Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






рбандар рухы ұмытылмайды





31- мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1997 жылы «31-мамыр ашаршылық және саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу күні деп жариялады.Сол жылдардан бастап ұлтының уысына еркіндіктің тізгінін ұстауға ұмтылған зиялыларды ұлықтап еске түсіруді қазақ халқы дәстүрге айналдырып келеді.Біз бұл күнді еске алу күні дегенімізбен негізі бұл күн Қазақстанда аза тұту күні. Бұл күні біз халқымыздың аяулы ұлдары, елі қамкөңіл болып қасірет шеккен жылдары өз ұлтының асыл арманын тілек мұратын білдіріп соның жолында зорлықшыл тәртіптің нақақ құрбанына айналған алмастай асыл азаматтарымыздың рухы алдында бас иіп тағзым етеміз.Осы орайда аудандық кітапханада «Құрбандар рухы ұмытылмайды» атты еске алу кеші өтті. Кітапханашы М.Салқымбаева сол кездегі қуғынға ұшыраған қазақ зиялыларының өмірі мен шығармашылықтары жайлы мағлұмат берді.Кітапхана ісінің ардагері К.Тұрыспекова «Ұлты мен діні мен діліне қарамастан, мыңдаған адамдар, тоталитарлық жүйенің диірменіне түсіп, өзгеше ойлағаны үшін, күнәсіз сотталып, туған жерлерінен аяусыз айдалып, түрмелерде жазықсыз көз жұмды. Бүгінгі жас ұрпақ үшін,азат,Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін оларды еске алу және есте сақтау қасиетті парыз» -деп, әңгіме желісін өрбітті.Мәдениет үйінің әдіскері Б.Мұраталинова қатысқан жас оқырмандарға қуғынға ұшырап елінің қамын жеген азаматтардың өмірі үлгі екенін атап өтті. Шара барысында «Жазықсыз жапа шеккендер» атты кітап көрмесінен шолу оқырмандар назарына ұсынылып, сол жылдарда құрбан болған ақын-жазушылардың әдебиеттерімен таныстырылып, оқырмандар ақындар өлеңдерін жатқа оқыды Кеш соңында осы шараға қатысқан оқырмандар қуғын- сүргін құрбандарын ұмытпай еске ала жүріп, мұндай зұлмат болмасын деген ой түйінделіп тарасты.

 

 

Аудандық кітапхана кітапханашысы Ш.Нұрғалиева

Date: 2016-08-29; view: 269; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию