Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Максимальді балл - 20





Орытынды бақылауына арналған медициналық симуляция сценариі

(2 саты – клиникалық дағдыларды бағалау)

Оқу жылы

Клиникалық жағдай: «Жедел гастроэнтерит»

Ситуация: Сіз – кезекші дәрігер.21 маусымда сағат 19.00-де қабылдау бөліміне «Жедел гастроэнтерит» бағытталған диагнозымен науқас түсті.

Тапсырмалар:

Ø Анамнез жинау (ауру тарихы, эпидемиологиялық анамнез, өмір тарихы)

Ø Науқасты объективті тексеру

Ø Болжам диагнозды қою және негіздеу

Ø Науқасты тексеру жоспарын белгілеу

Ø Лабораторлық-аспаптық зерттеу мәліметтерін талдау

Ø Салыстырмалы диагностика жүргізу

Ø Зерттеу нәтижелерін ескеріп, диагнозы коррекциялау, ауру ауырлығын бағалау, ықтимал асқынуларды негіздеу

Ø Дәрігердің науқасты жүргізу және емдеу тактикасын белгілеу

Ø Емдеу тиімділігінің критерийлерін белгілеу

Қорытынды нәтиже (outcomes):

Ø Ауру тарихын, эпидемиологиялық анамнезді, өмір тарихын жинау және науқасты физикалық тексеру

Ø Жедел ішек инфекциясының және оның ықтимал асқынуларының клиникалық диагностикасы, ауру ауырлығының критерийлері

Ø Нәжісті қарап тексеру және сипаттау

Ø Қанның, зәрдің жалпы анализдерін, қанның биохимиялық анализін, электролиттік құрамын, копроцитограмманы, ЭКГ талдау

Ø Жедел ішек инфекциясымен ауырған науқасты жүргізу тактикасы, емдеу тиімділігін бақылау

 

 

Бағалау парағы (check-list)

Клиникалық жағдай «Жедел гастроэнтерит»

 

Қадамдарды бағалау Баллы
Дұрыс орындады Ескертулермен орындады Орындаған жоқ
  Шағымдары мен анамнезді жинау (an.morbi, an.vitae, эпидемиологиялық анамнез) 1,0 0,5  
  Физикалық тексеру – жалпы қарап тексеру 1,0 0,5  
  Физикалық тексеру – асқазан-ішек жолдары 1,0 0,5  
  Физикалық тексеру – жүрек-қан тамырлар жүйесі 1,0 0,5  
  Физикалық тексеру – зәр шығару жүйесі 1,0 0,5  
  Болжам диагнозды қою және негіздеу 1,0 0,5  
  Ауру ауырлығының критерийлерін анықтау 1,0 0,5  
  Шұғыл хабарлама беру 1,0 0,5  
  ҚТжРБ-не жатқызуге көрсеткіштерді анықтау 1,0 0,5  
  Зерттеу жоспарын құрастыру 1,0 0,5  
  ЖҚА, ЖЗА, копроцитограмма, қанның биохимиялық анализін, электролиттік құрамын талдау 1,0 0,5  
  ЭКГ талдау 1,0 0,5  
  Тәліктік диурезды анықтау 1,0 0,5  
  Салыстырмалы диагностика жүргізу 1,0 0,5  
  Зерттеу нәтижелерін ескеріп, диагнозы коррекциялау, ауру ауырлығын бағалау, ықтимал асқынуларды негіздеу 1,0 0,5  
  Емдеу тактикасын анықтау:      
  - асқазан жууды және тазарту клизмасын тағайындау 1,0 0,5  
  - сусыздану дәрежесіне және лабораторлық көрсеткіштерге байланысты регидратациялық емді, этиотропты емді тағайындау 1,0 0,5  
  - емдеу тиімділігінің критерийлерін анықтау 1,0 0,5  
  Құқықтық құзыреттілік (ҚР Өкіметінің №33 (12.01.2012 г.) «Жұқпалы ауруларды алдын алу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» қаулысын білу – науқасты ауруханадан шығару критерийлері, декретирленген топты диспансерлык бақылау 1,0 0,5  
  Науқаспен сенімді қарым-қатынас қалыптастыру және қорқыныш сезімін жою 1,0 0,5  
  Барлығы 20,0 10,0  
  Қорытынды баллдар  

Максимальді балл - 20


Стандартты актерға (науқасқа) арналған сценарий мәтіні және ролінің сипаттамасы:

Науқас кушеткада жатыр. Қалыпы мәжбүр – бүйірінде, екі қолымен ішін ұстап жатыр, ыңқылдайды. Кейде ауыру сезімі басылып, науқас назарын дәрігерге бөледі.

Шағымдары: ішінің ауыру сезіміне, ішінің өтуі, қалтырау, бас ауыруы, айқын әлсіздік, басының айналуы, ауызының құрғауы, шөлдеу.

 

Сұрақтың маңызы Актерға арналған сұрақ Актердің жауабы
Аурудың басталуы Ауру қашан басталды? Кеше, 20 маусымда, кешкі сағат 18.00- де.
  Урудың даму динамикасы     Ауру қалай басталды? Жалпы әлсіздік пайда болды, дене қызуы жоғарылады. 1-1,5 сағаттан кейін іштің қатты ауыру сезімі, жүрек айнуы, іштің өтуі пайда болды.
Дене қызуы қандай сандарға дейін жоғарылады? 39,50С-қа дейін, күн бойы.
Іш ауыруының сипаты қандай болды – жедел, тұйық, сыздаған, кесіп ауыру және т.б.? Ауыру сезімі жедел, кенеттен пайда болады.
Іштің ауыру сезімі тұрақты болды ма? Ауру сезімі қашан пайда болады? Ауыру сезімі тұрақсыз, толғақ тәрізді – ауырады, кішкене уақыттан кейін басылады.
Ауыру сезімі дефекациямен байланысты ма? Үнемі, бірақ кейде дефекациясыз пайда болады.
Ауыру сезімінің орналасуын көрсетіңізші? Асқазан тұсында, кіндік айналасында.
Нәжістің сипаты қандай – су тәрізді, ботқа тірңздң? Көп мөлшерлі ме немесе аз көлемді ме? Нәжіс сұйық, су сияқты. Өте көп мөлшерлі.
Нәжістің саны (жиілігі)? Жиі, 10-12 ретке дейін, түнде – 4-6 рет.
Нәжістің сипаты? Шырыш пен қан араласты ма? Түсі қоңыр, жасылдау, аздап шырыш қосылған, қанды байқамадым.
Құсу болды ма? Иә, болды. 3 рет.
Медициналық көмекті шақырдыңыз ба? Жоқ.
Қандай дәрі қабылдадыңыз? Дене қызуын төмендететін дәрі (аспирин) және левомицетиннің 1 таблеткасын іштім.
Асқынулар дамуын көрсететін белгілерді анықтау Зәр шығаруыңыз қалай? Әдеттегіден аз емес пе? Таңертең аздап кіші дәретке бардым. Одан кейін кіші дәретке барған жоқпын.
Құрысулар болды ма? Жоқ, болған жоқ.

 


Эпидемиологиялық анамнез:

Сұрақтың маңызы Актерға арналған сұрақ Актердің жауабы
Эпидемиологиялық анамнезді анықтау Көп қабатты үйде тұрасыз ба? Иә.
Кіммен бірге тұрасыз?   Жолдасым және қызыммен бірге тұрамын.
Олар ауырған жоқ па?   Ауырған жоқ.
Кім болып жұмыс істейсіз?   Кафеде даяршы (официант) болып жұмыс істеймін.
Ауруыңызды немен байланыстырасыз?   Менімше, 18 маусымда жұмыста гриль-тауығын жегенге байланыстырамын, ол тауық толық піспеген болды, қаны бар екен.
Ауру басталғанынан 3 күн бұрын тағамға не қолдандыңыз? Сапасыз тағам қолдандыңыз ба (иісі мен дәмі ұнамаған)? Жоқ, 3 күн бойы аталған тауықтан басқа сапасыз тағам қолданған жоқпын. Тек қана сапалы үй тамағын жедім.
Қоғамдық тамақтану орындарында жиі тамақтанасыз ба (асхана, кафе)? Әдетте жаңа дайындалған үй тамағын ұнатамын. Көбінесе үйде тамақтанамын.
Тауықы сағат неше жедіңіз? Түнгі 22.00 сағат шамасында.
Тауықты кіммен бірге жедіңіз? Қанша адам болды? Кафе қызметкерлерімен бірге. 4 адам болдық.
Тағамды бірге жеген адамдар ауырды ма? Біреуі ауырды, оның іші ауырған, үйде емделіп жатыр.  

Өмір тарихынан: Жиі ЖРВИ-мен ауырады. Операциялар, жарақаттар болған жоқ. Дәрілерге аллергиялық реакциялар болған жоқ.

Объективті: Жағдайы ауыр. Дене қызуы – 36,7ºС. Есі анық. Сұрақтарға дұрыс жауап береді, солғын, дауысы сырылдаған. Тері жабындылары құрғақ және бозғылт. Менингеальді белгілер теріс. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ (ЧДД) – 22 рет минутына. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс. Пульсі – 114 рет/мин. ҚҚ – 60/40 мм с.б. Тілі құрғақ, қалың ақ түсті жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, эпигастрий, кіндік айналасында және оң жақ мықын аймағында ауыру сезімді. Іш пердесінің тітіркену белгілері жоқ. Соңғы рет таңертең зәрі болған. Нәжісі сұйық, көп мөлшерлі, шырыш қосылған, нашар иісті, қоңыр-жасыл түсті.


 

 

Нәжістің сипаты

Қанның жалпы анализі Гемоглобин – 155 г/л Эритроциттер - 4,5 х 1012 /л Түсті көрсеткіш 1,0 Тромбоциттер – 283 х 109/л Лейкоциттер – 14,5 х 109/л Таяқша ядролы нейтрофилдер – 8% Сегмент ядролы нейтрофилдер – 74% Эозинофилдер – 1% Базофилдер – 2% Моноциттер – 5% Лимфоциттер – 10% ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәрдің жалпы анализі Мөлшері – 50 мл Түсі – сары Мөлдірлігі – мөлдір Салыстырмалы тығыздығы – 1004 Реакция – қышқыл Белок – 0,033 г/л Жалпақ эпителий – 1 – 2 к/а Лейкоциттер – 2 –3 к/а Шырыш ++ Оксалат тұздары +++  
Қанның электролиттік құрамы Калий (К+) 2,8 ммоль/л (N - 3,50 – 4,50 ммоль/л) Натрий (Na+) 139 ммоль/л (N - 135,0 – 148,0 ммоль/л) Хлор (Сl-) – 102 ммоль/л (N - 98,0 – 107,0 ммоль/л)   Қанның биохимиялық анализі Қан глюкозасы– 5,5 ммоль/л Жалпы белок – 67 г/л Альбумин – 39 г/л Креатинин - 144,5 мкмоль/л Несеп қышқылы– 15,3 ммоль/л Қалдықты азот – 37,2 ммоль/л






Date: 2016-07-22; view: 400; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию