Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жеке қасиеттерді бағалаудың таныстырмалы тапсырмалары

(тестілеу нәтижелері туралы мәлімет ұсынылмаған, себебі НҚА бойынша білімді бағалау процедурасы сияқты рұқсат маңыздылығы жоқ)

· Тапсырма. Ұсынылған сөздердің ортақ қасиетін көрсетіңіз: аға, құда, бажа, ата, күйеу бала

туысқан

отбасы

қауым

секта

жасақ

· Тапсырма. Жетпейтін санды анықтаңыз: 47, 38, 29, 10,…

· Тапсырма. Мәтін мазмұнындағы негізгі ойды анықтаңыз: «Отбасында жылы лебізді қарым-қатынас орнаған, барлығы бірін-бірі қолдайды және сөзсіз түсінеді»

жылы лебізді қарым-қатынас

қолдау

түсіністік

тату отбасы

барлығы дос

· Жағдай. Сіздің әріптесіңіз жинақы емес, әрекетін дұрыс ұйымдастыра алмайды. Мұндай мінез-құлықтың жұмысқа және оның нәтижесіне теріс әсерін тигізбес үшін, әріптесіңізге қандай кеңес берер едіңіз?

әріптесіңізді адамгершілік тұрғысынан қолдап, қолынан барлығы келетіні жайлы айтасыз

бір міндетті бірнеше міндетке бөліп орындауды ұсынасыз

шапшаң қызметкерлердің тәжірибесін қолдануды ұсынасыз

пысық болуға кеңес бересіз

жұмыстың қызықты жағын табуға кеңес бересіз

· Сұрақ. Ұсынылған әрекеттердің қай түрінде өзіңізді жинақы және ұйымдасқан сезінесіз?

қабылданған тәртіпті ұстанған кезде

әрбір жұмыс күннің талаптарын күнделікті ұстанған кезде

жоспар, нұсқаулар мен тапсырмаларды нақты орындаған кезде

әрекеттерді өздігінен жоспарлаған кезде

тұрақтылын пен сабырлылық танытқан кезде

· Жағдай. Сіздің жұмысыңыз әріптестеріңізден алынған нақты ақпаратқа тікелей байланысты. Әріптестеріңізден уақытылы дұрыс ақпарат алу үшін, сізге қандай тұлғалық қабілетіңізді көрсету керек?

бағалы ақпарат білетін әріптестермен жақсы қарым-қатынас орнату

әріптестерімді қызықтыратын түрлі тақырыпта әңгімелесу

барлық әріптестерімен сенімді қатынас орнату

харизма мен қарым-қатынасшыл қабілеттерімді көрсету

әріптестеріме жылы лебіз таныту

· Сұрақ. Ұсынылғанның қайсысы Сіздің ойыңызша, жұмыста оң нәтижеге жетуге жағдай туғызып, өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді?

әріптестерді және ақпаратты нақты түсіне алу

кәсіби сауаттылық

ақпарат мазмұнын нақты баяндау

толық кәсіби хабардар болу

әріптестермен қарым-қатынаста шынайылық, ашықтық, адалдық таныту

· Жағдай. Сізге жұмыста әрдайым адал, нақты және қызмет талаптарына сәйкес болу міндеті қойылған. Жұмыс берушінің үмітін ақтау үшін қандай әрекет жасау керексіз?

сенімділік және байсалдылықпен жұмыс істеу

қызмет бабында іскерлік таныту

жұмысқа шығармашылық тұрғыдан қарау және креативті шешімдер ұсыну

икемді болу, еңбек жағдайларына тез бейімделу

жұмыс нәтижелеріне жауап бере алу

· Жағдай. Әріптесіңіздің біреуі көшбасшылық сапаларын көрсетіп, бөлім көшбасшысы болуға ұмтылуда. Мұндай қызметкерді қандай қасиет бойынша тануға болады?

өзіңің жұмыс нәтижелерін және жұмыстағы кемшіліктерін түзету жолдарын басқаларға көрсететін қызметкер

ондай қызметкермен бірлескен жұмыстан рахат аламын

әрдайым дене және психикалық саулық күйін ұстанатын және әріптестер арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттайтын қызметкер

басшылықтың нұсқауларын орындауда мінсіздік танытатын және бұл әрекетін әріптестері арасында насихаттайтын қызметкер

· Сұрақ. Ұсынылғанның қайсысы Сізді инициативті адам ретінде сипаттайды?

мен әрдайым инициативті шешімдер мен идеялар ұсынамын

өзіндік стилім бойынша жұмыс жасаймын

жұмыстың стилі мен темпіне өздігімнен бейімделе аламын

жұмысқа әсер ететін жағдайларды әрдайым ескеріп отырамын

басшылықтың нұсқаулары мен тапсырмаларын орындауға әрдайым дайынмын

· Жағдай. Сізге мерекелік іс-шара ұйымдастыру мен өткізу міндеті жүктелді. Ұсынылған қабілеттердің қайсысын қолданар едіңіз?

 

мерекені жоспарлауда және ұйымдастыруда мамандармен ынтымақтастық орната алу

нұсқауларды орындауда инициативтілік пен қажырлылық, белсенділік таныта алу

іс-шара барысын қадағалау және басқара алу

қызметкерлерді қоғамдық белсенділік танытуға тарта алу

мерекелік іс-шараларды өздігінен ұйымдастыра алу

· Жағдай. Бөлімде шешімі кәсіби маңызды міндеттер шегінен шығатын конфликтілер болып жатады. Осы жағдайға байланысты басшылық ұжымның психологиялық жағдайына жағымды әсер ете алатын көшбасшыны таңдауды шешті. Ұжым көшбасшысын таңдауда қандай тұлғалық сапа маңызды болады деп ойлайсыз?

өзінің және әріптестерінің жұмысын қадағалай алу

әріптестеріне жағымды әсер ете алу

әріптестерін шабыттандыра алу

әріптестеріне өзінің жоспарлары мен идеяларын түсінікті жеткізе алу

ұжымдық жұмыстың нәтижесін көре алу және оларға жауап бере алуға дайын болу

· Жағдай. Бөлім басшылығы қызметкерлер арасында өзіне талап қоя алатын, жұмыс нәтижесіне жауапкершілік таныта алатын көшбасшы іздеуде. Қызметкердің мұндай көшбасшылық қабілеттерін қандай әрекет барысында байқауға болады?

барлық қатысушылардың қызығушылықтарын ескеруді қажет ететін әрекет барысында

нәтижесі адамдарға әсер ете алуына тәуелді әрекет барысында

объективті болуды және сын айтуды қажет ететін әрекет барысында

жауапкершілігі әрдайым жоғарылайтын әрекет барысында

өз пікірін білдіріп, оны қорғай алуды қажет ететін әрекет барысында

· Жағдай. Жедел шешім қабылдау жағдайында әрдайым жауапкершілікті өзіне алып, қызметкерлердің әрекеттерін түсіндіруге ұмтылатын әріптесіңізді байқадыңыз. Әріптесіңіздің мұндай әрекетін қалай бағалайсыз, оның бұл әрекетті жасауының себебі неде?

ол өз ісіне адал және мүмкіндігінше барлығын жасап көргеніне көз жеткізгісі келеді

ол жедел шешім қабылдау жағдайына бейімделе алады

ол жақсы орындаушы, не керектігін және қалай істеуді біледі

жұмыс нәтижесіне жауапты екенін түсінеді

жұмыстың қорытындысы жайлы уайымдайды

· Сұрақ.Сіздің әдептілігіңіздің көрсеткіші қай кезде байқалады?

әрдайым жағымды имиджді ұстану кезінде

әріптестерім мен қатарластарымның мойындауы кезінде

құқық бұзушылыққа шыдамдылық таныта алмау кезінде

әрдайым кәсібилілік таныту кезінде

кәсіби тапсырма мен нұсқауларды нақты орындау кезінде

· Жағдай. Сіздің әріптесіңіз демалыстан келіп, жұмысқа кірісе алмай жүр. Оның демалыста болған кезінде кейбір қызметкерлер жаңа бағдарламаны игерді. Әріптесіңіз ағымдағы жұмысты орындаудан бас тартып, жаңа бағдарламаны меңгеруге үйретуді талап етіп отыр. Мұндай әрекетінің себебін көрсетіңіз?

қызметкер бұл бөлімде жұмыс істегісі келмейді

қызметкер басшылық тарапынан дұрыс бағаланбаған

қызметкердің тапсырманы орындауға қызығушылығы жоқ

қызметкер өзінің маңыздылығын көрсеткісі келеді

қызметкердің жұмыстан тыс бос уақыты бар

· Жағдай. Басшылығыңыз бөлімнің жұмыс мақсаттарын нақтылай отырып, Сіздің алдыңызға бөлім қызметтерін жетілдіруге мүмкіндік туғызатын жаңа күрделі міндет қойды. Ең алдымен қандай әрекет жасайсыз?

перспективадағы әрекет нәтижелерін қарастырамын

аз операцияларды қолдану арқылы әрекеттерді оңтайландырамын

нәтижелі әрекеттерді ғана орындаймын

басшылық нұсқауларына жедел жауап қайтарамын

жүйелі, жоспарлы, рационалды әрекет етемін

· Жағдай. Егер сіз жұмыс барысында өз өміріне, қоғамға деген жағымсыз қатынасын білдіріп, өзіне ерекше назар аударуды қажет ететін қызмет алушыға кезіксеңіз, қандай әрекет жасайсыз?

эмоцияға берілмей, өз-өзімді ұстап сабырлы боламын

эмоционалды тұрғыда қызмет алушыны қолдап, сабырға шақырамын

қызмет алушыға өзімнің жауапкершілігімді көрсетемін

сенімділігімді, кәсіби сауаттылығымды көрсетемін

Қызмет алушы бойында өзіме деген сенімділік және қауіпсіздік туғызамын

· Сұрақ. Өз жұмысыңызға қандай жоғары баға бере аласыз?

бұл барлық бөлімге қажетті жұмыс

бұл бар жаныммен орындалған жұмыс

барлығы жұмыс нәтижесіне риза

ескерту жоқ, бәрі жақсы

сапалы орындалған жұмыс

· Жағдай. Сіз ашулы және өзіңізді түсінгісі келмейтін агрессивті адамға кезіктіңіз. Бұл жағдайда қандай әрекет етесіз?

бұл адамға баға бермеймін, өз-өзімді ұстаймын

бұл адаммен жолықпауға тырысамын

басқалардың (ата-ана, достар) кеңесіне жүгініп, әрекет етемін

бұл адамды елемеймін, назар аудармайын

өзіме жақсы қатынас тудыруға тырысамын, сенімділік ұялатамын

· Жағдай. Сіз жақындарынызды, барлық таныстарыңызды қызықтыратын құпия ақпаратты білесіз. Мұндай жағдайда қандай әрекет етесіз?

жақындарынымен барлық мәліметті бөлісу керек

құпияны жариялаудан бас тартамын

қылмыстық жауапкершілікке тартылу мүмкіндігі жайлы ескертемін

бұл жағдайды құқық қорғау органдарына баяндаймын

жұмыс және құпия ақпарат жайлы әңгімелесуден бас тартамын

· Жағдай. Әріптестеріңіздің біреуі діни ұйымдарға баратыны жайлы айтып жүргенін, тіпті сол діни ұйымның идеялары мен нанымдары жайлы жиналысқа қатысуды ұсынғанын байқадыңыз. Бұл жағдайда қандай әрекет жасайсыз?

жағымсыз пікіріңізді білдіресіз

бұл адамды түсіністікпен тыңдайсыз

бұл ақпаратты насихаттаудың арнайы орындары барын ескертесіз

адамдарға үгіт-насихат айтасыз

жиналыс өтетін орынның мекен-жайын аласыз

· Жағдай. Бөлім басшысы Сізге әдеп нормасын бұзып, компромисске баруыңызды (тікелей және жанама түрде) бұйырып отыр. Бұл жағдайда не істейсіз?

басшылықпен компромисс жағдайларын талқылаймын

басшы бұйрығын елемеймін

болашақтағы өзара жұмыс үшін компромисске барамын

басшылық әрекеті жайлы әріптестеріме хабарлаймын, қолдау сұраймын

әкімшілікке және құқық қорғау органдарына басшылық әрекеті жайлы хабардар етемін

· Сұрақ. Өзінің ата-тегін білмегендіктен уайымдап, қорқыныш сезініп жүрген, басқаларға күмәндана қарайтын, біреуге сене алмайтын адамға қандай кеңес бере аласыз?

қоғамдық іс-шараларға қатысуға кеңес беремін

өзі таңдай алатын қасиетті кітаптарда немесе конституцияда жазылғандай өмір сүруге кеңес беремін

адамдарға деген сенімін жоғарылатып, оны қолдай алатын адамдарды табуға кеңес беремін

үйде және жұмысындағы адамдар сияқты өмір сүруге кеңес беремін

мұңаймай, мақсат қойып, сол мақсатқа жетуге кеңес беремін

 


<== предыдущая | следующая ==>
Рекомендуемые превентивные мероприятия | Анализ развития компоновок карьерных автомобилей-самосвалов

Date: 2016-07-22; view: 1498; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию