофиясы, гиперплазиясы//

РНҚ, нәруыздар және АТФ түзілуінің тежелуі//

жасушаның дистрофиясы және өлімі

***

6. Жасушада иондалған кальцийдің тым артық жиналуынан қорғайды://

ядро//

лизосома//

рибосома//

цитоплазмалық мембрана//

+саркоплазмалық ретикулум

***

7. Липидтердің асқын тотығуының белсендірілуі ықпал етеді://

Д- гипервитаминозға//

каталаза белсенділігінің артуына//

+өзгерімді валенттілігі бар металлдардың жоғарылауына//

супероксиддисмутаза белсенділігінің артуына//

альфа-токоферролдың артуына

***

8. Зақымдану кезіндегі жасуша гипергидратациясының себебін атаңыз://

Na/К-АТФаза белсенділігінің төмендеуі//

фосфолипаза С белсенділігінің төмендеуі //

фосфолипаза А2 белсенділігінің төмендеуі //

гликогенсинтетаза белсенділігінің төмендеуі//

лизосомалық ферменттер белсенділігінің төмендеуі

***

9. Жасушаның ишемиялық зақымдануларында байқалады://

Са-АТФаза активтілігінің жоғарылауы //

+ Nа/К-АТФаза активтілігінің төмендеуі//

жасушада Са иондары концентрациясының азаюы //

липидтердің асқын тотығу процесінің тежелуі//

фосфолипаза А2 тежелуі

***

10. Жасушалар мембараналарының өткізгіштігінің артуы әкеледі: //

жасушалардан натрийдің шығуына//

жасуша ішілік калийдің жоғарылауына//

жасуша ішілік кальцийдің азаюына//

жасуша ішілік оттегінің жоғарылауына//

+жасушалардан ферментетрдің шығуына және гиперферментемияға

***

11. Жасушаның ишемиялық зақымдануы кезіндегі жасуша ішілік метаболизмнің компенсаторлық өзгерістеріне жатады://

+ креатинфосфаттың мобилизациялануы//

анаэробты гликолиз процесінің тежелуі//

лизосомалық ферменттердің активациясы //

митохондрияларда тотығу және фосфорилдену ажырауында//

аденилді нуклеотидтердің катаболизмдік өнімдерінің жиналуы

***

12. Жасушаның рецепторлық аппаратының бұзылыстарын туындата алатын процестерді атаңыз://

кальмодулин активациялануы//

гуанилатциклазаның активациясы //

+ мембрана байланыстыратын фосфолипазалардың активациясы//

антиоксиданттық жүйенің активациясы//

жасушада калийдің жиналуы

***

13. Жіті жасуша зақымдануының бірінші сатысын атаңыз://

некроз//

некробиоз//

паранекроз//

+жасушаның бейспецификалық реакциясы//

біріншілікті спецификалық әсер ету

***

14. Жасушалардың антиоксидантты қорғанысының ферментті емес факторын атаңыз://

глюкуронидаза//

+альфа-токоферол//

еківалентті темір иондары//

глутатионпероксидаза//

сутек тотығы

***

15. Цианидті калиймен жасуша зақымдануының спецификалық көрінісіне жатады://

майлардың асқын тотығуның активациясы//

генетикалық аппараттардың зақымданулары//

мембрана фосфолипидтерінің деструкциясы //

нәруыздық құрылымдардың денатурациясы//

+ цитохромоксидазаның блокадасы

***

16. Кардиомиоциттердің ишемиялық зақымданулары кезіндегі айқын ацидоздың салдары://

Nа/К-АТФаза активациясы//

антиоксиданттардың артуы//

лизосомалық ферменттердің инактивациясы//

+миофибрилланың жиырулық функциясының төмендеуі//

креатининкиназалық жүйе ферменттерінің активациясы

***

17. Жасушада бос иондалған кальций жоғарылағанда байқалады://

+ фосфолипаза А2 активациясы //

фосфолипаза С инактивациясы //

цитоплазмалық мембрананың гиперполяризациясы //

липидтердің асқын тотығуының тежелуі//

жасушадан К шығуының азаюы

***

18. Некроздың апоптоздан айырмашылығы://

+қабынулық реакцияның дамуы//

клиникалық көріністердің болмауы//

гидролиздік ферменттердің тежелуі//

жасушада дистрофиялық өзгерістер болмауы//

құрамында хроматин бар фрагменттердің түзілуі

***

19. Жасуша зақымдануындағы интрацеллюлярлық адаптациялық механизмдерге жатады://

гликолиздің тежелуі//

гиалоплазманың буферлік жүйелерінің тежелуі//

гиалоплазмаға лизосомалық ферменттердің шығуы//

кальций иондарының жасушаға тасымалдануының күшеюі//

+ ДНК-полимераза және лигазалардың активациясы

***

20. Жедел фаза жауабының негізгі медиаторы болып табылады: //

лизоцим//

пропердин//

комплемент//

интерферон//

интерлейкин-1

***

21. Комплемент жүйесі белсендірілуінің салдары://

фагоцитоз тежелуі//

нысана-жасушалардың дегидратациясы//

мес жасушалардың гистамин түзуінің тежелуі//

+ полиморфтыядролы лейкоциттердің активациясы//

нысана-жасушалардың қалыпқа келуі

***

22. Стресс-реакцияларға тән://

гипотермия //

лимфалық тіндердің гиперплазиясы //

артериялық қысымның төмендеуі //

қанда глюкокортикоидтар мөлшерінің азаюы //

+айыршабез және лимфа түйіндерінің атрофиясы

 

***

23. Жалпы адаптациялық синдромының іске асыру механизмдері осының өндірілуі жоғарылауымен байланысты: //

+глюкокортикоидтардың//

вазопрессиннің//

андрогендердің//

альдостеронның//

эстрогендердің

***

24. Жалпы адаптациялық синдромының бірінші сатысындағы – үрей (дабыл) реакциясына тән: //

бүйрекүсті безі қыртысының қызметінің әлсіреуі//

лимфа түйіндері көлемінің ұлғаюы//

+бүйрекүсті безінің милы қабатының белсендірілуі//

бүйрекүсті безі қыртысының гипертрофиясы//

айыршабездің көлемінің ұлғаюы

***

25. Науқас Д., 46 жаста. Диагнозы: «Солжақ қарынша миокардының алдыңғы қабырғасының инфаркты». Жарты жыл бұрын пациент көлік апатына ұшырап, әйелі мен баласы қайтыс болған. Сол кезден бастап стресс жағдайында жүр және темекіні көп шегеді. 3 ай бұрын ішінің жоғарғы бөлігінде ауру сезімі пайда болған. Тексергенде асқазанның сілемейлі қабатында эрозиялық зақымданулар бар екендігі анықталды. Жалпы адаптациялық синдромның осы сатысы аталады: //

адаптация//

апаттық//

+қалжырау//

шокқа қарсы//

төзімділік

***

26. Стреске бейімделудің негізгі механизмдеріне жатады://

адренергиялық жүйенің белсендірілуі//

+опиоидергиялық жүйенің белсендірілуі //

симпато-адреналдық жүйенің белсендірілуі //

ГАМК-ергиялық жүйенің тежелуі//

серотонинергиялық жүйенің тежелуі

***

27. Науқас К., 28 жаста, көлік апатынан кейін 15 минуттан соң ауруханаға жеткізілді. Пациент есін біледі, қатты және көп сөйлейді, көмек сұрайды. Орнынан тұрып кеткісі келеді, жиі күрсінеді. Беті бозғылт, суық тер қаптаған. Көз шарасы шығыңқы, қасаң қабығы кеңейген, жылтыр. Экстремалді жағдайдың осы сатысына тән://

брадикардия//

эндотоксемия//

артериялық гипотензия //

антиноцицептивті жүйенің тежелуі//

+симпатоадреналды жүйенің қозуы

***

28. Жарақаттық шоктың патогенезінің негізгі механизмі болып табылады://

микроциркуляцияның бұзылуы //

қанайналымның орталықтануы //

симпато-адреналды жүйенің тежелуі //

гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті бездері жүйесінің белсендірілуі //

+күшті ауыру сезімді серпіндердің миға көптеп түсуі

***

29. Шок кезіндегі қанайналым орталықтануының негізгі механизмі осымен байланысты://

+симпатикалық жүйке жүйесінің белсендірілуімен //

альфа- және бета -адреноблокаторларының тежелуімен //

гипоталамо-гипофизарлы- бүйрекүсті бездері жүйесінің тежелуімен //

вазоконстрикциялық әсері бар заттектер құрамының төмендеуімен //

құрсақ қуысындағы ағзаларға қанның жинақталуы

***

30. Зат алмасу мен микроциркуляцияның шок-спецификалық бұзылыстарына жатады://

+пре- және посткапиллярлардың жиырылуы //

эритроциттердің агрегациясының әлсіреуі //

биологиялық тотығу процесстерінің күшеюі //

вазоактивті заттектер түзілуінің тежелуі //

тамыр өткізгіштігінің төмендеуі //

***

Тақырыбы: «Апоптоз патофизиологиясы»

1. Электронды-микроскопиялық деңгейде анықталатын апоптоздың ерте белгісін атаңыз://

ядроның фрагменттерге ыдырауы//

митохондрия бұзылыстары//

мембрана бүліністері және жасушаның дезинтеграциясы//

апоптозды денешіктерді көрші жасушалардың фагоцитоздауы//

+ ядролық хроматиннің гомогендік масса тәріздес тығыздалуы

***

2. Апоптоздың некроздан айырмашылығы://

+ гомеостазды физиологиялық реттеуші компонент//

бүлінген жасушалардың деструкциясының бір түрі//

жасушаны


<== предыдущая | следующая ==>
Альвеолярные макрофаги | Экзаменационный билет №__

Date: 2016-08-30; view: 1198; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию