Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
К үйдіргі адамға қалай жұғуы мүмкін?
Тұрғындарға күйдіргі туралы жаднама Күйдіргі – адамның және жануарладрдың (ірі және ұсақ қара малдың, жылқы және шошқаның, т.б.) өлімге әкелетін аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Күйдіргінің қоздырғышы сыртқы ортаның әсеріне өте тұрақты. Топырақта жүздеген жылдар бойы сақталады. Аурудың ұзақтығы мен нышандары алуан түрлі. Ауру ағзаны түгелдей және жеке мүшелерді де зақымдайды. К үйдіргі адамға қалай жұғуы мүмкін? Ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өтпеген және белгіленбеген сауда орындарында сатып алынған мал өнімдерін пайдаланғанда жұғуы мүмкін. Сондай-ақ ауру малға күтім жасағанда, сойғанда, терісін алғанда, етті мүшелегенде, өлікті көмгенде, күйдіргі микробының спораларымен тұқымданған мал шаруашылық өнімдерімен байланысқанда (терімен, қабықпен, тері бұйымдарымен, жүнмен, қылмен), күйдіргің микроптың тұқымдандырудан адамға жұғуы мүмкін. Жиі жағдайда тері, тыныс жолдарының шырышты қабығы және кейде – ішек-қарын жолы зақымдалады. Ауруға шалдыққан адамның белгілері қандай? Адамда бұл аурудың 3 түрі бар:
Тері Ішек Өкпе Күйдіргінің тері түрімен ауырғанда инкубациялық кезеңде терінің алуан түрлі жарасы 2-ден 14 күнге дейін созылады. Алғашқыда зақымданған орында қызыл дақ пайда болады да, тері деңгейіне дейін жетеді. Біраз уақыттан кейін жара пайда болады. Науқастар қатты қышынуға және зақымданған жерде күйдіргіш сезіміне зарланады. Жара бойында ісіну және терінің қызарып кетуі байқалады. Жараның аймағында сезгіштіктің болмауы мен оның төмендеуі байқалады. Ағзаның улануының белгілері (температураның 390-400 С көтерілуі), жалпы әлсірегендік, қалжырағандық, бастың қатты ауруы, бастың айналуы, бірінші тәулікте немесе екінші күні жүректің қатты қағуы байқалады. Дәрігерге уақытында қарану және спецификалық ем жүргізудің арқасында әдеттегідей адамның жазылуымен аяқталады. Күйдіргінің өкпе түрінің белгілері тұмауға ұқсайды – температураның көтерілуі, адамның қатты қалтырауы, кеудеден қақырықтың қатты бөлінуі байқалады. Үш-төрт күннен кейін есеңгіреуге және өлімге әкелетін жіті өкпе жетімсіздігі қалыптасады. Күйдіргінің ішек түрінде іштің қатты ауруы, құсу, іштің қан аралас қатты өтуі байқалады. Сібір жараның инкубациялық кезеңі екі күннен жеті күнге дейін созылады.
Date: 2016-08-30; view: 282; Нарушение авторских прав |