Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азия Тынық мұхиты аумағындағы мемлекеттердің саяси –экономикалық бағдарлары





Азия Тынық мұхиты аумағы қазіргі заманда үдемелі экономикалық процестер дамыған, сауда –экономикалық қызметінің ауқымы кеңейіп келе жатқан капиталды тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, жұмыс күшінің, технология мен ақпарат рыногына аймақтық ынтымақтастықтың бай тәжірибесін жинақтаған аймақ ретінде Қазақстан үшін практикалық тұрғыдан маңызды. Шығыс Азияда саяси және экономикалық мүдделердің жақындасу үрдісі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты белсенді түрдегі өзара іс-қимыл анық көре түседі. Мемлекеттілік қалыптасу кезеңінде аймақтың көпшілік мемлекеттерінде ішкі дамуды жеделдетуге және әлемдік шаруашылық процестеріне кіруге өздерінің қабілетті екенін көрсетті. Олар аграрлық секторды реформалау кеңеңдерін дәекті түрде өтті, білім беру мәселелелерімен айналысты. Патриархалдық қоғамынан жоғары дамыған мемлекетке айналған, экономиканы құрылымдық қайта құруды жүзеге асырады.

Егер Азиялық жаңғырудың ерекшелігін қысқаша қорытып айтатын болсақ, онда индустриялануға келіп тіреледі. Оның негізгі экономикалық ауқымды экспорттық бағдары және шетелдік инвестицияларды мақсатты түрде пайдалану жатыр.

Оңтүстік Шығыс Азия елдері қауымдасчтығының қызметі (АСЕАН) аймақтағы интеграцяиның көрнекі мысалы бола алады. Осы аймақтық қауымдастық үлкен тарихи жолдан өтті және қазір Азияның экономикалық дамуында маңызды рол ойнайды. АСЕАН өзінің өміршеңдігін және тиімділігін дәлелдеген ұйым ретінде әлемдік қоғамдастықта зор беделге ие болып отыр. 1960 жылдардың ортасында қабылдаған декларацияда АСЕАН-ға қатысушы мемлекеттер өздерінің алдына өзара экономикалық, әлеуметтік және мәдени іс –қимыл жасау мақсатын қойды.

Бұл міндет аймақ халықтары тұрмысының айрықша төмен деңгейімен байланысты еді. Аймақтық құрылым құруға тартылған 5 мемлекет Индонезия, Малайзия, Тайланд, Филлипин және Сингапур экономикалық даму Оңтүстік Шығыс Азиядағы жағдайдың шешуші факторы болады деп ұйғарды. Индонезияның сыртқы істер министрі А. Алатас «Оңтүстік Шығыс Азиядағы стратегиялық жағдайда саяси көзқарастармен алға қойған мақсаттарға қол жеткізудің жолдары туралы пікірлердің жақындығы олардың қауымдастыққа бірігуінің басты себептері болды»- деп мәлімдеді.

Азия Тынық мұхиты аумағы барлық әлемдік діндердің индуизмнің, конфуциандықтың, исламның, хрестиандықтың аралас және қатар өмір сүруімен бірегей аймақтың көпшілік елдерінің экономикалық әл-ауқатты тұрмысымен дүние ағымдардың сан алуан сипаты бір-бірін өзара табысын салудың перспективасы да нақты сипат алып келе жат. Солтүстік пен Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынасын қалпына келтіру туралы уағдаластыққа қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Осыған байланысты Шығыс Азия елдерінің іскер топтарында Азия Европа бағыты бойынша Темір жол тасымалдарына мүдделілік ұлғаяды. Қазақстанның осындай жобалаарға қатысуы іс жүзінде жібек жолын қалпына келтіруге және біздің еліміздің транзиттік әлеуетін дамытуға көмектеседі.

Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің этникалық мәдени, діни әралуандылығын және экономикалық даму қарқынындағы кейбір айырмашылықтарды еске ала отырып, біздің еліміздің олармен ынтымақсатудағы көзқарасы сараланған сипатымен көре түседі. Сондықтан екіжақты ынтымақтастыққа да ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстан аймақтағы Вьетнам, Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Филлипин, Камбоджа сияқты мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатты және орлармен көптеген салаларда нығайып келе жатқан шарттық-құқықтық база негізінде екіжақты ынетымақтастықты дамытуда. Біздің елімізде Вьетнамның, Индонезияның, Малайзияның, Сингапурдың басшылары ресми сапармен келді. Сыртқы саяси ведомстволар арасында интенсивті диалог режимі онатылды. Қазақстан мен Азия Тынық мұхиты елдер арасындағы ынтымақтастық, мәдениет, білім, туризм саласында да дамуда.

Ауыр қаржылық дағдарысты және одан кейін де болған экономикалық құлдырауды басынан өткізген Азия елдері қаржылық бақылауды күшейтуге банктен және карпоративтік секторды реформалауға бағытталған сауатты әрі дер кезіндегі іс-қимыл нәтижесінде экономикалық өсімнің қарқынын қалпына келтірді. Осыған байланысты Малайзия үкіметінің бірегей практикасы айрықша атап өтуді талап етеді. Малайзия халықаралық валюта қорының қаржылық көмегінсіз елді дағдарыстан шығара білді. Малайзияның тәжірибиесі 2001 жылы жазда Қытайда өткен экономикалық форумда Азиялық мемлекеттер басшыларының мүдделілігін туғызған талқылау тақырыбына айналды.

Азиялық мемлекет болып табылатын және бай табиғи ресурстары бар Еуразияның көлік жолдарының тоғысында орналасқан Қазақстан өзінің ұзақ мерзімді мүдделері жолында Оңтүстік Шығыс Азияның интеграциялық процесіне тартылуға объективті түрде үміт арта алады. Европа мен Азия арасындағы байланыстырушы көпір тұжырымдамасын іске асыру үшін АСЕАН-ға мүше мемлекеттер арасында дипломатиялық және басқа да арналар бойынша түсінік жұмыстарын жүргізген дұрыс сияқты. Ол жақта өкінішке орай Қазақстандағы экономикалық реформалардың жетістіктері туралы әлемдік шаруашылық құрылымдарына біздің еліміздің қатысуы туралы әзірге жеткілікті түрде біле бермейді. Азия Тынық мұхиты елдерімен Қазақстанның ынтымақтастықтың қабылдауға болатын нысанын іздестіруді жалғастыру айрықша маңызды. Азия Тынық мұхиты елдері көпғасырлық Батыстық капиталистік елдердің отарлық Жапониялық аймақтары болып келді. Бұл елдер Батыс державаларының тауар өткізу рыногы мен арзан шикізат көзіне айналып, ұлттық экономика күйреді. Жергілікті халық отаршылдық езгіге түсті, қазба байлықтар шетелдіктердің қолында болды.

Аймақтың бұл қаралы тарихы сонау екінші дүниежүзілік соғыс жыладырнан кейін ғана аяқтала бастады. Осы кезеңнен кейін ғана аймақ елдері өз тәуелсіздіктерін біртіндеп ала бастады. Тәуелсіздіктерін жаңа ғана алған тәуелділік қамытынан енді ғана босанған елдер күйреген жалпы хал-ахуал мен қоғамдық қатынастарды реттеу мәселесі тұрды. Кейбір елдер экономика мен саясатта тиімді реформа жүргізіп, өз елдерін кедейлік шегінен алып шығып индустриялы мемлекеттерге айналдырды.

Жапония аймақтағы жалғыз отарлауға ұшырамаған тәуелсіз қуатты капиталистік ел. Жапон экономикасы, технологиясы дүние жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орында. Территориясының көлемі бойына Жапонияны Батыс Европаның барынша ірі елдерімен және АҚШ-тың үлкен штаттарымен салыстыруға болады. Жапония 4 ірі арал мен 4 000-дай ұсақ аралдарға орналасқан архипелаг мемлекет. Жапонияның Азияның қиыр Шығысында орналасқан жағдайы оның «Күншығыс елі» деп бейнелі аталуына да себепші болған. Халық саны жөнінен бұл мемлекет дүние жүзі елдерінен алғашқы ондығына енеді. Бұл елдің ұлттық құрамы ерекше біртекті. Бұл нағыз біртекті ел, халқыныңы 99 пайызын жапондар құрайды.Елде негізгі екі дін бар. Олар ертедегі феодализм дәуірінде паййда болған синтоизм мен буддизм.

Жапония жоғары сауаттылық елі, мұнда балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісіне жас кезден көңіл бөлінеді. Жапониядағы университеттердің саны бүкіл батыс Европадағы университтердің санына көп. Бұл ежелгі мәдени көркем және тұрмыстық дәстүрлердің еді.

Жапонияның экономикасы 50 жылдардан бастап ширек ғасыр бойы дерлік өте жоғары қарқынмен өсті. Қысқа мерзім ішінде ел ғылымда, техникада, білім беруде, өнеркәсіптік саудада да өте үлкен жетістіктерге жетіп орасан зор жолдан өтті. Жапония дүниежүзілік басты қарыз беруші елге айналды. Елде бүкіл экономикалық өмірді сапа жағынан едәуір дәрежеде қайта құру жүзеге асырылды, кейінгі индустриялдық қоғамның негіздері жасалды.

Жапонияның өнеркәсібі алғашында негізінен эволюциялық жолмен дамыды. Энергетика, металлургия, автомобиль және кеме жасау, химия, мұнай химиясы, құрылыс өнеркәсібі секілді базалық салалар іс жүзінде импорттық шикізатқа сүйеніп, жаңадан құрылды. Олардың бәрі техника мен технологияның ең жаңа жетістерін ескере отырып қалыптасты. Мұнда көптеген патенттермен лицензиялар шетелдерден әсіресе АҚШ пен ГФР-ден сатып алынып, жергілікті жағдайларға бейімделді.

70-80 жылдары өнеркәсіпте революциялық даму басым бола бастады. Енді ел барған сайын отын мен шикізатты сырттан әкелуге тәуелді болатын энергия мен металдарды көп қажет ететін ең жаңа салаларға бағыт ұстайды. Олар элеткроника, робон техникасы, биотехнология саласында жетекші орынға шығып, энергияның дәстүрлі емес көздерін пайдалануға кірісті. Ғылымға жұмсай тын үлесі жөнінен Жапония экономиткасы дамыған елдердің ішінде бірінші орын алады, ал ғылыми қызмекерлерінің саны жөнінен түр-ді. Ұлыбриятания мен Францияны бірге қосып алғандығынан асып түсті.

Жапонияда білім берудің кәсіби мамандықтың жоғаыр деңгейі, еңбексүйгіштік, еңбекшілерлің өздерін ұстай білушілігі, олардың ұдайы техникалық жетілуге ұмтылысы да әсер етті. Ал еңбекке ақы төлеу шығарылатын өнімнің көлеміне емес, оның сапасына да байланысты болды. Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін ауылшуарышылығы да түбегейлі қайта құрылды. Жапониядағы егіншілік өзінің интенсивтілігімен таң қалдырады. Жердің жетіспеушілігінен бұл елде жердің әр тұтамы пайдаланылуда. Жапонияда егіншілік өз деңгейінде дамып-өңделетін жердің жартысына жуығы күріш, басқа да дәнді дақылдар, бау-бақша, ірі қара, шошқа, құс өсіру шаруашылықтары жанданып тұр. Жапонияның 150 000 халқын ауқымды жерде тұратын 6 млн тұрғын толық қамтамасыздандыруда.

Жапонияда өзен көлігімен құбырдан басқа көліктің барлық түрлері дамыған. Көлік желісінің сипаты жөнінен бұл ел Батыс еуропа елдерін еске салады. Бірақ жүк тасымалының әсіресе жолаушылар тасымалының көлемі жөнінен Жапонияға ешкім теңесе алмайды. Жапония сондай-ақ Батыс елдерінің ішінде аса ірі және нағыз осы заманғы теңіз-сауда флотына ие болып отыр. Олар арзанға түсетін шетелдік флотты да кеңінен пайдаланып отыр.

Жапонияның халықаралық –экономикалық байланыстарға ерекше тартылуы оның шаруашылығының өте маңызды ерекшелігі. Елде өзінің отыны мен шикізатының аздығы оны 90 пайыз жағдайда импортқа бағыт ұстауға мәжбүр етеді. Жапония техникалық бұйымдары өте сапалы және әлемдік сұранысқа ие. Бұл ел Азия Тынық мұхиты аймағындағы барлық елдердің делік басты сауда әріптесі. «Сауда жасай білу керек немесе алу керек»,-дейді жапон бизнесмендері. Сонымен жалпы алғанда Жапония Азия тынық мұхиты аймағындағы жалғыз дамыған капиталистік ел. Бұл мемлекет алып елдердің үлкен сегіздігіне мүше. Әлемдік саясатқа өзінің салмақты орны мен ықпалы бар Жапония көп елдерді әсіресе Азиядағы мемлекеттерді экономикалық экспансиялауда.

Азия Тынық мұхиты аймағындағы ең ірі ел Қытай. Халық саны жөніне бұл ел әлемде бірінші орында тұр. Экономикасы мен саясаты күннен-күнге өсіп келе жатқан Қытай болашақта әлемге үстемдік ететін алып мемлекеттердің қатарынан көрінуі мүмкін. Қытай екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Батыс әлемнің сателпті және ықпал ету аймағы болып келді. 1949 жылғы тәуелсіздігін алған Қытай егемен даму жолына түсіп, мемлекет өз саяси өмірін өзі белгілейтін уақытқа да жетті. Мао Цзеодунның реформалары елді тығырыққа тіреді. Экономика өте әлсіз болып, әлеуметтік жағдайы нашарлады, тек қана 70 жылдарлың соңы 80 жылдардағы Дән Сяопин реформалары қоғамдық жағдайды қалпына келтіріп қана қоймай, барынша қарқынды даму сатысына көшті. Елде социалистік қоғам үстемдік еткенімен бұл кезеңде нарықтық жүйе де қалыптасып келе жатты. Қазіргі таңдағы Қытай экономикасы жартылай мемлекеттік реттеу мен нарықтық құрыламдар негізінде өмір сүруде.

Қытай Азия Тынық мұхиты аймағындағы қуатты алып елдердіңи көшбастаушыларының бірі. Шаруашылығы ең алдымен қоғамдық меншікке негізделіп бірыңғай жоспармен дамитын Қытай ірі индустриялық мемлекетке айналды. Ол өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі жөнінен дүние жүзінде 4-5, ал өнеркәсіп орындарының мөлшері 150 000 және оларда еңбек ететін адамдардың сандары жөнінен бірінші орынға шықты. Қазір Қытайдың «келбеті» көбіне ауыр өнеркәсіпке байланысты, ал ол негізінен отандық қорларға сүйенеді.

Қытай экономикасында ауыл шаруашылығы да басты орын алады, бұл салада 400 млн адам еңбек етеді. Мемлекеттік құрылысына келер болсақ Қытай Азиядағы ең ірі социалистік ел, бірақ уақыт өткен сайын сыртқы коммунизммен бүркелген Қытайдың ішкі дүниесі нарықтық қатынастарға ауды. Социалистік жоспарда экономиканың тиімсіздігін түсінген Қытай басшылары нарықтық қатынастарға жол ашатын реформаларды жүргізе бастады. Соңғы жылдары Қытай әлемге үстемдік етуші державалар қатарына қосылып келеді, сонымен бірге әлсіз Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне капитал салығын да күшейтті.

Сонымен қатар «жаңа индустриялық елдер» Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Корея, Гонконг, Тайван сынды мемлекеттерді ерекше атап өтуге болады. Бұл елдер аздаған уақыт аралығында өзге дамушы елдерді басып озып, орташа дамыған елдерге айналды. Бұл елдер екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана біртіндеп тәуелсіздіктерін ала бастады. Оңтүстік Корея 1950 жылдардағы қырғи қабақ теке-тірестің кесірінен екіге бөлініп, оңтсүтікте құрылған болатын. Капиталистік даму жолына түскен Оңтүстік Корея қазіргі таңда индустриялы дамыған елге айналды.

Корея қазіргі таңда микроэлектротехника, хмия, энергетика, автомобиль, жеңіл өнеркәсіп сынды көрсалалық өндіріске бейімделген. Кореяның осы уақытта отын энергетикалық тапшылық көруі, оның бұл мәселені экспорт арқылы толық құруға мәжбүрлеуде. Кореяның географиялық қолайлы орналасуы теңізге шыға алуы ел экономикасының дамуына оң импульс беріп отыр. Саяси бағыты мен экономикалық әлеуеті АҚШ пен мүдделес Кореяда соңғы жылдары әлсіз көршілеріне капитал құюды бастап та кеткен. Әрине бұл елдер қатарында Орталық Азия мемлекеттері де бар. 1977 жылға дейін Қазақстанда инвестиция құю жөнінен Оңтүстік Кореяның басымдығы болды.

Сингапур қала мемлекет ХХ ғасырдың 60 жылдарының соңында Англиядан тәуелсіздік алған бұл елде су мен тастан басқа ешнәрсе жоқ болатын. Сингапур халқының ерік-жігері мен күш-қайраты мықты, батыл реформалардың жүргізілуі аз уақыттың ішінде мемлекетті индустриялық елге айналдырды. Қазіргі таңда Сингапур авиация, автомобиль, электротехника салаларында жетекші орындардың бірінде Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі тұста бұл елмен қарым-қатынас орнықты. Қазақстан мен Сингапур арасында білім –ғылым саласындағы ынтымақтастықты орнатуға қол жетті. Қазақ жастары Сингапурдың жоғары оқу орындарында білім алуына мүмкіндік алды.

Аймақтық әлеуетті елдерінің бірі Малайзия. Малайзияның да тағдыры жоғарыда аталған мемлекеттермен үндес. Бұл елде көп уақыт бойы калония болып келіп 60 жылдары ғана көптен зарыға күткен тәуелсіздікке қол жеткізді. Жаңа тәуелсіз ел өте кедей капиталистік елдерге экономикалық және саяси кіріптар Малайзия нарықтық қатынастарды белсенді дамыту мақсатында реформалар жүргізіле бастады. Реформаның авторы елдің тұңғыш премьер министрі болған лақап аты «Доктор М» атанған Мохатиллир Мухаммад еді. Батыста білім алған саяси амбициясы мықты саясатшы Махатмир Мухаммад өзінің реформаларын өте ептілікпен жүргізе білді. Нәтижесінде Малайзия 1980 жылдары кедейлік қоғамынан «индустриялық дәуірге аяқ басты». Қазіргі таңда Малайзия Азия Тынық мұхиты аймағындағы қуатты елдердің бірі Малайзия химия ауыр және жеңіл өнеркәсібі металлургия автомодиль өндірісі қарқынды дамуда. Саяси –экономикалық жағдайы да тұрақты елдердің бірі.

Азия Тынық мұхиты аймағы біртұтас интеграциялық процесті де бастап жіберді. ХХ ғасырдың екінші жартысында бұл аймақта интеграциялаудың жарқын формасы АСЕАН, АТЕК сынды әлемдік қауымдастықта беделі мен өз орны бар белсенді қызмет атқарып келе жатқан ұйымдар.

Аймақтың болашағы, перспективасы мен даму тенденциясы зор. Аймақ елдері жыл сайын бас қосып, ортақ мәселелерді бірлесіп шешетін тату ынтымақтастық жолындағы қарым-қатынасты үдетуден шыға білуде.

Аймақ елдері 80 жылдары қарқынды даму процесіне көшіп, көш бастаушы мемлекеттер қалыптасты. Бұлар Қытай, Сингапур, Тайван, Малайзия сынды елдер. Бұл елдер аз уақытта даму сатысында үлкен секіріс жасап, перспективалық даму жолына өтті.

 

 

1.2 Азия-Тынгық мұхиты аймағындағы халықаралық

Йымдар

Кең-байтақ Азия –Тынық мұхиты аймағындағы интеграциялық процесс пен өзара қарым-қатынасты жандандыруда бірқатар ұйымдардың маңызы зор.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы негізгі 2001 жылғы маусымның 15-інде тұрақты үкімет аралық ұйым ретінде Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, ресей, тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің өзара келісімімен құрылған. ШЫҰ-на мүше мемлекеттер Еуразия кеңістігінің жер аумағының 3-5 –ін құрайды, ал жалпы ауданы 30 миллион 189 мың шаршы шақырым. Халық саны -1 миллиард 455 млиион адамды қамтиды, яғни мұның өзі жер шарын мекендеген тұрғындардың төрттен бірі осы ұйымның мүшелері болып отыр дегенді білдіреді.

ШЫҰ-на Біріккен Ұлттар ұйымы қауіпсіздік кеңесінің Қытай және Ресей тәрізді екі бірдей тұрақты мүшесінің кіруі ұйымның халықаралық аренада үлкен саяси беделге ие болуына және аумақта осы державалар мен АҚШ мүдделерін теңгермешілік дәрежеде ұстауға мүмкіндік беруде. Сыртқы қатынаста ШЫҰ өзге мемлекеттерге қарсы бағытталмаған және ашық саясат принциптеріне түгінеді.

ШЫҰ ауқымында оған мүше мемлектетердің бірлесіп жасалатын іс-қимылдары әскери- стратегиялық қауіпсіздікті дамыту, сенімділік шараларын нығайту; лаңкестік және экстремизмге, заңсыз көші-қонға, есірткі тасымалына, трасн-шекаралық өзге де қылмыстық істерге тосқауыл қою экономикалық ынтымақтастық, өзара сауда жүйесінде Дүниежүзілік сауда- ұйымының стандарттарына біртіндеп жақындау; табиғи және техногенді мазмұндағы төтенше жағдайларды бірлесе отырып сақтандыру және болдырмау, мәдени- гуманитарлық ынтымақтастық бағыттары бойынша атқарылады.

Бұл нақтырақ айтқанда Шанхай ұйымына мүше елдердің жарғысында атап көрсетілген негізгі бағыттар. Десек те Шанхай ұйымының белсенділігімен геосаяси бағыты үстіміздегі жылдың 5 шілдесінде Астанада өткен саммиттен кейін ғана нақты көріне бастады. Астана саммитінде тұңғыш рет АҚШ-қа орта Азиядан әскери базаларын алып кету туралы Ақ үйге 6 ай уақыт берді. Ал мұның бәрі не үшін? Бірінші себеп АҚШ Әндіжан оқиғасына ресми Ташкентті айыпты деп тапты. Ал Қытай мен Ресей «Әндіжан оқиғасы Өзбекстанның шикі ісі» деп таныды. Демек, Орталық Азияда әскери бағалары бар АҚШ-қа Каримовтың, тіпті алғашқыда жаңадан президент болған Бакиевтің «базаларды алып кету туралы» пікір айтуының астарында не жатыр?

Әрбір сарапшылар: «Қырғыз бен өзбек басшыларының АҚШ-тай алып елге қарсы келуі күлкілі дүние. Олар тек осы аймақта үлкен мүддесі бар Мәскеу мен Пекиннің түртпектеуімен ғана жалған ишара. Бұл жерде алып елдердің үлкен саясаты ұштасып жатыр».

АҚШ ШЫҰ-ның гүлденуі мен көркеюіне алаңдап отырғаны белгілі. Өйткені Қытайдың әскери бюджеті 2005 жылы 230 миллиард юанға (28 миллиард доллар) жетті. Өткен жылға қарағанда 11,6 пайызға (2004 ж 26,6 миллиард доллар бөлінген). Бір еске ала кететін жайт, соңғы 14 жыл бойы Қытайдың әскери бюджеті жыл сайын 10 пайызға көбейіп отыр. Оның себебін кейбір сарапшылар «Тайвань мен екі арадағы жағдайдың ушыға түсуі және сол тайваньның АҚШ-тан 1,8 миллиард долларға қорғаныс қаруларын, оның ішінде алыстан ататын қанатты зымырандарды алуымен байланыстырады. Қытай армиясы соңғы кезде 500 мыңға дейін қысқарғанның өзінде 2,5 млн сарбаздан тұратын әлемдегі ең саны көп армия. Қытайдың әскери шығынды арттыра түсуі тек АҚШ-ты ғана емес осы аймақтағы өзге де елдердің алаңдауына жол ашқандай. Содан болар жапон ұлттық қорғаныс басқармасы Солтүстік Корея мен Қытайдан болуы мүмкін баллистикалық зымырандардың соққысынан қорғану үшін, ел территориясына американдық алты «Пэтриот-3» атты әуе қорғаныс кешенін ортануға көшті. Қытай Орта Азияға қауіп төндіретіндей қандай мүмкіндіктерге ие? Пентагон неге алаңдаулы? Енді соны таратып сараптау мәселелі түрлі ғалымдарды ойға шандыруда.

Көптеген сарапшылар, «Шанхай ынтымақтастық ұйымы-Қытайдың Орта Азияға дендей енуіне мүмкіндік жасалатын құрал дегенді айтады. Демек осы ұйым арқылы Қытайдың аймаққа ықпал ету рол арта түсетінін байқауға болады. Бұл жөнінде британ сарапшысы Римипп наубел:ШЫҰ жаңа құрылым. Мұнда Қытайдың райсым. Кіндік Азияда –Қытайдың саяси әрі экономикалық мүддесі бар Қытай үшін көрші елдердегі мол мұнай мен газ және өзге де ресурстар ауадай қажет. Сондықтан Цзизинтао елінің смыртқы саясатының ең бір негізгі тетігі, осы кіндік Азия елдеріне қандай да бір жолдармен әсер ету»-деген байлам жасалған. Шанхай ұйымының соңғы жылдары кеңірек қанат қағып келе жатқанынан АҚШ-тың мазасыздануы бекер емес. Шанхай ұйымы қазір аймақтық қана емес әлемдік ауқымды қамтып барады. Соңғы саммитте шанхай ұйымына Монғолия, Үндістан, Пәкстан мүше болып енді. Алдағы уақытта бұл ұйымға, сондай-ақ Иран бақылаушы, сонан соң толыққанды мүше болмақ деген болжам бар. Олай болған жағдайда Шанхай ұйымының антиамерикалық бағыт ұстанатыны тіпті айқындала түседі. Алайда «Шанхай ұымы әскери блокқа айналуы мүмкін бе?» деген сауалға отандық сарапшылар сақтықпен жауап беретін секілді. Мысалы ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының /ОДКБ/ бас хатшысы Николай Бардюшаның пікірінше, Шанхай ұымы әскери-саяси одаққа айналмаса-дағы, ол аймақтағы қауіпсіздікты қамтамасыз етуде белсенді бір ұйым болып табылады. Ал ОДКБ Шанхай ұйымымен бірлесе қызмет етуге дайын.

Шанхай ұйымының дәл қазір әскери-саяси одаққа айналуы мүмкін емес. Өйткені ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына /ОДКБ/ мүшеміз. Аймақта бұдан басқа әскери одақ құрылуы үшін одан шығуымыз керек немесе оған Қытай енуі тиіс. Ал негізінен ОДКБ-де Ресейдің қамын ойлау басымырақ. Дегенмен, аймақтағы саяси ахуалдарға байланысты бәрі лезде өрлеуі мүмкін. Егер НАТО-ның Тайваньға, Беларуссияға экспансиясы жалғасып, ол ушыға түсетін болса, онда Қытай мен Ресей бір саяси одақта саяси одақ та бас түйістіруі әбден мүмкін – дейді саясаттанушы Берік Әбдіғалиев.

Ал саясаттанушы Камал Бурхановтың пікірі мүлдем басқа: «Шанхай ұйымының әскери одаққа айналуы мүмкін емес нәрсе. Оның қажеті де шамалы болып тұр. Негізінен ол өзінің бастапқы мақсаты – ланкестік, діни сепаратизм, есірткі тасымалымен күрес болғандықтан, ол осы бағыттағы ұйым болып қала береді» - дейді ол.8

Әйтсе де Ресей саясаттанушылары мына бір болжамдарды айтуға әуес: Қытайға Шанхай ынтымақтастық ұйымы аймақта әскери-саяси сипатта өзінің ұзақ мерзімді геосаяси ойынын жүргізу үшін қажет. «Тіпті америкалықтар ШОС-тың Астана саммиті қарсаңында кездесуге бақылаушы ретінде өз өкілін жібермекші болған» деген ақпарат тараған. Соған қарағанда әлемнің басым халқын құрап отырған ұйымнан Ақ үйдің сескенентін жөні бар. Тіпті кейбір БАҚ-тарда «таяу болашақта ШОС-қа АСЕАН елдерінің басым көпшілігі кіруі мүмкін» деген пікірлер де жарық көрді. Мұндай жағдайда Азия ғана емес, жалпы Тынық мұхиты аймағында Шанхай ұйымының беделі артады.

Ал ең басты мәселе Шанхай ұйымында Астананың ұстанған позициясын қандай болуы мүмкін. Қазақстан неден ұтылады, неден ұтады? Бұл мәселеде сарапшылардың пікірі мынаған саяды: «Әрине Шанхайдың негізгі қаңқасын Қытай мен Ресей құрайды десек те, бұл ойында Астананың ұтылатын жөні жоқ. Өйткені аса ірі геосаяси ойыншылардың арасында Астанаға арбитр болу тарихи мүмкіндігі беріліп отырған сияқты. Көп жақты, күрделі ойында Қазақстан әманда саяси ұпай алу мүмкіндігін сақтап отырады. Біріншіден, Қазақстанда тәуелді болатындай Ресейдің немесе АҚШ-тың әскери базалары жоқ. Қиын қыстау кезеңде еш елге Астана әскери аэродромдарын берген жоқ. Демек, басқалар бас ауыртып отырған база мәселесі Қазақстанда көрінбейді.

2006 жылы ШЫҰ үшін айрықша жыл. Біздің мемлекеттеріміз ұйымның құрылғанына 5 жыл және «Шанхай ынтамақтастығы іс-қимылы басталғанына 10 жыл толуын атап өтеді.

ШЫҰ аясындағы сындарлы ынтымақтастықтың басты жаһандық бейбіт құрылыс ісіне қосылған қомақты үлес болуымен бірге аймақтағы көп салалы ынтымақтастықтың дамуына берік негіз қалады. Ұйым шеңберіндегі көп қырлы ынтамақтастықтың дамуына берік негіз қалады. Ұйым шеңберіндегі көп қырлы ынтымақтастық идеялары сауда экономикалық, мәдени-гуманитарлық саладығы, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға арналған жүйелі дамыту арқылы биылғы жылғы қорғаныс, мәдениет министрлерінің кездесуі өтті. Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының, бас прокурорлардың, білім министрлерінің кеңесін өткізу көзделуде. Қазақстан сондай-ақ парламентарлық байланыстардың, жоғарғы сот желісіндегі, құқық қорғау органдарындағы, сондай-ақ энергетика мен айыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты арттыру қажеттігі туралы ұсыныстарды қолдайды. Осы орайда қаржы инвестициялық саладағы ынтымақтастықты арттыру қажеттігі туралы ұсыныстарды қолдайды.

ШЫҰ кеңістігінде қауіпсіздік пен бейбітшілікті, хәм тұрақтылықты қамтамасыз ету біздің ұйым үшін әрқашан басты болып келеді. Дәстүрлі және жаңадан пайда болып келе жатқан сынақтар мен қатерлердің күшеюі мүше мемлекеттер алдында заң мен құқықтық тәртіпті нығайту саласының оң өзгерістерге қарамастан дүние жүзілік қоғамдастықтың тарапынан қабылданып жатқан шараларға қарамастан есірткі өндірумен таратылып, сонымен бірге трансұлттық қылмыс пен қару контробандасы бәсеңдемей отыр. Аймақтағы ірі қаржылық құрылым Азия даму банкі, халықаралық қаржы мекемесі БҰҰ-ң экономикалық және әлеуметтік комиссиясының шешімімен Азия және Тынық мұхиты елдері үшін 1966 жылы желтоқсанда құрылды. Ол өз қызметін1968 жылдан бастады. Қазір оған 56 мемлекет мүше, оның 39-ы Азия Тынық мұхиты аймағының (АТА) өкілі, ал қалған 16-сы бұл аймақтан тысқары елдер. Банктің саясатын айқындайтын жоғары органы – басқарушылар кеңесі Банк операцияларының бағыттарына 12 директорден құрылған директорлар кеңесі жауап береді. Әр директордың орынбасары бар. Директорлардың 8-і АТА елдерінің өкілдері (1998) банк президентін басқарушылар кеңесі 5 жылға сайлайды. Ол директорлар кеңесінің төрағасы болып есептеледі және банк қызметін басқарады. Азия даму банкінің президенті Жапония өкілінен сайланады. Штап – пәтері Манилада (Филиппинада) орналасқан. Банк Бангладеште, Индонезияда, Үндістанда, Непалда, Пәкістанда, АҚШ-та өзінің тұрақты өкілдерін ұстайды. Банк қызметінің басты бағыттары дамушы елдердің экономикалық даму бағдарламаларын қаржыландыру, олардың сыртқы саудасына жәрдем беру, қаржылай, техникалық және экономикалық көмек көрсету. Банк бұл елдердің қажетін өтеу мақсатында жеңілдікпен берілетін несиелік операциялар жүргізу ісіне Азия, Европа, Таяу Шығыс және Солтүстік Америка мемлекеттерінің ресурстарын жұмылдыруда маңызды роль атқарады. Банктің негізгі қызметі – АТА елдеріне экономикалық өсу мен ынтымақтастық қарым-қатынасты жеделдету мақсатында көмек беру. Банк қарыз берудің екі түрін қолданады: бүкіл несие қорының 68,8%-і әдеттегі қарыз, ал қалғаны Азия даму қорынан дамушы кедей елдерге үлкен жеңілдікпен беріледі.

Қазақстан банкке мүшелікке 1994 жылы 19 қаңтарда қабылданды. Қазақстандағы зейнеткерлік реформаны қолдауға және ауыл шаруашылығын дамытуға қомақты несие бөлінді (1998). Азия даму банкі аймақтың кедей артта қалған елдеріне барынша көмек беріп келеді. Аймақтағы ірі қаржылық құрылым ретінде банктің перспективасы мен болашағы өте зор. БҰҰ-ң Азия Тынық мұхиты аймағындағы экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (БҰҰ АТМ ЭЭК) ұйымы. Бұл ұйымның 2007 жылғы 21 мамырда Алматы қаласында 63-ші сессиясының министрлер кеңесі ашылды. Талқыланған басты тақырыптар: 2015 жылға дейін мың жылдық мақсаттарға жетудегі нашар дамыған елдер көмектесу шаралары денсаулық сақтау саласына инвестициялар салу АТМ ЭЭК елдеріндегі саяси проблемалар – бұл үш күндік мәжіліс бойы қатысушылар талқылайтын басты мәселелер болды.11

Министрлер кеңесін өзінің алғы сөзімен Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев және БҰҰ бас хатшысының орынбасары – АТМ ЭЭК атқарушы хатшысы Ким Хак Су бастады. БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның жолдауын экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Хосе Антонио Оканко жеткізді.

Министрлер кеңесінің ашылуы барысында Қазақстандық сыртқы саясат ведомсвтосының басшысы Марат Тәжин БҰҰ АТМ ЭЭК – 63 сессиясының төрағасы болып сайланды. Мәжіліс қатысушыларына алғы сөзінде Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев АТМ ЭЭК жыл сайынғы сессиясы болып Алматыда өтуі АТМ ЭЭК-ң Орталық Азия аймағына назарын барынша бөлуге әзір екенін куәлайды деп атап өтті. «Қарқынды дамып келе жатқан Орталық Азия геосаяси мен жаһанды энергетикалық рынок, еуразияның елеулі бөлігінде қауіпсіздік пен тұрақтылық қамтамасыз ету жағынан стратегиялық маңызға ие», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы Орталық Азия елдерінің экономикасы үшін БҰҰ арнайы бағдарламасын (СПЕКА) жүзеге асыруда. АТМ ЭЭК жұмысына жоғары баға берді. Сонымен бірге Н.Назарбаев АСЕАН өңірі елдерінің диалогын ширату туралы ұсыныс жасады. «Орталық Азия мен АСЕАН елдері арасындағы аймақ аралық әріптестікті дамыту мақсатында АСЕАН+Орталық Азия саяси және экономикалық диалогын бекіту орынды болар еді»,- деді ел басы. Қазақстан өз тарапынан еуропа мен Азия арасындағы транзитті ел ретінде АТМ өңірінде өз әріптестерімен кең ауқымды байланыс орнатуға әзір.12

Өзінің алғы сөзінде Қазақстанның сыртқы істер министрі – АТМ ЭЭК 62-ші сессиясының төрағасы Марат Тәжин АТМ елдері, оның ішінде Орталық Азия елдеріндегі орын алып жатқан жағымсыз жағдайларға жауап экономикалық гүлденуге бірлесе талпыну ниетіне негізделген. өңірлік әріптестікті дамыту болуы тиіс деп айтты. Аймақтық әріптестік туралы сөз қозғағанда Қазақстан Орта Азиядағы мемлекеттермен ынтымақтастық байланыстарды кеңейту және тереңдету идеясын ұстанат ындығын атап айтқым келеді – деді Марат Тәжин.

Бұл ұйымның негізгі мақсаты Азия Тынық мұхиты аймағындағы интеграциялық процестерді нығайту болып табылады. АСЕАН – аймақтағы ең қуатты беделді ұйым. АСЕАН-ның жоғарғы органы мемлекет және үкімет басшыларының саммиті 2007 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Сонымен бірге сыртқы істер министрлерінің кездесуі алғашқы саммитте мемлекет басшыларының кездесуімен айналысады. Тұрақты хатшылығы Джакарта қаласында орналасып, бас хатшының басшылығымен жүргізіледі. 2006 жылдың май айынан бері бас хатшылық қызметті – Сингапурлық Х.Э.Онг Кенг, Ионг атқарады. Сонымен бірге ұжымда 24 комитет, 122 жұмысшы топ қызмет етіп жыл сайын 300-ге тарта түрлі іс-шаралар атқарады. АСЕАН-ға төрағалық ету белгілі бір уақыт аралығы бір жыл көлемінде альфавиттік тізім бойынша жүргізіледі, 2006 жылы Си нгапур төрағалық етсе, 2007 жыл Филиппиннің кезегі.

АСЕАН-ды құрушы мемлекеттер Индонезия, Майлайзия, Сингапур, Тайланд және Филиппин. Сәл кейінірек Бруней – Даруссалам (1984 жылғы 7 қаңтарда тәуелсіздік ала салысымен), Вьетнам (1985 жылы 28 июль), Паос пен Мьянма (1997 жылы 23 шілде), Камбоджа (1999 жылы 20 сәуір). Қазіргі таңда бақылаушы статусын Папуа – жаңа Гвения иеленді. АСЕАН-ға мүше мемлекеттердің жалпы халық саны 500млн адам, жалпы көлемі 4,5млн км2 құраса, ішкі жалпы өнімі (ВВП) 737млрд АҚШ долларына жетіп отыр. 1967 жылы АСЕАН-ның негізгі құжаты – декларация қабылданды. Бұл құжат ұйымның негізгі мақсаты мен міндеттерін белгілейді. 1971 жылы Оңтүстік Шығыс Азия аймағындағы бейбітшілік, бостандық, бейтараптылық кеңістігі жөніндегі декларация қабылданды. Бұл Куала – Лумпур декларациясы деп аталады. Достық пен ынтамақтастық жөніндегі келісім немесе Балий келісім 1976 жылы қабылданған. Бұл келісімге тәуелсіздікті құрметтеу, суверинитет, теңдік, территориялық, бүтіндік, басқа елдердің ішкі ісіне араласпау, халықаралық қатынастарды күштеп келістіру принципін жою, қақтығыстарды бейбіт келісіммен шешу мәселелері талқыланды. Оңтүстік Шығыс Азия аймағындағы ядролық қарудан таза аймақ зқұру келісімі. Бұл Банг-кок келісім деп аталады. 1993 жылы қабылданған бұл Куала-Лумпур декларациясының жалғасы болып саналады. АСЕАН-ның жарғысы 2007 жылғы Сингапурде өткен саммитте қол қойылды, қазіргі таңда мүше мемлекеттер арасында ратификациялануда.

АСЕАН-ның ішінде аймақ аралық форум 1994 жылы құрылды. Кездесу жыл сайын АСЕАН астаналарының бірінде өткізілді. Негізгі мақсаты саясат пен қауіпсіздік мәселесі бойынша консультация, Азия Тынық мұхиті аймағында сенімді қатынас пен дипломатия орнату болып табылады. Бұл форум екі түрлі диалог бойынша жүргізіледі: біріншісі, үкімет аралық деңгейде, екіншісі, үкіметтік емес ұйымдар арасында. АСЕАН-ның соңғы ұйымына Австралия, Бангладеш, Шығыс Тимор, ЕСА, Индия, Канада, КНДР, Монғолия, Жаңа Зеландия, Папуа – Жаңа Гвинея, Пәкістан, Корея республикасы, Ресей, АҚШ сынды елдер қатысты.13

Ұстанымдардың сындарлылығы қауымдастыққа қатысушыларға аймақ ішілік жанжалдарды болдырмауға тиісті елдердің саясаты мен ұлттық мүдделерін үйлестіруге мүмкіндік береді. АСЕАН өзі өмір сүрген 3-10 жылдық бойы бірінші кезекте экономикалық даму мәселелеріне назар аударып келеді. Бұл ұйым сөз жоқ, аймақтағы экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, саяси тұрақтылыққа зор үлес қосты. АСЕАН Қытайдан «мәдени революцияны аймаққа экспорттауға ұжым болып қарсы тұру мақсатында құрылды. 1970 жылдардың ортасынан бастап АСЕАН саясатында Вьетнамға қарсы үрдістер үстем болды. Оңтүстік Шығыс Азиядағы саяси жағдайдың бірте-бірте қалыпқа түсуіне Қытайда, Ветьнамда және басқа да елдерде батыл экономикалық реформалардың басталуына байланысты үлкен ауқымдағы жолға қою үшін қолайлы жағдайлар туындады. АСЕАН беделді ұйым ретінде бүкіл әлемге танылды. Оңт үстік Шығыс Азия барлық әлемдік діндердің индуизмнің, буддизмнің, конфуциалдықтың, исламның және хрестиандықтың аралас және қатар өмір сүруімен бірге. Аймақтың көпшілік елдерінің экономикалық әл ауқаты, тұрмысы мен діни ағымдардың сан алуан сипаты бір-бірін өзара толықтыратындай, оңтүстік Шығыс Азия біртұтас әлеуметтік мәдени қауым бол тұра онда көптеген осы заманғы өзекті саяси және экономикалық проблемаларға ортақ көзқарасты қалыптастыру үшін ерекше жағдайлар жасалған. Батыстың және Шығыстың құндылықтарды салыстыру. «Азия-Еуропа» форумы шеңберінде Еуропалық одақ пен Шығыс Азия елдерінің арасындағы диалогтың негізгі тақырыптарының бірі болып табылатыны кездейсоқ емес. АСЕАН-ның саммиттері және жұмыс бабындағы кездесулері АСЕАН+3 үлгісінде яғни Оңтүстік Шығыстың 10 мемлекетінің және Солтүстік Шығыс Азияның 3 мемлекетінің (Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея) қатысуымен өткізіледі. 2000 жылғы қарашада АСЕАН-3 саммитінде қабылданған бүкіл Шығыс Азияда еркін сауда аймағын құру туралы шешім әсіресе 1997 жылғы Азияның қаржылық дағдарысынан кейін күрт белең алған интеграциялық идеялардың бірте-бірте іске асырылуын куәландырады. Азиялық мемлекет болып табылатын және бай табиғи ресурстары бар еуразияның көлік жолдарының тоғысында орналасқан. Қазақстан өзінің ұзақ мерзімді мүдделері жолында Оңтүстік Шығыс Азияның Интеграциялық процесіне тартылуға обьективті түрде үміт арта алады. Еуропа мен Азия арасындағы байланыстырушы көпір тұжырымдамасын іске асыру үшін АСЕАН-ға мүше мемлекеттер арасында дипломатиялық және басқа да арналар бойынша түсінік жұмыстарын жүргізген дұрыс сияқты. Ол жақта өкінішке орай Қазақстандағы экономикалық реформалардың жетістіктері туралы әлемдік шаруашылық құру құрылымдарына біздің еліміздің қатысуы туралы әзірге жеткілікті түрде біле бермейді. Азия Тынық мұхиты елдерімен ынтымақтастыққа қабылдауға болатын нысанын іздестіруді жалғастыру айрықша маңызды.14


Орытынды

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін егеменді ел ретінде өзінің сыртқы саясатын өзі нақтылайтын болды. Көп векторлылық сыртқы саясатты ұстанған Қазақстан Азия –Тынық мұхиты аймағындағы елдермен қарым-қатыансты орнықтырды.

Азия-Тынық мұхиты аймағы қым-қуыт әлем Аймақта дамыған ел де, индустриялық елдерде кедей елдерде бар. Қазақстан бұл елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға мүдделі.

Аймақ елдері екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өз егемендіктерін ала бастады да нарықтық қатынастапрда орнату мақсатында белсенді саясаттар жүргізе бастады. Аз уақыттың ісінде тиімді реформалар жүргізе алған бұл елдер аз уақыттың ішінде «жаңа индустриялық елге айналып шыға келді, яғни бұл нәрсе Қазақстанға да өте ұқсас жағдай. Қазақстанда өтпелі кезеңнен өтті, қарқынды экономикалық даму кезеңіне көшті. Ауыр дағдарыс қаржылық бақылауды күшейтуге банктік және корпоративтік секторды реформалауға бағытталған сауатты әрі дер кезіндегі іс-қимыл нәтижесінде экономикалық өсімнің қарқынын қалпына келтірді. Бұл практиканы Қазақстанға да кеңірек пайдаға асыруына болады. Сонау 1994 жылдың өзінде Қазақстан Индонезиямен, Сингапурмен, малаизиямен қарым-қатынас орнатты. Ал Оңтүстік Корея болса Қазақстандағы энергетикалық ресурстарды игеруге ұмтылып отыр. Оның дәлел 1992-1997 жылдар аралығындағы қазақстанға салған инвестициялар жөнінен Оңтүстік Корея жетекші орында тұрды. Бірақ 1997 жылғы аймақтағы қаржылық дағдарыс әсерінен Оңтүстік Кореяның қазақстандағы инвестициялық капиталы күрт төмендеп кетті.

 

Дебиеттер тізімі

1. Назарбаев Н.А. Стратегия развития Республики Казахстан как суверенного

государства. Алматы Дәкір 1992. 56 с.

2. Қазақстан жедел экономикалық әлеуметтік саяси даму жолында. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 18 ақпан, 2005 ж. //w.w.w.akorda kz.

3. Назарбаев Н.А. В сердце Евразии. Алматы Атамұра 2005 ж.

4. Назарбаев Н.А. Қазақстандық жол. Қарағанды 2006. 372 стр.

5. Н. Назарбаев Ғасырлар тоғысында. Алматы Атамұра 2003. 256 б.

6. Назарбаев Н.А. Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі

бағыттары. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. 2003 ж. 4 сәуір. 46 б.

7. Назарбаев Н.А. Тәуелсіздік белестері. Алматы Атамұра. 2003-312 б.

8. Назарбаев Н.А. Эпицентр мира., Алматы Атамұра 2003-256 с.

9. Назарбаев Н.А. Жүз жылға татитын он жыл. Алматы Атамұра 2001 ж. 112 б.

10. Н. Назарбаев Н.А. Критическое десятилетия А. 2003. 240 с.

11. Тихоокеанское сообщество планы и перспективы (Под.ред И. Иванова, И. Лебедева-М. Наука, 1987-347 с.

Date: 2016-08-30; view: 993; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию