Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






олданған әдебиеттер

Азақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Биологиялық жарақаттар және оның алдын алу

Орындаған: Абылғажинова А.У.

Тобы: ВМ-201

Тексерген: Ахметжанов О.Н.

Семей 2015 ж

 

Жарақат - әртүрлі сыртқы ортаның әсерінен организмнің ұлпалары мен ағзаларының морфологиялық, торшалық және молекулалық деңгейде патологиялық өзгерістерге ұшырауы. Жарақат – травма (trauma) грек тілінен аударғанда жарақат, зақымдалу дегенді білдіреді.

Жарқаттаушы факторлар экзогенді және эндогенді деп бөлінеді. Сыртқы ортаның жарақаттаушы әсерлеріне механикалық, физикалық, химиялық әсерлер жатады. Ал эндогенді әсерлерге - организмдегі витаминді - минералды заттардың алмасуының бұзылуынан, қан айналымының бұзылуынан, аутоиммундық реакциялардан, аутотоксикациялардан және тағы басқа ішкі құбылыстардың өзгерулерінен болатын жарақаттаушы факторлар жатады. Сондай ақ эндогенді жарақаттаушы заттар азықпен асқазан – ішек қуысына түсуінің нәтижесінде де туындайды. Мұндай іштен зақымдаушы заттарға ішкі мүшелерге әртүрлі себептермен енген микроорганизмнің әрекеттерін және ағзаларда түзілген тастардың әсерін де жатқызуға болады.

Себептеріне қарай жарақаттар 5 түрге бөлінеді:

1)механикалық

2)физикалық

3)химиялық

4)биологиялық

5)жүйке-стресстік.

Биологиялық жарақат организмге вирустар, микробтар, зең саңырауқұлақтары, паразиттер еніп өсіп - өнгенде пайда болады. Сондай биологиялық жарақаттың біріне сепсисті жатқызуға болады.

Сепсис (латынша sepsіs — шіру, іріңдеу) — ірің микробтарымен залалданған қаннан дамитын ауру. Сепсистің негізгі қоздырғыштарына стафилакокк, стрептококк, менингококк, т.б. іріңдеткіш микроорганизмдер жатады. Сепсистің дамуында жергілікті іріңді ошақтың сипаты; сол жердегі бактериялардың саны және малдың иммундық жүйесінің әлсіреуі үлкен рөл атқарады. Көбінесе организмнің қабынуы мен іріңді жаралардың асқынуынан, ауыр операциядан, қан кетуден, қоректің жетіспеуінен, аурудан кейін организм әлсірегенде мал сепсиске ұшырайды. Сепсисте фагоцитоз процесі бұзылып, лейкоциттер сіңіріп алған микробтар жойылмастан жасуша ішінде көбейе бастайды. Лимфоциттер мен моноциттердің белсенділігі төмендеп, иммундық антиденелердің түзілуі бұзылады. Сепсистің орналасқан орнына қарай: терапевтік (өкпенің іріңді қабынуы); бадамша бездік (іріңді баспа); хирургиялық (шиқан шыққанда); гинекологиялық (ауруханадан тыс жасатқан аборттан кейін); урогендік (несеп жолдарындағы іріңді қабынулар); отогендік (іріңді отиттің асқынуы); кіндіктік (нәрестенің кіндігінің айналасындағы қабыну) түрлері бар. Егер инфекцияның қай жерден түскенін анықтай алмаса, оны криптогендік (жасырын) сепсис деп атайды. Сепсис кезінде науқастың дене қызуы 39 — 40С. Сепсисқа дейін көтеріледі, басы қатты ауырады, тамаққа тәбеті шаппайды, дел-салданады, кейде есінен танып сандырақтайды, ісінеді, жүрек соғуы жиілеп, тыныс алуы қиындайды.

Сепсистің кенеттен дамитын, жедел, жеделдеу және созылмалы (хрониосепсис) түрі болады. Жедел түрі 1 — 2, жеделдеуі 5 — 7 күнде өтеді. Клиникалық морфологиялық белгілеріне қарай: септицемия, септикопиемия, сепсистік эндокардит болып бөлінеді.


Септицемия — Сепсистің метастазсыз түрі. Бұл кезде көкбауыр үлкейіп, лимфа түйіндері ұлғаяды. Ішкі органдарда дистроф. өзгерістер, қабынулар байқалады.

Септикопиемия кезінде Сепсистік ошақтар өкпеде, бүйректерде, ми тінінде, жүректе басталады. Іріңді қабыну Сепсис ошағынан айналадағы тіндерге өтіп, іріңді плеврит, перикардит, перитонит дамиды.

Сепсистік эндокардит жүрек қақпақшаларынан басталады. Соның нәтижесінде некроз ошақтары пайда болады. Өзгерген қақпақшалар ыдырап, олардың бетінде тромбтар түзіледі. Тромбоз организмде инфаркт ошақтарының қалыптасуына жағдай туғызады. Кейбір жағдайда ішектің, аяқтың және терінің гангренасы дамуы мүмкін.

Емі: Қан уланғаннан кейін ең бірінші сепсисті емдеу үшін этиологиясын білу қажет. Антисептикалық ертінділермен жуып шаямыз, хирургиялық өңдеу жасау керек. Жараланған ұлпаны бактерицидтік байламдармен таңады.

• Сепсистің этиологиясын білу қажет, жергілікті хирургиялық инфекцияны емдеу қажет.

• Қанын тазалау керек.

• Қанға жануарлардың қан тобына сәйкес қанды құямыз.

• Физиологиялық ерітінді глюкозавенаға

• В витаминімен инъекция жасау керек.

• Организмде белок көбейту керек, азықтарды беру керек.Сепсис жануарлар мен мал арасында да жиі кездеседі.

Биологиялық жарақатты алдын алу үшін мал тұратын жерлерді зарарсыздандыру қажет.

Зарарсыздандыру (дезинфекция)–патогенді бактерияларды, вирустарды, риккетсияларды, саңырауқұлақтарды, қоршаған ортадағы токсиндерді жою.

Дезинфекциялаудың мақсаты – көбінде микроорганизмдердің патогенді (барлығын емес) түрлерін жою. Дезинфекцияның стерилизациядан айырмашылығы сол, стерилизация кезінде микробтардың барлық түрлері және олардың споралары да жойылады.

 

олданған әдебиеттер

1. Абишев Г. Травматизм сельхоз животных. Алматы. 1975.ПОӘК- 042-14-4-02.01.20.20\03-2010 Басылым № 1 64 – ші беттің65

2. Б.К Ілиясов. Алғашқы ветеринариялық жәрдем. Алматы. 2005.

3. К.Н. Қожанов. Жануарлардың ішкі жұқпалы емес аурулары. Алматы. 2008.

4. К.Н. Қожанов. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде.

Алматы. 2006.

5. С.Г. Меликсетян. Профилактика травматического ретикулита крупного

рогатого скота. Москва, 1968

 



<== предыдущая | следующая ==>
Текст №9 Лисья школа | Апаратний масаж Серагем





Date: 2016-07-25; view: 452; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию