Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Монолиттік бетон жабыны.





Мазмұны

Кіріспе 1.Негізгі бөлім

1.1. «Сұлутөр» ЖШС туралы мәліметтер

1.2. Жалпы құрылыс және құрылыс материалдары туралы мәліметтер

1.3. Кәсіпорынның ғимараттарды сейсмикалық оқшаулау жүйелері

1.4. Central Park residence тұрғын үй кешені

1.5.Пәтерлерінің жобалануы

1.6.Қауіпсіздік техникалары

2.Қорытынды

3.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Құрылыс – материалдық өндіріс саласы; негізінен әр түрлі үйлер мен ғимараттарды салумен, салынып жатқан нысандарды іске қосуға байланысты жабдықтарды монтаждаумен шұғылданады. Құрылысқа үйлер мен ғимараттарды жөндеуге байланысты жұмыстарда жатады.Құрылыстың дамуы тұрақты жұмыс істейтін мердігерлік құрылыс ұйымдарының құрылуымен және құрылыс өнеркәсібінің өсуімен қоса қабат жүргізілді. Құрылыстың бір ерекшелігі сол, мұнда құрылыс-монтаж ұйымдары өнеркәсіп орындары сияқты өнімді қорға немесе қоймаға арнап шығармайды. Өндіріс үстінде құрылыстың өнімі қозғалмайтындай етіліп белгілі бір орынға бекітіледі, тек еңбек құрал заттары (машиналар мен механизмдер), еңбек заттары (материалдар мен құралымдар) бір орыннан екінші орынға ауысып отырады. Құрылыс ашық жерде және әр түрлі табиғи ортада жүргізіледі. Сондықтан да құрылыс нысандарының, жұмыстардың өндірістік циклі бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылады. Құрылыс елдің мәдениетін және экономиканың барлық саласын дамытуға мүмкіндік береді.

Құрылыс материалдары — үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар. Негізгіқұрылысматериалдарыныңтүрлері:

- табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары (дара тастар, қиыршық тастар, т.б.);

- органикалық (битум,қарамай, синтетикалық шайыр, т.б.) және бейорганикалық (цемент,әктас,гипс, т.б.) байланыстырғыш материалдар;

- жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құралымдар мен бұйымдар (құрылыстық керамика,бетон, темір-бетон, асбест-цемент, темір, шыны және силикаттан жасалған бұйымдар);

- ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдар (есік және терезе блоктары, ағаш талшықты және ағаш үгінділерінен жасалған тақталар, т.б.);

- металдан жасалған бұйымдар (көтергіш және қоршау құралымдары, құбырлар, рельстер, т.б.);

- синтетикалықшайырлар мен пластмассалар(линолиум, пенопласт, т.б.).

Әр түрлі табиғи тау жыныстарынан іргетастар, қабырғалық әшекейлік, т.б. құрылыс материалдары жасалынады. Органикалық байланыстырғыш заттардан жол құрылысына қажетті жабын, ылғал өткізбейтін заттар дайындалады. Ағаш жаңқасынан жұқа әшекейлік тақталар жасау үшін байланыстырғыш заттар ретінде синтетикалық шайырлар пайдаланылады. Бейорганикалық заттардың ішіндегі ең негізгісі – цемент. Одан бетон, темір-бетон, асбест-цемент, құрылыс қоспалары сияқты құрылыс материалдары жасалады. Әктастан бу қысымымен алынатын силикаттық бетон, кірпіш әрі құрылыстық қоспалар дайындалады.

Жер сілкіністері кезінде ғимараттарды сейсмикалық оқшаулау идеясы ең қарапайым, сонымен қатар, сейсмикалық төзімді құрылыстың күллі даму тарихындағы ең жемісті идеялардың бірі болып табылады. Сейсмикалық оқшаулау жүйелеріне келесі талаптар қойылады: -сейсмикалық күштерді белгілі бір деңгейге дейін төмендету; -сейсмикалық ықпалдар кезінде ғимараттың көлденең тербелістері үдеулерінің төмен деңгейін қамтамасыз ету; -топырақтың тиісті тербелістері кезінде ғимараттың тік тербелістерінің күшеюінболдырмау; -қатты жер сілкіністері кезінде орын алатын үлкен жылжулар болғанда, ғимараттардың қанағаттанарлық бейімделулерін қамтамасыз ету; -жер сілкінісі кезінде құрылыстың жалпы тұрақтылығын қамтамасыз ету; -құрылыстың ауырлық күшінің ықпалы, жел ықпалы болғанда және құрылыс деформациясы кезінде ұзақ уақыт бойы жұмыстың сенімділігін қамтамасызету; - сейсмикалық оқшаулау элементтері дайындалатын және төзімділігі іс жүзіндетексерілген материалдарға қойылатын талаптарды сақтау; - қажет болған жағдайда, сейсмикалық оқшаулау жүйесі элементтерінің


Темір-бетон қаңқалы ғимараттар үшін сырғымалы тіреу ұсынылды. Ол 4 – фторопласттан жасалған қабықшаны пайдалана отырып, байланысатын беткі қабаттарының қиғаш жазықтықтарымен орындалады. Бағаналардың тірек қималарындағы иілу сәттерін теңдестіру үшін төменгі ригельдерді орнату көзделген. Сынақтар ғимараттардың жер үстіндегі конструкцияларына инерциялық жүктемелердің төмендеу дәрежесі олардың тербелістерінің негізгі екпін кезеңіне байланысты болатындығын, яғни неғұрлым икемді ғимараттар үшін сырғымалы тіректер жүйесін қолдану конструкциялық схемасы қатты ғимараттар үшін сырғымалы тіректер жүйесін қолданудан гөрі азырақ тиімді болатындығын көрсетті. Аталған типтегі сырғымалы тіректерді қолдана отырып, Алматы қаласының Розыбакиев көшесінде (Төле би көшесімен қиылысы) 158 сериялы тоғыз қабатты ірі панельді ғимарат салынды. Ғимаратта қарқындылығы 4 баллдан аспаған бірнеше жер сілкінісін жазған инженерлік-сейсмометриялық қызмет станциясы орналасқан. Конструкциялық схемасы қатты ғимараттар үшін сейсмикалық оқшаулау жүйесі ретінде жаңа конструкциялардың қазықты іргетастарының бірнеше типі ұсынылды. Қазықты іргетастар деп аталатын жоғары диссипацияланған жүйелердің негізгі конструкциялық шешімі қазықтармен топсалы түйісетін биік ростверкі бар қазықты іргетас болып табылады.


Құрылыс конструкцияларын материалына байланысты келесідей бөледі

· Тасты және теміртасты

· Бетонды және темірбетонды

· Металды (болатты және алюминийлі)

· Ағаш және пластмасса

Тасты к-ды қабырға тұрғызуда және кей жағдайда бағандарда қолданады. Беріктігін жоғарлату үшін темір торлармен армирлейді.

Бетон және ТБ (темірбетон)конструкцияларын жер асты конструкцияларда және жер үсті конструкцияларда қолданады. Олар болады:

· Монолитті, құрылыс алаңында жасалады

· Құрылымды, зауыттарда жасалынып құрылыс алаңына әкелінеді

· Құрылымды-монолитті, құрылымды элементтерден тұрады және арасы бетонмен құйылады

ТБ элементтері құрамында арматуралы қаңқасы бар.

Металл конструкциялары болаттан, кей кезде алюминий балқымаларынан жасалады. Алюминий балқымаларынан жасалған конструкциялар қымбатырақ болып келеді. Металл конструкцияларын көбінесе өндірістік, биік және әртүрлі ғимараттарда қолданады. МК (металл конструкциялары) элементтері прокатты және құрылымды болып келеді. Прокатты элементтерді металлургиялық зауыттарда жасайды (бұрышты, швеллер және двутавр).

Ағаш конструкциялары тұтас болып келеді немесе желімделген ағаштардан құралады. Тұтас ағаштардан құрастыру арқылы құрылымды элементтерді алады, ол үшін болттарды немесе шегелерді қолданады (оларды нагель д.а.). Ағашты желімдеу үшін синтетикалық суға төзімді желімдер қолданады.

2 ҚК-на (құрылыс конструкциялары) келесі талаптар қойылады, бұл талаптарға конструкциялар жобалау, жасау, тасымалдау, орнату және қолдану кезінде жауап беру керек

· Ұзақтылық

· Сенімділік

· Отқа төзімділік

· Үнемділік

· Индустриалдылық

· Унификация

· Эстетикалық

Темірбетон қазіргі заманда көп таралу себебі оның басқаларға қарағанда техникалық және экономикалық тиімділігінде болып табылады:

· Массасының 70%-на дейін жергілікті материалдар құрайды (құм, тас);

· Алдын-ала кернелген және құрастырмалы ТБ экономикалық тиімділігі;

· Ұзақ мерзімділігі (уақыт өткен сайын беріктігі жоғарлайды);

· Атмосфералық әсерлерге жақсы төтеп беруі;


· Отқа төзімділігі;

· Сілкініске беріктігі;

· Эксплуатациялық шығындардың төмендігі;

· Кез келген конструктивті және сәулетті форманы ала алады;

· Жасауға кететін уақыттың қысқалығы;

Кемшіліктері:

· Үлкен салмағы;

· Жылу және дыбыс өткізгіштігі жоғары;

· Орналастыру қиындығы, әсіресе қысқы уақытта;

· Жоғарғы мамандардың және арнайы жабдықтың керектігі;

· Сызаттардың кенеттен пайда болу қауіпігі;

· Созылуға төмен кедергісі.

·

Монолиттік бетон жабыны.

 

Монолиттік цементобетондық жабын басқа жақсы жетілген жабындармен салыстырғанда техникалық және техника – экономикалық жағынан ерекшеленеді. Осы жабындардың негізгі ерекшеліктері: жоғары тасымалдаушы талабы, жабынның кедір-бұдыр жеткілікті жоғары, тозығы аз, капиталдық ремонтқа дейінгі үлкен қызмет мерзімі, салу және дайындау механизация мен автоматтандыру мүмкіншілігі. Бетондық жабынның негізгі қасиеті - төселген ауырлықты үлкен көлемге дейін белгілеу.

Цементобетондық жабынның конструкциясының типі келесідей айырады: бір қабатты мен екі қабатты, қапталған және қапталмаған; темірбетондық деформациялық тігісі бар құрылғы мен тігіссіз – үздіксіз қапталған, алдын – ала қысылған бетондық және темірбетондық.







Date: 2016-08-29; view: 772; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.013 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию