Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тұрғындарды Манту сынамасымен жаппай тексеруді жүргізгенде аталғантуберкулиннің түрлерінің қайсысын қолданылады? 14 page





Қандай алдын ала қойылатын диагноз дұрыс?

*Гийена-Барре синдромы

*Бүйірлі амиотрофиялық склероз

*+Вибрационды ауру

*Полиомиелит

*Сәулелік ауру

!37 жастағы ер кісі, естудің төмендеуіне, сыбырлаған сөздерді нашар естиді, сөйлесу кезіндегі жақсы қабылдаумен, кезеңдік бас ауруына, бас айналуына шағымданып қаралды. 9 жыл бойы авиационды моторист болып жұмыс жасайды. Қарап тексергенде: естудің әлсіз төмендеуі, сыбырлау сөздерін екі метрлік аралықтан қабылдайды. Басқа бұзылыстар анықталмады.

Қандай алдын алу диагнозы дұрыс?

*+Кохлеарлы неврит

*Меньер ауруы

*Миелит

*Энцефаломиелит

*Омыртқаның мойын бөлімінің остеохондрозы

!63 жастағы ер кісі. Ертеңгісін ұйқыдан кейін, бас айналуы мен сол қолы мен аяғындағы әлсіздікті сезінген. Әлсіздік үдеген және үш күн аралығында сол аяқ қолының салдануы пайда болған, сонымен қатар оң көзімен көруі нашарланған. Объективті: АҚ 110/70 мм сын. бағ. Пульс жүйелі минутына 80 соққы, толуы мен қуаты қанағаттанарлық. Жүрек үндері көмескі. Оң жақ ұйқы артериясының соққысы төмендеген. Сол жақ мұрын ерін қатпары тегістелген, тілін сыртөа шығарғанда солға қисайған. Сол жағының аяқ қолының белсенді қимылы шектелген, ондағы білектің бүгілу және жіліншіктің жазылу бұлшықеттерінің тонусы жоғарылаған. Сол жақты Бабинский патологиялық рефлексі шақырылады.

Қандай топикалық диагноз дқрыс?

*Мидың сол жақ жарты шары зақымданған және оң көру нерві

*Ми қабықтары зақымдалған

*Екі жарты шар да зақымдалған және сол жақ көру нерві

*+Бас миының оң жақ жарты шары зақымдалған және оң көру нерві

*Бас миының қытысы зақымдалған

!Науқас 25 жаста, ағаш кесуші. Көктемде орманда жұмыс жасап жүріп, кене шағуына жол беріп, оған мән бермеген. 10 күннен кейін кенеттен бас ауруы, жүрек айнуы, құсу пайда болған. Дене қызуының 39°жоғарылауы, қалтырау, мойын аймағында ауру сезімі пайда болған. Тұмауратқан науқас ретінде амбулаторлық жағдайда ем қабылдаған. Науқастың жағдайы нашарлаған және 2—3 күннен кейін қолында және мойын бұлшықетінде әлсіздік пайда болған. Неврологиялық статусында: мойын және қол бұлшықеттерінің әлсіз салдануы.

Қандай алдын ала қойылатын диагноз дұрыс?

*Масалық энцефалит

*Экономо энцефалиті

*+Кенелік энцефалит

*Тұмаулық энцефалит

*Шильдер лейкоэнцефалиті

!33 жастағы әйел кісі оң жақ білегіндегі күйдіретін сипаттағы ауру сезіміне, жұмыс кезінде оның күшеюіне шағымданып қаралды. Жоғарыда айтылған шағымдар 2-3 апта аралығында мазалайды. Қарап тексеруде: бұлшықет және оның беку орны ауру сезімімен, ісінуі анықталады, крепитациясы, оң иық буынының қимылы шектелген.

Қандай алдын ала қойылатын диагноз дұрыс?

*Бүйірлі амиотрофиялық склероз

*+Миозит

*Миастения

*Плексит

*Миелит

!46 жастағы ер кісі. Соңғы 1,5 жыл бойы қолындағы ауру сезімі және парестезиялар, жалпы жүдеу, кезеңдік бас ауруы, бас айналуы, ашуланшақтығы мазалайды. Көңіл күйі кешке қарай нашарлайды. 10 жыл аралығында құрылыста бетонщик болып жұмыс жасайды. Қарау кезінде: қолындағы беткей және терең сезімталдықтың төмендеуі, сіңірлік рефлекстердің төмендеуі анықталады. Ромберг қалпында теңселу.


Қандай алдын ала қоятын диагноз ең ықтимал?

*Миастения

*+Вибрационды ауру

*Паркинсонизм

*Полинейропатия

*Гиена-Барре синдромы

!38 жастағы әйел кісі лет, жедел ауырды, тұмаудан кейін сол төменгі жақ аймағындағы ауру сезімі пайда болды, ұстама тәрізді сипатта, ұзақтығы 2-3 сек. Ұстамалар сөйлеу кезінде, түшкіргенде, шайнау және жуынғанда күшейеді.

Неврологиялық статусында: ауру сезімі оң жақты V нервтің III бұтағының шығу нүктесінде, курковая зона сол жақты ауыз бұрышында. Басқа неврологиялық симптоматика жоқ. Көз түбі патологиясыз. Бас миының МРТ патологиясыз.

Қандай препарат тағайындау ең ықтимал?

*Циклодол

*Клоназепам

*+Финлепсин

*Глицин

*Фенозепам

!42 жастағы әйел кісі, жедел ауырды, суықтанудан кейін беті қисайған, оң көзін жұму мүмкін емес, оң жақ құлақ артындағы аймақта ауру сезімі пайда болған.

Неврологиялық статусында: оң жақ маңдай қатпары тегістелген, лагофтальм, Белла симптомы, оң көзінен жас ағу, оң жақ бетінің жартысында қимыл шектелген (маңдай, қас, жақтары),оң ауыз бұрышы түскен, ауыз ақсайту кезінде оң ауыз бұрышы қимылсыз.

Қандай препарат тағайындау бірінші кезекте?

*Антибиотиктер

*+Кортикостероидтар

*Тамырлық

*Вирусқа қарсы

*Диуретиктер

!25 жастағы ер кісі. Өткерген отиттан кйін, беті қисайған, сол жақ құлақ арты аймағында ауру сезімі пайда болған. Ертеде ештеңемен ауырмаған.

Неврологиялық статусында: сол жақ маңдай қатпары тегістелген, көз қатпары S>D, сол жақ ауыз бұрышы түскен, аузын ақсайту кезінде ауыз бұрышы қимылсыз, сол көзінен жас ағады. Басқа неврологиялық симптоматика анықталмады.

Лайықты емді тағайындаңыз.

Қандай препарат тағайындау лайықты?

*Финлепсин

*Пирацетам

*Маннитол

*+Дексаметазон

*Мексидол

!27 жастағы ер кісі, клиникаға сол бетінің жартысының ұстама тәрізді ауру сезіміне шағымданып түсті. Ауру сезімі кенеттен, күйдіретін, ұстаманың ұзақтыңы бірнеше секундтан минутқа дейін. Ауру сезімі сол жақ жоғарғы ерін аймаңынан басталады, шайнаумен, жуынғанда, қырынғанда күшейеді. Ауру сезімі гиперемиямен, сол жақты жас ағумен жүреді.

Қандай препарат тағайындау бірінші кезекте?

*Актовегин

*+Карбамазепин

*Тиамин

*Церебролизин

*Милдронат

!56 жастағы ер кісі, кенеттен эмоциональды жүктемеден кейін оң аяқ қолындағы әлсіздікті және жансыздануды, сөйлеудің қиындауын сезінді. Көп жылдар бойы артериальды қысымның жоғарғы сандарымен жүретін гипертониялық аурумен ауырады.


Неврологиялық статусында: моторлы афазия элементтері, оң жақты мұрын ерін қатпары тегістелген, тілі оң жаққа қисайған, жеңіл оң жақты гемипарез. Барлық көрсетілген белгілер үш сағаттың ішінде шешілген.

Қандай тактика жүргізу дұрыс?

*Жоспарлы түрде стационарға госпитализация

*+ Шұғыл түрде стационарға госпитализация

*Амбулаторлы жағдайда ем алу

*Хирургиялық ем

*Жоспарлы түрде поликлиникаға қаралу

!57 жастағы ер кісі ертеңгісін кенеттен артериальды қысымның 150/100 мм рт.ст. жоғарылау фонында пайда болған қатты бас ауруына, құсуға, оң аяқ қолының жансыздануына және ілсіздігіне, сөйлеудің бұзылуына шағымданады. Объективті АҚ- 200/115 мм рт. ст., пульс – минутына 94 соққы. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі 3 көлденең саусақпен, Керниг және Брудзинский симптомдары екі жақты. Бет және оң жақты тіл мимикалық бұлшықеттерінің орталық салдануы, тонусы мен рефлекстердің жоғарылауымен оң жақты гемиплегия және гемигипестезия.

Қандай препарат тағайындау ең лайықты?

*+Сульфат магния

*гепарин

*Аспирин

*теофиллин

*Пентоксифиллин

!33 жастағы ер кісі, қатты бас ауруына, бас айналуы шағымдарымен жеткізілді. Қарау кезінде: шүйде бұлышқеттірінің ригидтілігі, Керниг симптомы, жалып интоксикация көріністері, қандағы Вассерман реакциясы оң, ликворда лимфоцитарлы плеоцитоз.

Бұл жағдайда қандай емдік тактика ең лайықты?

*Преднизолон

*Изониазид

*Грамицидин

*+Пенициллин

*Тетрациклин

!40 жастағы әйел кісі, кенеттен ауырды, өткерген тонзиллиттан кейін, толқын тәрізді қызба, петехиальды бөртпе, мұрнынан қан ағу, жалпы улану көріністері, буындарындағы ауру сезімі мазалаған. Неврологиялық статусында: есінде, сұрақтарға әлсіз жауап береді. Горизонтальды нистагм. Бұлшықет тонусы төмендеген. Гипергидроз түріндегі айқын вегетативті бұзылыстар, аяқ қолдың акроцианозы. Райт-Хеддельсон реакциясы оң нәтижелі.


Қандай препарат тағайындаған бірінші ретті болып табылады?

*Преднизолон

*+Рифампици

*Изониазид

*Маннитол

*Тиамин

!34 жасар ер кісі, дене қызуының 37,5° градусқа жоғарылауымен, айқын бас ауруына, бас айналуына, тәбетінің төмендеуі, ұйқысының бұзылуына шағымданып қаралды. Симптомдар 2 апта ағымында пайда болды және біртіндеп күшейді. Неврологиялық статусында: сол жақты айқаспалы қылилық, сол жаққа қарағандағы диплопия, шүйде бұлшықетінің ригидтілігі 3см, Керниг симптомы 120°градуспен, аяқ қолдың салданулары жоқ.

Осы жағдайда қандай емдік тактика ең лайықты?

*Терапевтикалық бөлімшеге жатқызу.

*Пульмонологиялық бөлімшеге жатқызу.

*+Арнайы емдік мекемеге жатқызу.

*Емді амбулаторлы жүргізу

*Инфекционды ауруханаға жатқызу

!43 жастағы ер кісіде, толық дені сау фонда дене қызуының 38° градусқа жоғарылауы, бас ауруы және құсу, көз алмасында ауру сезімі пайда болды.

Неврологиялық статусында: қарашықтары D=S, Манн-Гуревич симптомы оң, шүйде бұлшықетінің ригидтілігі 2 см, Керниг симптомы 120°градуспен, ошақты неврологиялық симптоматика анықталмады.

Қандай терапия тағайындау бірінші кезекте болып табылады?

*+Вирусқа қарсы терапия

*Дегидратационды терапия

*Гипотензивті терапия

*Антибактериальды теапия

*Антигистаминдітерапия

!33 жастағы ер кісі жұмысқа барар жолда, жығылып, құлады, желкесімен бордюрға басын соғып алды. Есін бірнеше секундқа жоғалтқан, өздігінен тұрып, жұмысқа жеткен, жұмысында бір сағаттан кейін қатты бас ауруы, бас айналуы және жүрек айнуы пайда болған. Медпунктке қаралды. Қарау кезінде: жұмсақ тіндердің жарақаттары жоқ. Пульсі ритмді, мин 82 соққы., АҚ—110/70 мм.рт.ст. Есі анық. Өзін ұстауы дұрыс. Есте сақтауы сақталған. Менингеальды және ошақты неврологиялық симптомдар жоқ. Қандай диагностикалық әдіс бірінші ретте тағайындалады?

*Люмбальды пункция

*Ульразвуковая доплерография

*+Компьютерная томография

*Допплерография

*Реоэнцефалография

!Комадағы Глазго шкаласы келесі критерийлер бойынша баға береді:

*Көздерді ашу, қозғалу реакциялары

*Қозғалу реакциялары, сөздік жауап

*Көздерді ашу, сезімталдыққа проба, сөздік жауап

*+ Көздерді ашу, қозғалу реакциялары, сөздік жауап

*Көздерді ашу, мишық сынамалары, сөздік жауап

!Қабылдау бөліміне туыстарымен 37 жастағы науқас ессіз жағдайда келіп түсті. Айтулары бойынша, көп жыл бойы ішімдікті шамадан тыс қолданады, бүгін бір сағат көлемінде науқаста 5 эпиұстама болған, науқас есін жинамаған.

Науқасты жүргізу тактикасы қандай?

*Неврологиялықбөлімшеге госпитализация

*Психиатриялықбөлімшегегоспитализация

*+ПИТ- ке госпитализация

*Нейрохирургиялықбөлімшегегоспитализация

*Наркологиялық бөлімшегегоспитализация

!Науқаста оң жаққа қарағанда горизонтальды нистагм, оң жақта мұрын саусақ сынамасында интенционды тремор, мегалография, скандирленген сөйлеу. Патологиялық ошақ қайда орналасқан?

*Мишық құртшасының оң жақ бөлігінде

*Мишық құртшасының сол жақ бөлігінде

*+Мишықтың оң жақ жарты шарында

*Мишықтың сол жақ жарты шарында

*Ішкі капсулада

!Науқас П.,56 жаста,тракторист, сол жақ қолға берілетін мойын аймағындағы ауырсынуға шағымданады.Анамнезінде:мойын аймағындағы ауырсыну 3 жыл бойы мазалаған.Соңғы 3 айда жағдайы нашарлаған.Ауырсыну сол жақ қолға беріліп,басын қозғалтқанда ауырсыну күшейген.Қарап тексергенде:С2-С3 омыртқаларының қылқанды өсінділерінің ауырсынуы,корпорадиальды рефлекс төмендеген,иықтың алдыңғы сызығы бойынша жолақ түріндегі гипестезия,шынтаққа және 5 саусаққа дейін созылған.Клиникалық диагноз қойыңыз:

*+Мойындық остеохондроз,C8 түбіршелік синдром

*Мойындық остеохондроз,C6 түбіршелік синдром

*Мойындық остеохондроз,кіші кеуде бұлшықеттік синдромы

*Мойындық остеохондроз, иықжауырындық периартроз

*Мойындық остеохондроз,алдыңғы сатылы бұлшықеттік синдром

!Науқас, 50 жас,беттің оң жақ бөлігіндегі ұстама тәрізді ауырсыну шағымымен келіп түсті.Ауырсыну кенеттен пайда болады және өткір,кеселіген тәрізді сипатта,10-15 секундқа созылады.Ауырсыну ұстамасы сөйлеу,шайнау және жұтыну кезінде пайда болады.Ауырсыну ұстамасы кезінде бетін тері жабындыларының қызаруымен мимикалық бұлшықеттерінің спазмы байқалады.Ұстамадан тыс уақытта инфраорбитальды нүктенің ауырсынуы,оң жақ жоғарғы жақ аймағының гиперстезиясы.Науқасқа қандай топтағы препаратты тағайындау керек және неге?

*Антибиотиктер, қабынуға байланысты

*Антиоксиданттар,ишемия аймағы бар

*Тырысуға қарсы препараттар,эпиприпадканың болуына жоғары мүмкіндік

*+Тырысуға қарсы препараттар,невропатиялық ауырсыну орыны бар

*Спазмолитиктер,негізгі патогенезі спазмға байланысты болуы

!Науқас 20 жаста, стационарға аяқтарының әлсіздігіне, көруідің нашарлауына - кітап оқығанда әріптер екі еселенеді, оң жақ бетінің ұйып қалуына шағымданып түсті. Анамнезінен: жиі ЖРВИ. Обьективті: есі анық, контактіге түседі. БМН: қарашық OD=OS, фотореакциялар сақталған,көзин сыртқа қарауды өтингенде екі жақтада мұрынға қарай бағытталу анықталмайды, аккомодация мен конвергенция бұзылмаған, оң жақта горизонтальды крупноразмашистый нистагм. Оң жақ бет бөлігінде сезімталдық төмендеген. Аяқтарындағы бұлшықет күші 3 балл, тонустары төмендеген, қолдарында- анықталады D=S, аяқтарында- жоғары. Екі жақтан да Бабинский, Россолимо, Шеффер симптомдары оң. Аяқтарында терең сезімталдық төмендеген. Абдоминальды рефлекстер-анықталмайды. Ромберг кейпінде аздап теңселу. Классификациясы бойынша диагнозын анықтаңыз.

*+Шашыранды склероз,ремиссия ағымы, алдыңғы екі жақты интернуклеарлы офтальмоплегия, диссоциациялы клиникалық синдромы, әлсіз спастикалық парапарез.

*Шашыранды склероз, интермиттирленген ағымда, алдыңғы екі жақты интернуклеарлы офтальмоплегия, диссоциациялы клиникалық синдромы, әлсіз спастикалық парапарез.

*Шашыранды склероз, біріншілік-прогредиентті ағым, алдыңғы екі жақты интернуклеарлы офтальмоплегия, диссоциациялы клиникалық синдромы, әлсіз спастикалық парапарез.

*Шашыранды склероз, екіншілік-прогредиентті ағым, алдыңғы екі жақты интернуклеарлы офтальмоплегия, диссоциациялы клиникалық синдромы, терең спастикалық парапарез.

*Шашыранды склероз, прогрессирленген ағым, артқы монокулярлы интернуклеарлы офтальмоплегия, диссоциациялы клиникалық синдромы, әлсіз спастикалық парапарез.

!Шашыранды склерозбен ауыратын науқаста жұлын-ми сұйықтығының көріністері?

*Жасушалы-ақуызды диссоциация

*+Гамма глобулиндер деңгейінің жоғарлауы

*Нейтрофильді плеоцитоз

*Лимфоцитарлы плеоцитоз

*Лайлы

!25 жатағы ер адам бас ауыруына және дене температурасының 37,5° С соңғы екі күн ішінде көтерілуіне шағымданады. Ауырардан бұрын өзін толық саумын деп санаған. Тексергенде: есі анық, бағыт-бағдары сақталған, желке бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг симптомы екі жақтан оң, басқа неврологиялық бұзылыстар жоқ. Диагностикалық мақсатта люмбальды пункция жүргізілген. Цереброспинальды сұйықтықты зеррттеу барысында мкл да 150 клетка лимфоцит анықталған, белок — 0,65 г/л, глюкоза қалыпты. Болжам диагнозы:

*Менингококкты менингит

*Пневмококкты менингит

*Іріңді менингит

*+Серозды менингит

*Ревматикалық менингит

{Дұрыс жауап}= D

$$$0029

Науқаста келесі симптомдар байқалады: бұлшықет тонусының төмендеуі, еркінен тыс ретсіз қозғалыстар, бір бірімен алмасып отыратын. Науқас бірде көзін жұмады, бірде тілін шығарады, бірде қолын лақтырады, бірде жұлқынады, түрін бұзады, бұл тән:

*Тик

*Паркинсонизм

*Атетоз

*+Хорея

*Гемибаллизм

!3 жастағы балада тексеру барысында аяқтары тізе буынында жазылған, бүгілуі қиындаған, жүру кезінде аяқтары айқасады, сіңір рефлекстрі жоғарылаған. Осы науқастың жүрісі қай патологиялық жүріске жатқызылады және неліктен?

*Штамптелген, терең сезімталдықтың жоғалу салдарынан вследствие выпадения глубокой чувствительности

*Гемипаретикалық, сол жақтан бұлшық ет күшінің әлсіреуінен

*Қуыршақ жүрісі, дофамин жеткіліксіздігінен

*Атактиялық, мишықтың зақымдану салдарынан

*+Спастико-паретикалық, аяқ бұлшықетінің тонусының жоғары болу салдарынан

!Науқас 23 жаста, аяқ-қолдарының әлсіздігіне, қол білезіктері және табандары ұйуына, жүргенде теңселетініне шағымданады. Науқастың айтуы бойынша екі апта бұрын грипп тәрізді жағдай болған. Тексергенде аяқ қолдарының бұлшықет тонустары төмендеген, білезік және табан бұлшықет күштері 1 баллға дейін төмендеген, «шұлық және қолғап» тәрізді сезімталдықтың төмендеуі, карпорадиальды және ахилл рефлекстері анықталмайды, аяқ қолдарының терісі өзгерген. Ликвор түссіз, мөлдір, цитоз 10 лимфоцит, белок- 20 гр/л. Қандай ем тағайындаймыз және не себепті?

*Церебролизин, себебі ишемия

*Прозерин, себебі аутоиммунды процесс

*Кавинтон, себебі ісіну және бейспецификалық қабыну

*Преднизолон, себебі ісіну және бейспецификалық қабыну

*+Плазмаферез, себебі аутоиммунды процесс.

!Науқас Т 18 жаста. Жедел ауырған. Тексергенде: жалпы жағдайы ауыр, есі күңгірттенген, бір жақ қырынан басы мен аяғы ішіне қарай бүгілген. Кеудесінде, ішінде, арқасында, аяқ қолдарында көптеген жұлдызша тәрізді геморрагиялық бөртпелері бар, балтыр және тізе аймағында бірігіп гемморрагия мөлшері 2 см ге дейін жетеді. Желке бұлшықеттерінің ригидтілігі мен Керниг симптомы бірден білінеді. Қан анализінде: Л - 1 мкл да 18000, ЭТЖ – 40 мм/сағ. Люмбальды пункцияда: лайлы сұйықтық, нейтрофильді плеоцитоз - 1 мм клеткада 442, белок - 1,32, қант- 0,99 г/л, хлоридтер – 122 ммоль/л. Науқасқа қандай топтағы антибиотиктер тобын тағайындаймыз және неге?

*Пенициллиндер, себебі тез регрессия симптомына әкелетін айқын бактерицидті әсер көрсетеді.

*Пенициллиндер, себебі эндотоксин босауын алдын алуына бактериостатикалық әсер көрсетеді

*Левомецитиндер, себебі тез регрессия симптомына әкелетін айқын бактерицидті әсер көрсетеді.

*Левомецитиндер, себебі эндотоксин босауын алдын алуына бактериостатикалық әсер көрсетеді

*Цефалоспориндер, себебі тез регрессия симптомына әкелетін айқын бактерицидті әсер көрсетеді.

!Мына жүйке зақымданғанда амавроз дамиды:

*Көру трактысы

*Иіс сезу трактысы

*Көру төмпешігі

*+Көру нервісі

*Ішкі капсула

!Қарашықтардың әр түрлі болуы аталады:

*Миоз

*+Анизокория

*Мидриаз

*Амблиопия

*Амавроз

!68 жастағы әйел адамда ми инсульты дамыды. Неврологиялық статуста: оң жақты гемиплегия, гемианестезия және гемианопсия. Патологиялық ошақ қайда орналасқан:

*Маңдай бөлігі сол жақтан

*Маңдай бөлігі оң жақтан

*+Ішкі капсула сол жақтан

*Ішкі капсула оң жақтан

*Ми бағаны

!Науқаста дерттің нәтижесінде жүрген кезде атаксия, саусақ-мұрын және тізе-өкше сынамасын жасағанда интенционды тремор, оңға қарағанда нистагм пайда болды. Бұл клиника оң жақтан айқын көрінеді. Ромберг позасында науқас оңға құлайды. Патологиялық ошақ орнын көрсет:

*Мишық құрты

*Мишықтың сол жақ шар жартысы

*+Мишықтың оң жақ шар жартысы

*Мищықтың жоғарғы аяқшалары

*Мищықтың төменгі аяқшалары

!Науқаста кенеттен басының ауру сезімі, құсу, жүрек айну симптомдары пайда болды. Объективті тексергенде: горизонтальді нистагм, солға қарағанда айқын, сол жақтан адиадохокинез, скандирленген сөйлеу, атаксия, Ромберг позасында солға құлайды. Зақымданған ошақ аймағын тап:

*+Мишықтың сол жақ жарты шары

*Мишықтың жоғарғы аяқшалары

*Мишықтың төменгі аяқшалары

*Мишықтың оң жақ жарты шары

*Мишық құрты

!42 жасар ер адам, 3 жыл бұрын бас-ми жарақатын алды. Жүрісінің бұзылуына, оң жақ қол мен аяғының қозғалыстарының бұзылысына шағымданады. Қарағанда – орталық тип бойынша оң жақты пирамидалы жетіспеушілік, координаторлы сынамаларды сол жақтан интенциямен жүргізеді, адиадохокинез сол жақтан, сол жақтан бұлщықет гипотониясы. Зақымданған құрылымдарды көрсет:

*Жұлын-церебелярлы жол сол жақтан, руброспинальды оң жақтан

*Алдыңғы ортаңғы иірім сол жақтан, сол жақты маңдай-мишықты жол

*Алдыңғы ортаңғы иірім оң жақтан, оң жақты маңдай-мишықты жол

*Жұлын-церебелярлы жол оң жақтан, руброспинальды сол жақтан

*+Алдыңғы ортаңғы иірім сол жақтан, мишықтың сол жақ жарты шары

!Науқаста атаксия, оң жақтан интенционный тремор, адиадохокинез, горизонтальды нистагм. Зақымдану ошақ қайда орналасқан:

*Мишық құрты

*Оң жақ ми аяқшасы

*Мишықтың сол жақ жарты шары

*+Мишықтың оң жақ жарты шары

*Сол жақ алдыңғы ортаңғы иірім

!Гипертониялық аурумен ауыратын 54 жасар ер адамда кенеттен сөйлеу қабілетінің бұзылуы байқалды. Оған айтқан сөзді түсінеді, қарапайым инструкцияларды орындайды, экспрессивті сөйлеу қабілеті тежелген. Қандай аймақ зақымданған:

*+Брок аймағы

*Вернике аймағы

*Шетүстілік иірім

*Аралшық

*Супрамаргинальды иірім

!48 жасар ер адам, оң жақ шайнау бұлшықеттерінің әлсіздігіне шағымданады. 1 жыл көлемінде ауырады. Объективті: ауызын ашқанда төменгі жақ оң жаққа ығысады. Оң жақ шайнау бұлшықеттерінің гипотрофиясы және гипотониясы. Төменгі жақ рефлекстері оң жақтан төмендеген. Сезімталдық бетте сақталған. Патологиялық процесстің орналасқан жері:







Date: 2016-07-05; view: 427; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.055 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию