Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ылмыстың объективтік жағы






Қылмыстық құрамның объективтік жағына қылмыстық-заң нормаларының диспозицияларында көрсетілген қылмыстық әрекеттердің сыртқы көріністерінің жиынтығы жатады.

Адам жасаған кез-келген актіде көптеген ішкі және сыртқы нышандар болады.

Нақты қылмыстық-жазаланатын әрекет әрқашанда өзінше ерекше болады. Біз адамның жай дене қозғалысын емес, оның саналы қызметін қарастыруымыз керек. Мұндай қызмет қандай да бір қылмыстық заң нормасына сәйкес келеді, егерде оның ойы, сезімі немесе көңіл-күйі емес, тек қимыл-өрекеті нақты көрініс тапса.

Қылмыстың нақты құрамының объективтік жағы қоғамға қауіпті және қылмыстық-заңға қарсы деп тану үшін, сондай-ақ оны қылмыстың аралас құрамдарынан бөлектеу үшін қажетті нышандардың ғана жиынтығын құрайды.

Мысалы, ұрлықтың объективтік жағы (ҚК-тің 175 бабы) — бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау; зорлау — күш қолдану арқылы жыныстық қатынас жасау, жәбірленушіні немесе басқа адамдарды қорқыту немесе жәбірленушінің дәрменсіздік жағдайын пайдалану (ҚК-тің 120 бабы); бұзақылық - қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық (ҚК-нің 257 бабы).

Қылмыстық құрамның объективтік жағы мыналарды қамтиды: әрекет немесе әрекетсіздік, қоғамға қауіпті зардап, әрекет немесе әрекетсіздік пен зардап арасындағы себептік байланыс, қылмыс жасалған уақыт, орын, жағдай, жасау тәсілі, құралы және қаруы.

Адамның өрекеті немесе өрекетсіздігі — кез-келген қылмыстық құрамның міндетті нышаны.

Қоғамға қауіпті салдар, себептік байланыс, қылмыс жасалған уақыт, орын, жағдай, жасау тәсілі, қаруы және құралы қылмыстық құрамның объективтік жағының факультативтік нышандары деп аталады, себебі олар қылмыстық-заң нормаларының диспозициясында көрсетілген жағдайда ғана міндеттілік ролін атқарады.

1.3 Қылмыстың субъективтік жағы

Қылмыстың субъективтік жағы дегеніміз — адамның өзі жасаған қылмыстық іс-әрекетке және оның зардабына психикалық қатынасы.

Сыртқы көріністі білдіретін қылмыстың объективтік жағына қарағанда субъективтік жақ қылмыстың ішкі мәнін білдіреді. Сонымен қатар қылмыстың объективтік және субъективтік жақтары өзара тығыз байланыста, олар қандай да бір тұтастық құрайды. Сондықтан да қылмыстың субъективтік жағын зерттеу қылмыстың тиісті құрамының объективтік жағына талдау жасау арқылы жүргізіледі.

Субъективтік жағына мыналар жатады: кіне, қылмыс жасаудағы себеп және мақсат.

Бұл нышандардың барлығы өз жиынтығында қылмыс жасаған адамның психикасында пайда болатын ішкі процесті сипаттайды, адамның санасы мен еркінің жасалған әрекетпен байланысын бейнелейді.

Бұл нышандардың әрқайсысының маңызы әртүрлі.

Кінә — қылмыстың кез келген құрамының субъективтік жағының міндетті нышаны. Кінәсіз қьшмыстың құрамы да болмайды, яғни қылмыстық жауаптылық жоқ.

Қылмыс жасаудағы себеп пен мақсаттың кінәдан айырмашылығы, олар бір құрамдар үшін міндетті болып табылса, екіншілер үшін — субъективтік жақтың факультативтік нышаны болады.

Қылмыстың субъективтік жақтарын — кінәнің, қылмыс жасаудағы себеп пен мақсат нысандарын дұрыс анықтаудың маңызы зор; ол қылмыстық іс-өрекетті қылмыстық еместен айырып алуға, қылмысты дәл саралауға, объективтік жағынан өте ұқсас құрамдарды бірінен-бірін ажыратуға, қылмыстық әрекет жасаған адамның қауіптілік дәрежесін анықтауға, жазаны жеке даралауға мүмкіндік береді.

 

Қылмыстың субъективтік жағының нышандары қылмыстық занда әрқалай ашылған.

Бұл нышандар, кей жағдайларда, заң мәтінінде тікелей көрсетіледі. Мысалы, ҚК-тің 103 бабында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру тікелей көрсетілсе, ҚК-тің 188 бабында бөтеннің мүлкін жойып немесе бүлдіріп ірі залал келтіру абайламаулық деп сипатталады. ҚК-тің 314 бабында қызметтік жалғандықтың қажетті нышаны ретінде бас пайда және басқа жеке мүдделілік аталған.

Бірақ көп жағдайларда қылмыстың субъективтік жағын сипаттайтын нышандар заңда тікелей көрсетілмеген. Мұндай жағдайларда тиісті нышандарға заңда әртүрлі түсініктеме беріліп, объективтік нышандарға талдау жасау арқылы анықталады. Мысалы, ұрлықтың құрамын анықтағанда (ҚК-тің 175 бабы) заң бөтеннің мүлкін жасырын ұрлауды сөз қылады. Бұл әрекеттің сипатынан туындайтын тұжырым - ұрлық қасақана және бас пайда үшін жасалынады.
Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мұқият зерттеу қажеттігі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумынъщ 1993 жылғы 24 маусымдағы «Жаза тағайындағанда соттардың заңдылықты сақтауы туралы» қаулысында көрсетілген: «Жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілік деңгейін анықтағанда сол нақты қылмыстық іс-әрекет жасалған барлық мән-жайлардың (кінәнің нысаны, қылмыс жасау себебі, әдісі, мән-жайы, кезеңі, келген зардаптың ауырлығы, әрбір қатысушының қылмысқа қатысу дәрежесі және сипаты, т.б. жиынтығына сүйену қажет».

Кінә ұғымы және кінәнің нысандары.

Қылмыстық заңның ең маңызды принципі - кінә болған жағдайда ғана жауаптылық белгілеу болып табылды.

Бұл принцип ҚК-тің 19 бабында анық тұжырымдалған. ҚК-тің 19 бабының бірінші бөлігіне сәйкес адам тек қоғамға қауіпті сол әрекеті (өрекетсіздігі) және содан келген қоғамға қауіпті зардап үшін ғана қылмыстық жауаптылық көтереді.
Адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келгенмен кінө дәлелденбесе, қылмыстық заң қылмыстық жауаптылықты болдырмайды.

ҚК-тің 19 бабының екінші бөлігінде объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді делінген.

Кінә - адамның саналы немесе абайсызда өзі жасаған қоғамға қауіпті әрекетіне және оның қоғамға қауіпті зардабына психикалық қатынасы.
Кінә әрқашанда саналы немесе абайсызда жасалған іс-әрекеттен туындайды.

ҚК-тің 19 бабының екінші бөлігіне сөйкес қасақана немесе абайсызда қылмыстық әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі болып танылады делінген.

Қылмыс жасаудағы кінә — объективтік шындықтың фактісі. Субъектінің кінөсі туралы тұжырымды сот іс бойынша жинақталған барлық дәлелдер негізінде жасайды.

Егер қылмыстық занда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет жасалынып, одан адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келсе немесе зиян келу қаупі туса ғана кінә жайында әңгіме қозғауға болады. Қылмыстық-заң ұғымы бойынша қылмыс жоқ жерде кінә де жоқ. Кінә — тек психологиялық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік-саяси да ұғым.

Кінәнің психологиялық мазмұны сонда — адам өзі жасаған әрекеттің іс жүзінде болғандығын және оның зардабын ұғынады немесе ұғынуға мүмкіндік алады.

Кінәнің әлеуметтік-саяси мағынасы сонда — өз әрекетінің және оның зардабының әлеуметтік маңыздылығын, яғни олардың қоғамға қауіптілік сипатын ұғынады немесе ұғынуға мүмкіндік алады.

Қылмыс жасаған адамның саналы-ерікті психикалық жағдайы дегеніміз адамның санасы мен еркінің өзі жасаған, қылмыстық заңца көзделген, әрекетке және оның зардаптарына қатынасы. Сана (интеллектуалдық жағдай) мен еріктің (еріктік жағдай) өзара жиынтығы кінәнің мазмұнын құрайды. Сонымен кінә екі жағдаймен — интеллектуалдық және еріктік жағдайлармен сипатталады. Интеллектуалдық жөне еріктік жағдайлардың әртүрлі ара қатынасы кінәні нысандарға, ал нысанның ішінде түрлерге бөлуге негіз болады.

Қылмыстық заңда кінәнің екі негізгі нысаны көзделген — ниетпен және абайсызда жасау (ҚК-тің 20 және 21 баптары). Өз кезегінде қасақана ниет тікелей және жанама болып, ал абайсыздық менмендікке және немкұрайдылыққа бөлінеді. Занда кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыс та қарастырылған (ҚК-тің 22 бабы).

 

Date: 2016-07-25; view: 1975; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию