Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Информатика» пәнінен оқу бағдарламасы





(жаратылыстану-математикалық бағыт)

 

1. Түсінік хат

1. «Информатика» оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Профильді 10-11 сыныптарда информатиканы оқыту мақсаты қазіргі кездегі визуалды программалау технологиялары мен ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін меңгеру, сонымен қатар осы құралдармен жұмыс істеу дағдысын алу болып табылады.

3. Оқыту міндеттері:

1) қажетті нақты міндеттерді шешу үшін визуалды программалау және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, бастапқы теориялық білім мазмұның қалыптастыру;

2) визуалды программалау және мәтіндік, сандық, графикалық және дыбыстық ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялар құралдарымен жұмыс істеуге дағдыландыру;

3) дербес компьютердің жұмыс істеу тиімділігін арттыру үшін қызметтік программаларды қолдана білу;

4) ақпараттық іс-әрекеттің этикалық және құқықтық нормаларын сақтауда жауапты қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

4. Информатиканы оқытуда жобалау әдісіне ерекше назар аударған жөн, өйткені ол информатика курсына тікелей қызығушылықты көтеруді тудырады. Жобалау технологияларын қолдану информатика пәні бойынша ғана оқу сапасын көтеріп қоймайды, пәнаралық байланысты жасайды және жоба даярланып жатқан мектеп пәнін оқыту тиімділігін жоғарылатады.

5. «Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

10 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

11 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

6. Информатика курсын оқыту үдерісінде әртүрлі оқу пәндерімен пәнаралық байланыс жүреді.

7. «Алгебра және анализ бастамалары» пәнімен пәнаралық байланыс:

1) визуалды программалау құралдарын қолданып қосымшаларды құруда әртүрлі сандық деректерді қолдану;

2) жоғары деңгейдегі программалау тілдерінде есеп шығаруда математикалық формулалар мен функцияларды қолдану;

3) координаталық жүйелерін қолданып объект-модельдерді жасау;

4) шама ұғымы математика пәнінің шамалары негізінде және салыстырмалы түрде оқытылады.

8. «Геометрия» пәнімен пәнаралық байланыс:

1) компьютерлік графиканы қолданып 3-D объектілерді жасау;

2) координаталық жүйелер, проекциялар және олардың компьютерлік графика мен модельдеуде қолданылуы;

3) геометриялық шамаларды есептеу.

9. «Физика» пәнімен пәнаралық байланыс:

1) ақпараттық технологияларды және программалау тілдерін пайдалана отырып, физикалық үдерістерді қарастыру;

2) проекция және векторларды компьютерлік графика және модельдеуде қолдану;

3) физикалық үрдістерді модельдеу.

10. «Химия» пәнімен пәнаралық байланыс:

1) мектеп қабырғасындағы оқыту үрдісінде орындалатын аталған пән аймағында жобаларды құру;

2) визуалды программалау ортасы арқылы химиялық үдерістерді модельдеу.

11. «Қазақ, орыс және шетел тілдері» пәндерімен пәнаралық байланыс:

1) жобалық іс-әрекеттерді орындағанда орфография және пунктуация ережелерін пайдалану;

2) информатика және ақпараттық технологиялар саласының терминдерімен сөз қорының байыту, оның ішінде халықаралық терминдерімен;

3) программалау тілдерінің синтаксисін түсіну, компьютерлік терминологияны меңгеру;

4) телекоммуникациялық ресурстар шетел тілін оқудағы құрал ретінде қарау.

12. «Әдебиет» пәнімен пәнаралық байланыс:

оқушылар сахнада сөйлеудің жоспары мен хронометражын құра білу.

13. «География» пәнімен пәнаралық байланыс:

экономика мен географияны оқып үйренуде деректер қорын қолдау құралы ретінде жасау.

14. «Биология» пәнімен пәнаралық байланыс:

объектілердің «жанды» графикалық бейнелерін визуалды өнімге, Web-беттерге орналастыру үшін қалыптастыру.

15. «Тарих» пәнімен пәнаралық байланыс:

1) әлемде және Қазақстан Республикасының болып жатқан тарихи жағдайларды программалау тілдерін дамытудың үдерісімен салыстыру;

2) 3-D модельдеу және анимация шығу тарихының алғы шарттары.

16. «Адам. Қоғам. Құқық» пәнімен пәнаралық байланыс:

ақпаратпен жұмыс істеу саласында Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу.

 

Сынып

Жаратылыстану-математика бағыты (барлығы 34 сағ, аптасына 1 сағ)

Тақырыптар атауы Сағат саны Мерзімі
  Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.    
Ақпарат және ақпараттық үдерістер (2 сағат)  
  Әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар.    
  Практикалық жұмыс. Білім беру ақпараттық ресурстары    
Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы (2 сағат)  
  Программалаудың даму тарихы. Программалық қамтамасыз етудің даму үрдісі    
  Құрылымдық, модульдық, объектілі-бағдарлы және визуалды программалау    
Алгоритмдеу және программалау (17 сағат)  
  Визуалды программалаудың технологиясы. Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген ортасы    
  Процедуралар    
  Функциялар    
  Терезелер, пішіндер және объектілер    
  Оқиға және әдістер    
11-12 Жобаның интерфейсін құру    
13-14 Қадамдап бөлу    
  Жарты жылдық бақылау жұмысы    
16-17 Графикалық әдістер    
18-19 Графикалық процедуралар    
  Объектілерді енгізу    
  Анимация    
  Мультимедиа    
Ақпараттық технологиялар (8 сағат)  
  3D-модельдеу және анимация    
  Виртуалдылық шынайы әлемді танып білу тәсілдерінің бірі    
  3D-кеңістігінің бағдарына кіріспе    
  Орнын ауыстыру және өзгерту    
  Программа интерфейсі. Объектілер, сығып шығару, бөлімшелер (subdivide).    
  Программада Булева операциялары, модификаторлар    
  Mirror – айналық бейнелеу, программада объектілерді тегістеу    
  Материалды қосу, материал қасиеті. Blender-дегі текстура, Blender-дегі материалдар, дәл өлшемдер бойынша объектілер құру    
Жобалық іс-әрекет (4 сағат)
  Жобаларды дайындау    
  Жобаларды қорғау    
  Практикалық жұмыс.    
  Жылдық бақылау жұмысы    

 

 

11 сынып

Жаратылыстану-математика бағыты (барлығы 34 сағ, аптасына 1 сағ)

Тақырыптар атауы Сағат саны Мерзімі
  Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.    
Ақпарат және ақпараттық үдерістер (3 сағат)  
  Ақпараттарды өңдеу, ақпаратты іздеу және таңдау, іздеу әдісі, таңдау критериясы.    
  Сараптама жүйесі.    
  Жасанды интеллект.    
Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы (2 сағат)  
  Қазіргі заман бағдарламалық қамтамасыз етуге шолу. Программалық қамтамасыз етуді орнату және жою    
  Операциялық жүйенің параметрлерін баптау және қалпына келтіру    
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (23 сағат)  
  Деректер қоры (кестелік, иерархиялық, желілік)    
  Реляциалық деректер қоры, деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ)    
  Деректерді ұсыну пішіні (кестелер, пішіндер, сұраныстар, есептер)    
  Кестелік деректер қорын ұйымдастыру    
  Көп кестелік деректер қорында кестелерді байланыстыру    
  Желілік технологиялар, байланыс каналдары және олардың негізгі мінездемелері.    
  Жергілікті желіні баптау, интернетте мекен жайлық. Алмастыру хаттамалары, tcp/ip деректерін жіберу хаттамасы    
  Алмастыру хаттамалары, TCP/IP деректерін жіберу хаттамасы, желілік этикет    
  Ақпаратпен жұмыс істеу саласында Қазақстан Республикасының заңнамасы    
  Жарты жылдық бақылау жұмысы    
  Желілік этикет. Ақпаратпен жұмыс істеу саласында Қазақстан Республикасының заңнамасы    
  Электрондық желілерде тасу барысында ақпаратты сақтау тәсілдері мен қағидалары    
  Электрондық желілерде тасу барысында ақпаратты сақтау тәсілдері мен қағидалары    
  html-программалау,интернет үшін ақпараттық объектілерді құру құралдары. Web-беттер және сайттар    
  Тэгтер, атрибуттар, мәтінді пішімдеу, тізімдер    
  Web-бетте графиканы орналастыру, түстер    
  Web-беттегі гиперсілтемелер.    
  Мультимедиа элементтері. Бақылау жұмысы (тест)    
  Кестелер.    
26-27 Web-беттегі пішіндер    
  Web-беттерді құру құралдары    
  Web-сайтты тестілеу, жариялау, сүйемелдеу    
Жобалық іс-әрекет (5 сағат).
  Жобаларды дайындау    
  Жобаларды қорғау    
  Практикалық жұмыс    
  Практикалық жұмыс    
  Жылдық бақылау жұмысы    

Date: 2016-07-22; view: 1665; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию