Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Нил Флигстайнның жаңа институционализм теориясының сараптамасы
Беркли университетінің (Калифорния, АҚШ) социология профессоры Нил Флигстайн түсіндіруі бойынша институционализмнің жаңа теорияларының сыни рефлексиясын қарастырайық. ХХ ғасырдың 90-жылдарында тек әлеуметтік ғылым ғана емес, сонымен қатар экономикалық, саяси ғылымдар да “жаңа институционализм” теориясына қанық болды. “Жаңа институционализм” теориясының негізін салушылар арасында көптеген келіспеушіліктер болды, бірақ институттар туралы ортақ түсініктер де орын алды. Ол ресурстардың бірдей етіп бөлінбеуін қолдай отырып, белгілі бір билік етуші топтардың институттар өзара іс-қимыл ережелерін ұсынуға рұқсат беретін әлеуметтік конструкциялар ретінде түсіндіруінен тұрады. Мұнда жалпы теориялардың екі тобын бөлуге болады, бірінішісінде әлеуметтік факторлар мен институттарды құру процесіне қатысушылар - институттардың маңызды құраушысы болып табылады; екіншісі әлеуметтік институттарды әлеуметтік құрылым ретінде негізінен түсіндіруге күш салады. Қазіргі заман ғылымында “жаңа институционализмнің” төрт түрін бөліп көрсетуге болады: Тарихи институционализм Ұтымды таңдау институционализмі Экономикалық институционализм Социологиялық институционализм Қазіргі заман ғылымында ғалымдар “институт” ұғымының мағынасын түсіндіруде бір шешімге келе алмай отыр. Бірқатар ғалымдар институт ұғымын әлеуметтік қатынастарды анықтап, мұндай қатынастарға қатысушылардың рөлін түсіндіретін, сонымен қатар қатысушылардың өзара әрекет ету процесін әрекет ету нұсқаулысы мен қалған қатысушылардың іс-әрекетін түсіндіру әдісі арқылы бақылайтын ұжым мағынасында түсінеді. Енді бір теоретиктер “институт” ұғымы аясында арнайы ойлап табылған заңдар мен ережелер, үшіншілері - ұжым арқылы орындалатын және бөлек-бөлек топтардың келісіміне қол жеткізу арқылы жүзеге асырылатын формальді емес ережелер түріндегі нормалар жиынтығы, төртіншілері - өзінен өзі болатын нәрсе сияқты қабылданатын жүйе деп түсіндіреді. Көріп отырғанымыздай зерттеушілер арасында бұл сұрақ тұрғысынан ортақ бір шешім жоқ. Бұл “жаңа институционализмнің” негізін салушылар өз әріптестерінің теорияларын жақсы біле тұрса да, әдетте арадағы келіспеушілік туралы пікір таласты шешу мүмкін емес деп санайтындығынан көрінеді. Мұнымен қоса “институт” феноменін түсінуде белгілі бір келісушіліктер немесе сәйкес келетін тұжырымдар да бар. Әңгіме барлық үлгі қалай болған күнде де “кеңістік”, “сахна” немесе “ойын” деп аталып жүрген оқшау әлеуметтік білімнің пайда болу проблемасымен байланыстылығы туралы болып отыр. Бұдан әрі институционализмнің барлық үлгісі институттарды әлеуметтік конструкциялар түрінде түсінетіндігі туралы айтуға болады. Басқаша айтқанда жаңа институционализмнің көптеген авторлары институттарды әлеуметтік субъектілердің немесе акторлардың ықпалының нәтижесі деп түсіндіреді. Үшіншіден, өзара іс-қимыл және институттар пайда болғанға дейін болған ресурстарды бөлу ережелері ықпал ету көздері болып көрінеді және де әлеуметтік субъектілер мінез-құлқының үлгілерімен үйлесе келіп, институттарды ашудың және ұдайы өсірудің негізі болады. Жаңа институционализм теоретиктері институттарды тудыратын және ұдайы өсіріп отыратын “өзара әсер ету ортасын” түсіндіруде де бір-бірімен қиыласады. Негізгі көңіл аудартатын мәселелер - мұндай әрекет ету алаңдарының пайда болуы, олардың қалай тұрақтылығын сақтайтындығы және түрінің өзгеретіндігі болып табылады. Мұнда институциоландыру ережелерді абстракциядан алаңдарда өзара әсер етуші бір үлгінің нақты бастауына айналдыратын процесс ретінде түсіндіріледі. Институттар қандай жағдайда және қалай пайда болады? 1. Мысалы, Флигстайнның пайымдауынша, институттар әлеуметтік субъектілер тобы қақтығыстық сипаттағы әлеуметтік іс-қимылға қосылған кезде пайда болады. Өзара іс-қимылдың мұндай түрінің көбіне саяси сипаты болады және негізінен ресурстарды қайта бөлу (немесе бөлу) жолындағы күреспен байланысты. Басқа сөзбен айтқанда, көбінесе институттар қоғамдағы дағдарысты жағдайлардың нәтижесінде пайда болады. 2. Институттар жекелеген топтар басым жағдайда жету үшін басқаларға өз ережелерін күштеп таңған кезде пайда болады. Институттардың қоғамның тұрақсыздығы салдарынан пайда болған кездер де бар. Әңгіме түрлі әлеуметтік топтар немесе акторлар жағдайды түзеуді өз мойындарына алып, қоғамға жаңа бағыт-бағдар ұсынуы туралы болып отыр. Акторлар туралы бөлек сұрақ. Жаңа институционализм теориясындағы акторларды негізінен жаңа ережелерді орнату мақсатында процеске қатысушы басқа адамдарды өзіне тарта алатын белсенді әлеуметтік субъектілер деп түсіну керек. бұл тұрғыдан Флигстайн “әлеуметтік талант” ұғымын енгізеді. Әлеуметтік талант өз тобының мүшелері мен басқа да топтың мүшелерін бір бағытқа тарту әдістерін пайдалана алатын тұлға. Мұндай таланты барлар басқа қатысушылардың іс-әрекетіне түсініктеме береді және өз тобының позициясы негізінде жағдай туралы азды-көпті өз түсінігін “ынтымақтастық” орнату үшін пайдаланады. Неше түрлі ғылымдар мен теориялар әлеуметтік талант дарыған адамдардың сырын ұғуға тырысып келді. Бұл проблема әлеуметтік ғылымның маңызды теориялық дилеммаларының бірі - құрылымдар мен әрекет етуші тұлғалар туралы мәселені шешеді. Мұнда рефлексия пәнін әлеуметтік өзара әрекет етуге қатысушыларда бар таңдау жиынтығының құрылымдану дәрежесі мен олардың өзара әрекет ету барысындағы іс-әрекеті мен позициясын анықтайтын ережелер құрайды. Әлеуметтік және саяси ғылымдар негізінен бұл процеске қатысушылардың позициясына баса назар аударады. Экономика ғылымы әрекет етуші тұлғалардың таңдай алу мүмкіндігі бар екендігіне және ол көп жағдайда процеске қатысушылардың іс-әрекеті мен нәтижесін алдын ала айқындайтындығын көрсетеді. Жалпы алғанда жаңа институционализм теориялары сараптама пәні ретінде әлеуметтік құрылымдарды, олардың пайда болуы мен олардың құрылуындағы адамдардың рөлін қарастырады. Осылай бола тұрса да, веберлік және марксистік бағыттағы әлеуметтік құрылымның классикалық теориясымен салыстырғанда жаңа институционализм теориялары әлеуметтік құрылымды ережелер жиынтығымен анықталатын бір-біріне қатысты бағытталған әр түрлі ресурсты топ қызметінің сахнасы деп түсіндіреді. Мұнда қоғамдық ғылымдардың арасында жаңа классикалық экономика айтарлықтай алға жылжыған “классикалық емес экономика ғылымы өз сараптамасында, нарықтық алмасу арқылы қолда бар ресурстарды оңтайлы бөле алатын, нақты артықшылықтары мен ең үздік ақпараты бар, мейлінше пайдаға бағытталған рынокқа қатысушыларға негізделеді. Кейін олар ұйымдар мен қағидалар жер жерде қызмет ете отырып, рынокқа жұмыстағы қиыншылықтарды жеңуге көмектесетіндігіне көңіл аударады. Мәселен, Марч пен Симон, ережелер шектелген рационализм мен жеке мүдделер проблемасын шешуге жәрдемдеседі деген қорытындыға келді. Егер, мысалы, фирмалардың иесі, мейлінше пайда табу мақсатында ұйымдастырылса, ал олардың қол астындағылары, өздерінің қожайындарының мейлінше табыс табу межесімен сәйкес келмейтін өзге мақсаттарды көздейді. Шектелген рационализм фактісі барлық деңгейдегі фирмалардың жұмысын қадағалау міндетін күрделілендіреді. Демек, фирмада аталған факторлардың кері әсерлерін жоя алатын құрылым болу тиіс. Барлық деңгейдегі қызметкерлерді ұтымды қадағалау үшін орталық аппараттың нақты қойылған міндеті, стандартты рәсімдері мен қарапайым ережелері болуы тиіс, бұл өз кезегінде шешім қабылдау процесін жеңілдетеді. Нәтижесінде жоғарғы жақтағы басшыларға төменнен келіп жатқан тәртіпсіздік туралы дабылдарға лезде жауап қайтаруға мүмкіндік беретін анық әлеуметтік құрылым дүниеге келеді. Д.Норт пен Р.Артурдың ойынша саяси және экономикалық институттар, мысалы, кездейсоқ түрде пайда болады немесе оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге септігін тигізбейді. Мәселен, бірсыпыра елдердегі жеке меншіктің кейбір формалары бір саланың тиімділігін арттыру мақсатында емес, тарихи жағдайдың еркі бойынша пайда болады. Артурдың пікірінше, технологиялар, көбінесе, осы технологияларды ұстап тұратын ұйымдар, ережелер мен рәсімдер болғандықтан басым жағдайға ие болады. Қандай да бір фирма қызмет ете бастаған кезде, оған қыруар қаржы жұмсалғандықтан одан да көп шығынға батпау үшін ештеңені де өзгертпеу керек екендігі анықталады. Саяси ғылымда жаңа институционализмнің екі теориясы пайда болды: тарихи институционализм және ойын теориясымен байланысты ұтымды таңдау теориясы. Тарихи институционализмді жақтаушылар, саяси процестер мен шиеленістерді талдау барысында үкіметтердің рөлі жете бағаланбайды деп есептейді. Мысалы, Телен мен Стейнмо үкімет институттары қоғам өміріне қалайша араласатындығын, әр түрлі елдердегі саяси дәстүрлер мен әлеуметтік-саяси процеске қатысушылар атқаратын рөлдер, саяси партиялар мен идеологиялар қайсыбір қоғам құрылымындағы сан-алуан топтардың саяси мінез-құлқына қалай әсер ететіндігін анықтауға тырысады. Стейнмо мен Теленнің тұжырымдауы бойынша, белгілі бір жағдайларда субъектілердің артықшылықтары эндогенді болуы мүмкін, қарапайым тілмен айтқанда, адам немесе әлеуметтік топтар оқиғалардың дамуына қарай, өздеріне не керек екенін ұғына бастайды, бұл әр түрлі одақтардың пайда болуына әкеліп, нәтижесінде қайсыбір әлеуметтік процестің институционалиялануы жүзеге асады. Тарихи институционализмді жақтаушылар мен ұтымды таңдау теориясын ұстанушылар арасындағы пікір таластың басты қайнар көзі, процеске қатысушылар іс-әрекетінің дәлелі мен институттардың бұл іс-әрекеттердің сипаты мен бағытына әсер ету деңгейіне байланысты мәселе болып табылады. Тарихи институционализм теориясын жақтаушылар, өмір сүріп отырған ұйымдар, институттар және саяси перспективалар басты рөл атқарады деп есептейді. Ұтымды таңдау теориясын қолдаушылар, жалпы неліктен саяси институттар өмір сүретіндігін түсінуге тырысады. Олардың пайымдауларының мынадай сипаты бар: өз мақсаттарын көздеуші, ұтымды индивидтер әрдайым ұжымдық іс-әрекеттер саласында дилеммаға тап болады. Институттар, осы дилеммаларды шешу үшін, барлығына да тиімді болатындай “сен-маған, мен-саған” деген принцип бойынша ақылға сыйымды ымыраға қол жеткізу үшін қажет. Ойын теориясы халықаралық қатынастар жөніндегі әдебиеттерде кең қолданылады, бұл арада үкімет басты міндеті - қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылатын унитарлы субъектілер ретінде анықталады. Әр түрлі үкіметтердің мүдделері бір жерден шыққан кезде, келісімдер, өзара әрекет ету ережелері дүниеге келіп, кейін институттар пайда болады. Жалпы ойын теориясы, ұтымды әрекет етуші индивидтер өз мүдделерін бейнелейтін институттарды қалайша орнықтыратындығын ұғынуға тырысады. Бұл екі теорияның ұқсастығы, нақты нәтижелерге жетудегі институттар мен саяси ұйымдардың маңыздылығын түсінуге келіп саяды. Ал айырмашылықтары, егер ол жағдайлық әлеуметтік рөлдердің жемісі және егер өтіп жатқан дағдарыс барысында әрекет етуші адамдар өздерінің кім екендіктерін қайтадан ұғынуға дайын болса, басымдықтардың мазмұнын анықтауға келіп тіреледі. Социологияда ұйымдардан сыртта өмір сүретін әлемді әлеуметтік конструкция деп есептейді. Скотт пен Мейер не болып жатқандығы және алдын ала сенімділікпен не деп айтуға болатындығы және қандай шаралар ұйымның өмір сүруіне септігін тигізді, қайсысы жоқ дегендерге қатысты қоршаған орта жеткілікті түрде нақты дабылдар жіберетіндігіне күмәнданады. Бұл арада институт деп алаңды құрылымдайтын және әлеуметтік процестерге қатысушылардың жолда кезігетін кедергілерді жеңуіне жәрдемдесетін мағына ретінде ұғынылады. Дәл институттар алаңдағы акторлардың позицияларын айқындап, процестің қалған қатысушыларының іс-әрекетін барабар түсіндіріп және ұғынуға қажетті ережелермен қамтамасыз етеді. Социологияда белгісіздік жағдай бөлек суреттеледі. Ұйымдастырушылық өзгерістердің белгісіздіктің факторы, бәсекелестердің белсенділігі - мұның бәрі нақты ережелер мен мағына болған жағдайда ғана құрылымданады. Бұл тұрғыдан келгенде бүкіл қоғам үшін ережелер жүйесін орнықтыратын үкіметтердің рөлі аса зор.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Theorіe des kommunіkatіven Handeіns І-ІІ. Frankfurt a. M., 1981 Филиппов. Теоретическая социология // Теория общества. Под ред. Филиппова А.Ф., М., 1999 Западная теоретическая социология. Игорь Громов, Андрей Мацкевич, Владимир Семенов. Санкт-Петербург, 1996 Штомпка. Социология социальных изменений. М.: Аспект Пресс, 1996, гл.б. (Глобализация человеческого сообщества). Монсон Пер. Современная западная социология. Санкт-Петербург, 1992 Социология на пороге ХХІ века. Москва, 1999 Валлерстайн. Россия и капиталистическая миэкономика // Свободная мысль. 1996, ғ 5 Wallersteіn І. The Modern World - System and Evolutіon // Journal of World - System Research. 1995. Vol. І, # 19 Девятко. Э. Уоллерстайн о возникновении глобальной социальной системы: дифференциация. Интеграция и эволюция // История теоретической социологии. Том 4. - М., 1999 Хантингстон. Столкновение цивилизаций и преобразование мирового порядка. Новая постиндустриальная волна на Западе. Антология.// Под ред.В.Л. Иноземцева. М., Academіa, 1999 Robertson R. Globalіzatіon Socіal Theory and Global Culture. London: Sage, 1994 Rіtzer. The McDonaldіtіon. Theses. London, 1998 Кастельс. Информационная эпоха: экономика, общество и культура. Перевод с англ. Под научной ред. О.И. Шкаратана. М., 2000 Кастельс. Становление общества сетевых структур // Новая постиндустриальная волна на Западе. Антология. Под ред. В.Л. Иноземцева. М., 1999 Кастельс. Могущество самобытности. // Новая постиндустриальная волна на Западе. Антология.// Под ред.В.Л. Иноземцева. М., Academіa, 1999 Арчер. Реализм и морфогенез. // Теория общества. Под ред. А.Ф. Филиппова. М., 1999 Bhaskar R. The possіbіlіty of naturalіsm. N.Y.; L. Verso, 1989 Gіddens A. The Consequences of modernіty. Cambrіdge: Polіty Press, 1990 Gіddens A. Modernіty and self - Іdentіty. Cambrіdge: Polіty Press, 1991 Флигстайн. “Критический анализ нового институционализма: поля, власть и социальный талант” (Препринт, доступный в ксерокопии). Забирова А.Т. Новейшие теории и концепции социологической науки. Астана, 2001. Date: 2016-07-25; view: 319; Нарушение авторских прав |